Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу дене шынықтыру және спорт кафедрасыұ



Pdf көрінісі
Дата21.11.2023
өлшемі75.61 Kb.
#483914
Сейтхажы Ақылбек



Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дене шынықтыру және спорт кафедрасыұ
Астана, Қазақстан 
Ғылыми жетекшісі –Тәжіғұлова Б М Баскетбол ойынының әлемдегі 
және Қазақстандағы дамуы 
Баскетбол – білек күшімен адамның табандылығын талап ететін 
ойындардың бірі. АҚШ-та бір ғасыр бұрын пайда болған ойынның ойнаған 
адамға берер пайдасы көп. Неге десеңіз, адам физикалық тұрғыда шыныққан 
сайын, оның иммунитеті де күшейе бермек. Адамнан тыныс жолдарының 
мықты болуын талап ететін ойынның даму тарихына мән берсек, бұрын-
соңды көрмеген деректерді көз шалады. Сондықтан, оның шығуы мен дамуы 
туралы кең түрде ой қозғағанымыз дұрыс болмақ.
Баскетбол сөзінің мағынасына терең үңілсек, ойынның доппен 
ойналатындығы бірден аңғарылады. Себебі, «баскет» - себет, «бол» - доп 
деген сөздерді білдіреді. Оқушыларын зеріктіріп алған американдық мұғалім 
Джеймс Нейсмиттің бір сәтте себетке доп лақтыру ойынын ұйымдастыруы - 
баскетбол ойының дүниеге келуіне себепші болды. Бұл оқиға бір мың сегіз 
жүз тоқсан бірінші жылы орын алды. Алғашында, біз бүгінгі күні баскетбол 
ойнап жүрген қара жолақтары бар, ыстық сары түстес доп болған жоқ. Бір 
мың сегіз жүз тоқсан төртінші жылға дейін ойын футбол добымен ойналып 
келді. Сосын ғана, біз күнделікті көріп ойнап үйреніп қалған доп қолданысқа 
енді. АҚШ-тан кейін баскетбол Шығыс елдерінде, Жапонияда, Қытайда, 
Филиппинде, Еуропада ойнала бастады. Араға он жыл салып, Сент-Луис 
қаласында өткен Олимпиада ойындарында, америкалықтар бірнеше қаланың 
құрамаларының арасында тартысты ойын өткізді. Бір мың тоғыз жүз қырық 
алтыншы жылы «Америка баскетбол қауымдастығы» құрылды. 
Қауымдастық құрыла салысымен өз жұмысын бастағанының көрініс ретінде, 
сол жылдың бірінші қарашасында Торонто қаласында матч ұйымдастырды. 
Алғашқы бәсеке «Toronto Huskies» және «New York Knickerbockers» 
құрамаларының арасында өтті. Бір мың тоғыз жүз қырық тоғызыншы жылы 
қауымдастық, «Америка ұлттық баскетбол лигасының» құрамына енді. 
Кейінірек осы бастамамен құрылған лига, әлемдегі ең мықты 
қауымдастықтардың бірі NBA (Ұлттық баскетбол қауымдастығы, Америка) -
дің тарихта өз атын жазып қалдыруына себепкер болды. Жетпіс жылдан бері 
әлемде бұл қауымдастықтан мықты баскетбол ұйымдары болған емес. 
Америкада басталу және даму тарихы осылай өрбіген ойынның басқа 
мемлекеттерде ойнала бастау уақыты, кішкене кейіндеу басталады. Бір мың 
тоғыз жүз отыз екінші жылы «Әуесқой баскетболшылар ұйымы» 


құрылғаннан кейін ғана, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия, 
Швеция, Чехословакия елдерінде аты шулы ойынды халық өз арасында 
жанына серік ете бастады. Әуесқойлар баскетболды өте жақсы меңгереді 
деген ой ешкімнің санасында болған емес. Дегенімен, өз ерік-жігерінің 
арқасында кәсіби спортшылармен тең дәрежеде ойнай алатынын дәлелдеген 
алғашқы ойыншылар, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. 
Осылайша, әуесқой деген сөз ұйымның атауынан алынып тасталынады. Бір 
мың тоғыз жүз отыз алтыншы жылдан күні бүгінге дейін, баскетбол 
Олимпиадалық ойындардың тізімінде ерекше орын алады. Баскетболдың 
Олимпиадалық ойындардың тізіміне енуіне байланысты осы бір атаулы 
мерекеде, Джеймс Нейсмитке алтын медаль табысталып, «Баскетбол атасы» 
деген мәртебелі атақта беріледі. Талай ел тақымын қысып отырған бірінші 
дүниежүзілік біріншілікте баскетболдан тартысты да, қызықты толыққанды 
жарыстар ұйымдастырылды. Өзімізге көршілес жатқан Ресейге баскетбол 
ойыны, бір мың тоғыз жүз алтыншы жылы келді. Ұзақ уақыт бойы табанды 
жаттығулардың арасында баскеболдан өз ойыншыларын жаттықтарған Ресей, 
қазіргі таңда біршама жетістіктерімен әлемді өз алдына қайраң қалдырып 
отыр. Мысал ретінде, бір мың тоғыз жүз жетпіс екінші жылдың оныншы 
қыркүйегінде, Мюнхен қаласында өткен оныншы Олимпиада ойындарында 
КСРО құрамасының АҚШ мемлекетін жеңуін атап өтуге болады. Әлемдік 
сыншыларды қайран қалдырған финалда, КСРО құрамасы АҚШ 
құрамасынан бір ұпайға басым түсіп, жеңісті өз қанжығасына байлайды. 
Алайда, КСРО-ның жеңіске жетуі тек орыс азаматтарының ғана 
шеберліктерінің арқасында болған жоқ. Ол құрамада өзіміздің қазақ азаматы 
болғанында атап өткен жөн. Шырайлы оңтүстіктен шыққан, «Түркістан 
жыланы» лақап атымен белгілі Әлжан Жармұхамедов қазақ ұлтының атын 
баскетболдан әлемге танытқан абсолютті жеңімпаз.
Әлеммен салыстырғанда баскетбол ойынының Қазақстандағы тарихы
біршама беріден бастау алады. Елімізде баскетбол ойыны кең түрде 
насихатталмаған спорт түріне жатады. Дегенімен, бұл бізде баскетбол мүлде 
дамымаған деген мағынаны білдірмейді. Бізде де алғашында баскетбол, 
КСРО-ның құрамында болған кезде, спорт түрі есебінде қарастырыла 
бастады. Қазіргі таңда Қазақстандағы баскетбол жүйесі үш кезеңге бөлінеді: 
Қазақстан кубогі, ұлттық лига және жоғарғы лига. Күні бүгін бізде де ел атын 
түрлі спорттық жарыстарда қорғап жүрген құрамалар жетерлік. Сондай 
құрамалардың бірі – «Астана» президенттік баскетбол клубы. Әлем 
чемпионатына жолдама алған алған мықты ойыншылары бар клубтың 
жаттықтырушылары, кезінде әлемді мойындатқан кіл мықты спортшылар. 


Бұл клубтан бөлек, тағы да алты құрама қазір ұлттық лигада өз ойындарымен 
спорт сүйер қауымның ықыласына бөленіп жүр. Олар: «Ақтөбе», «Атырау 
барыстары», «Алматы легионы», «Тобыл», «Каспий», «Барыс» құрамалары. 
Сонымен қатар, елімізде арнайы баскетбол федерациясы бар екендігінде еске 
сала кету керек. Федерация бүгінгі таңда Қазақстан спортшыларын әлемдік 
деңгейлердегі спорттық жарыстарға қатыстыру үшін, мейлінше көп жұмыс 
жасауда. Астана, Алматы, Шымкент және он жеті облыстың баскетбол 
құрамаларын бір ортаға тоғыстыратын федерацияның болашағынан зор үміт 
күттіретініне күмән жоқ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, спортшының шыдамдылығы 
сыналатын баскетбол ойыны – бүгінде өз алдына дамыған керемет спорт 
түрі. Халықтан сұраныс барда ешнәрсе ешқашан үзілмейді. Баскетбол - 
әлемде біздің елден ертерек дамыған ойын болса да, Қазақстан алдағы 
уақытта биік белестерді бағындыратынына сенім мол.
Орындаған: Сейтхажы Ахылбек 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет