Тақырыбы: Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға Мақсаты



Дата29.02.2024
өлшемі17.9 Kb.
#493391
Сыныптан тыс шара апталықТақырыбы


Тақырыбы: Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға
Мақсаты: Қазақтың тұрмыста қолданатын ұлттық бұйымдарын біліп, оларды әшекейлеуді, сапалы өнім дайындауда шеберлікке, ұқыптылыққа үйрету, қолөнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдісі: баяндау, түсіндіру, практикалық жұмыс құралдары
Түрі: шеберлер сыры
Көрнекілігі: әртүрлі әдісте жасалған бұйымдар, интер белсенді тақта
Мұғалім сөзі: Халқымыздың өнегесін, әдет — ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі мәселе. Мектеп оқушыларына халық өнерінің шығу тарихынан нақты білім беру, қолөнер иелерінің жасаған еңбектерін қастерлеу, олардың әдіс тәсілдерін оқушы бойына дарыту мақсатында бүгінгі «Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға» атты шағын шеберлер сыры кешін тамашалаңыздар. Сөз кезегін жүргізушілерге беремін.

1-ші жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Қай халықта болмасын мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың өзіндік өмір тіршілігіне белгілі өнер түрінің ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан — ұрпаққа жетіп, жалғасып дамығанын көруге болады.
2- ші жүргізуші: Дұрыс айтасың, Гүлбақыт Тарихи — ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқандықтан, тұрмыс тіршілігінде оның шикізатын пайдаланып, қолөнер бұйымдарын жасауды кәсіп еткен, жастарға үйреткен.
1-ші жүргізуші: Байқаймын, Әлия сенің сөзіңе қарағанда, бүгінгі «Үйретсеңіз балаға еңбегің кетпес далаға» деп аталуына байланысты қолөнерді үйреніп меңгерген оқушылар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы секілді.
2-ші жүргізушісі: Ендеше, Гүлбақыт бүгінгі қонақтармен бірге шеберлер елін шолып шығайық.
(Қызын еріткен келіншек шебер әжейге келеді)
Келіншек:
-Жүре ғой, қарағым, «Қызың өнерлі болсын десең шеберге қос» демекші, ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата кәсіпке баулу үшін сені шеберге қосып, халқымның мәдениетін дамытушы жас ұрпақ етіп өсіргім келеді.
- Жүре ғой, ботам, жүр, /баяу музыка ойнайды, іс тіккен шеберлер отырады/
- Есенсіз бе, әжей? (Иіліп сәлем етеді)
Әжей: Ә, сен бе, қарағым, келе ғой! Ғұмырлы бол!
Келіншек: Әжей, сіздің қолөнерді шебер меңгерген шәкірттеріңіз бар екендігін естідім. Сөйтіп сіздің алдыңызға шеберлікке, өнерге үйренсін деп мына қызымды алып келдім.


Әжей: Жарайды, қарағым. Иә, сен айтқандай, менің шеберлігімді меңгерген қыздарым бар.
- Келе ғой, қарағым, сені олармен таныстырып, ұлттық қолөнердің қыры мен сырын түсіндіріп, көптеген бұйымдарды қолмен тоқып, тігіп және оларды тұрмыста қолдануды үйретейін.
Әжей:
- Ал қарағым жүр, «Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді» демекші, бұл кесте өнерін меңгерген шеберлер.
- Ау шебер қыздарым, қатарларыңа қосып, мына қыз балаға кесте тігуді үйретіңдер.
Кестеші: Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде кесте және көркемдеп тігу, ою -өрнекті әшекейлеу кеңінен қолданады.
- Кесте кергішке керілген матаға ою - өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Айқас кесте ХVII ғасырда Ресей елімен сауда - саттық жүргізу кезінде келіп енген болатын. Сондай -ақ, үлгі бойынша өрнектің үстіне мәнерлеп әр түрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып тігуді маржандап кестелеу дейді.
- Қане жақын отыр, кесте тігеміз./қызға кесте тігу үйретіледі)
1-Жүргізуші:
- Әлия қазақ қыздары тек шебер ғана емес, іс тіге отырып ән де салған
- Ендеше, «3-сынып» оқушылары сіздерге ән жолдайды.
2-Жүргізуші: Кесте үйретіп болсақ,үйренген өнер түрін көрсетейік (тіккен кестесін орналастырады)
Қыз:
— Қандай жақсы, сіздерден кесте тігуді де үйрендім
Әжей:
- Қане қызым, енді жапсырмалау өнерін үйренейік, ал шебер қыздарым енді сендер
жапсырмалау өнерін үйретіңдер
Жапсырма шеберлері:
- Жарайды әже, жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған. «Жапсырма», «аппликация» латынның жабыстыру, қиыстыру деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі:
1.Түрлі — түсті қағаз, қатты картонмен орындалған жапсырма;
2.Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т. б қолданумен орындалатын жапсырма;
3.Табиғи материалдармен ( сабан, ши, қамыс, дәндер т. б) қолданумен орындалатын жапсырма;
Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі жапсырмалау өнері оның ішінде біз қағазбен жапсырмалау арқылы сыйлық жасауды үйренейік.

Қыз:
- Қалай шебер жапсырмалайсыздар, сіздерден де көп өнер үйрендім. Енді «Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей ою оюды үйренейін.
Әжей:
- Міне, ою - өрнек шеберлері. Ал шеберлер мына қыз баланы осы өнерге баулиық.
- Қазақтың әшекейлі қолөнері өте көп. Соның ішінде көп тарағаны - ою - өрнек.
Қазақтың ою - өрнектерінің түрлері де, аттары да көп.
- Ою - өрнектер қолөнер бұйымдарына қолданылады. Мысалы: киіз, текемет басу, түскиіз тігу, сырмақ сыру, құрақ құрау.
Оюшылар:
Аякөздің сөзі
- Ал енді өзің ойып көрші /Қызға ою — оюды үйретеді/
Әжей:
- Міне енді, қарағым, енді сен де қолөнер шеберлігін меңгерген жас шебер болдың, саған және осы отырған барлықтарыңызға еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.
1-Жүргізуші:
- Қарашы қандай керемет өнер туындылар
Келесі сөз кезегін бүгінгі шеберлер сыры кешін өткізуге жауапты көркем еңбек пәнінің мұғалімі Лаззат Хамзақызына береміз.
Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қаламын»
2- Жүргізуші:
- Қазақ қолөнерін оқушылар мектеп жасынан бойына сіңірсе, болашақта олардан қазақ қолөнерін дүние жүзіне танытатын үлкен шеберлер шығарына сеніміміз мол.
Осымен, «Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға» атты шағын шеберлер сыры кеші аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет