Мемлекеттік сатып алу
Р/с
№
|
Баға ұсынысы конвертін ұсына бастау күні және уақыты
|
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынуды аяқтау күні және уақыты
|
Сатып алу түрі
|
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
|
Атауы
|
1
|
14.04.2008ж.,
09 сағат 30 мин.
|
21.04.2008ж.,
15 сағат 00 мин.
|
Баға ұсыныстарын сұрату
|
“ҚР Ұлттық Банкі” ММ Павлодар филиалы
(Әкімшілік-шаруашылық бөлім)
140000 Павлодар қ., Академик Сәтбаев көшесі, 44 үй
|
Жүк таситын лифтіні жоспарлы - сақтандырма жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу
|
Хабарландыру мәтіні
140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44 үй мекенжайы бойынша орналасқан “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы 2008 жылға жүк таситын лифтіні жоспарлы – сақтандырма жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу рәсімін баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы өткізетіні туралы хабарлайды. Жұмыстардың атауы, қысқаша сипаттамасы: 2 аялдамалы, жүк көтергіштігі 500 кг ПГ-294 жүк таситын лифтіні ақау актісіне сәйкес жөндеу жұмыстары, жұмыстарды филиал ғимаратында сәуір - мамыр айларында орындау қажет, төлем жасау шарттары нақты орындалған Жұмыстар бойынша, № 2в нысандағы орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне, № КС-3 нысандағы орындалған жұмыстар құны және шығындар туралы анықтамаға сәйкес екі Тараптың уәкілетті өкілдері орындалған Жұмыстарды толық көлемде қабылдау - өткізу актісіне қол қойған күннен бастап 5 (бес) операциялық күн ішінде.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2008 жылғы 14 сәуірден бастап 2008 жылғы 21 сәуір аралығында 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44 үй мекенжайы бойынша № 313 кабинетке ұсынылуы тиіс. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталуы: 2008 жылғы 14 сәуір күні 09 сағат 30 мин., баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталуы: 2008 жылғы 21 сәуір күні 15 сағат 00 мин. Баға ұсынысында мыналар жазылуы қажет: аталуы, заңды және іс жүзіндегі мекенжайы (заңды тұлға үшін); патентінің және жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, аты-жөні, тегі, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін); - жеткізушінің СТН-і және банктік деректемелері, орындалатын жұмыстардың атауы және көлемі, жұмыстар орындалатын орын және мерзімдері; - осы жұмыстарды орындаумен байланысты барлық шығыстарды көрсете отырып жұмыстардың бірлігі үшін бағасы (сметалық есеп айырысу). Баға ұсыныстары бар мөрленген конверттің беткі жағында жеткізуші мыналарды көрсетуге тиіс: жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы; - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы; - жұмыстарды орындауға қатысу үшін баға ұсыныстары ұсынылатын мемлекеттік сатып алудың атауы. Жүк таситын лифтіні жоспарлы - сақтандырма жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шартының жобасы және ақау актісі қосыла беріледі. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шартының жобасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішіндегі мерзімде қол қоюға талап етіледі.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы
№____ ШАРТ жобасы
Павлодар қаласы 2007ж. «___» _____________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі – Тапсырыс беруші деп аталады, “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы туралы ереже мен 200__ жылғы «____» __________ № ____ Бас сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі Павлодар филиалының директоры Назиза Капсаттаровна Ромазанова арқылы бір жағынан, және _________________________ (әлуетті Жеткізушінің толық атауы), бұдан әрі Жеткізуші деп аталады, __________________ (Заң, Жарғы, Ереже) негізінде іс-әрекет жасайтын _______________(уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні) арқылы екінші жағынан, бұдан әрі бірге Тараптар деп аталып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және 200_ жылғы «____» ______________ өткен баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде мемлекеттік сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады және мына төмендегілер жайында келісімге келді:
-
ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. ҚР Еңбек Кодексінің 317 бабына және ҚР “Төтенше және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” Заңының 5 және 8 баптарына сәйкес лифттерді жұмыс жағдайында сақтау және қызмет көрсету мен пайдалану бойынша қауіпсіз жағдайлар жасау иеленушіге жүктеледі.
Мүмкіндіктері болмағандықтан, Тапсырыс беруші осы Шарт арқылы “Лифттердің құрылғылары мен пайдалану қауіпсіздігі Ережесі” 12.1 бабының талаптарына сәйкес жұмыс жағдайында сақтауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін смета (Шарттың № 1 қосымшасы) және ақау актісі негізінде жүк таситын лифтіні жоспарлы - сақтандырма жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауды Жеткізушіге тапсырады
1.2. Жеткізуші Шарттан туындайтын, өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерін құрылыс нормалары мен ережелеріне және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес орындайды.
2. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
2.1. Шарттың жалпы сомасы, ҚҚС сомасын қоса есептегенде (ҚҚС-сыз) _______________ теңгені құрайды және бұдан артпауға тиіс. Мұндайда, Шарт бойынша жалпы сомасы № 2в нысандағы орындалған Жұмыстардың актісі және № КС-3 нысандағы орындалған Жұмыстар құны мен шығындар туралы анықтама негізінде орындалған Жұмыстардың көлеміне байланысты азайтылуы мүмкін.
2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетін өзге де төлемдерге қатысты қолданылып жүрген заңдары өзгерген жағдайда, Тараптар қосымша келісім жасау арқылы осы Шартқа тиісті өзгерістер енгізуге міндеттенеді.
2.3. Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді № 2в нысандағы орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне, № КС-3 нысандағы орындалған жұмыстар құны мен шығындар туралы анықтамаға сәйкес екі Тараптың уәкілетті өкілдері орындалған Жұмыстарды толық көлемде қабылдау - өткізу актісіне қол қойған күннен бастап 5 (бес) операциялық күн ішінде нақты орындалған жұмыс үшін жүзеге асырады.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Тапсырыс беруші:
1) Шарт бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Орындалған Жұмыстарды Шарт талаптарына сәйкес қабылдауға;
3) Жеткізуші қызметкерлерінің Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Объектіге өтуін қамтамасыз етуге;
4) Қажетіне қарай, Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Объектідегі үй-жайларды дайындауға;
5) Жеткізушіге материалдарды қоятын үй-жай ұсынуға міндеттенеді.
3.2. Тапсырыс беруші:
1) Орындалған Жұмыстардың барысын, Жеткізушінің Шарт бойынша орындайтын Жұмыстарының сапасы мен көлемінің толықтығын тексеру және бақылау жөнінде жауапты адам тағайындауға;
2) Орындалған Жұмыстарда ақаулар (кемшіліктер, ескертулер, сәйкессіздіктер, толық істемеулер) байқаған жағдайда, орындалған Жұмыстарды қабылдаудан бас тартуға және Жеткізушіге бас тарту себебінің айғағын жібере отырып, оның ақысын ішінара немесе толық төлемеуге;
3) Орындалған Жұмыстардағы ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді), оның ішінде жасырындарын, жою (ауыстыру) бойынша міндеттемелерін Шартта белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға;
4) Жеткізуші Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда, Шартты бұзғанға дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей, Жеткізушіні жазбаша хабардар етіп, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы;
5) Жеткізуші орындалған Жұмыстардағы ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді), оның ішінде жасырындарын, жою бойынша міндеттемелерін Шартта белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші аталған ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді) жою үшін басқа мердігер ұйымды тартуға құқылы. Мұндайда Жеткізуші ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді) жою бойынша барлық шығынды төлеуге міндетті.
3.3. Жеткізуші:
1) Шарт бойынша Жұмыстарды тиісті деңгейдегі (жоғары) сапада, осы Шартта көзделген нормаларға сәйкес толық көлемде және сметалық құжаттамаға (Шартқа № 1 қосымша) сәйкес, Шартта көзделген мерзімде және талаптармен орындауға;
2) Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөнінде қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;
3) Жөндеу жұмыстары аяқталған соң “Тапсырыс берушіге” Жүк таситын лифтіні куәландыруға ұсыну күні туралы хабарлауға міндетті. Лифт қандай да бір толық істемеулерсіз ұсынылуы қажет;
4) Шарт бойынша міндеттемелерді орындау кезінде материалдардың кездейсоқ жойылу (жоғалу, бүліну) немесе кездейсоқ зақым келу тәуекелін көтеруге;
5) Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған орындалған Жұмыстардың екі жақты қабылдау-өткізу актісін жасап, орындалған Жұмыстарды толық көлемде және Шартта көзделген мерзімде Тапсырыс берушіге тапсыруға, мұндайда орындалған Жұмыстардың көлемі № 2в нысандағы орындалған Жұмыстардың актісі және № КС-3 нысандағы орындалған Жұмыстар құны мен шығындар туралы анықтамамен расталады;
6) Тапсырыс беруші қабылдау-өткізу барысында орындалған Жұмыстардан ақаулар (кемшіліктер, ескертулер, сәйкессіздіктер, толық істемеулер) анықтаған жағдайда, оларды бұл жөнінде Тапсырыс беруші хабарлаған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде өз есебінен жоюға, оның ішінде ақаулы материалдарды ауыстыруға;
7) Тараптар толық көлемде орындалған Жұмыстарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде орындалған Жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беруге;
8) Тапсырыс беруші орындалған Жұмыстардан кепілдік мерзім ішінде жасырын ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді) анықтаған жағдайда, бұл жөнінде Тапсырыс беруші хабарлаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде барлық анықталған және жасырын ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді) өз есебінен жоюға, оның ішінде ақаулы материалдарды ауыстыруға;
9) Жұмыстардың санитарлық және экологиялық талаптарға сай орындалуын қамтамасыз етуге;
10) Тапсырыс берушінің Объектіде орнатқан режимдік талаптарын орындауға;
11) Шарт бойынша Жұмыстарды орындайтын өзінің қызметкерлеріне жалақыны уақтылы төлеуге;
12) Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде Жеткізушінің кінәсінен зиян келтірілгені не құқық бұзушылықтар жіберілгені үшін үшінші тұлғалардың Тапсырыс берушінің үстінен берген талап-арыздарынан және шағымдарынан Тапсырыс берушіні қорғауға міндеттенеді.
3.4. Жеткізуші:
1) Шарт бойынша Жұмыстарды Тапсырыс берушіні алдын ала 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар етіп, мерзімінен бұрын орындауға;
2) Шарт бойынша Жұмыстарды орындауға өз бетінше және өз есебінен басқа ұйымдарды тартуға құқылы, мұндайда бұл ұйымдар орындайтын Жұмыстың ауқымы Шарт бойынша Жұмыстардың жалпы көлемінің үштен екісінен аспауы тиіс.
Басқа ұйымдардың болуы Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің арасында жасалған Шарттың талаптарын өзгертпейді.
4. ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ МЕРЗІМІ
4.1. Шарт бойынша Жұмыстарды толық көлемде орындаудың жалпы мерзімі Шарттың күшіне енген күнінен бастап 25 (жиырма бес) күнтізбелік күнді құрайды.
5. ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ-ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
5.1. Тапсырыс беруші Жеткізуші ұсынған № 2в нысандағы орындалған Жұмыстардың актісін және № КС-3 нысандағы орындалған Жұмыстардың құны мен шығындар туралы анықтаманы олар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде тексереді.
5.2. Орындалған Жұмыстар бойынша ескертулер және/немесе келіспеушіліктер болған жағдайда, Тапсырыс беруші Жұмысты қабылдаудан бас тартатыны жөнінде жазбаша дәлелін жібереді, ал Жеткізуші Тапсырыс берушінің бұл жөнінде хабарлаған күнінен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде орындалған Жұмыстардағы ол көрсеткен барлық ақауларды (сәйкессіздіктерді, ескертулерді, кемшіліктерді, толық істемеулерді) жоюға және Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды ауыстыруға міндетті. Барлық ақаулар (кемшіліктер, ескертулер, сәйкессіздіктер, толық істемеулер) жойылғаннан кейін, Тараптардың уәкілетті өкілдері орындалған Жұмыстардың № 2в нысандағы актісіне және № КС-3 нысандағы орындалған Жұмыстар құны мен шығындар жөніндегі анықтамаға қол қояды.
5.3. Жеткізуші Шартта көзделген Жұмыстардың көлемін толық орындап болғаннан кейін, Тапсырыс берушіге Шарттың талаптарына сәйкес Жұмыстардың аяқталғаны жөнінде жазбаша хабарламаны, орындалған Жұмыстардың № 2 нысандағы актісін және № КС-3 нысандағы орындалған Жұмыстардың құны мен жұмсалған шығындар жөніндегі анықтаманы жібереді. Тапсырыс беруші Объектінің дайын екендігі жөнінде жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Жеткізушімен бірге Шартта көзделген орындалған Жұмыстарды қабылдай бастайды, және Тапсырыс берушінің орындалған Жұмыстар бойынша Жеткізушіге ескертулері және/немесе онымен келіспеушіліктері болмаған жағдайда, Тараптар орындалған Жұмыстардың № 2 нысандағы актісіне және № КС-3 орындалған Жұмыстардың құны мен жұмсалған шығындар жөніндегі анықтамаға, сондай-ақ толық көлемде орындалған Жұмыстарды қабылдау-өткізу актісіне қол қояды.
6. КЕПІЛДІКТЕР
6.1. Жеткізуші Шарт бойынша Жұмыстарды Шартта көзделген мерзімде және талаптармен, ҚНжЕ-ге, сметалық құжаттамаға, келісімді бағаға сәйкес тиісті деңгейдегі (жоғары) сапада орындауға кепілдік береді.
6.2. Орындалған Жұмыстарға берілетін кепілдік мерзімі Тараптардың уәкілетті өкілдері Шарт бойынша толық көлемде орындалған Жұмыстарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күннен бастап 12 (он екі) ай болады.
6.3. Егер Тапсырыс беруші кепілдік мерзімі ішінде орындалған Жұмыстардан анықталған және жасырын ақаулар (сәйкессіздіктер, кемшіліктер, толық істемеулер, ескертулер) байқаса, бұл жөнінде Жеткізушіні хабардар етеді, ол орындалған Жұмыстардағы ақауларды сәйкессіздіктерді, кемшіліктерді, ескертулерді, толық істемеулерді) Тапсырыс берушіден хабарлама алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өз есебінен жоюға, оның ішінде сапасыз материалдарды ауыстыруға міндеттенеді.
6.4. Жеткізуші орындалған Жұмыстардағы ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, толық істемеулерді) жойған (және/немесе ауыстырған) жағдайда, кепілдік мерзімі олар жойылған күннен басталады.
6.5. Шарттың қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайда кепілдік мерзімі 6.2. тармақта көрсетілген мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауап береді.
7.2. Жеткізуші Шартта көзделген Жұмыстарды орындауды кешіктірген жағдайда, ол әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасының 0,1%-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл төлейді.
7.3. Жеткізуші материалдардағы және/немесе орындалған Жұмыстардағы ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді), оның ішінде жасырындарын уақытында (кепілдік мерзімін қоса) жоймаған (ауыстырмаған) жағдайда, ол әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Тапсырыс берушіге орындалған Жұмыстардағы ақауларды (кемшіліктерді, ескертулерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді) жою (ауыстыру) бойынша Жұмыс құнының 0,1%-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы)мөлшерінде өсімпұл төлейді, сондай-ақ ақаулы материалдарды ауыстыруы тиіс.
7.4. Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді кешіктірген жағдайда, ол әрбір кешіктірілген операциялық күн Жеткізушіге төленуге тиісті соманың 0,1%-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл төлейді.
7.5. Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақыны төлеу кезінде Жеткізушінің келісімінсіз одан тұрақсыздық (өсімпұл) сомасын ұстап қалуға құқылы.
7.6. Тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлеу екі Тарапты да Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
8. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
8.1. Тараптар Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер ол дүлей күштiң: су тасқыны, өрт, зiлзала, табиғат апаты, қоршауда қалу, ереуiл, соғыс қимылдары, террорлық актілер және Тараптар күнi бұрын болжап бiле алмайтын және осы Шарттың орындалуына тiкелей әсер еткен басқа да жағдайлардан болса, жауап бермейдi. Дүлей күштiң әсерiне ұшыраған Тараптың мiндеттемелердi орындау мерзiмi осы жағдайлар орын алған уақытқа ұзартылады.
8.2. Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындау мүмкiндiгi жоқ Тарап дереу, 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей, Шарттың 8.1. тармағында көрсетiлген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны туралы екiншi Тарапқа хабарлауға міндетті және сондай-ақ растайтын құжат ұсынады.
8.3. Хабарлама бермеу Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылу мақсатында негіздеме етіп жоғарыда аталған кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
8.4. Егер Шарттың 8.1. тармағында көрсетiлген жағдайлар 1 (бір) айдан астам уақытқа созылатын болса, Тараптар Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн әрі қарай орындаудан бас тартуға құқылы.
9. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
9.1. Тараптар жалпы Шарт талаптарын және ұсынып отырған Тарап құпия деп тапқан барлық ақпаратты басқа Тараптың ешқандай үшінші тарапқа аталған ақпаратты, ұсынып отырған Тараптың жазбаша рұқсатынсыз, осындай жариялау заң бойынша рұқсат етілген немесе соған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдардың ресми сұрауларының негізінде жүзеге асырылған жағдайлардан басқа кезде, жария етуге болмайтынын таниды.
10. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
10.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін қажетті шаралардың бәрін қолдануға міндетті.
10.2. Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сотта қаралады.
11. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI
11.1. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар ол бойынша өздерінің міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
12. БАСҚА ТАЛАПТАР
12.1. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
12.2. Шарттың №_1_ қосымшасы оның ажырамас бөлігі болып табылады.
12.3. Тараптардың әрқайсысы шартты бұзуды шамалап отырған күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын басқа тарапты жазбаша хабардар етіп, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Мұндайда Тараптар барлық өзара есеп айырысуды орындауы керек, егер Тараптардың ешқайсысы атап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін талап ұсынбаса, Шарт бұзылды деп есептелуге тиіс.
12.4. Шарт 5 дана етіп жасалды: 3 (үшеуі) мемлекеттік тілде және 2(екеуі) орыс тілінде, әрқайсысының заң күші бірдей.
12.5. Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда, Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері тоқтамайды және олар Тараптардың заңды мұрагерлеріне көшеді.
13. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Тапсырыс беруші Жеткізуші
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі
Павлодар филиалы
140000, Павлодар қаласы,
Академик Сәтбаев көшесі, 44 үй
«ҚР Ұлттық Банкі» ММ Опербасқармасындағы
Есепшот ____________________
ББК 190601190
СТН 451500021832
Тапсырыс берушіден
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі
Павлодар филиалының директоры
________________Н. Ромазанова
|
Жеткізушіден |
БЕКІТЕМІН
«ҚР Ұлттық Банкі» ММ ПФ
директоры
____________ Н.Ромазанова
Павлодар қ., Ак. Сәтбаев к., 44 үй мекенжайы бойынша
жүк таситын лифтіні
жоспарлы - сақтандырма жөндеудің
ақау актісі
р/с №
|
Жұмыстардың атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
1.
|
Жұмыс орнының жабдықталуы, дайындық жұмыстар.
|
дана
|
1
|
2.
|
Лифт жүкарбасын тексеру, жинақтау және тексеру.
|
дана
|
1
|
3.
|
Электр қозғалтқышты бөлшектеу, тексеру және жинақтау.
|
дана
|
1
|
4.
|
Жылдамдық шектеуішін бөлшектеу, тексеру және жинақтау.
|
дана
|
1
|
5.
|
Шегіндіру блогын тексеру
|
дана
|
1
|
6.
|
Енгізу құрылғысын тексеру.
|
дана
|
1
|
7.
|
Төмендетуші трансформаторды тексеру.
|
дана
|
2
|
8.
|
Қабаттық айырып-қосқышты тексеру.
|
дана
|
2
|
9.
|
Шеткі және оқшаулайтын ажыратқыш
|
дана
|
7
|
10
|
Қабаттық клемді қорапты тексеру.
|
дана
|
2
|
11
|
3 жолақты автомат ажыратқыш.
|
дана
|
2
|
12
|
Тежегіш электр магнитті тексеру
|
дана
|
1
|
13
|
Ұстап алу механизмдерін тексеру
|
дана
|
1
|
14
|
Түйістіргіштерді тексеру
|
дана
|
4
|
15
|
Электр релені тексеру
|
дана
|
10
|
16
|
Басқару панелін тексеру және тазалау
|
дана
|
1
|
17
|
УВТЗ және «Логика» басқару датчиктері сигналдарын тексеру
|
дана
|
1
|
18
|
Электр қосылыстарды тексеру
|
10
|
40
|
Әкімшілік-шаруашылық
бөлімнің бастығы К.Сарин
Достарыңызбен бөлісу: |