Ұлан ауданының 2012 жылы 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата23.02.2016
өлшемі31.79 Kb.
#9591



Ұлан ауданының 2012 жылы 3 айдағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы
Әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын рейтингілік бағалау көрсеткіштері бойынша 2012 жылғы 3 айдың қорытындысына сәйкес Ұлан ауданы облыс бойынша 7-ші орында тұр.

Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айында жалпы өндіріс саласының өнім көлемі (тауарлар және көрсетілетін қызметтер) 3045,9 млн.теңгені құрады, физикалық көлем индексі 113,8% құрады, соның ішінде тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстары – 689,8 млн.теңге (ФКИ 146,2%), өңдеу өндірісі – 2073,4 млн.теңге (ФКИ 110,4%).

Ауыл шаруашылығы. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі салыстырмалы бағамен алғанда 2573,1 млн.теңге немесе 120,7% құрады.

Есепті кезенде 6043,5 тонна ет өндірілді немесе 125,5%, 7334,8 тонна немесе 101,5% сүт сауылды, 4263 мың дана немесе 142,8% жұмыртқа алынды.

ІҚМ басы 48682 бас немесе 100,9%, қой және ешкі 114661 бас немесе 101,6%, шошқа 8383 бас немесе 100,1%, жылқы 14475 бас немесе 108,6%, құс 1346556 бас немесе 125,1% құрады.

Шағын бизнес. Өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда ауданда 99 кәсіпорын немесе 98% тіркелген, оның ішінде 65 немесе 94,2% жұмыс істеп тұр, белсенді кәсіпорындар – 59 немесе 100%.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында белсенді кәсіпорындардың саны 56 бірлікті құрады. Ақпан және наурыз айларында 3 кәсіпорын жандандырылды.

Осы бағытта қосымша 2 кәсіпорынды жандандыру жұмыстары жүргізуліде (жоспарланған мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айы).

Бөлшек сауда тауар айналымы. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айлар бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 674,1 млн. теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 115,8%.

Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 305,9 млн. теңгені немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 56,6% құрады, физикалық көлем индексі – 48,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезең бойынша 62,5 млн.теңгені немесе 97,6% құрады. 2012 жылдың объектілері бойынша келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізуліде.

Есепті кезең бойынша ауданда 1018 шаршы метр немесе 97,8% тұрғын үй іске қосылды (2011 жылдың қаңтар-наурыз айында 1041 шаршы метр тұрғын үй енгізілді).

Білім беру. Қазіргі уақытта 41 білім беру мекемесі мен ұйымы жұмыс істейді, соның ішінде жалпы білім беретін мектептер саны – 35, жыл басындағы оқушылар саны – 4410 бала.


Ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен 4 балабақшада 408 бала және 31 шағын орталықтарда 943 бала қамтылған (барлығы 1351 адам немесе 75%). Ағымдағы жылдың мамыр айында Айыртау ауылында 75 балаға және Мамай батыр ауылында 25 балаға екі жеке бала бақшаның ашылуы жоспарлануда.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған балалар санының өсу қарқыны 107,4% құрады.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар санының өсу қарқыны 102,8% құрады.

Денсаулық сақтау. 2012 жылдың қаңтар-ақпан айында статистикалық деректерге сәйкес 80 сәби дүниеге келді немесе туу деңгейі 96,6%.

2012 жылдың қаңтар-ақпан айында 81 адам қайтыс болды (оның ішінде 3 бала бір жасқа дейін) немесе өлім деңгейі 114,3%.

Ағымдағы жылдың басынан аудан бойынша туберкулезбен 10 ауырғандар тіркелді. Туберкулезiмен ауру-сырқаулары деңгейі 63,7% құрады.

Әлеуметтік қорғау. 2011 жылдың 4 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды. Ол облыстық көрсеткіштен 0,6 пайызға төмен.

Орташа еңбек ақы төлемі 71769 теңгені, күнкөріс мөлшерінің минимумы 17375 теңгені құрайды.



Қылмыстық деңгейі. 2012 жылдың қаңтар-ақпан айында статистикалық деректер бойынша Ұлан ауданының аумағында 46 қылмыс тіркелген, оның ішінде: ауыр және өте ауыр -5, өлтіру және өлтіруге оқталу -1, тонау және шабуыл жасау – 2, ұрлық – 29, соның ішінде пәтер тонау - 15.

Қылмыстық деңгей өзгерісі (өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 10 мың елді мекенге жағдайлар санының өсуі немесе кемуі) 95,4%. Қылмыстың ашылуының деңгейі 110,2% құрады.



Бюджет. Ағымдағы жылдың 3 айы бойынша, бюджеттің табыс бөлігі 110,9 %-ға орындалған, соның ішінде өзіндік табыстардың түсу болжамы 115,2 %-ға орындалды. Болжам 172,5 млн. теңге болғанда, түскені 198,7 млн. теңге немесе болжам 26,2 млн. теңгеге асыра орындалды. Бюджеттің өзіндік табысының өсу қарқыны 2011 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 147,7 % құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 152,5 % құрады.

2012 жылдың қаңтар-наурыз айында шығындар бойынша бекітілген жоспар 717,0 млн. теңгені құрады. Игерілгені 709,8 млн теңге немесе 99%.

Игерілмегені 7,2 млн теңге, соның ішінде:

1,0 млн теңге- сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі;

5,8 млн теңге- білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі;

0,4 млн теңге- өзге бюджеттік әкімшілік бағдарламаларда.




Ұлан ауданының экономика және

қаржы бөлімінің бастығы Г. Курмашева



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет