L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы



Дата21.06.2016
өлшемі20.45 Kb.
#151933

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


2015 жылы 6 қараша күні сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде («Отырар кітапханасы» А.Сейдімбек ғалымдар залы, 2 қабат, А.Пушкин көшесі, 11 үй.) педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі, Сейітқали Әбдіқадырұлы Аманжоловтың 60 жылдығына байланысты «ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: КӨРКЕМ БІЛІМ МЕН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Аманжолов Сейтқали Әбдіқадырұлы, педагогика ғылымдарының докторы, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті Көркем сурет және графика факультетінің Живопись кафедрасының профессоры.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі, Ресей Білім академиясы, Ресей мемлекеттік кітапханасы, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті, Халықаралық көркем білім қайраткерлерінің ассоциациасы ұйымдастырып отырған шарада РБА және РКА академигі, Ресей білім академиясының академик-хатшысы, ХКБҚА президенті С. Ломов қатысып, «Көркем педагогикадағы ғылыми мектептің дамуы мен қалыптасуы» тақырыбында арнайы баяндама жасайды.

Сондай-ақ ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Дихан Қамзабекұлы жүргізетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Р.Тұрысбек «Қазақ бейнелеу өнері және С.Аманжоловтың ғылыми - шығармашылық еңбектерінің көркемдік - рухани арналары», Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры Ә.Қамақ «Қазақстанда көркем педагогикалық білімінің қалыптасу тарихы», Жоғары өнер мектебі (институт) Омбы филиалының директоры профессор Қ.Әмірғазин «Көркем білім мен сәндік қол өнерді оқыту мәдени мұраны жаңғыртудың тиімді жолы», профессор С.Аманжолов «Еуразия құндылықтарындағы көркем педагогикалық білімнің даму болашағы», ОҚМПУ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры М.Тәңірбергенов «Қазақстанда суретші ұстазды дайындау: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында ой қозғайды.

Конференция аясында Ресей мемлекеттік кітапханасының қорынан кітап көрмесі ашылып, «Еуразия құндылықтары» атты суретшілердің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады.



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет