Жергілікті тұрғындар және қауымдастықтар. Бұл топтар жұмыс
орындары мен экологиялық жақсы жағдайға мүдделі. Олардың басқа да мүдделері
болуы мүмкін;
•
Басқа мүдделі тұлғалар (стейкхолдерлер).
Мүдделі тұлғалардың барлық (немесе көптеген) топтарының мүдделері мен
олардың арасындағы қарама-қайшылықты ескеру неліктен маңызды? Өйткені
компаниядағы қорлар шектеулі. Стейкхолдерлердің әр тобы «бір тоқаштан
өздерінің үлестерін» алғылары келеді. Уақыт өткен сайын тәбет те ашылуы мүмкін.
Бұл кезде топтар арасындағы мүдде қарама-қайшылығы басталады, бұл әрине
акционерлердің және қоғамдық органдардың қабылдаған шешімдеріне ықпал етеді.
Мүдделердің тепе-теңдігін сақтаудың жалғыз тәсілі – әр кезең сайын үлкенірек
«тоқаш пісіру».
Корпоративті басқарудың принциптері.
Акционерлердің қаржылық жағдайын сақтап, көбейту үшін, қоғамның
қызметіне ықпал ете алатын басқа топтардың мүдделерін ескере отырып,
Экономикалық серіктестік және Даму мекемесінің (ЭСДМ) ұжымдық басқарудың
келесі принциптерін ұсынады: .
Ұжымдық басқарудың тиімді құрылымына арналған негізді қамтамасыз
ету
Ұжымдық басқарудың құрылымы айқын және тиімді нарықтарды
ынталандыруы тиіс, заң талаптарына сай келуі тиіс және биліктің бақылаушы,
қадағалаушы және басқарушы болып бөлінуін нақты анықтауы тиіс.
Акционерлердің құқықтарын сақтау
Олар құқық жинағын құрайды, оның ішінде акцияларға меншіктің қауіпсіздігі,
ақпараттың толық ашылуы құқығы, дауыс беру құқығы, сату ұжымдық меншіктің
бірігумен қосылуды қосқандағы өзгерістері жөнінде шешім қабылдау құқығы.
Акционерлерге тең қатынас
Тең қатынас миноритарлық акционерлердің құқығын жетекшілер мен
директорларды қоса алғанда, мажоритарлы акционерлер мен инсайдерлерге
өздерінің жағдайлары мен лауазымдары есебінен артықшылық алуға рұқсат
бермейтін жүйені орнату арқылы қорғауды құрайды. Мәселен, ішкі мүдделі
тұлғалармен келісім-шарт жасауға тікелей тыйым салынған және директорлар
келісім-шартқа
қатысты кез-келген материалды мүддені ашуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |