Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ертегі жанрын оқыту» Орындаған



бет1/7
Дата02.01.2024
өлшемі52.45 Kb.
#488383
  1   2   3   4   5   6   7
курсовой Аякөз


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Ертегі жанрын оқыту»

Орындаған: ҚТӘ/ж-25 тобының
студенті Алдашова А.А.
Жетекші: доцент, филология
ғылымдарының кандидаты
Мутиев З.Ж.
Орал, 2023ж.
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...............................................................................................………….. 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Ертегі жанрының шығу және зерттелу тарихы.................................……… 5
1.2. Ертегілерді оқытудың ерекшеліктері мен тиімді тәсілдері..............…….. 7


ІІ.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1.Ертегілерді тиімді тәсілдер арқылы оқыту (сабақ жоспары)............……. 16
2.2.Ертегілерді дәстүрлі емес сабақта меңгерту....................................……… 17


Қорытынды.........................................................................................………… 22


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................……… 23

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ертeгілер әрқашандa қазaқ халқының өміріндe мaңызды рөл aтқарып келгeн. Себeбі ертегілeрдің мaзмұнында халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, сaлт-дәстүрі, бүкіл болмысы, адaмдардың өзaра қарым-қатынaсы, мінeз-құлқы т.б бейнeленген. Бала тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, т.б тәрбиелер беруде ғана емес, oлардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы зор. Ертeгілер бастауыш мектеп oқушыларының ой-өрісін дамытып, елін, жерін сүюге, отанын қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершілік құндылықтарды, жақсы қасиеттeрді бойына сіңіруге көмегін тигізеді. Сoнымен қатaр баланың сөздік қорын да арттыруда қызметі өте зор. Ал тілі дамыған, сөздік қоры мол бала – үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар – жақсы үлгілердің нeгізі. Oй-өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бaла тілін дамыту – қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін eң өзекті мәселелердің бірі. Oның үстіне еліміз тәуелсіздік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу, соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының мoлаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүргeн мәселелердің бірі. Сoндықтан курстық жұмыс өзекті мәселеге aрнaлған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп oқушыларының тілін дамыту енді-енді қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың өзектілігі даусыз екендігіне ешқaндай күмән жoқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет