"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ
Кураторлық сағат жоспары
Орындаған:Увалиханова Зере,1-курс
Тобы: ДЯ – 301
2024 жыл
Тақырыбы: «Қош келдің,әз-Наурыз!»
Мақсаты: Студенттерге қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде тың ақпараттар бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Наурыз мерекесі жайлы викториналық сұрақтар қою арқылы ойын жүргізіліп,өзгеше мәліметтер беріледі. Наурыз мерекесінің Жаңа жыл мерекесімен салыстыру үшін студенттер арасында дебат ұйымдастырылады. Көрнекілік: киіз үй жабдықтары,дөңгелек үстел және ұлттық киім.
Түрі: Мерекелік интеллектуалды кеш.
І. Қонақтарды қабылдау
ІІ. Кураторлық сағаттың мақсатын айқындап,оны студенттермен таныстыру
ІІІ. «Наурыз-жыл басы» кураторлық сағатының жүру бағдарламасы.
1 – Куратордың студенттерді,қонақтарды қарсы алуы.
2 – Викториналық ойынның ережелерімен таныстыру,топтарға бөліну
3 – Ойынды бастау,қорытындысын шығару,сыйлықтарды табыстау
4 – Үзіліс:күй
5 – Дебат ойыны: Наурызды жаңа жылдың орнына тойлау керек пе?
Жүргізуші:
Құрметті студенттер,оқытушылар! Барлықтарыңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! Бүгінгі кураторлық сағатта Наурыз мерекесін жаңа қырынан біліп,жаңа біліммен сусындап шығасыздар деген үміттемін!
Жүргізуші: Наурыз мерекесі десек осында отырғандардың басым көпшілігінің есіне «ұлттық киім,наурыз көже,бауырсақ,алтыбақан» түседі.Ол,әрине қуантарлық жайт. Себебі,Наурыз мерекесі шынымен осындай ұлттық салт-дәстүрлерімізбен байанысты екенін барлығымыз білеміз. Дегенмен,одан бөлек бұл мереке тек қазақтар емес,жалпы түркі елі тойлайтын және оның тарихы тереңге жайылғанын айта кеткен жөн.Осы Ұлыстың Ұлы күні жайлы біз білмейтін деркетер көп. Сондықтан олармен танысу үшін сіздерге викториналық ойын дайындап келдік! Ол үшін мына мына қораптағы қағаздарды қарамай алып,топқа бөлініңіздер.
29 бала 4 топқа бөлінеді. 3 топта 7 бала 1 топта 8 бала. Топтың атын студенттер өзі ойластырады.
Наурыз сөзі – парсы тіліндегі «ноу» және «руз» сөздерінің қосындысы ретінде мағынаны береді? Жаңа күн,жаңа жыл,жаңа бастау
Наурыз мейрамының қанша жылдық тарихы бар? Бес мың
Наурыз XVIII ғасырға дейін ежелгі Грекияда да атап өтілген. Гректер бұл мейрамды қалай атаған? Нардуган Су мейрамы Патрих
Кеңес үкіметі қай жылы Наурыз мейрамын тойлауға үзілді-кесілді тыйым салды? 1968,1954,1926
1988 жылы Наурыз мерекесін қайта мерекелеуді сұрап, Колбинге хат жазған кім? Өбекәлі Жәнібеков,Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов Наурыз мерекесін қайта жандандыруды сұрап, Колбинге хат жазады. Солай 62 жыл ұмыт болған мейрам қайта жаңғырды. 1988 жылы халық Наурызды алты ай тойлады.
БҰҰ қай жылы 21 наурызды "Халықаралық Наурыз күні" деп бекітті? 2009,2015,2010
Наурыз тойында қыз-келіншектер жігіттерге арнап қандай тамақ пісірген? Селтеткізер,белкөтерер,ұйқыашар. Қыз-келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп "Ұйқыашар" дайындаған. Бұл тағам қыз-жігіттердің бір-біріне деген сезімін арттыра түсуге себепші болған. Жігіттер "Ұйқыашардан" дәм татқан соң қыз-келіншектерге айна, тарақ, әшекей бұйымдарын сыйлаған. Мұны "Селтеткізер" деп атайды. Ал "Бел көтерер" – қарттарға күш беретін нәрлі ас.
Наурыз биыл он күн тойланатыны белгілі оларды ретімен қойып шығыңыздар:
1-топ:Әз-Наурыз 14 наурыз күні – Көрісу, яғни Амал мерекесімен басталады. 15 наурыз – Қайырымдылық, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
2-топ:17 наурыз – Шаңырақ күні , 18 наурыз – Ұлттық киім күні.
3-топ:19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. 21 наурыз – Ынтымақ,
4-топ:ал 22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өтеді. 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.
Наурыз мейрамының тарихы қай діннен бастау алады? Зороастризм,ислам,иудаизм
1913 жылы «Қазақ» газетіндегі жазбада наурыз мерекесі қай күні тойланды? 9 наурыз,10наурыз,14 наурыз
Жүргізуші: осымен біздің ойын аяқталды. Ойын қызықты,пайдалы болды деп ойлаймын. Ұпайларыңызды санап маған берсеңіздер.
Жүргізуші: Тартысты ойында «....» тобы жеңіске жетті!
Жүргізуші: Енді кезекті әсем күйге берсек. Алдарыңызда Гилимбекова Назерке «Алаш аманаты» күйімен!
Жүргізуші: Енді 2 топ болып бірігіп, дебат ойынын ойнауды ұсынамыз. Дебат тақырыбы: «Наурыз мейрамын Жаңа жылдың орнына тойлау керек пе?»
Жүргізуші: Бірінші топ дәстүрлі 31-ші желтоқсанда тойланатын Жаңа Жылды атап өтуді жақтайды және Наурыз мейрамын жыл басы деп өзгертуге қарсы
Жүргізуші: Ал екінші топ керісінше Наурыз мерекесін жыл басы қылуын қолдайды және дәстүрлі Жаңа жылды тойлауға қарсы.
Жүргізуші: Сіздерге материал жинауға 5 минут уақыт береміз,кейін дебатты бастаймыз.
20 минут дебат жүреді.
Жүргізуші: Осымен біздің дебат ойынымыз аяқталды! Екі топқа да белсене қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!
Жүргізуші: Осы кураторлық сағат арқылы наурыз мерекесі жайлы жаңа ақпараттар алдыңыздар деген үміттемін! Ал бұл менің атымнан сіздерге «Жаңа жыл»-ға сыйлық!
Куратор әр студентке шоколад сыйлайды.
Жүргізуші: Бүгінгі кураторлық сағатқа келіп,ұйыымдастыруға ат салысқандарыңыз үшін көп рахмет! Келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |