2015 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша
Үржар ауданының әлеуметтік–экономикалық даму
көрсеткіштері туралы.
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 648,6 млн. теңгені құрап, табиғи көлемінің индексі 136,6 %-ды құрады.
Есептік кезеңде «Мадина» ЖШС-мен өндірілген көмір көлемі 17,0 мың тоннаны құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 4,1 есеге немесе 12,9 мың тоннаға артты.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндеу өнеркәсібінің табиғи көлемінің индексі 118,5 % (488,8 млн. теңге), соның ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемінің табиғи көлем индексі 103,6 %-ға (475,2 млн. теңге) орындалған.
«Швабские колбаски» ЖШС-і 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша 66 тонна шұжық өнімдерін өндіріп, өндірілген өнім көлемі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінде сақталды.
Өңдеу өнеркәсібінде 66 тонна шұжық, 357 тонна өсімдік майы (100 %), 30 тонна сүт өнімдері (166,7 %), 114 тонна нан (111,8 %) және 12,0 тонна (100 %) кондитерлік өнімдері өндірілді.
Есепті кезеңде 4,2 мың Гкал электр энергиясы өндіріліп, былтырғы жылдың деңгейінде сақталған. Сол секілді, 40,3 мың текше метр су жинақталып, таратылып, аталған қызмет түрінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға кеміген.
Ауыл шаруашылығы бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде 2176,6 млн. теңге көлемінде өнімдер өндіріліп, 2014 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,9 %-ды құрады.
Есепті кезеңде мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің өсу тенденциясы сақталады.
Есепті кезеңде 1998,1 тонна ет (өсуі 3,4 %), 13348,7 тонна сүт (өсуі 2,4 %), 3483 мың жұмыртқа (өсуі 2,1 %) өндірілді.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мал басының өсуі байқалады : ірі қара малы - 91348 бас (өсуі 9,2 %), оның ішінде : сиырлар –33078 бас (өсуі 6,6 %), қой мен ешкі – 287 002 бас ( өсуі 1,6 %), жылқы – 22 680 бас (өсуі 10,4 %), құстар – 128 723 бас (өсуі 1,0 %), шошқа – 3276 бас (32 %-ға кем).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның жалпы көлемі 1362,6 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,2 %-ға кеміді. Соның ішінде, кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 683,5 млн. теңгені құрап, табиғи көлемінің индексі 29,4 % болды.
Есептік кезеңде аудан көлемінде жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 153,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының көлемі 25,1 %-ға немесе 32,8 млн. теңгеге көбейді.
Жеке тұлғалардың есебінен жалпы ауданы 2983 шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,2 % -ға немесе 809 шаршы метрге дейін көбейді.
Кіші бизнес. Тіркелген кіші және орта бизнес кәсіпорындарының саны 133 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 кәсіпорынға соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 90 бірлікті (150 %) және белсенді кәсіпорындардың саны 71 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті деңгейінен 25 кәсіпорынға немесе 54,3 %-ға көбейді.
Сауда. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 2207,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 %-ға дейін көбейді.
Білім саласы. Аудан бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылуы 96,2 %-ды (5101 бала) құрады.
Бюджет. 2015 жылдың 1-ші сәуіріне аудан бюджетінің ішкі табысы 259 392,9 мың теңгені құрап, жоспар 107,8 %-ға орындалды немесе 18 810,9 мың теңгенің салықтары мен алымдар артық жиналды. Сол секілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджетке 35 900 мың теңге көлемінде салықтар артық жиналды.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан бюджеті шығысының кассалық орындалуы – 1 379 922,5 мың теңгені құрап, бөлінген қаржы 100 %-ға игерілді. Соның ішінде, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің игерілуі 100 %, облыстық бюджеттің игерілуі 100 % және аудан бюджетінің кассалық орындалуы 100 % құрады.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 296,7 мың теңгені құрады.
Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту. 2015 жылдың 1-ші сәуіріне 251 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 26 жұмыссызға көбейді.
2015 жылдың басынан 83 адам жұмысқа орналастырылды. қаңтар-наурыз айларында жаңадан 146 жұмыс орындары құрылды. Жастар іс-тәжірибесіне 4 адам жолданып, төлемді қоғамдық жұмыстарға 141 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жіберілді. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 11,6 %-ға (18 адамға) және жәрдемақы алушы балалар саны 21,7 %-ға (654 алушыға) кеміді.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша 2015 жылы бағдарламаның 1-ші инфрақұрылым және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмысқа орналастыру бағытына республикалық бюджеттен 50700,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 5633,0 мың теңге жоспарланған. Бөлінген қаржыға Горький ОМ шатырын, жылу қазандығын, т.б күрделі жөндеу (20082,0 мың тг), Алтыншоқы ОМ шатырына (14683,0 мың тг.) және Мақаншы мәдениет үйінің шатырын ағымды жөндеу жұмыстары (21568,0 мың тг.) жүргізіледі. Жұмыстар маусым-тамыз айларына жоспарланған .
Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде сүт қабылдау пункттерін ашу үшін 7 адамға 23,0 млн. теңге, соның ішінде Үржар ауылдық округіне 18,0 млн. теңге және Мақаншы ауылдық округіне 5,0 млн. теңге, сонымен қатар ауылдық округтер бойынша жеке меншікке сауынды сиыр сатып алып, сүт өндіруді жолға қою мақсатында 47 адамға 132,5 млн. теңге, барлығы 155,5 млн. теңгеге облыстық басқармаға сұраныс берілді. Қаржы бөлу мәселесі сәуір айында шешіледі.
Бағдарламаның 3-ші бағытының 2-ші компоненті бойынша 10 % -ын жұмыс берушілер есебінен қоса қаржыландыру тәртібімен Мақаншы және Үржар ауылдарында қос пәтерлі 2 үй салуға 36,0 млн. теңгеге аудандық құрылыс бөлімі арқылы ШҚО әлеуметтік қорғау басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2015 жылы 15 адамға 2544,0 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржы 2014 жылмен салыстырғанда 72 % кеміген.
Жастар практикасына 20 адамға 4281,0 мың теңге бөлініді, 2014 жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы 6,0 %-ға көбейді.
Бекітілген жоспарға сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы сәуір айынан бастап ұйымдастырылады.
Денсаулық сақтау саласында туберкулез ауру көрсеткіші 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 1,2 %-дық көрсеткішке төмендеп, 9 оқиға (2014 ж-11 болған) тіркелді. 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 1,08 %-ға немесе 16 оқиғаға кеміп, туу деңгейінің өзгеру көрсеткіші 1,04 %-ға немесе дүниеге келген нәресте саны 17 сәбиге азайды.
Қылмыс. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша аудан көлемінде 103 қылмыс тіркеліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 66,1 %-ға немесе 41 қылмысқа көбейген. Оның ішінде : тіркелген аса ауыр және ауыр қылмыстар саны 11 оқиғаны құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 қылмысқа көбейді. Ауыр дәрежелі қылмыстардың ашылу деңгейі 100 %-ды құрап, 2014 жылдың деңгейінен 42,9 %-дық пунктке артқан (2014 ж – 57,1 % болған).
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы В.Бойкова
Достарыңызбен бөлісу: |