Тіс ауруы адам баласына ежелден белгілі. Египетте, ежелгі Шығыс пен Вавилон, Үнді және Қытай елдерінде б.д.д. (біздің дәуірімізге дейінгі) көптеген ғасыр бұрын тісті емдеген, тіпті тіс протездерін салғаны мәлім. Сұлулық пен денсаулық ұғымы түзу, аппақ тістермен тығыз байланысты. Сау тістің адам денсаулығында атқаратын қызметі орасан зор.
Тіс ауруларының ішінде ең көп тарағаны – тіс жегісі (кариес). Ол, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Ересек адамдарда тіс жегісі 50-дан 80-ға дейін, ал жүкті әйелдер мен әр түрлі сырқаттармен (өкпе туберкулезі, ревматизм, дизентерия) ауырған адамдарда бұл көрсеткіш тіпті жоғары. Ал тіс ұлпасының қабынуы (пульпит) өте ауыр болады. Ол жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит) жұмсақ тіндердің іріңдеуіне (абсцесс, флегмона) және қанның бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Кеңінен таралған тіс түбірінің қабынуы да (парадонтит) тістен айырылудың себепшісі болады. Сонымен бірге тістің бұл аурулары адам ағзасын әр түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мұндай тістерді жұлдырғаннан кейін, пайда болған аурулардың жазылғаны белгілі. Мысалы, жүрек ревматизмімен ауырған науқастың емделу процесі парадонтитке шалдыққан тісті жұлдырғаннан кейін жақсарған. Созылмалы бүйрек ауруымен ауырған науқастың жағдайы да ауыз қуысы ауруларын емдегеннен кейін нәтижелі болған. Ауыз қуысының созылмалы аурулары жазылған соң гастритті, асқазан мен ұлтабар жарасын, тоқ ішектің қабынуын (колит), асқазан, ішек, гинекологиялық ауруларды, бірқатар көз ауруларын емдеу едәуір жеңілдеген.
Сөздік
ежелден – издавна едәуір – много, значительно
мәлім – известно сырқат – заболевание
ұғым – понятие жазылған соң – после выздоравления
тығыз байланысты – тесно связано жеңілдеген – было облегчено
жасөспірімдер – подростки кеңінен таралған – широко
жүкті әйел – беременная женщина распространенный
ересек адамдар – взрослые люди себепші болу – способствовать, быть
көрсеткіш – показатель причиной
тіпті – совсем нәтижелі - результативный
асқыну – обострение ықпал ету – повлиять
Жазба жұмысы. Бауыржан тағылымы.
Халқымыз Бауыржан Момышұлын солдат, даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының есімі аңызға айналған батыры, қаламы жүйрік талантты жазушы деп мақтан тұтады... Бауыржан Момышұлы алғашқы қадамын мұғалімдіктен бастаған.
Оның өмірі, азаматтық келбеті, майдандағы қаһармандық жолы бір өнегелік мектеп болса, оның жазушылық мұрасы, сөйлеген сөздері, ақын-жазушылардың ол туралы жазған кітаптары, естеліктері университет тағылымына пара-пар.
Бауыржан Момышұлының батырлық өмірі ғажайып. Ол жауынгерлерді 207 рет ұрысқа бастап кірген, 5 рет қоршауда қалып, 7 рет жараланып, 3 рет ауыр контузия алған. Бұл ежелгі батырларға ғана тән, адам нанғысыз, керемет аңызға лайық емес пе?
Көсемше. Мұқағали Мақатаев /Қазақ жері/
Көсемше - етістіктің негізгі бір түрі. Көсемшенің жұрнақтары басқа сөз таптарында кездеспейді.
Негізгі қимылды білдіріп, көбінесе күрделі етістік құрамында келетін етістіктің түрін көсемше дейді. Көсемшенің үш түрі бар:
-
Ауыспалы осы – келер шақтық көсемше
-
Өткен шақтық көсемше
-
Келер шақтық көсемше
Ауыспалы осы – келер шақтық көсемше етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Балалар Жаңа жылды асығ-а күтеді (Дети ждут Новый год с нетерпением).
Өткен шақтық көсемше -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Әкесі қуан-ып, баласына қарады (Отец, обрадовавшись, посмотрел на сына).
Келер шақтық көсемше етістіктің түбіріне –қалы/-келі, -ғалы/-гелі жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен мұнда сөйлескелі келдім (Я пришел сюда, чтобы поговорить).
1-жаттығу. Мына етістіктерге көсемшенің -ғалы/-гелі, -қалы/-келі жұрнақтарының тиістісін жалғаңыздар.
Бөлу, өткізу, көрсету, үйрену, шақыру, сөйлесу, апару, үйрету, жұмыс істеу.
2-жаттығу. Жақшадағы етістіктерден көсемше жасаңыз.
Мен саған (бару) жатырмын. Сені (көрмеу) үш жыл өтті. Досым туралы (білу) келдім. Асан кітапты (ашу) оқи бастады. Қонақтар (ән айту), биледі. Оның інісі университетке былтыр (түсу). Мен сені (асығу) күтемін. Жанар жұмыстан (шаршау) келді. Біз (жиналу) жұмысқа кеттік.
Қазақ жері
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Сырласып сал сері кеткен жер.
Ғашықтар бір бірін өпкен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
/Мұқағали Мақатаев/
Есімше. М.Жұмабаев «Туған жер», Қ.Аманжолов «Туған жер»
Етістіктің ерекше бір түрі – есімше. Оның ерекшелігі - әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалады.
Есімшенің үш түрі бар:
1.Келер шақтық есімше
2. Бұрынғы өткен шақтық есімше
3. Ауыспалы өткен шақтық есімше
Келер шақтық есімше етістіктің түбіріне -ар, -ер, -р жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Ертең ол айтар (Завтра он возможно скажет). Бұрынғы өткен шақтық есімше -ған/-ген, -қан/-кен, жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Мен саған айтқанмын (Я тебе говорил (когда-то).
Ауыспалы өткен шақтық есімше алдымен етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтары жалғанып, бұлардан соң есімшенің -тын, -тін жұрнақтары жалғау арқылы жасалады. Марал бұрын қонаққа жиі бар-а-тын. (Марал раньше часто ходила в гости).
1-жаттығу. Мына етістіктерді келер шақтық есімшеге қойыңыз.
Қуанау, стау, орындау, сатып алу, әңгімелесу, билеу, жазу, дайындау.
2-жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Айтқан адам, сатылған зат, ауырған кісі, қалған жұмыс, оқыған бала, жазылған хат, келген адамдар.
3-жаттығу. Мына етістіктерді ауыспалы өткен шақта жіктеңіз.
Жүгіру, секіру, апару, көшіру, үндемеу, дайындалу, есептеу, шаңғы тебу.
Мағжан Жұмабаев “Туған жер”
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер,
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім .
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр-суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!
Достарыңызбен бөлісу: |