Құрастырушы: оқытушы Э.О.Жақсыбаева
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде қаралды
№ хаттама
«–––»–––––––––––––––2012 ж.
Кафедра меңгерушісі,
ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
«Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу»
бойынша электив курсы
Лексика – грамматикалық тест тапсырмалары
1. Автордың өзі туралы жазатын құжатты____________дейді
а) мінездеме
ә) сенімхат
б) өтініш
в) өмірбаян
2. Сенімхаттың мәтіні_____________оқылды.
а) дауысты
ә) дауыстап
б) қазақша
в) орысша
3.Өтініш жазылатын мекеменің толық аты ____________жазылады.
а) сол жақ бұрышқа
ә) оң жақ бұрышқа
б) ортаға
в) соңына
4. Өз_____________жұмыстан босатуыңызды сұраймын
а) қалауыммен
ә) ойыммен
б) шешіміммен
в) еркіммен
5.Отбасы__________________байланысты.
а) шартына
ә) жағдайына
б) қаулысына
в) демалыс
6. Кандидатты жұмысқа қабылдай алмайтыныңыз туралы хабарлағанда, қандай коммуникативтік репликаны қолданар едіңіз?
а) нақты айтқанда
ә) өкінішке орай
б) демекші
в) таңғаларлық
7. Өтініш қаралып, бекітілгенен кейінгі ... табылады?
а) ештеңе болып
ә) ескерту болып
б) құжат болып
в) қосымша болып
8. Бұйрықта етістік қалай беріледі?
а) босату
ә) тағайындалсын
б) қабылдайды
в) тыйым салыңыз
9. «Мамандық» ұғымына сәйкес келетін сөздерді белгілеңіз.
а) даңғыл, көше
ә) орналасқан, түскен
б) баспа, әкімшілік
в) дәрігер, мұғалім
10. Бұйрық - ____________құжат.
а) өкім
ә) өкімдік
б) өкілетті
в) кімдік
11. Мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында шығарылатын құжат ... .
а) хаттама
ә) бұйрық
б) мінездеме
в) сенімхат
12. Мен сенімхат мәтінімен _______________________
а) оқыдым
ә) жаздым
б) куәландырдым
в) таныстым
13. Бұйрықтың соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам ______________________
а) беріледі
ә) көрсетіледі
б) оқылады
в) айтылады
14. Белгілі бір адамның өз өкілеттілігі мен құқығы екінші бір адамға берілгенін жазбаша растайтын құжат __________________ деп атайды.
а) сенімхат
ә) сұраныс хат
б) ресіми хат
в) ұсыныс хат
15. «Вне очередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз
а) кезексіз демалыс
ә) кезектен тыс демалыс
б) мерзімсіз демалыс
в) уақытша демалыс
16. Түсінік хаттың негізгі бөліміне не жазылады?
а) түсініктеме хат атауы
ә) тақырыбы
б) себеп, дәлелдемелер
в) қолданылатын шара
17. Студенттің сабақта болмауының себебін баяндайтын құжат қалай аталады?
а) анықтама
ә) арыз
б) өтініш
в) түсініктеме
18. Жасы 35 ке ... маман
а) шейін
ә)дейінгі
б) конкурс жариялаған мекеме
в) дейін
19. Мәжіліс ... кеш өтеді
а) залда
ә) залында
б) залға
в) залы
20. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмысшыға ...жариялануы қажет
а) мадақтау
ә) мақтау
б) сөгіс
в) шарт
21. Еңбек шарты тараптар арасындағы еңбек қарым –қатынасын...
а) орындайды
ә) орындамайды
б) жасайды
в) реттейді
22. «Расторжение договора» тіркесінің аудармасын көрсетіңіз
а) келісімшартты бұзу
ә) келісімшартты өзгерту
б) келісімшартты жасау
в) келісімшартты ұзарту
23.Дұрыс аударылмаған сөзді көрсетіңіз
а) іссапар–командировка
ә) шағым–жалоба
б) іс қағаздары–документ
в) шарт–договор
24. Негізгі міндеттер атты бөлімде жұмысшының ... баяндалады.
а) бағыты
ә) ұйымы
б) құқықта
в) отбасы
25. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны.....
а) көрсетіледі
ә) айтылады
б) ұйымдастырылады
в) жүргізіледі
26. «Обязанности» сөзінің аудармасын табыңыз
а) міндеттері
ә) міндеттеме
б) міндетті
в) міндеттеу
27.Дұрыс аударылған сөзді табыңыз.
а) штат кестесі–штатное расписание
ә) штат саны–штатная правила
б) еңбекақы қоры–пособие
в) зейнетақы–премия
28. Жұмысқа қабылдауға қатысты сөзді көрсетіңіз
а)еңбек келісімі
ә) мәлімдеме
б) сенімхат
в) жеделхат
29. Жұмысқа қабылдауға қатысты емес сөзді көрсетіңіз.
а) еңбек өтілі
ә) еңбек кітапшасы
б) тізімдеме
в) еңбек келісімі
30. Паспорт бөлімінде нені анықтайды?
а) аурудың пайда болуын
ә) науқас адамның аты-жөні, ұлты т.б.
б) шағымдардың сипаттамасы
в) еңбек және тұрмыс жағдайы
31. «Куәландыру» сөзіне жуық мәнді сөзді көрсетіңіз
а) ресімдеу
ә) талап ету
б) тіркеу
в) растау
32. Мәжіліс, жиналыс өткізу кезінде жазылатын құжат
а) кепілхат
ә) түйіндеме
б) хаттама
в) баянхат
33. «Поощрить» аудармасын көрсетіңіз
а) жіберілсін
ә) қабылдансын
б) мадақталсын
в) демалыс берілсін
34. Стильдің қай түріне жатады?
Миотропты дәрілер – нитрит, нитрат, диуретин, теобрамин.
а) ауызекі сөйлеу стилі
ә) көркем стиль
б)ғылыми стиль
в) публицистикалық стиль
35. Қызметкердің жұмыс өтілін растайтын құжат - ...
а) санитарлық құжат
ә)еңбек кітапшасы
б) кадрды есепке алу жөніндегі парақ
в) өтініш
36. Іс қағаздарына жатпайтын сөзді белгілеңіз
а) қолхат
ә) іс сапар куәлігі
б) өмірбаян
в)шығарма
37. Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз
а) Мені бүгіннен бастап кезекті демалысқа шығаруыңызды сұраймын
ә) Менің кезекті демалысқа шығуым керек. Рұқсат етуіңізді сұраймын
б) Кезекті демалысқа шығатын уақыт болғандықтан, бүгіннен бастап демалысқа бара беруге рұқсат етіңізші.
в)Сізден маған осы жылғы наурыз айының 15-інен бастап кесте бойынша кезекті демалысқа шығуға рұқсат етуіңізді өтінемін.
38.Бұрыштамаға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін табыңыз
а) атқарып отырған қызметіне лайық, білімді
ә) демалыс беруіңізді сұраймын, рұқсат
б) қарсы емеспін, бекітілсін
в) қызметкер, өтінемін
39. «Доверенность» сөзінің аудармасын көрсетіңіз
а) сенімхат
ә) сенім беру хат
б) хабарлау хат
в) қол қойылған хат
40. Номенклатуралық атаулардың қайсысы дұрыс жазылған?
а) Үкімет Қазақстан Республикасы. Министрлік білім және ғылым.
ә) Қазақстанның Республика Үкіметі. Білім және ғылым министрлік
б) Қазақстан Республикасы Үкіметі. Білім және ғылым министрлігі
в) Қазақ Республика Үкіметі. Білім, ғылым министрлік
41. Жеке іс парағын толтырғанда қандай мәліметтерге сүйену керек?
а) еңбек кітапшасы, өмірбаян мәліметтері
ә) газет бетіндегі мәліметтер
б) ойдан құрастырылған мәліметтер
в) ғылыми негізге сүйенген мәліметтер
42. Хаттама жазуда пайдаланатын сөздер мен сөз тіркестерін көрсетіңіз.
а) өтінемін, бұйырамын
ә) шара қолдануыңызды сұраймын
б) жарыссөз, тыңдалды, қаулы қабылданды.
в) міндетті атқарушы, орынбасар.
43. Қызметтік хаттың құрылымы төмендегідей:
а) қаулы, қарар жазылады.
ә) бұйрық беріліп, шешім қабылданады.
б) өмірбаян, мінездеме жазылады.
в) тақырыбы, датасы, хат мазмұны, қолы
44. Жұмысшының қабылдаған қызметке лайықтылығын тексеру мақсатында ...
а) бұйрық берілді
ә) келіссөз жасалды
б) жоспар құрылды
в) сынау мерзімі белгіленді
45. Іс жүргізе алуы артықшылық ……………….
а) көрсетеді
ә) жасайды
б)береді
в) етеді
46. 1998 жылдан ………………..
а)бері
ә) дейін
б) таман
в) аралығында
47. Құттықтаухат …………… деп аяқталады
а) таза жүректен
ә) қымбатты
б) шын жүректен
в) шынайы көңілге
48. Жетістікті білдіретін сөздер
а) қымбатты, құрметті
ә) білікті маман
б) мол шығармашылық табыс
в) құрметпен, ізгі ниетпен
49.Талапарыз беруге …………… боламыз
а) міндетті
ә) әзір
б) құқылы
в) мәжбүр
50.Талапарыз жазуға ……… болған жағдай
а) өтініш
ә) арыз
б) негіздік
в) негіз
Жағдайлық есептер
-
Еңбек келісімі – ресми құжат. Сіз еңбек келісіміне қол қойдыңыз. Оның күші қандай жағдайда тоқтатылады?
-
Мен құжаттарымды растаймын, сондықтан сөйлемді логикалық түрде аяқтау үшін не істейсіз?
-
Сіз несие алу үшін кепілдіке не бересіз?
-
Белгілі бір құндылықтардың алынғанын (берілгенін) куәландыру үшін қандай ресми құжат жазуға болады?
-
Ресми құжаттарды куәландыру үшін не істеу керек?
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымында қандай министрліктер бар және сіз оқып жүрген оқу орны қайсыған жатады?
-
Көпшілік алдында қалай сөйлер едіңіз? Еркін, асықпай, мазмұнды, назарын өзіне аударып, бейнелі сөзбен, байыппен, қорқынышты, әлде тезірек пе?
-
Талапты, өз ісіңізге білікті маман иесісіз, жұмыс тауып, еңбек ету керек, сондықтан не істер едіңіз?
-
Сіздің ойыңызша келісімшарт қай кезде, қай уақытта жасалынады?
-
Жазатайым оқиғаның үстінен түсіп, көзімен көрген кездегі сіздің ойыңыз қандай?
-
Сіз студенттер ғылыми үйірмесіне қатысасыз. Университеттің диссертациялық залындағы қолжазбалар қорымен танысу үшін ғылыми істер жөніндегі проректордың атына өтінішті қалай жазар едіңіз?
-
Сіз степиндияңызды досыңызға алуға рұқсат етсеңіз, оған қандай құжат жазып бересіз?
-
Сіз емхананың бас дәрігерісіз. Емдеу бөлмелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өкім шығару керек. Қалай жазар едіңіз?
-
Сіздің жеке көлігіңіз бар. Оны уақытша иелену құқығын ініңізге бермекшісіз Ол үшін қандай құжат керек?
-
Кеше сіз сабаққа келмей қалдыңыз. Сабақты босату себебіңізді көрсеткен түсінікхатты қалай жазар едіңіз?
-
Сізге жатақханадан орын керек. Ол үшін факультет деканының атына жатақханадан орын беруін. сұрап өтініш жазуыңыз керек. Қалай жазар едіңіз?
-
Сіздің жұмысқа орналаспақ ойыңыз бар, Ол үшін қандай құжаттар дайындайсыз?
-
Сіз №8 емханада тіс дәрігері болып қызмет етесіз, Осы мекемеде жұмыс істейтініңізді растайтын қандай құжат алуыңыз керек?
-
22 қазан күні студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Осы конференцияның хаттамасын қалай жазар едіңіз?
-
18 наурыз күні университет көлемінде «Қыз сыны» байқауы өтпекші. Осыған байланысты хабарландыруды қалай жазар едіңіз?
Емтихан сұрақтары:
-
Ресми іс-қағаздары стилінің мазмұны мен мәні, қолданылуы, түрлері
-
Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі
-
Көркем әдебиет тілінің стилі
-
Ауызекі сөйлеу тілі стилі
-
Ресми, іс қағаздар тілінің стилі
-
Публицистикалық стиль
-
Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін
-
емле қағидалары
-
Іс қағаздары және олардың түрлері
-
Кеңсе іс қағаздарының ортақ белгілері, құрылымы, тілі, түрлері
-
Түсініктеме
-
Хаттама үлгісін жазу
-
Өтініш білдіру
-
Ресми хаттар
-
Қызметтік хат. (Постскриптум)
-
Өмірбаян жазу
-
Мінездеме, анықтама
-
Түйіндеме
-
Қолхат құрылымы
-
Ақпараттық анықтамалық – құжаттар. Анықтама, жұмыс істейтіндігі туралы, мәлімет, акт
-
Сырқатнама және оның құрлысы
-
Аурудың шағымдары, науқастың өмірбаяны
-
Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар.
-
Шарт, келісімшарт
-
Еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты
-
Өкімдер
-
Тағайындау, ауыстыру, жүктеу туралы
-
Ұйымдық құжаттар: ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның, құрылым және штат саны
-
Штаттық кесте, лауазымдылық нұсқаулық
-
Өндірістегі жазатайым жағдайлар мен еңбекшілердің денсаулығына зиян келтіретін басқа да оқиғалар туралы
-
Бұйрықтар. Тағайындау туралы
-
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
-
Сауалнама
-
Қызметтік хаттар, жолдау хат, қолхат, құттықтау хат, т,б.
-
Ақпарат беру туралы, баянхат, хабарландыру
-
Түсінікхат, хаттама
Тәжірибелік дағдылар тізімі:
-
Оқылымда:
-
сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемді, ережені дұрыс оқу;
-
дұрыс дыбыстай білу;
-
сөзді түсіне білу, грамматикалық белгілерін айыра білу;
-
сөздің мағынасын ажырата білу;
-
студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі Сабақтың тақырыбын түсінуі тиіс. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.
-
Тыңдалымда:
-
дыбысталған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді ажырата білу;
-
берілген сұрақты түсіне білу, оған тиісті жауап бере білу;
-
керекті ақпаратты ойға түйіп ала білу;
-
естігендерін түсіне білу;
-
студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс.
-
Жазылымда:
-
сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді сауатты жаза білу;
-
тыңдаған, оқыған мәліметті, мәтінді дұрыс жаза білу;
-
жазбаша хабарлама жасай білу;
-
баяндама, мақала, реферат, сұхбат жаза білу;
-
өз ойын жазбаша жеткізе алу.
-
Айтылымда:
-
тыңдаған, оқыған хабарды жеткізе білу;
-
өзінің ойын айта білу;
-
құптау, құптамау (интенциялық) әрекеттерін түрлі эмоциялық реңктер арқылы жеткізе білу;
-
студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс.
-
Тілдесімде:
- тілдік қатынасты жүзеге асыру, пікір алмасу, сұхбаттасу.
КІТАПХАНАДАҒЫ КІТАПТАР ТІЗІМІ
-
Суатай С.Қ. Іс қағаздарымен жұмыс. - Алматы, 2010.-104 б.
-
Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.
-
Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік
тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б
-
Хазимова Ә.Ж. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. – Алматы : 2010,-100-бет.
-
Ресми-іскери қазақ тілі «Арман-ПВ», 2008
МАЗМҰНЫ
-
|
Силлабус............................................................................................................
|
1-15
| -
|
Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары..............................................
|
16-99
| -
|
Бақылаушы-өлшегіш құралдар...........................................................................
|
100-111
| -
|
Кітапханадағы кітаптардың тізімі.......................................................................
|
112
|
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |