Келесі салық төлеушілерге қатысты КТС бойынша аванстық төлемдер есептелмейді және төленбейді:
- алдағы салықтық мерзімнен кейінгі салықтық мерзімдегі түзетулерді ескергендегі ЖЖТ алдағы қаржылық мерзімнен кейінгіқаржылық жылда республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген АЕК-ден 32500 есе артық көлемдегі сомасынаан аспайтын салық төлеушілер.
Салық төлеуші 2010 жылда түзетулерді ескергендегі 2008 жылғы жалпы жылдық табыс 379 600 000 теңгеге тең (325 000 * 1168 теңге 2008 ж. АЕК) сомасынан аспайтындығын анықтап алу қажет.
- жаңа құрылған салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есепке алу) тіркеу жүргізілген салықтық кезең мен келесі салықтық кезеңдер ішінде
- Қазақстан Республикасында филиалы, өкілдігі жоқ тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы бейрезидент-заңды тұлға ретінде салық органында жаңа тіркелген салық төлеушілер - салық органында тіркеу жүргізілген салықтық кезең мен келесі салықтық кезеңдер ішінде.
КТС бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі және тапсырылғаннан кейінгі аванстық төлемдерді төлеу тәртібі сақтылаған.
КТС. КТС декларациясын тапсырғанға дейінгі аванстық төлемдер
Өткен салықтық кезең үшін КТС бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесі есеп беруші салықтық кезеңнің бірінші тоқсанында есеп беруші салықтық кезеңнің 20 қаңтарына дейін салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша салық органына тапсырылады
Өткен салықтық кезең үшін декларация тапсырылғанға дейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
Үстіміздегі салықтық кезеңнің 1-тоқсанына қатысты аванстық төлемдер = өткен салықтық кезеңге қатысты аванстық төлемдердің ¼ бөлігі:
2010 жылға:
2010 ж. 1-тоқсанына қатысты аванстық төлемдер = (1/4*АТ 2009 ж.)
Аванстық төлемдердің есептелген сомасы үстіміздегі салықтық кезеңдегі 1-тоқсанның әр айының 25-іне дейінтең үлесте төленеді
КТС. КТС декларациясын тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемдер
Салық төлеуші декларация тапсырылғаннан кейінгі мерзімде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесін өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде тапсыру керек
Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге тиісті аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
Өткен салықтық кезең үшін декларация тапсырылғаннан кейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті аванстық төлемдердің есептелген сомасы үстіміздегі салықтық кезеңдегі 2, 3, 4-тоқсандардың әр айларының 25-іне дейін тең үлесте төленеді
Өткен салықтық кезең қортындысы бойынша шығынға ұшыраған немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеуші өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде үстіміздегі салықтық кезеңдегі корпотативті табыс салығының болжанып отырған сомасын негізге ала отырып жасалған аванстық төлемдер сомасының есептемесін салық органына тапсыруға міндетті
Салық төлеушілер есеп беруші салықтық кезең ішінде өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылғаннан кейінгі мерзімде үстіміздегі салықтық кезеңдегі табыстың болжанып отырған сомасын негізге ала отырып есеп беруші салықтық кезеңнің алдағы айлары үшін төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есептемесін тапсыруға құқылы.