Факультативтік курс



бет1/3
Дата15.10.2023
өлшемі21.35 Kb.
#480833
түріПрактикум
  1   2   3
ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРС




8-сынып Геометрия .ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРС
«Планиметрия есептерін шығару практикумы»
Түсінік хат
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 8-сынып оқушыларына құрылған курстың тақырыбы «Планиметрия есептерін шығару практикумы» деп аталады.

  • Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. N399 бұйрығы 21.11.2022 ж. №467, 05.07.2023 ж. №199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын негізге ала отырып жасалынды
Бұл курстың тиімділігі – оқушыларды геометриялық есептер шығаруға үйретеді. Мысалы, үшбұрыштың медианасын, биіктігін, биссектрисасын және үшбұрышқа іштей, сырттай сызылған шеңбердің радиусын табу.Сонымен, геометриялық есептерді шығара білу үшін суретін салып, шығару әдісін, геометриялық фактілер мен теоремаларды білу, есептер қорының жеткілікті болуы керек.
Курстың материалы тақырыптарға бөлінген және геометриялық фигуралардың түрлері бойынша жүйеленген.Ұсынылған есептердің қиындық деңгейі әртүрлі, бірақ әдістемелік жағынан мұғалімге пайдалы.
Курстың тақырыптары 5 тарауға бөлінген: «Үшбұрыштар», «Тригонометрия элементтері», «Төртбұрыштар», «Шеңбер» және «Жазықтықтағы координаталар әдісі». Әр тараудың тақырыптарынан кейін жаттығулар берілген. Жаттығуларға дәлелдеулер мен оқушыларды тереңдете ойлауға жетелейтін тапсырмалар мен есептер енгізілген.
Осы курс оқушылардың планиметриялық есептерді шығарудың стандартты емес әдістерімен танысуына мүмкіндік береді және интеллектуалдық қабылдау, жаңа ақпататты меңгеру қабілетін, логикалық ойлау тәуелсіздігі сияқты қасиеттердің дамуына және қалыптасуына әсер етеді. Барлығы 34 сағатқа арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет