Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі



бет6/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#124707
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

7 тақырып: Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар.



Аралық бақылау


2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар. Аралық бақылау




  1. Мақсаты: Біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйрену.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар, шарт, келісімшарт ерекшеліктері туралы білімін тереңдетіп, бағыт беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша құжаттарды сауатты, тыңғылықты, тапсырмалы жедел орындауға дағдыландыру. Құжаттарды талаптарға сай мемлекеттік тілде толтыра білу және оларды бір – бірінен ажырата білуге машықтандыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелерде арнайы, заңды қолданылатын құжаттарды дұрыс толтырып, іске асыруға машықтандыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы тапсырма, бақылау жұмыстары арқылы дұрыс сөйлеу, жазу қабілетін машықтандыру.




  1. Негізгі ұғымдар: Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар, шарт, келісімшарт




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут




  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: келісім шарт жасату, аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1 – тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты;

- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- қолхат жазылған күн;

- тараптардың қолы;

- мекеме мөрі.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Сенімхат берілетін жағдайлар:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхат 1 дана болып дайындалады

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.



Сөздік:

қолхат- расписка

азамат- гражданин

мерзім-срок

кепілақы- задаток

қарыз- долг

ақша- деньги

уәде- обещание

қайтарып беру- вернуть, возвращать

алу-брать

кабылдап алу- принять

уақытында-вовремя

кепіл ақы- задаток



Сенімхат - доверенность

жеке куәлік - удостоверение личности

жалақы- зарплата

мөр - печатъ

Қол -подпись

Сену -верить

сеніп тапсыру- доверять

беру - давать , выдавать

куәландыру - удостоверять

алу - получать

қою, басу- поставить




  1. Бақылау жұмыстары:

І – нұсқа

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар туралы білесіз бе?

2. Қолхат, сенімхат, кепілхат дегеніміз не?

1. Ескерту.

Шарт (договор) – тараптар арасында олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуін, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін ресми құжат.



Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма.

Аударып, сөйлем құраңыз

Келісу, келісім, келісімшарт, үлестеме, табысты, үлестестік, қадағалау, салымға беру, үйлестіру, ұлғайту, куәландыру, құқығы жоқ, тіркелген.



Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма

Бір – біріңізге сұрақ қойып жауап беріңіз

Как надо составлять договор купли-продажи квартиры?

Какие существуют виды акции?

Можешь ли ты составить договор на аренду квартиры?



Өзін-өзі дамыту компетенциясы

Жазып алыңыз, еске сақтаңыз.

Бір жылға бекітіледі – устанавливается на один год

Шектеусіз мерзімге бекітіледі - устанавливается на неограниченный срок

Аударым арқылы – путем перевода

Осы шартты бұзуға құқылы – вправе расторгнуть настоящий договор

Осы шарттың әрекетін тоқтатуға құқылы – вправе остановит действие настоящего договора

Өсімпұл – пеня

Айыппұл - штраф


ІІ-нұсқа.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма.

Қазақ тіліне аударыңыз

Договор купли-продажи, принадлежит гражданину, по праву собственносты, не заложена, содержание закона разъяснено, юридическая дееспособность в моем присутствии, подписать договор, деловые качества, нотариально заверить.



Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма.

Аударыңыз

Общественность ─

Гражданин ─

Заседание ─

Суверенитет ─

На чье имя ─

Приготовил ─

Вакансия–

Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Үлгі бойынша қолхат жазыңыз.

Қолхат


Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым.

2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

10.12.2003жыл қолы

2-тапсырма

Төмендегі тақырыптарға келісімшарт жасаңыз

Тұрғын үйді сыйға беру.

Пәтерлерді ауыстыру.

Тұрғын үйді уақытша жалға беру.



Өзін-өзі дамыту компетенциясы

Аударыңыз

Іскерлік кездесу, мәлімет, нақты шаралар, жоспарланатыны көрсетілді, өз сөзінде, мәселелерді талқылау, шаралар белгілеу, аудандық әкімшілік, қолдау көрсетілді, төраға, сұранысты анықтау, озат тәжірибеге сүйену.




  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

8 тақырып: Еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты



2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты




  1. Мақсаты: Біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйрену.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша шарт, келісімшарт ерекшеліктері туралы білімін тереңдетіп, бағыт беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша Құжаттарды сауатты, тыңғылықты, тапсырмалы жедел орындауға дағдыландыру

  3. Коммуникативті компетенция бойынша белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелерде арнайы, заңды қолданылатын құжаттарды дұрыс толтырып, іске асыруға машықтандыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы тапсырма, бақылау жұмыстары арқылы дұрыс сөйлеу, жазу қабілетін машықтандыру.




  1. Негізгі ұғымдар: Еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты, ерекшеліктері.




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут




  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Келісім-шарт, шарт

Келісім-шарт–жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы; ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.

сөздік

шарт - договор

қол қоюшылар - подписавшиеся

төменде қол қоюшылар - нижеподписавшиеся

сату — сатып алу - купля-продажа

маған тиеселі - принадлежащий мне

жеке басы - личностъ

іс-әрекетке қабілеті-дееспособность

анықталды - установлен

тексерілді - проверен

тіркелді - зарегистрирован

қол қойылды - подписан

мәміле-сделка

мекен-жайда тұратын-проживающий по адресу

берілген -выданный

жекеменшік құқығы бойынша -по праву собственности

келісім шарттың негізінде -на основании договора

жалпы пайдалы ауданы -общая полезная площадь

шаршы метр-кв. метр

құрайды -составляет

осы уақытқа дейін -до настоящего времени

тыйым салынбаған -под арестом не состоит

бағалау- оценивать


  1. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. (Еңбек шарты. Контракт) Мәтінді аударып, үлгі бойынша жұмысшылармен еңбек шартын жасасыңыз.

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының енбек жолы осы құжаттан басталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардан тұрады:

1) құжат аты;

2) келісімнің жасалған орны мен күні;

3) екі жақтың толық және шартты атауы;

4) жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;

5) келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс);

6) келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде үзақ уақытқа ма);

7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);

8) сынау мерзімі;

9) жұмысшының міндеттері;

10) еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;

11) жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;

12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;

13) ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;

14) демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;

15) келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;

16) келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайтарылуы мүмкін);

17) келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;

18) екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;

19) екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);

20) шартқа қол қойылған күн;

21) келісім қосымшасы (егер бар болса).

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.

Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.


Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Үлгі бойынша жаңа келісім-шарт жасаңыз.

Автомашинаны сату — сатып алу туралы келісім-шарт.

Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 91-үй, 46-пәтер, бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек

(келісім-шарт жасалған мекен-жай және күні сөзбен жазылады)

Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде тұратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке басының куәлігі № 548796, Қазақстан Республикасының ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 83-үйде тұратын азамат Қайырбаев Серік, жеке басының куәлігі № 478926, Қазақстан Республикасы IIМ берген, осы келісімшартты жасадық:

1. Мен, азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, "Жигули" маркалы

жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі

______, шасси нөмірі ______, двигатель нөмірі ______, мемлекеттік

нөмірі.

Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашинаны сатып аламын.



2. Көрсетілген автомашина Мемлекеттік автоинспекция 1995 жылғы 7 қаңтарда берген нөмірі 46327 техникалық паспорттың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі.

3. Автомашина___________________теңгеге сатылады

(бағасы толық жазылады)

Көрсетілген соманы келісім-шартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді. Тараптардың қолы.

1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты мен, Асқарова Бақыт, Алматы қаласының нотариусы куәландырды.

(нотариалдық кеңсенің атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі)

Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды, Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілеті және автомашинаның Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі екендігі тексерілді.

Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шарттың мәтіні дауыстап оқылды.

Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.

Тариф бойынша________________теңге салық алынды.

Нотариус (қолы)
Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.

Договор купли-продажи, заключили настоящий договор о нижеследующем, указанная квартира, принадлежит гражданину, принадлежит мне, по праву собственности, общая полезная площадь, инвентаризационная стоимость, по справке БТИ, никому не продана, не заложена, под арестом не состоит, в споре не состоит, содержание закона разъяснено, содержание действующего законодательства, договор составлен в трех экземплярах, договор подлежит регистрации.



Өзін-өзі дамыту компетенциясы

1. Еңбек шарты дегеніміз не?

2. Ұжымдық еңбек шартын қалай түсінесіз?
1. Ескерту!

Ұжымдық еңбек шарты (Коллективный трудовой договор)

15.05.2007 ж Қазақстан Республикасының №251 – ІІІ Еңбек кодексінің 282 – 284 баптарына сәйкес қызметкерлер тобы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат болып табылады.


2. Жұмысқа орналасқанда немесе белгілі жұмыстың бір түрін орындағанда еңбек келісімі толтырылады. (үлгіге қарап толтырыңыз)
ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
2009 жылғы ________________________________________________Алматы қаласы

(айы, күні)


Біз, ______________________________________бір жағынан (тапсырысшы)

(кәсіпорын атауы, кәсіпорын басшысының аты – жөні)


жұмысшы_______________________________ , екінші жағынан (орындаушы);

(аты – жөні)


(Еңбек келісімінің мазмұны қысқаша баяндалады)

Атқарылатын жұмыс _________________________________________________________


Орындалу мерзімі____________________________________________________________
Екі жақтын міндеттері

І. Орындаушының міндеттері:

-

-

-



ІІ. Тапсырысшының міндеттері:

-

-



-

-

3. Ұжымдық еңбек шартының үлгісімен танысыңыз

Жалпы ережелер, еңбекақы төлеу, еңбекті ұйымдастыру және қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік еңбек кепілдіктері, кәсіподақ қызметінің кепілдіктері т.б.


  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

9 тақырып: Өтініш, өкімдер т.б.



2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Өтініш, өкімдер т.б.




  1. Мақсаты: Біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйрену.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат туралы толық мәлімет беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуын қадағалауға дағдыландыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге байланысты білімін тереңдетіп, бағыт беру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы өтініш жазу арқылы ойын дамыту, білу, бір–бірінен ажырату, хабарламаның түрлерін ажырата білу.




  1. Негізгі ұғымдар: Өтініш, өкім туралы түсінік.




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут




  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.

  2. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:


  • жұмысқа қабылдау

  • жұмыстан босату

  • басқа жұмысқа ауыстыру

  • кезекті демалыс сұрау

  • кезектен тыс демалыс сұрау

  • материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.

Арыз. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Ұсыныс — белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.

Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет