Кристалды және аморфты денелер. ҚМ қасиеттеріне олардың әсері
Айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Физикада қатты дене деп тек кристалл денелерді айтады. Аморфты денелердің сырт қарағанда көлемін және пішінін сақтауы оларды қатты дене етіп көрсеткенімен, бұл денелер өте тұтқыр сұйық деп қарастырылады. Температура жоғарылаған сайын олардың сұйыққа тән қасиеттері бірден көріне бастайды, бірте-бірте еріп, сүйықтың барлық қасиеттеріне ие болады.
Аморфты денелер – изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда түрліше болады. Кристалдар – анизотропты.
Аморфты денелер. Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда да қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден аморфты денелердің айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана орын алады. Кейбір заттар кристалл және аморфтық түрде де бола алады.
Кристалдар. Өзінің формасын да, көлемін де сақтайтын затты қатты дене деп атайтынымыз белгілі. Бірақ бұлар заттың қатты күйін тек сыртқы түріне қарап қана сипаттайды. Физикалық тұрғыдан алғанда біз бұл белгілеріне қарап қатты күйді сұйық күйден айыра аламыз.
Кристалдардың ішкі құрылымсын рентген сәулелерінің көмегімен зерттеулер олардағы бөлшектердің (молекулалар, атомдар және иондардың) дұрыс орналасатынын көрсетті, яғни олар кристалдық (кеңістіктік) тор түзейді. Кристалдық тордағы қатты дененің бөлшектерінің ең орнықты тепе-теңдік қалпына сәйкес нүктелері тордың түйіндері деп аталады.
Кеңістіктік тор. Криталдағы бөлшектердің дұрыс орналасуын кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясы шығады.
Анизотропия қасиетінің тек монокристалдарға ғана тән болатындығын да айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек. поли - көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың жиынтығынан тұрады. Поликристалды денелер мен аморфты денелердің айырмашылығы мынада: поликристалдық денелердің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез-келген бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.
Кристалдық құрылымдардың түрлері. Кристалдардың әр түрлі типтерін және кристалдық торда орналасу мүмкіндіктерін кристаллография зерттейді. Кристал торының түйіндерінде орналасқан бөлшектер арасында әрекет ететін күштердің сипаты бойынша кристалдық құрылымдарды төрт түрге бөледі: иондық, атомдық, молекулалық және металдық.
Тор түйіндерінде бейтарап атомдардың болуымен сипатталатын құрылым, атомдық кристалдық құрылым деп аталады. Олар коваленттік байланысқан. Коваленттік байланыс деп іргелес орналасқан екі атомның өзара екі валенттік электрондар алмасуы кезінде туатын тартылыс күшінің салдарынан пайда болатын байланысты атайды.
Құрылыс материалдары қасиеттеріне олардың әсері
Құрылыс материалдарының қасиеттері.
Материалдардың барлық қасиеттері өзіндік ерекшеліктеріне қарай
төмендегідей жіктеледі:
1. Физикалық. Оларға салмақтық сипаттамалары, тығыздығы, сұйықтар, газдар,
жылу мен радиосәулелер үшін өткізгіштік, қоршаған ортаның агрессивті
әсеріне кедергілік қасиеті жатады.
2. Химиялық. Материалдардың қышқыл, сілті, тұзды ерітінділерге тұрақтылық
көрсеткіштерімен бағаланады.
3. Механикалық. Қысу, созу, соққылау, майыстыру және тағы да басқа күштік
әсерлерге кедергілік қабілетімен сипатталады.
4. Технологиялық. Материалдың бұйым даярлау кезінде өңдеуге төзімділік
қабілеттілігі.
Бұйымның құрылымы эксплуатацияға сенімді (жарамды) және төзімділікті
қамтамасыз етуі қажет.
Сенімділік дегеніміз - төзімділік, бұзылмау, жөндеуге жарамдылық,
сақталғыштық.
Төзімділік – бұйымның қасиеті жұмысқа жарамдылығын қажетті аралық
жөндеулермен шектік деңгейге дейін сақтауы. Шектік деңгейі бұзылу, техника
қауіпсіздігі немесе экономикалық мәселелермен анықталады. Төзімділік
эксплуатация режимі мен нақты климаттық шарттарда эксплуатациялық сапасын
жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді.
Бұзылмау – эксплуатация шарты мен белгілі режимде белгілі уақыт
аралығында жөндеуге түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы.
Жөндеуге жарамдылық – техникалық сипаттамасын сақтай отырып қайта
қалпына келуге қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт, еңбек сыйымдылығы, бір
бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер болып табылады.
Сақталғыштық – техникалық құжаттамада белгіленген сақтау мерзімінде
және сақтау мерзімінен кейін, тасымалдауда негізделген эксплуатациялық
көрсеткіштерді сақтау қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: |