050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған
«Салық есебі» пәні бойынша
пәнді өзіндік түрде зерттеу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Құрастырған: есеп және аудит кафедрасының аға оқытушы Темірғалиева А.Б.
-
Тапсырмалардың мақсаттары және мазмұны
Пәнді оқыту барысында студенттердің өздік жұмысының мақсаты - салықтық есептің, есептіліктің негіздері, ұйымның салықтық есептік саясатын қалыптастыру саласындағы студенттердің теориялық және тәжірибелік білімдер алу.
Пәнді оқыту міндеттері:
-
шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъектінің экономикасын басқару жүйесіндегі салықтық есебінің рөлін игеру;
-
салықтық есебінің заңнамалық негізін оқу;
-
салықтық есепте қолдану үшін бухгалтерлік есептегі мәліметтерден ақпаратты ашу дағдыларын қалыптастыру;
-
ағымдағы салық есебі регистрлерін пайдалана отырып, жылдық жиынтық табыс және шығынды анықтау әдістерін үйрену;
-
корпорациялық табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша Декларацияны толтыру дағдыларын меңгеру.
Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспарға және бақылау шаралардың күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер келесі аудиториядан тыс жұмысты орындау керек: -
семинарлық және тәжірибелік сабақтара дайындалу үшін қажетті оқу материалын зерттеу;
-
дәрістік материалдарға кірмеген, бірақ зерттеуге міндетті түрде қажетті курс тақырыптарын талдау және конспект құрастыру.
Семинарлық және тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін оқу материалдарын ұсынылған әдебиет көздерінен алуға болады.
Білімнің өздік бақылауын жүргізу үшін тест тапсырмалары ұсынылған.
Есеп беру нысаны пән тақырыптары бойынша әрбір тапсырмаға берілген.
Өзіндік түрде материалды зерттеу үшін тапсырмаларға арналған уақыт бюджеті пәннің СӨЖ берілген уақыт бюджетіне сәйкес әзірлеген.
-
Дәрістік, тәжірибелік және семинарлық сабақтарға дайындалу үшін теориялық материалды өздік түрде зерттеу үшін тапсырмалар
Тақырып 1 Салық есебі, оның есеп жүйесінде алатын орны және ҚР салық есебінің дамуы
Салық есебі, оның есеп жүйесінде алатын орны. Салық есебін ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайтын заңнамалық негіздер. Салық есебінің әдістемесі. ҚР нарықтық қатынастардың дамуына байланысты салық есебінің одан әрі дамуы. Кәсіпорынның есептік және салықтық саясаты.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
-
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II
-
Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218
-
Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217
-
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Тапсырманың мазмұны:
1. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Қазақстан Республикасында салық есебінің даму тарихы
2) ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңы
3) Салықтық есепті жүргізудің ережелері
2. Салықтық есепті есептің басқа түрлерімен салыстыру бойынша кесте түрінде көрсету.
Тақырып 2 Салық есебінің арнайы ережелері және тәсілдері
Есептік және салықтық саясаттың қалыптасу тәртібі. Салық есебінің әдістері. Салық салу объектілерін анықтау әдістері. Салық есебінің арнайы ережелері және тәсілдері .Салық салудың кәдімгі жүйесі бойынша салық төлеушілер-заңды тұлғалардағы салық есебін ұйымдастыру.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
-
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II
-
Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218
-
Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217
-
Бухгалтер бюллетені
Тапсырманың мазмұны:
1. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Салықтық есептік саясатының құрамы, сипаттамасы, құрастыру тәртібі.
2) Салық есебінде қолданылатын әдістер
3) Шағын бизнес субъектілері қолданылатын арнайы салық режимдер
Тақырып 3 Қосылған құн салығының (ҚҚС) салық есебі: ҚҚС бойынша есепке тұру және есептен алып тастау
Қосылған құн салығы (ҚҚС) туралы түсінік. Қосылған құн салығының Қазақстанның салық салу жүйесіндегі орны. ҚҚС салық салу объектілерлі және оның қалыптасу тәртібі.ҚҚС салық салу бойынша операциялардың құжаттық ресімделуі.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
Тапсырманың мазмұны:
1. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Қосылған құн салығының Қазақстанда даму тарихы
2) Импортқа салынатын ҚҚС
3) ҚҚС босатылған айналымдар
Тақырып 4 Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі
Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі. Сатып алынған құндылықтар бойынша қосылған құн салығының салықтық және қаржылық есебі. Салықты төлеу және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
-
Бухгалтер бюллетені
-
Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане
Тапсырманың мазмұны:
1. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Шот-фактура.
2) ҚҚС бойынша нысаны 300 декларацияны толтыру тәртібі
2. ҚҚС бойынша шоттар корреспонденциясын құрастыру
Тақырып 5 Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі
Ғимарат, құрылыстарды сатуда үстеме пайданы, амортизацияға жатпайтын активтерді есепке алу. Күдікті міндеттемелер бойынша табысты есепке алу. Мүлікті жалға беруден түскен табысты есепке алу. Кәсіпкерлік қызметті шектеу немесе тоқтатуға келісуден түскен табысты есепке алу. Дивиденд, сыйақы және басқа табысты есепке алу. Жиынтық жылдық жоспарға өзгеріс енгізу.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
Тапсырманың мазмұны:
1. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Жылдық жиынтық табыстын құрамы
2) Жылдық жиынтық табысқа кірмейтін табыстар
3) Жылдық жиынтық табысты түзету
Тақырып 6 Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысынан шығынның салық есебі
Сыйақы бойынша ұстап қалуды есепке алу. Күдікті талаптар бойынша ұстап қалуды есепке алу. Әлеуметтік төлемдерге кететін шығынды ұстап қалуды есепке алу. Теріс бағамдық айырымнан ұстап қалуды есепке алу. Салық бойынша ұстап қалуды есепке алу. Жиынтық жылдық табыс есебінен ұстап қалуды есепке алу.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
-
Бухгалтер бюллетені
-
Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане
Тапсырманың мазмұны:
-
Жылдық жиынтық табыстан жасалатын шегерімдердің құрылысы
-
Шегерімге жатпайтын шығыстар
-
Шегерімдер бойынша түзетулер жүргізу
Тақырып 7 Тіркелген активтер бойынша шығынның салық есебі
Тіркелген актив құнын анықтау. Тіркелген актив бойынша амортизациялық төлемдерді көрсету. Қаржылық лизинг жағдайында берілген тіркелген активтерді салықтық еспке алу. Инвестициялық салықтық преференциялар.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
-
Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане
Тапсырманың мазмұны
-
Тіркелген активтердің құрамына жатпайтын активтер
-
Тіркелген активтердің түсуі мен шығуы
-
Инвестициялық салықтық преференциялар
Тақырып 8 Жиынтық жылдық есептен алынып тасталмайтын шығынның салық есебі және шығынды ауыстыру
Жиынтық жылдық табыстан ұсталмайтын шығын. Құнды қағаздарды сатуда келген шығын. Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде келген шығыны. Оларды ауыстыру тәртібі.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
Тапсырманың мазмұны:
-
Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайда болған залал
-
Залалды келесі кезеңдерге ауыстыру тәртібі
Тақырып 9 Бірлескен табыс салығы бойынша декларация
Салық салынатын табысты есептеу және бірлескен кіріс салығын анықтау. Бухгалтерлік және салық есебінің табыс және шығын бөлігін анықтау жолдарының айырмашылықтары. Тұрақты және уақытша айырмашылықтар түсінігі. Бірлескен кіріс салығы бойынша декларацияны жасау және ұсыну тәртібі. Декларация бойынша табысты қаржылық есеп бойынша табысты салыстырып тексеру.
Әдебиет
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
-
Бухгалтер бюллетені
-
Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане
Тапсырманың мазмұны:
1) Салық салынатын табыс және бухгалтерлік табыс түсінігі
2) Тұрақты және уақытша айырмашылықтар түсінігі
3) Аванстық тлемдер сомаларын есептеу
4) Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері
5) КТС стакалары және салықты есептеу
-
Пән бойынша білімді өздік бақылау
3. 1 Жауаптың дұрыс нұсқасын таңдаңыз
$$$1. Салық есебі дегеніміз - бұл
-
салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) салық кодексінің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.
-
салық салу мақсаттарының қалыптасуы және ақпаратты алу
-
салық салу мақсаттарымен есептік-салықтық көрсеткіштерін пайдалану;
-
ақпаратты жинау,өндеу және пайдаланушыларға беру үрдісі
-
қаржылық және салықтық есеп мақсаттары үшін ақпаратты алу
$$$2.Салық есебінің функциялары
-
бақылау, салықтардың есептеу үдерін ақпараттық қамтамасыз ету;
-
бақылау, кері байланыс
-
талдамалы, бақылау, қазынагерлік
-
ақпараттық, талдамалы
-
бақылау, қазынагерлік, салықтардың есептеу үдерін ақпараттық қамтамасыз ету
$$$3. Салық есептілігінің түрлері:
-
бастапқы, қайта құрылған, кезекті, тарату;
-
бастапқы, кезекті, қосымша, хабарлама бойынша қосымша, тарату;
-
кезекті, тарату, мерзімнен тыс;
-
қосымша, ағымдағы, жылсайынғы;
-
тоқсандыұ, жартыжылдық, жылдық
$$$4 Салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және олар бойынша осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігінің түрі
-
тарату
-
кезекті,
-
қосымша,
-
хабарлама бойынша қосымша,
-
бастапқы;
$$$5 Цех ғимаратының амортизациясын есептеу көрсетілбірі
-
Дт 8316 Кт 2420
-
Дт 7210 Кт 2420
-
Дт 8416 Кт 2420
-
Дт 7110 Кт 2420
-
Дт 2420 Кт 2410
$$$6 Есепке алу әдісі дегеніміз – бұл салық есебінің әдісі және оған сәйкес
-
табыстар, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды өткізу кезінде есепке алынады, ал шығыстар төлем жасалған уақытта есепке алынады
-
шығыстар мүлікті кіріске алу кезіде, ал табыстар - төлем жасалған уақытта есепке алынады
-
табыстар мен шығыстар жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды өткізу уақытына қарамастан төлем жасалған уақытта есепке алынады
-
дұрыс жауабы жоқ
-
табыстар мен шығыстар, төленген уақытына қарамастан, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды өткізу мақсатында тиеп жіберу және мүлікті кіріске алу кезінен бастап ескерілбірі
$$$7. Салықтық есепке алу саясаты дегеніміз
-
ҚР Салық Кодексне сәйкес салықтар есебін жүргізу жүйесі
-
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, Салық Кодекске сәйкес әзірленген салық төлеушінің қабылданған құжаты
-
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген құжат;
-
ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген құжат;
-
ұйымдардағы салық есебін ұйымдастыру нысаны
$$$8. 2009 жылдағы қосылған құн салығының ставкасы
-
14%;
-
13%;
-
12%;
-
15%;
-
16%
$$$9. Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасының негізін құрайтын:
-
2007 жылы 10- қаңтарда қабылданған ҚР Салық Кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар;
-
2008 жылы 10- желтоқсанда қабылданған ҚР Салық Кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар;
-
2008 жылы 10- қарашада қабылданған ҚР Салық Кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар;
-
2009 жылы 10- қаңтарда қабылданған ҚР Салық Кодексі, ұлттық қаржылық есеп беру стандарттары және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар;
-
2009 жылы 10- ақпанда қабылданған ҚР Салық Кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар;
$$$10 Салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі
-
бастапқы,
-
кезекті,
-
қосымша,
-
хабарлама бойынша қосымша,
-
тарату;
$$$11 Есепке алу құжаттамасының құрамында:
-
бухгалтерлік құжаттама, салықтық нысандар, салықтық есепке алу саясаты; басқа да құжаттар
-
синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері
-
бастапқы құжаттар, журнал-ордерелер, есептік саясат
-
декларациялар және салықтық есептік саясат
-
декларацияларға қосымшалар, декларациялар, қосымша нысандар
$$$12. Қандай кезден бастап өтінішберуше ҚҚС төлеушісі ретінде болады
-
салық органдарына өтінішті бергеннен кейін үш күн ішінде
-
есепке тұру үшін салықтық өтінішті берген айдан кейінгі айдын бірінші күнінен бастап
-
тоқсаннын соңында
-
жыл қортындылары бойынша
-
әділет органдарында тіркелгеннен кейін.
$$$13. Қандай әдіс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады
-
бөлек есептеу
-
барабарлық
-
тікелей
-
жанама
-
салмақты
$$$14. Қосылған құн салығының төлеушілері
-
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған тұлғалар, Қазақстан Республикасының кбірен заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар
-
дара кәсiпкерлер, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент заңды тұлғалар;
-
қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
-
сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;
-
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған тұлғалар
$$$15. Қосылған құн салығының салық салу объектілері
-
салықтөлеушінің жинақталған жылдық табысы
-
есептік кезеңдегі салықтөлеушімен өткізілетін барлық тауарлар мен қызметтер
-
өткізуден түскен табыс
-
салықтөлеушінің басқа табысы
-
салық салынатын айналым, салық салынатын импорт
$$$16. Өткізілген тауарлар бойынша ҚҚС есептеу қалай көрсетіледі
-
Дт1210 Кт 6010
-
Дт1210 Кт 3130
-
Дт1310 Кт 3310
-
Дт1420 Кт 3310
-
Дт3130 Кт 1420
$$$17 2007 жылдың 1 қаңтарында «Стиль» компаниясы құрал-жабдықты 90000 ақша бір. сатып алды. Құрал-жабдықтың қызмет көрсету мерзімі 4 жыл. Болжамдаған жою құны 4000 ақша бір. Азайып отыратын қалдық әдісін қолданған сәтте 2009 жылы есептелетін амортизация сомалары қандай болады
-
11250 ақша бір.;
-
11000 ақша бір.;
-
10750 ақша бір.;
-
12000 ақша бір.;
-
10300 ақша бір.
$$$18. ҚҚС есепке жатқызу қалай көрсетіледі
-
Дт1210 Кт 6010
-
Дт1210 Кт 3130
-
Дт1310 Кт 3310
-
Дт1420 Кт 3310
-
Дт3130 Кт 1420
$$$19 Берілген мәліметтер негізінде орташа өлшенген құн әдісі бойынша шығындалған материалдардың құнын анықтаңыз
Ай басындағы қалдық 150 бір. 1000 тг-ден 150 000 тг-ге
Түсті: 4 күні 300 бір. 1200 тг-ден 360 000 тг-ге
11 күні 100 бір. 1500 тг-ден 150 000 тг-ге
барлығы: 400 бір. 510 000 тг-ге
барлығы түскендер
ай басындағы қалдықпен 550 бір. 660 000 тг-ге
өндіріске жұмсалды 300 бір.
-
360 000;
-
382 500;
-
350 000;
-
330 000;
-
420 000 .
$$$20 ҚҚС салықсалумен байланысты операциялар бойынша қандай құжаттар рәсімделеді?
-
акт
-
қабылдау актісі
-
хабарлама
-
шот – фактуралар
-
300 нысандағы декларация.
$$$21. Корпоративтік табыс салығының төлеушілеріне жатады
-
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар
-
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар
-
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары
-
мемлекеттік мекемелер
-
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары және мемлекеттік мекемелер
$$$22 2007 жылдың 1 қаңтарында «А» компаниясы құрал-жабдықты 90000 ақша бір. сатып алды. Құрал-жабдықтың қызмет көрсету мерзімі 4 жыл. Болжамдаған жою құны 4000 ақша бір. Амортизация бірқалыпты әдіспен есептеледі. Екі жылдан кейін компания құрал-жабдықты 70 000 ақша бірліктеріне өткізді. Активтің шығып кетуінен түсетін нәтиже қандай болады
-
23 000 ақша бір. табыс
-
11 000 ақша бір. табыс;
-
10 750 ақшабір. залал;
-
12 000 ақша бір. табыс.;
-
25 000 ақша бір. залал;
$$$23. Салық салынатын табыс қалай анықталады
-
жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде
-
кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде
-
есептелген салықтар мен бюджетке төленген сомалар арасындағы айырма ретінде
-
түзетулерді есепке алғаннан кейінгі КТС ставкасына көбейтілген жиынтық табыс
-
кірістер мен бюджетке төленген салықтар арасындағы айырма ретінде
$$$24. Жылдық жиынтық табысқа кіретін табыстар
-
өткізуден түсетін табыс, құн өсімінен түсетін табыс, туынды қаржы құралдары бойынша табыс, қызметкрелердің еңбек ақысы, міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс
-
өткізуден түсетін табыс, құн өсімінен түсетін табыс, туынды қаржы құралдары бойынша табыс, негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар, міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс
-
өткізуден түсетін табыс, құн өсімінен түсетін табыс, туынды қаржы құралдары бойынша табыс, міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс
-
өткізуден түсетін табыс, құн өсімінен түсетін табыс, туынды қаржы құралдары бойынша табыс, міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс, негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударылымдар
-
өткізуден түсетін табыс, құн өсімінен түсетін табыс, туынды қаржы құралдары бойынша табыс, міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс, жарнама бойынша шығындар
$$$25. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табысқа
-
талап ету құқығын алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма болып табылады;
-
талап ету құқығын басқаға беретін салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға беру күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс болып табылады
-
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару
-
соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады
-
а) және b) жауаптары дұрыс
$$$26. Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт
-
борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
-
шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
-
шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
-
ағымдағы құн мен өткізу құны арасындағы айырма
-
борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу құны немесе сатып алыну құны мен қалдық құны арасындағы айырма;
$$$27. Көмекші өндіріс цехының жұмыскеріне еңбек ақыны есептеу қандай жазбамен көрсетіледі
-
Дт7210 Кт3350;
-
Дт8412Кт3350;
-
Дт7112 Кт3350;
-
Дт8112 Кт3350;
-
Дт8312 Кт3350;
$$$28. Шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары
-
салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады
-
салық салынатын табысты айқындау кезiнде есепке алуға жатады
-
салық салынатын табысты айқындау кезiнде жылдық жиынтық табыстан алынып тастауға жатады
-
салық салынатын табысты айқындау кезiнде жылдық жиынтық табыска еңгізілуге жатады
-
дұрыс жауабы жоқ
$$$29. Қызметтік іссапарлар кезінде шегерiмге жататын өтемақыларға
-
жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
-
тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
-
қызметкерге iссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы
-
а) және b) жауаптары дұрыс
-
а), b) және с) жауаптары дұрыс
$$$30 Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы
-
күмәнді талаптарға жатады
-
бухгалтерлік есепте кірістерге еңгізілуге жатады
-
бухгалтерлік есепте шығыстарға еңгізілуге жатады
-
бухгалтерлік есепте залалдарға еңгізілуге жатады
-
шегерімге жатады
$$$31 Тіркелген активтерге жатады:
-
түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
-
концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргізген және (немесе) алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
-
Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
-
табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акті бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.
-
жоғарыда айтылғандардын барлығы
$$$32 Тіркелген активтердің бірінші тобына жатады
-
мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар
-
мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық
-
ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдық
-
басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық
-
мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық
$$$33 Тіркелген активтердің төртінші тобына жатады
-
мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар
-
мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық
-
ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдық
-
басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық
-
мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық
$$$ 34 Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы қалай анықталады:
-
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы алу алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы, қосу немесе алу Салық Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады
-
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы, қосу немесе алу Салық Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады
-
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы алу алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы
-
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің басындағы құндық балансы алу алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы, қосу немесе алу түзетулер ретінде айқындалады
-
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің басындағы құндық балансы қосу немесе алу Салық Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады
$$$35 Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні
-
оң болмауға тиіс.
-
100 АЕК төмен болмауға тиіс
-
теріс болмауға тиіс
-
100 АЕК жоғары болмауға тиіс
-
100 АЕК тең болмауға тиіс
$$$36 Тіркелген активтердің құны
-
амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады
-
Салық Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда
-
амортизациялық аударымдарды есептен шығару жолымен шегерімге жатады
-
амортизациялық аударымдарды жинақтау жолымен шегерімге жатады
-
амортизациялық аударымдарды қосымша есептеу жолымен шегерімге жатады
$$$37 «Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық» тобы бойынша амортизациялық аударымдардын шекті нормасы
-
10%
-
25%
-
40%
-
15
-
30%
$$$38 «Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары» тобы бойынша амортизациялық аударымдардын шекті нормасы
-
10%
-
25%
-
40%
-
15%
-
30%
$$$39 Тұрақты айырмаларға жататындар
-
бюджетке еңгізілетін айыпұлдар, кәсіпкерлік іс-әрекетпен байланысты емес шығыстар, ғимараттарды өткізуден залалдар, салықтық заңнамамен белгіленген сомалардан артық сыйақылар бойынша шығыстар
-
амортизациялық аударылымдар, негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар сомасына топтын құндық балансына артуы
-
салық кезеңдегі кірістер сомалары
-
салық кезеңдегі шығыстар сомалары
-
а) және b) жауаптары дұрыс.
$$$40 Әлеуметтік салықтың ставкасы
-
11%
-
12%
-
13%
-
10%
-
15%
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер
Негізгі
-
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV өзгерістер мен толықтырулармен
-
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II
-
Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218
-
Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217
-
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Қосымша
-
Корпорациялық салық бойынша Декларацияны құрастыру Ережелері
-
Бухгалтер бюллетені
-
Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане
Достарыңызбен бөлісу: |