Сарқан көпсалалы колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі»
Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі
Мамандығы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі»
Орындаған: Жекен Мадияр
Тексерген: Тулемисова А.А
Сарқан
2023-2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1.Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың теориялық негіздері 6
1.1 Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар түсінігі, жалпы сипаттамасы 6
1.2 Ақпараттық-коммуникативтік технология – білім беру нәтижесінің ажырамас бөлігі ретінде 11
2. Бастауыш мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану 14
2.1. Бастауыш мектептерде ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу жолдары мен әдістері 14
2.2. Бастауыш мектептердегі ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі мен орны 18
3. Бастауыш мектептерде ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиясын қолданудыдың ерекшеліктерій 21
3.1. 4 сыныптар арасындағы ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологиясының қолдануының талдамасы 21
3.2 3 сыныптар арасындағы ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологиясының қолдануының талдамасы 24
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны: бастауыш мектептегі ақпараттық - коммуникативтік технологияс ы
Зерттеу жұмысының пәні: ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық - коммуникативтік технологиясының әдіс-тәсілдері
Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш мектептерде ағылшын тілі
сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиясын қолдануды талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың теориялық негіздерін талдау:
ақпараттық-коммуникативтік технологиялар түсінігі, оны қолданудың маңызын саралау;
бастауыш мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігін зерттеу.
Зерттеу жұмысының болжамы: ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды, белсенділігін дамытуға әсер етеді, оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.
Зерттеу жұмысының қолданылған әдістер: талдау, жүйелеу, топтастыру салыстырмалы – аналитикалық әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс екі тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |