Курчатов қаласының әкімі А. Н. Генрихтың 2012 жылы халық алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезисі



Дата30.06.2016
өлшемі200.94 Kb.
#168463
Курчатов қаласының әкімі А.Н.Генрихтың

2012 жылы халық алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезисі

2011 жыл тарих тереңіне кетіп барады. Ол барлығымыз үшін ерекше жыл болды. Біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерейтойын атап өттік. Қазақстандықтар еңбек жолында жеткен жетістіктерінің барлығын осы маңызды оқиғаға арнады.

Жылдың басты саяси оқиғасы болып Қазақстан Республикасы Президентін сайлау болып табылады. Бұл еліміздің жетістігінің жарқын куәсі болды, кемелдену мен еркіндік және демократияға ұмтылудың өлшеуіші іспеттес.

Реформалар дұрыс мағынаға, тексерілген тәжірибе мен әдістерге негізделген. Біз өз болашағымызды тек Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен ғана байланыстырамыз.

Елбасының бастамалары мен ұсыныстарын қолдай отырып, еліміздің жетістіктері мен табыстарына өз үлесімізді қосамыз.

2011 жылдың басында менің тұрғындармен 5 есептік кездесуім өтті, бұл кездесулерге 776 адам қатысып, 112 ұсыныс, сұрақтар мен ескертулер түсті. Сол мәселелердің шешілуі үшін іс-шаралар Жоспары бекітілді. Оның барлық тармақтары орындалды: № 4 қазандық қайта қалпына келтірілді; қала қазандықтарындағы жабдықтар ауыстырылды; әскери комиссариаттан бастап Пионерская көшесі бойынша және мектеп-гимназияда сумен қамтамасыз ету жүйесіне жөңдеу жұмыстары жүргізілді; № 1 өрдегі сыртқы сумен жабдықтау жүйесі ауыстырылды; Октябрь алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды; Абай көшесіндегі көлік жолы кеңейтілді; қаланы жарықтандыру жүйесіне жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталды, 2011 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жағымды қарқынмен белгіленді.

Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде қаламызға 550 адам келіп, 410 адам кетті, көші-қон арасындағы айырмашылық 140 адамды құрады. Сондай-ақ, 86 неке, 45 ажырасу тіркелді.

Кіріс бойынша қалалық бюджет 1 млрд.46 млн. 762 мың.теңгеге орындалды, жоспар бойынша 1 млрд. 45млн.398 мың.теңге немесе 100,1%, соның ішінде жеке кірістер 588 млн. 228 мың.теңгеге, жоспар бойынша 586 млн. 864 мың.теңге немесе 100,0% орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлімі 1 млрд. 62 млн. 194 мың.теңге орындалды, жоспар бойынша 1 млрд.64 млн. 954 мың.теңге немесе 99,7%.

2010 жылмен салыстырғанда қалалық бюджеттің шығысы 61,1%-ға өсті.

2011 жыл бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мекемелердегі коммуналдық қызметті, жәрдемақы, еңбекақы төлеу бойынша кредиторлық берешек орын алған жоқ. Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің көлемі 57,0%-ға қамтамасыз етілді. Соның ішінде, кен өнеркәсіп көлемі 17,0%-ға, ал өңдеуші өнеркәсіп көлемі 60,0%-ға көтерілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің индексі 2,2%-ға өсті. Мал шаруашылығының негізгі түрлері бойынша өнім көлемі сақталуда, ірі қара мал басы өсті.

Қазіргі таңда Курчатов қаласының аумағында 2 шаруа қожалығы қызмет етеді: «Максат» және «Жексенбі».

2011 жылы «Нұрлы-көш» бағдарламасына қатысушылармен 5 көкөніс өсіруші бригада құрылды.

Өсірілген ауыл шаруашылық өнімдері қала тұрғындарына сатылады.

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша индустрияландыру Картасына Курчатов қаласынан 1 жоба енгізілді – радиациялық-көбіктендіру полиэтиленің және термоотырғызу манжеттері мен лента өніміндерін шығару (бастаушы «Kazfoam» ЖШС, «Ядролық технологиялар Паркі»АҚ, «Мұнай ГазИзоляция» ЖШС).

Шағын өнеркәсіпке қолдау көрсетудің мемлекеттік шараларын жүзеге асыру нәтижесінде оның негізгі көрсеткіштерінің оң динамика байқалуда.

Қаламызда 62 шағын бизнес кәсіпорыны тіркелген, олардың 59,7%-ы қызмет етеді. Белсенді кәсіпорын саны 2010 жылдың көрсеткішімен тең. Шағын бизнес саласында барлығы 900-ден аса адам немесе қала тұрғындарының экономикалық белсенділігі 12,6%-ды құрайды.

Есеп беру кезеңі бойынша шағын бизнестің 4 жаңа кәсіпорыны, 5 шағын кәсіпкерлік нысаны ашылды.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 20,8 %-ға өсті.

Инфляциялық жүйені тоқтату мақсатында жанармай материалдары мен негізгі азық-түлік тағамдарына бағаны қадағалайтын штаб қызмет етеді.

Төмен нарықтық бағада сатылатын жақын аудандардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен 43 жәрмеңке өткізілді.

Негізгі азық-түлік өнімдерін 10%-дық үстемемен жүзеге асыру үшін 26 меморандум келісілді. Сондай-ақ, наубайхана иелерімен де меморандум жасалды (1 бөлке нанға үстеме 2 теңгені құрайды). Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу бойынша дәріхана иелерімен серіктестік ету мақсатында меморандум келісілді.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қаламызда іскери ортаны қалыптастыру үшін іс-шаралар өткізілді.

Кәсіпкерлікті дамыту жолындағы тосқауылды болдырмау бойынша жұмыс тобы және шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша Эксперттік Кеңес қызмет етеді.

Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға 10 жер телімі, тұрғын үйлердегі пәтерлерді қайта жоспарлау мен қайта құру үшін 12 рұқсаттама берілді.

Семей қаласының «Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығы» ҚБ филиалымен қаламызда әрдайым кәсіпкерлер үшін семинарлар өткізіліп тұрады: соның ішінде сәуір айында бастаушы кәсіпкерлерге арналған семинар өткізілді, ал маусым айында ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-мен бірлесе отырып кәсіпкерліктің экспресс-курстары ұйымдастырылды.

«Ядролық технологиялар Паркі» АҚ жанында бизнесті жоспарлау, жоба сараптамасы, заңды, бухгалтерлік қызмет, тағы басқа мәселелер бойынша қызмет көрсететін бизнес-орталық, бизнес-инкубатр ашылды.

Қала кәсіпкерлері республикалық, облыстық форумдарға, конференцияларға, кеңестерге, көрмелерге қатысып тұрады.

Осылай, біздің кәсіпкерлер Шығыс-Қазақстан облысының индустрияландыру Картасына енгізілген инновациялық жобалар көрмесіне, Астана қаласындағы мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Қазақстандық ұстаным – 2011» көрмесіне, Астана қаласындағы Промстройиндустрия – 2011» көрмесіне, Семей қаласындағы кәсіпорын көрмесіне, Өскемен қаласындағы «Туған ел – алтын бесігім» акциясына, облыстық «Қазақстанның үздік тауары – 2011» көрме-байқауына, Өскемен қаласындағы IV аймақтық инвестициялық-инновациялық форумына қатысты.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру шеңберінде «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша «Азот» ӨК басшысы, Курчатов қаласының «Фортуна» қоғамдық кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы Демышев Владимир Алексеевич Астана қаласында білімін жоғарлатты.

«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментің оқыту» компоненті бойынша «Назарбаев Университет»АҚ базасында «МұнайГазИзоляция» ЖШС директоры Джуматаев Данияр Амантаевич білім алды.

Қала әкімі, Курчатов қаласының қоғамдық кәсіпкерлер бірлестігі және жеке кәсіпкерлермен мүгедек балаларға көмек көрсету мәселесі бойынша серіктестік ету туралы 21 меморандумға қол қойылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 69,3%-ға өсті.

15 808 шаршы метр аумақты қамтитын тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 89,2%-ға жоғары.

«Нұрлы –көш» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы Абай көшесі, 46 және Тәуелсіздік көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан екі көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

2011 жылдың қыркүйек айында қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды орналастыруға арналған полигон құрылысы аяқталды.

2011 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ядролық технологиялар Паркі» акционерлік қоғамының радиациялық стерильдеу корпусының құрылысы басталды.

Жеке меншік инвестиция есебінен 3 дүкен, 1 жанар-жағармай құю станциясы, 9 гараж пайдалануға берілді.

Қалада баспана жетіспеушілігі орын алуда. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегінде 278 адам тұр, соның ішінде 100 адам - әлеуметтік қорғалатын халық санатындағылар, ал 178 адам – мемлкеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымның жұмысшылары және әскери қызметкерлер.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен (42 000,0 мың.теңге) кезекте тұрғандарға пәтер қамтамасыз етілді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны және «Ядролық технолгиялар Паркі» акционерлік қоғамының жеке қаражаты есебінен Абай көшесі 35 және 37 мекен-жайындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жобалау үшін барлық қажетті бастапқы деректер дайындалды.

Есеп беру кезеңінде жер телімін бөлуге 160 өтініш түсіп, қаралды.

Жерге орналастыру жобасын дайындауға 57 бағыт берілді.

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін аумақтардың жоқтығына байланысты 17 азаматтың өтініші арнайы есепке алынды және аумақ дайындау шарасы бойынша қанағаттандырылады.

Салық салу базасын кеңейту және қаражат түсілімін өсіру мақсатында 2011 жылы 170 жер телімі тізімге алынды. Жерді пайдалану құқығы және жалгерлік ақыны өсіруді ресімдеу мәселесі бойынша 9 ескерту берілді.

2011 жылы аз қамтылған тұрғындарға, мүгедектер мен жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғасын тапты.

Жалпы жұмыссыздықтың көрсеткіші 2010 жылғы 5,0%-дан 2011 жылы 4,3%- ға төмендеді.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 568 адам өтініш білдірді, олардың 469-ы жұмысқа орналастырылды.

Жұмысқа орналастырудың көрсеткіші 82,5 %-ды құрайды.

Жыл басынан қала кәсіпорындары мен ұйымдарында 367 жұмыс орны ашылды, олардың 144 –і тұрақты, ал 223-і уақытша маусымдық жұмыс орны болып табылады.

Экономикалық белсенді халық тізіміндегі жұмыссыздар қатарына тіркелгендер 0,8%-ды құрайды.

Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қала кәсіпорындарында 15 адам қатысқан жастар іс-тәжірибесі ұйымдастырылды (12 адам қалалық бағдарлама бойынша, 3 адам «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша). Жастар іс-тәжірибесі бойынша 10 адам жұмысқа орналасты немесе жастар іс-тәжірибесіне жұмысқа жіберілгендердің жалпы санынан 66,7%-ды құрайды.

2011 жылы 20 адам «Балапан» МКК және «КМЭП» МКК-на әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Келісім шарттағы көрсетілген мерзім аяқталғаннан соң барлық 20 адам жұмысқа алынды.

2011 жылы 175 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілді.

Әлеуметтік қызмет жұмысындағы тағы бір бағыттың бірі – кәсіби білім, қайта оқыту, білімін жоғарылату. Есеп беру кезеңінде оқуға 25 жұмыссыз азамат жіберілді (ағаш өңдеу өнімдерінің станогында істейтін жұмысшы – 3 адам, сылақшы – 13 адам, кірпішті-қаптаушы – 9 адам).

Оқу аяқталғаннан соң 9 адам жұмысқа орналастырылды немесе кәсіби оқуға жіберілгендердің жалпы санының 36 %-н құрайды.

Жеке санаттағы азаматтарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін барлығы 2 млн.556,0 мың.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекетік жәрдемақы барлығы 1 769,5 теңге, облыстың жоғарғы оқу орындарында аз қамтылған отбасылардың балаларын оқытуға 4 млн. 6 мың. теңге, тұрғын үй көмегіне 2 млн.8 мың 783 теңге төленді.

Аз қамтылған азаматтар саны 2012 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 180 адамды құрайды.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен 66 өтініш берушіге 1584,0 мың.теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

432 адам коммуналдық қызметтер шығынына өтемақы ретінде 22 млн.534 мың. теңге көлемінде материалдық көмекпен қамтамасыздандырылды (облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер).

Тұрғындардың көңіл-күйі халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысының сапасымен байланысты. Бұл мәселе күнделікті бақылауда тұр. Оған аса көңіл аударылады. ТҮКШ жүйесінің өзекті мәселелерін шешу үшін 2011 жылы 8 қалалық жиналыс өткізілді, сондай-ақ, әрбір шағын ауданда бірнеше кездесулер өтті. Негізгі мәселелерді, курчатовтықтар айтып берді: жылу беру, кейбір үйлер мен пәтерлерге суық судың дұрыс берілмеуі, шатырдың нашарлығы, абаттандырылмаған үй алаңқайы, кіре берістердегі жөңдеу жұмыстары, жарықтандыру және тағы басқа.

Тұрғындарды жылу беру жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 2011-2012 жылғы қыс маусымында облыстық бюджет қаражаты есебінен (122 млн.300 мың теңге) 4 қазандық қайта қалпына келтірілді. 4 қазандықта аса қуатты жаңа қазандар орнатылды, көмір салу және күл тазалау жұмыстары механикаландырылды. Осы қазандық бойынша қуаттылық 10,4Гкал/сағ (2010 жылы – 4 Гкал/сағ.) өсті, қосылған 6,4 Гкал/сағ. қуаттылық 73,5 мың.шаршы метрді қамтитын 17 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етіп отыр.

«Курчатов қалалық көпсалалы эксплутатциялық кәсіпорыны» МКК-мен бір уақытта басқа қазандықтардағы жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жөңдеу жұмыстарына қалалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген сомма көлемі 15 млн.теңгені құрайды. Бұл қаражатқа қазандықтарға жаңа жабдықтар алынып, орнатылды.

Барлық қазандықтар бойынша қуаттылық көлемі 31 Гкал/сағ. (2010 жылы – 20 Гкал/сағ.) дейін өсті, қосылған қуаттылық 21,5 Гкал/сағ.

Сондай-ақ, 11,6 млн. теңгеге су құбырының сыртқы жүйесін (1250м) және насостық жабдықты жөңдеу жұмыстары, фекальді арналық кәріздерді тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен (7,3 млн.теңге) Абай көшесі, 36 және Рожанович көшесі, 2 тұрғын үйлерінің шатырларына ағымды жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

Олимпиийский көшесі, 33-ші үй мен Победа көшесі, 6-шы үйдің жылу беру жүйесіне күрделі жөңдеу жұмысы жүргізілді.

15 үйдің жатақтан бастап бірінші қабатқа дейін құбырлары ауыстырылды.

23 үйдің төлелері қоқыстан тазартылды. 35 үйдің қабатаралық электрлік щиттеріне тексеру жүргізіліп, Абай көшесі, 34 (1 және 2 подъезд) үйдің магистральді кабелі ауыстырылды. Сондай-ақ, үйдің кіре беріс есіктері ауыстырылып, терезелер жөңделді.

Тұрғын үй инспекциясымен пәтерлерге тексеріс жүргізілді. Пәтерді жалға алушыларға радиаторларды жуу қажеттігі, жылу беру бағандарын ауыстыру туралы 579 бұйрық берілді, суық су беру бағанын ауыстыру туралы 217 бұйрық, кәріз құбырларын ауыстыру мен төлелерге жөңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша 315 бұйрық берілді.

Тұрғындарды жылумен қамтамасыз етудің басты мәселесі – 70%-ы үйдің ішіндегі жылу беру жүйесінің тозуы болып табылады.

Үй ішіндегі жылу беру және кәріз жүйесінің тозуы 75%-ды құрайды және күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді.

Өзекті мәселелердің бірі – қала көшелерін жарықтандыру. Біз осы мәселеге аса көңіл аударамыз. Бұл мәселені шешу үшін 10 млн.17 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат есебінен шамдар ауыстырылды, автоматтарды монтаждау, сөндіргіштерді ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көшені жарықтандыру кабеліне, қалалық балалар алаңын жарықтандыруға ағымдық жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыруға қалалық бюджеттен 8 млн. 46 мың теңге бөлінді.

«Балапан» МКК қаражаты есебінен қалалық аумақты тазалау, құрғақ ағаштарды кесу мен ағарту және тағы басқа жұмыстар жүргізілді.

Қалалық аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына бюджеттен 59 млн. 51 мың теңге бөлінді.

Бұл қаражатқа қаланы көгалдандыру, үй жанындағы аумақтарды абаттандыру, үш үй жанындағы балалар алаңқайын жөңдеу (1 млн.439 мың теңге), Октябрь алаңын абаттандыру (10 млн. 284 мың теңге) жүргізілді. Сондай-ақ, облыс бюджетінің қаражаты есебінен (36,8 млн.теңге) қалалық аурухана аумағындағы ғимаратты бұзу, қала жерлерін қалпына келтіру, қазандықтарды монтаждау және тағы басқа жұмыстар жасалды.

Қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыруда 2011 жылыдың күзі мен көктемінде өткізілген жалпы қалалық сенбіліктер аса маңызды орын алады. Курчатовтықтар қалалық аумақтарды тазалауға Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың үндеуін үлкен құлшыныспен атқарды. Сенбілікке ерікті түрде қатысқан курчатовтықтардың арқасында саябақтар, демалыс орындары, қала көшелері қалпына келтіріліп, ағаштар, гүлзарлар отырғызылды.

Біз бірлесіп атқарған жұмысымыздың нәтижесінде шағын қалалар арасындағы көріктендіру бойынша облыстық конкурсында 2 орынды иелендік және 450 мың теңге сыйақы ұтып алдық.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада 23 жол белгілері және жолақтары орнатылды.

Негізгі мәселе – автокөлік жолдарының жағдайы. 2011 жылы қала жолдарының жағдайын жақсарту үшін облыстық және қалалық бюджеттен 225 млн. 35 мың теңге бөлінді.

Бөлінген қаражат есебінен келесі жұмыстар жүргізілді: қала көшелері жолдарының шұңқырларын жөндеу (3 млн. 702 мың теңге); Абай көшесін ағымды жөндеу жұмысы (1,5 метрге ұзарту, жиектемелерді ауыстыру, жол жиектеріндегі топырақты шығару) – 15 млн. 170 мың теңге; Курчатов көшесін орташа жөндеу жұмысы (65 млн. 132 мың теңге); Абай көшесін орташа жөндеу жұмысы (73 млн. 455 мың теңге); жолдарды қыста (1 млн. 300 мың теңге) және жазда (3 млн. теңге) ұстау.

Кондоминиум объектілерінің техникалық құжаттарын дайындау үшін 2 млн. 209 мың теңге бөлінді. Кондоминиум объектілеріне техникалық құжаттар дайындалды, 7 объектіге техникалық тексеру жүргізілді (Абай көшесі, 30, 34, 40, 47, Тәуелсіздік көшесі, 11А; Абай көшесі, 32А, 15; Олимпийская көшесі, 25, Алексеенко көшесі, 6).

Білім беруге, дансаулық сақтауға, мәдениет пен спортқа бюджеттен жыл сайын бөлінетін қаражаттың көлемі тұрақты түрде өсуде.

2011 жылы қалада қалалық бюджеттен қаржыландырылатын 3 жалпы білім беретін мектеп (1347 оқушы), 1 бала бақша (287 бала), 1 балалар музыка мектебі (120 бала), «Горизонт» (70 бала) және «Скала» (52 бала) балалар-жасөспірімдер клубы жұмыстарын жалғастырды. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (350 бала) және Семей қаласының № 8 кәсіби лицейінің филиалы (52 оқушы) облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен 155 бала баратын 2 шағын орталық жұмыс істейді.

Курчатов қаласында мектеп алды тәрбиелеу және оқытумен 436 бала қамтылған, бұл 88,6 % құрайды (өткен жылмен салыстырғанда 27 % өсті). 5-6 жастағы балалар 100 % мектеп алды даярлықпен қамтылған. Сонымен қатар қалада мектеп алды мекемелерінен орын алуға 300 өтініш тіркелді.

Балаларды мектеп алды білім берумен 100 % қамту мақсатында 2012 жылы Ұлттық ядролық орталығының қаражаты есебінен «Тополек» бала бақшасының ғимаратын жөндеу жұмыстары және республикалық бюджет есебінен 100 орынды бала бақшасының құрылысы басталды.

«Журавушка» бала бақшасының төбе жабындысына ағымды жөндеу жұмысы (950 мың теңге) және жылу беру жүйесіне күрделі жөндеу жұмысы (2 млн. 200 мың теңге) жүргізілді.

2011 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтармен және пән кабинеттерімен толықтыру бойынша жұмыстар жалғасты. Мультимедиалық кабинеттері – 100 %, физика - 100 %, химия – 66,7 %, биология – 33,3 % жабдықталды. № 3 орта мектепке химия кабинеті (1 млн. 800 мың теңге), № 1 орта мектепке жасанды шөппен көп қызметтік корт (7 млн. 390 мың теңге), мектеп-гимназияға және № 3 орта мектепке балаларға арналған ойын алаңдары (2 млн. 126 мың теңге) сатып алынды.

№ 3 орта мектептің төбе жабындысына ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді (3 млн.685 мың теңге).

Мектептерде 1-4 сынып оқушылары (564 бала), аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, тубвиражды балалар (57 бала) тегін ыстық тамақтанумен қамтылған (100 %), мерзімдік тамақтануға бал, сүт және қышқыл сүт негізіндегі тағамдар енеді.

Аз қамтамасыз етілген отбасы, көп балалы отбасы балалары, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген, оқулықтарды алу үшін 5 млн. 573 мың теңге бөлінді.

Дегелен станциясынан және Молдары ауылынан 48 бала автобуспен жеткізіледі, балаларды жеткізу үшін автобус сатып алынды (4 млн. 478 мың теңге).

2010-2011 оқу жылында 101 оқушы мектепті бітірді, оның ішінде орыс тілінде оқыған – 71 оқушы, қазақ тілінде оқыған – 30 оқушы. 43 оқушы (42,5 %) ҰБТ түрінде қорытынды аттестация тапсырды.

ҰБТ өткізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 751 мың теңге бөлінді, оның ішінде 155 мың 175 теңге тұруға, 235 мың 97 теңге тамақтануға, жол шығынына 359 мың 600 теңге.

Қала бойынша орташа бал - 91 құрады, өткен оқу жылының көрсеткішімен салыстырғанда 17,4 балға жоғары.

№ 3 орта мектептің түлегі Үркінбай Балғын «Алтын белгіні» қорғап шықты.

Балалар музыка мектебі үшін өткен 2011 жыл жемісті болды. Облыстық жетінші Дельфий ойындарында Шамамбаев Степан «баян» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды, ал Республикалық Дельфий ойындарында алтын медальдің иегері атанды. Демеушілік көмек есебінен баян сатып алынды.

Тоқтағанова Маржан – Головков атындағы Славян жазуы мен мәдениетінің 17 облыстық конкурсының жеңімпазы, Аманова Аяжан «Субдоминанта» облыстық конкурсында 3 орынды жеңіп алды, Қуаныш Аружан балалар және жасөспірімдер фестивалінде «Эстрадалық ән айту» номинациясында 2 орынды жеңіп алды.

Бірақ, шешілуін қажет ететін проблемалар да бар. Мектептің жеке ғимараты жоқ, аспаптар базасы ескірген.

2011 жылы «Скала» балалар-жасөспірімдер клубына қалалық бюджет есебінен 1 млн. теңге сомасында 6 тау велосипедтері және қосымша саймандар сатып алынып, 15 күндік веложаттығулар мен велосаяхаттар жасалды.

«Горизонт» балалар-жасөспірімдер клубының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 464 мың теңге бөлінді.

Тұрғындарға медициналық көмекті қалалық аурухана көрсетеді, ауруханада 55 төсек орынды стационар бөлімі, 145 адам қабылдайтын емхана, жедел жәрдем бөлімі бар.

Аурухана облыстық бюджеттен қаржыландырылады. 2011 жылы аурухананың бюджеті 185 млн. 125 мың теңгені құрады.

Ауруханада 31 дәрігер, 1 провизор, 89 орта медициналық қызметкерлері, 42 кіші медицина қызметкерлері, басқа да 38 жұмысшылар жұмыс істейді.

Есептік кезеңде емхана 66 990 адамды қабылдады, стационарда 1455 адам емделді, емхананың күндізгі стационарында 693 адам және стационардың күндізгі стационарында – 1111 адам емделді, 240 ота жасалды, 10 000 жедел жәрдем көмегі көрсетілді.

Мемлекеттік тапсырыс 100 % орындалды. Жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

2010 жылы өкпе ауруымен 14 адам ауырған, 2011 жылы 9 адамға төмендеді.

«Азаматтарды тегін және жеңілдік жасалған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша» мемлекеттік бағдарламасы енгізілгеннен бастап анемиямен ауырғандар саны төмендеді.

Қант диабеті және психикалық бүліну ауруларының саны өскен.

Онкологиялық аурулардың, жарақаттар мен уланулардың көрсеткіштері өзгерген жоқ.

Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін қалада 18 спорт орындары бар. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.

4612 қалада тұрғындарды (42 %) спорт секцияларымен қамтылған, олар: футбол, тоғыз құмалақ, гір спорты, қазақша күрес, дзюдо, волейбол, үстел үсті тенисі, армрестлинг, шахмат, бадминтон, таэквандо, жеңіл атлетика, шаңғы, хоккей, велоспорт, спорт туризімі.

2011 жылы білім бөлімі білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі болып қайта аталды, бұл спорттық-көпшілік шараларды өткізуге, әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстық спорт жарыстарына қалалық құрама команда мүшелерін дайындау үшін бюджеттен қаражат бөлуге (3 млн. теңгеден жоғары) мүмкіндік туғызды.

Курчатов қаласында 3 мәдениет мекемелері бар: қалалық кітапхана, қалалық мәдениет үйі, Достық үйі. Олардың тұрғындармен жұмыс істеулері үшін 44 млн. 696 мың 600 теңге бөлінді (2010 жылмен салыстырғанда 27 % өсті).

Мәдениет мекемелерінің жүйесі 1 бірлікке өсті. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Достық үйі өз жұмысын бастады.

Есептік кезеңде мәдениет мекемелері 170 іс-шара өткізді.

Қалада әр түрлі жанрдағы 12 шығармашылық ұжымдары бар: хор, би, эстрада – вокалдық ұжымдар. Олардың барлығы қалалық, облыстық және республикалық байқаулардың, конкурстардың, фестивальдардың жеңімпаздары, дипломанттары, лауреаттары.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Туған ел – алтын бесігім» облыстық акциясы бастаманы дамытуда, шығармашылық қарым-қатынас пен жаңа таланттарды анықтауда жаңаша серпін берді.

Біздің қаламыздың үздік концерттік нөмірлері мен көрме заттары ағымды жылдың 14 мамырында Өскемен қаласында ұсынылды.

Достық үйінің жұмысы ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту, Қазақстан халықтарының тілін, мәдениетін және салт-дәстүрлерін жаңартуға, дамытуға бағытталған. «Достық үйінде» 3 этномәдени бірлестік құрылған: қазақ, орыс, украин, сондай-ақ «Истоки» поэзия клубы, театрлық-қуыршақтар үйірмесі бар.

Жазда «Берег» демалыс базасында 280 оқушы демалды, оларға мәдениет үйінің қызметкерлері мен демеушілер қызықты бағдарламамен қала сыртындағы жазғы лагерді дайындады.

2011 жылы кітапхана оқырмандарының саны 2,3 %, кітапхананаға келу 10 % өсті. Кітап қорын толықтыру үшін 500 000 мың теңге бөлінді. 405 дана кітап алынды, оның ішінде: 199 данасы мемлекеттік тілде. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан 761722 теңге сомасында 819 дана кітап бөлінді, оның ішінде 662 дана кітап мемлекеттік тілде. Қалалық кітапхананың жалпы кітап қоры 28 554 дананы құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде - 4517 дана. Барлық оқырмандар саны - 1535. Кітаптың таратылуы - 34 090.

Әр түрлі орыс және қазақ тілдеріндегі газет және журналдар оқырмандарға ұсынылады.

Кітапхана өз қызметінде әр түрлі жұмыс шаралары мен әдістерін қолданумен, соның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектерге үйлерінде қызмет көрсетумен айналысады. Сонымен қатар, қаланың ересек және кішкентай тұрғындарымен жұмыс жасайды.

2011 жылы тіл саясатын жүзеге асыру үшін бюджеттен 6 млн. 605 мың теңге бөлінді, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту орталығының жұмысына 6 млн. 153 мың теңге бөлінді.

Орталықта 2010-2011 оқу жылына 13 топ құрылды, барлығы 150 тыңдаушы. 2011 жылдың қаңтар айында аралық сынақ өткеннен кейін тыңдаушылардың саны 135 болды, қарапайым деңгей - 56 тыңдаушы, базалық деңгей – 49 тыңдаушы, жоғары деңгей – 30 тыңдаушы. Барлық тыңдаушылар қорытынды аттестация тапсырды, олардың ішінен 85 тыңдаушы сертификат иеленді.

Бірінші жартыжылдықта Қытай мен Монғолиядан келген этникалық қазақтардың ішінен 7 адам орыс тілін оқыту курсын аяқтады.

Шілде айында «Қане, қазақша сөйлеп үйренейік!» акциясы өтті, қазақ тілі бойынша тегін курстарғамен қала кәсіпорындары және мекемелерінен 30 адам қамтылды.

2011-2012 оқу жылына тегін оқыту негізінде 9 топ, ақылы оқыту негізінде 3 топ құрылды.

Осы бағыттағы өткізілетін барлық шаралар әр түрлі ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеру деңгейін көтеруге, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға, халықтар арасындағы рухани келісімді нығайтуға көмектеседі.

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы негізгі бағыттың бірі – тұрғындармен жұмыс, бұл жұмыс ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және сақтауға, азаматтарда толеранттық сезімді қалыптастыруға бағытталады. Бұл біздің күнделікті жұмысымыз.

Осы мақсатпен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Семей сынақ полигонының жабылуына 20 жыл толуы және басқа да атаулы шараларға арналған ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар өткізіледі.

Ақпараттық-насихаттаушы топтар тұрғындармен жұмыс істейді, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша 5 қоғамдық бірлестіктер қызмет атқарады (ардагерлер кеңесі, «Фортуна» кәсіпкерлердің қалалық кеңесі, «Надежда» балалар қоры және басқалар). Тамыз айында отандастарымызға қолдау көрсететін 1 үкіметтік емес ұйым – «Нұрлы көш - Атамекен» тіркелді.

Екі діни бірлестіктер – мұсылмандар мешіті және провославті приход өз жұмыстарын жалғастырды. Мешітке жаңа имам тағайындалды. Провославті приходта қала кәсіпорындарының және тұрғындардың көмегімен жөндеу жұмыстары жүргізілді, жиһаз сатып алынды.

Баспа және электронды БАҚ арқылы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жалғасты. Мемлекеттік тілдегі газеттің ашылғанына байланысты баспа жолдарының саны мен газеттердің шығу саны аптасына 2-ге дейін көбейді. Газеттер қала бойынша тегін таратылады. Теледидар мен радиодан басқа интернет-ресурс қолданыла бастады. 2011 жылы теледидар мен радиодан қаланың қоғамдық-саяси өмірі туралы хабар жүргізу үшін бюджеттен 600,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа көрнекі үгіттеулер кеңінен қолданылады (баннерлер, билбордтар, стендтер). 2011 жылы баннерлердің астына 3 екіжақты металл құрылымдар қосымша орнатылды.

Жастармен жұмысқа басты назар аударылады. Курчатов қаласында 14-тен 29 жас аралығындағы 3071 адам тұрады.

Курчатов қаласы әкімдігінің жастар кеңесі консультативті-кеңестік органы, «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс істейді. Осы бірлестіктердің қатысуымен жастарды патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, шығармашылықты дамыту бойынша қалалық іс-шаралар өтеді.

Барлық қалалық іс-шаралар Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, ақсақалдардың, интернационалист-жауынгерлердің қатысуымен өтеді.

2011 жылы бірінші рет «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» облыстық акциясы өткізілді: мамыр айынан тамыз айына дейін жас курчатовтықтар (198 адам) өз қаласын тазалау мен көріктендіру бойынша іс-шараларға қатысты. Акцияның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ақшалай сыйлық (1 млн. 769 мың теңге) алды.

2012 жылы біз не жоспарлаймыз:

2012 жылдың 20 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры Қ.К.Қадыржановтың ҚР ҰЯО болашағының дамуы туралы баяндамасы тыңдалды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атом саласының дамуына және еліміздегі ірі ғылыми институттарының бірі – Ұлттық ядролық орталығына басты назар аударатынын атап өтті. ҰЯО ол орналасқан қаламен бірге дамуы қажет. Сондықтан, Бердібек Мәшбекұлы Курчатов қаласының мәселелерін қарастыру бойынша мүдделі органдар мен ұйымдармен бірлесіп жұмыс тобын құруға, Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелерін зерттеп, талдауға тапсырма берді, олар соңынан Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметіне қарастырылу үшін енгізіледі.

Біздің қаламыздың өзгеруі мен дамуына үлкен серпін беретін жарқын болашағы бар. Бірақ біз өзіміз де білдірген сенімді атқау үшін ерінбей еңбектенуіміз қажет.

2012 жылы біз көп жұмыс атқаруымыз керек. Ол 2011-2015 жылдарға арналған Курчатов қаласының даму бағдарламасы негізінде құрылады.

Тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылық саласында қала жолдарын жөндеу, сумен қамтамасыз ету жүйесі магистралін жөндеу, қаланы санитарлық тазалау, көгалдандыру және көріктендіру, көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Жылу беру кезеңіне дайындық жүргізу үшін қалалық бюджеттің қаражаты есебінен 6,0 млн. теңге сомасында қала қазандықтарында қазандықтанды ауыстыру және оларға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ Курчатов қаласында орталық қазандықтың құрылысы бойынша жобаның жұмысы жалғастырылады.

Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 100 орынды қазақ тілінде тәрбиелейтін бала бақшасының және тазарту канализациялары имараттарының құрылысы жоспарлануда.

ҚР ҰЯО қаражаты есебінен «Тополек» бала бақшасын қалпына келтіруді бастау жоспарлануда.

Облыстық бюджет есебінен әкімдіктің жанындағы ғимаратты жөндеу жоспарлануда, ғимаратқа тұрғындармен жұмыс істейтін барлық мемлекеттік органдар және халыққа қызмет көрсету орталығы көшіріледі, бұл курчатовтықтардың қажет құжаттарды алу мүмкіндігін жеңілдетеді.

Мектептерге пәндік кабинеттер сатып алынады (мектеп-гимназияға химия және № 3 орта мектепке биология кабинеті), мектеп-гимназияның және № 3 орта мектептің асханаларында ескірген технологиялық жабдықтар ауыстырылды; «Журавушка» бала бақшасы толықтай жарықтандырылды.

2011 жылы ҚР ҰЯО жаңа ғимаратқа көшті, ал ескі ғимаратты қаланың теңгеріміне беру жоспарлануда. Ғимаратта үш үлкен оқу залы құрылған, жаңа техникамен жабдықталған төрт кітап қоймасы, Интернетке қосылған және электронды кітаптары бар екі компьютерлік бөлме бар. Яғни, жаңа ақпараттық технологияларды қолданумен тұрғындарды қабылдап, оларға қызмет көрсететін кітапхана құрылады.

Барлық әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Қаланың жастары «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясына қатыса алады.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға, қарттарға және дарынды балаларға қолдау көрсету үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша бағдарламаға қала кәсіпорындары мен ұйымдарын тарту бойынша жұмыс жалғасын табады.

2012 жыл жаңалықтарға толы болмақ. Ақпан айында Шығыс Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толады, мамыр айында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының құрылғанына 20 жыл, тамыз айында Курчатов қаласына 65 жыл толады.



Біздің алдымызда әлі де шешілмеген мәселелер бар. Алдағы уақытта тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін осы мәселерердің шешімін тауып, бірлесіп еңбек етуіміз қажет. Бұл біздің әр бір күніміздің ісі.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет