Л. Н. Гумилев атындағы



Дата09.06.2016
өлшемі23.7 Kb.
#125989


Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз-қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48)

Зәки АХМЕТОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
-дәл осындай атаумен аса көрнекті ғалым, академик Зәки Ахметовтың туғанына 85 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазан (Еділ бойы) Федералды университетінің Филология және өнер институты.



Қазақ, татар, орыс тілдерінде жүргізілетін конференция мынадай бағыттарда өтеді: 1. З.Ахметов зерттеулері және әдебиет теориясының жаңа концепциялары

2.Ұлт әдебиеті тарихының өзекті мәселелері

3.Әдеби интеграция және бүгінгі рухани-мәдени даму

Аталмыш конференцияға алыс және жақын шетелдерден ғалымдар шақырылған.


ҚР ҰҒА академигі С.С.Қирабаев, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы Ғ.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ТР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі К.М.Миннулин (Ресей, Қазан), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі У.Қалижан, Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик А.Ахматалиев (Қырғызстан, Бішкек), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Ж.Әбділдин, (Қазақстан, Астана), Еге университеті Түркі әлемін зерттеу институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Екижи (Түркия, Измир), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.С.Еспенбетов (Қазақстан, Семей) қатысады.

Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазан, Түркия университеттерінің ғалымдары, белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар қатысып, баяндамалар жасайды.


Ұйымдастырушылар: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазан (Еділ бойы) Федералды университеті

Өткізу күні: 2013 жыл 3 сәуір

Өткізу орны: Мирзияна 2, Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Бас әкімшілік ғимараты, Тұңғыш президент аудиториясы 208



Өткізу уақыты: 10:00

Байланыс телефондары: 709-548, 70-95-00 (31-118, 31-116),

Әсел Сарсенбинова, координатор-журналист +7-701-742-88-24

Ляйля Рахманова, журналист +7 – 702- 363-60-05

Еркежан Садуақасова, баспасөз-қызметінің жетекшісі


+7-701-366-35-99



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет