№ 4 сабақ
1. Тақырыбы: Л. Т. Менің университетім
Г.Т. Сөз құрамы, сөздердің негізі туралы ұғым. Қосымшалардың орын тәртібі.
2. Мақсаты:
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тақырыпқа сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, білім алушыларға арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық-грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, сөздерді қолданудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, білім алушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу;
3. Коммуникативті компетенция бойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы білім алушылардың тақырыпқа сәйкес қатысты сөйлеу аясын кеңейту;
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша танымдық мәтіндермен жұмыс істей білуге машықтандыру, қарым-қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық материал бойынша
1. Университет өмірімен танысу.
2.Мәтіндерде кездесетін кейбір сөз тіркестерінің мәні туралы.
3. Мәтіндерді әңгімелеудегі тілдік оралымдар.
ә) грамматикалық материал бойынша
Сөз құрамы, сөздердің негізі туралы ұғым. Қосымшалардың орын тәртібі.
5. Сабақ жоспары:
А)Ұйымдастыру.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.
- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |