Курстың мазмұны
Бірінші апта
№ 1-дәріс
Тақырыбы: Қазақ театрының халықтық бастауы.
Қарастырылатын сұрақтар:
«Дала театры».
Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығында.
Дәрістің мақсаты: Қазақ театр өнерінің пайда болуы және оның қоғамдағы рөлімен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Қай ұлттың болмасын қазіргі кәсіби театры нақ бүгінгі күйінде, дайын түрінде ғұмырға келген жоқ. Әрқайсысының да қалыптасу жолы, өзіне лайық өмірбаяны бар. Жалпы театр өнерінің мыңдаған жылдық тарихы бар.Театр зерттеушілері дүние жүзі театрының тарихын көне грек театрынан бастаса, екінші бір елдің театры Совет дәуірінен басталады. Ал, қазақ театры тарихын соншалық әріден бастай алмаймыз. Қазақ жерінде жекелеген ойын – сауық топтарының өзінің туғанына әлі бір ғасыр болған жоқ. Бірақ театрға тектес халықтық өнер тегінің түбі бізде де әрі де жатыр. Рас, ол замандағы өнер бүгінгіше театр деп аталған жоқ. Бүгінгідей мәдениет шенберіне кірген жоқ. Мысалы дүниеге сәби келеді. Оған бүкіл бір ауыл ғана емес, іргелес өрістес ауылдардан қыз, бозбала келіп шілдехана жасайды. Әшікейлі ақ үйде қыз- келіншек, бозбала аралас отырып ән салады. Жарық дүниеге келген кішкентай адамның ғұмырлы , бақытты, болуына тілектестігін өлеңмен тақпақтап, әнмен әсемдеп айтады. Бұл кеште қос ішекке тіл бітірген күйші де, тындаушыларын таңдандырған әнші де өнер көрсетеді. Осының бәрі «Дала театрының» сипаты.
Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына ( әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет ғұрып пен тұрмыс салтқа (беташар, бәдік, жар- жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр- судыр) пен Алдар Көсе т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша Айдарбек, Битан - Шитан, Текебай, Мауқай, Зәрубай, Күндебай, Тонтай - Қантай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды. Эпикалық дастандардан драмалық шығармалардың орны үлкен.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Қазақ театрының қалыптасу кезеңі.
Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі.
«Дала театрын» сипаттап беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |