Күз мереке, күз береке! Тәрбиеші : Сарыағаш қаласы 2011-2012 оқу жылы



Дата02.07.2016
өлшемі56.29 Kb.
#172604
2 «Ер Төстік» балабақшасы


Күз мереке, күз береке!

Тәрбиеші :
Сарыағаш қаласы

2011-2012 оқу жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш қаласы

Абилдаева Айжан Шәріпбекқызы

2 «Ер Төстік»



балабақшасының Ерте жас

тобының тәрбиешісі
«Күз мереке, күз береке!»

Жүрг.: Күз дегеніміз – береке,

Күз дегеніміз – мереке,

Күз дегеніміз – байлық, молшылық,

Күз мерекесі барлығымызға құтты болсын!



Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүгінгі біздің кішкентай ғана бүлдіршіндеріміздің күз мерекесіне арналған «Күз мереке, күз береке» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Ата-аналар балапандарыңыз сіздерді атын күз мерекесімен құттықтап, ән мен бастамақшы.


Хор: Ұлы Отан анамыз, әнін қабыл алыңыздар.
1.ж: Өрік, алма, шие, алмұрт

Жидек жүзім піседі

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.


2.ж: Астық пісіп, орақ түсіп

Қырман дәнге толады,

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?


Бала: Күн суық болады, жаңбыр жауады, Жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Барша жанды құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Хор: Күз.
1.ж: Ой, мына жерде сүйкімді, сұлу балалар отыр екен.Қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?

Бала: Иә.

1.ж: Олай болса мені мұқият тыңдап отырыңдар, мен сендерге Бауырсақ ертегісін айтып берейін.

Бір баяғы замана ата мен әже болыпты.Олардың жейтін еш нәрселері жоқ екен, қарындары аш екен.



Шал: Кемпір-ау қарын ашып кетті ғой, жейтін бір нәрсе пісірсейші

Кемпір: Үйде еш нәрсе жоқ.

Шал: Сыпыраның түбіндегі қалған ұннан бауырсақ пісіріп берсей!

Кемпір: Иә, иә, дұрыс айтасың мен сыпыраның түбіндегі қалған ұннан бауырсақ пісірейін.
1.ж: Кемпірі бауырсақ пісіріпті, бауырсақ ыстық екен. Суысын деп терезенің алдына қойып қойыпты. Бауырсаққа жан бітіп, терезеден доиалап орманға қарай жолға шығады.

Бауырсақ: Өлеңін айтып келеді. Мен қайда келіп қалдым. Бұл жер суық екен. Өлеңімді айтып ұзақ жол жүріппін. Мен енді қайда барамын?(Жылап отырады)
Күз: Жол әуенімен кіріп келеді.

Хадірлімін халқыма

Баламас бекер алтынға,

Өн бойым болған ырыс-құт

Көңілім жомарт салтыңда,

Өздерің аңсай сағынар

Қауын, қарбыз, жүзімнің,

Бәрі менен табылар

Өздеріңе әкелдім,

Күздің сыйы көз тартар!


Сәлеметсіңдер ме, балалар.Ой мұнда кім жылап отыр? Ой бұл бауырсақ емес пе? Саған не болған? Неге жылап отырсын?

Бауырсақ: Мен атамнан апамнан қашып, адасып қалдым. Атамен апама барғым келеді.

Күз: Жүреғой бауырсақ мен сені үйіңе апарайын.

1.ж: Сөйтіп күз бен бауырсақ жолға шығады. Келе жатса алдынан қоян шығыпты.

Қоян: Ой сендер қайдан келесіңдер? Мен мына бауырсақты жеп қоямын.

Күз: Жоқ жоқ қоян жан сен бауырсақты жеме, сенің қандай шартың бар? Қандай шартың бар орындайық.

Қоян: Шарт дейсің бе, қазір күз мезгілі жеміс-жидектер піседі, жегім келіп тұр. Маған жеміс-жидектер туралы өлең шұмақ айтсын.

Бауырсақ: Мен, мен білмеймін ғой!

1.ж: Кәнекей, балалар, бауырсаққа көмектесейікші. Біздің балапандарымыздың жеміс-жидектер туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

Өлең шумақтар:
Нурсезім Елдос

Тіл үйірер шырынмын Бақ ішінде алмалар

Жемістердің бірімін Бар жемістер бағалар

Мен маржандай ішемін Көрген адам таңдалар

Ұнатамын күн нұрын. Көздің жақын алады.
Бекайым Ерасыл

Исім жупар жидемін Мен өріппін, өрікпін,

Олақтарға инемін Бау-бақшаға көрікпін.

Жеміс берем мен күзде Аида

Оған дейін тимегін. Бал татитын құлпынай,

Саған құмар журтым-ай.



Дана Үміт Мен алмамын, алмамын, Мен алмұртпын, алмұртпын,

Таңдайда қалар бар дәмім. Ауыздамын бар жұрттың.


Нурхан

Мен өрікпін, өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Қоян: Менің көңілімді көтеріп тастадыңдар, мен енді орманыма барайын.

1.ж: Бауырсақ қуанып қояннан қашып келе жатса, алдынан қасқыр шығыпты.

Қасқыр: А бауырсақ мен сені жеп қоямын, иісің қандай тамаша.

Күз: Қасқыржан алдайың болмас,кәне сенің қандай шартың бар, айтағой.

Қасқыр: А, шарт дейсің бе? Қандай шарт қойсам екен.Кәнекей бауырсақ маған би-билеп бер.

Бауырсақ: Мен билей алмаймын, енді не істеймін достарым маған көмектесіңдерші.

1.ж: Кәне балалар бауырсаққа көмектесейікші, би билеп берейік.

Табаны жерге тимейді

Бөбектер ғажап билейді

Бұл сұлулық әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді.

Ортада «Жаңа заман» биі.
Қасқыр: Рахмет сендердің билеріңді тамашалап бір серігіп қалдым. Сау болыңдар!

1.ж: Бауырсақ келе-келе аюға жолығады.

Аю: О,о,о мынау бауырсаққой, жақсы болды менің қарным аш еді, мен сені жеймін.

Күз: Жоқ,жоқ бауырсақты сен жеме, мен үйіне апара жатырмын.Оданда сенде шартыңды айт орындап берейік.

Аю: Шарт дейсің бе? Менің бір би тамашалағым келіп тұр. Би билеп беріңдер.

Би: «Күзгі шашу»

Аю: Сендерге үлкен рахмет балалар.Мен риза болдым.

1.ж: Осылай бауырсақ қояннан, қасқырдан, аюдан күз ханшайымымен сендердің көмектеріңмен құтылып келе жатса, алдынан түлкі шығыпты.

Түлкі: Бауырсақ сендер қайдан келесіңдер?Мен сені жеп қоямын. Иісінай мұрнымды жарып барады.

Бауырсақ: Жоқ, жоқ мені жемеші,не қамауың бар орындайын.

Түлкі: Маған онда бір би билеп берсін.Кәнекей бауырсақтың өзімді шалғытып алайын.

1.ж: Балалар бауырсаққа және көмектесіп жіберейікші.
Жұп биі : Ұл, қызымыз көңілді

Ұшып келер ортаға

Тойымызға сән беріп,

Би билейді қуана.


Түлкі: Сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер.Рахмет сендерге. Бауырсақты жемеймін дос боламын. Күз ханшайымы бауырсақты мен үйіне жеткізе салайын.

Жүрг.: Балалар түлкі өте қу болады. Түлкі алдап, жолда бауырсақты жеп қойыпты. Осымен ертегі аяқталды.Сендерге ұнады ма? Тыңдағандарына рахмет.Күз ханшайымы сен ренжіме біздің балапандар ән айтып, би билеп көңіліңді көтерсін.
Би : Теңіздей тербетіле көп бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле!


Ортада «Жапырақтар» биін қабыл алыңыздар!
Күз: Ой рахмет балалар менің көңілім көтеріліп қалды.Менің сендерге ашып келген сыйлығым бар.Қолымдағы қапшықта жеміс-жидектер бар. Снндердің тапқырлықтарыңды сынап көрейін.
Ойын: Атын атап, дәмін айтып бер.
Күз туралы өлең-шумақтар.
Диана Нұрила

Жаңбыр жауды сып-сып, Күзім-ау, күзім-ау,

Жел соғады ду-ду, Мінезің қызың-ау,

Жаңбыр басылды, Жаңбырың сіркіреп

Күн ашылды. Жауғаныңқызық-ау.
Маржан Ақерке

Көк майсалы көрікті О, алақай тамаша,

Алқаптағы көк егіс, Шашу шашты жапырақ

Бұл күндері киіпті Бақтың іші алаша

Сары жібек көйлекті. Аунар ма ем, жатып ақ!
Айсана Әсем

Қуандырып біздерді, Кел жемісті алтын күз,

Мерекелі күз келді. Кемелденсін халқымыз!

Ақбота

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға,



Шақырады біздерді.

Осымен біздің кішкентай, сүйкімді балапандарымыздың «Күз мереке, күз береке» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет