2012 жылға шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат
2013 жылдың 1 қаңтарына ауданда 1247 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген немесе 2011 жылдың кезеңімен салыстырғанда 122% ұлғайды. 2012 жылға шағын кәсіпкерліктің тіркелген кәсіпорындары 49 бірлікті құрайды, олардың ішінде белсенді кәсіпорын санын 21 кәсіпорын құрады немесе 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% орындалды.
Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау мақсатында 4 шағын несие ұйымы жұмыс істейді: «Бескарағай-несие» несие серіктестігі» ЖШС, «Береке» ҚШНҰ ҚҚ, «Азиат несие қоры» ҚШНҰ ҚҚ, «KazMikroFinans» ШНҰ ЖШС.
2012 жыл бойынша «Бескарағай-несие» несие серіктестігі» ЖШС –үш шаруа қожалығына 20,4 млн. тенге сомада, «Береке» ҚШНҰ ҚҚ - 71,7 млн. теңге сомадағы қарыз саны 598, «Азиат несие қоры» ҚШНҰ ҚҚ - 20,7 млн. теңге сомада қарыз саны 154, «KazMikroFinans» ШНҰ ЖШС -65,2 млн.теңге сомада қарыз саны 481.
Ауданда 2012 жыл бойынша эксплуатациялауға шағын және орта бизнестің 12 объектісі енгізілді, барлығы 22 жұмыс орны құрылды. (ТҚС, 3 шағын- наубайхана, шаштараз, дүкен, қымыз өндіру шағын цехы, шағын құс фермасы, асхана, ұрықтандыру пункті, ветеренарлық емхана).
2012 жыл бойынша «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде асыл тұқымды малдарды сатып алу бойынша үш инвестициялық жоба 26 млн. теңге сомасында іске асырылды, оның ішінде:
«Дулат» ШҚ (Глуховка а/о)- сомасы 10 млн. теңгеге 47 ірі қара мал және 2 өндіруші-бұқа сатып алынды;
«Рахим" ШҚ (Долон а/о )- сомасы 6 млн. теңгеге 30 ірі қара мал және
4 өндіруші-бұқа сатып алынды;
«Бернгардт» ШҚ (Басколь а/о ) - сомасы 10 млн. теңгеге 30 ірі қара мал және 2 өндіруші-бұқа сатып алынды.
ШҚО бойынша Индустриализациялау картасына келесі жобаларды қосу бойынша жұмыс жүргізілуде:
1. «Арбиев Е.Т.» шаруа қожалығы базасында қазақтың ақ бас және асыл тұқымды герофорд ірі қара малдарын өсіру бойынша асыл тұқымды репродуктор-шаруашылық құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобаның құны 957 млн. 800 мың теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылады. Шетелдік селекциялы 1560 бас асыл тұқымды малын 2013 жылы әкелу жоспарлануда.
2. «Ас Ай және К» ЖШС-і Семияр ауылдық округінің Шілікті көл жерлерінде өз қаражаты және «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да несие құралдары есебінен сметалық құны 206 млн. 714 мың теңге болатын 290 басқа арналған мал бордақылау алаңын құру жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта құжатамалар Астана қаласында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жатыр. Шетелдік селекциялы «Ангус» асыл тұқымды ірі қара малын 2013 жылы әкелуі жоспарлануда.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік алаңы Гидромелиоративтік кешенінің құрылысы» жобасы Семияр ауылдық округінің байырғы Семияр және Кривинка кеңшарларының аумағындағы 4041 га болатын суармалы жерлерді суару үшін суару жүйелерін қалпына келтіру қарастырылған. Ұзындығы 59,7 шақырым суару жүйелерін қайта жаңалау және негізгі сорғы стансасын қалпына келтіру, инфрақұрылым нысандарының қосымша құрылысы жоспарлануда.
Жобаның жалпы құны 1 млрд 805 млн 222 мың теңге.
Қазіргі уақытта жаңа инвестициялық жобалар бойынша Эко-Отын ЖШС жобасы бар: Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Жыланды ауылы аумағында «Биоотындық брикет өндіру инновациялық бизнес-жобасы».
«Жол картасы бизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
Бірінші бағыт бойынша – «Жаңа бизнес-бастауларды қолдау» жобасы бойынша ШҚО, Бесқарағай ауданы, Глуховка ауылдық округі «Лана-2» шаруа қожалығының электрожүйелік желілері» жобасы жүзеге асырылды. Осы жобаның іске асырылуы, шаруа қожалығына өндірістегі шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін дизель отынына шығынды азайтады. Осы бағытта қазіргі кезде «Балке» шаруа қожалығы басшысымен «Сүт-тауары фермасының құрылысы» жобасы бойынша келісім жүргізіліп, бизнес жоба өңделуде.
Екінші бағыт бойынша - «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бойынша Глуховка ауылдық округі «Каликанулы» шаруа қожалығының сүт өндіру цехын сауықтыруға көмекқаржы алынып, кәсіпорынға сүт өнімдерін (қаймақ, айран) өңдеуді жөндеуге мүмкіндік берді.
Үшінші бағыт бойынша - «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдігінің төмендеуі» (экспортшылар несиелерінің пайыздық ставка бөлігіне көмекқаржы берілу) бойынша өтінімдердің жоқтығы, аудандағы экспортшылар-кәсіпорындарының жоқтығымен түсіндіріледі.
Төртінші бағытты іске асыру шеңберінде - «Кәсіпкерлердің потенциалын күшейту» (шағын және орта бизнестің топ менеджментін оқыту) бағдарламасы және «Іскер байланыстар» жобасы бойынша аудан кәсіпкерлері қатысты: 2011 жылы Глуховка ауылдық округінің «Балке» шаруа қожалығының басшысы О.Н.Токашев; 2012 жылы М-Владимировка ауылдық округінің жеке кәсіпкері Е.Вебер. Екі қатысушы да Алматы қаласында оқыту-курсынан өтіп, сертификаттар алды.
Бағдарламаның төртінші бағыттағы шеңберінде «Жол картасы-2020» «Кәсіпкерліктің даму қоры «Даму» АҚ-мен бірлесе 2012 жылы екі кезеңде: 9-10 шілде және 20-21 тамызда ауданда жұмыс істеп тұрған және бастаушы кәсіпкерлерге «Бизнес кеңесші» семинары өткізілді. Семинар барысында бизнесті жүргізу ережелері таныстырылып, экономикалық және заңды аспектілері сұрақтары бойынша қатысушылар жауап алды.
Бесқарағай ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 ақпандағы №82-1ө өкімімен кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшіліктік кедергілерді шеттету бойынша жұмыс тобы құрылды.
Түгендеудi жүргiзу бойынша Әдiстемелiк басшылықпен сәйкес және аймақтық деңгейдегi (құжаттар) рұқсат беретiн рәсімдерді қайта қарау мақсатымен, жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын аудандардың
мемлекеттiк мекемелердiң жетекшiлерiне түгендеудiң мiндеттерiмен және өткiзiлген рұқсат беретiн құжаттарын қайта қаралу мақсатымен таныстыру бойынша және кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшіліктік кедергілерді шеттету бойынша жұмыс тобының 2 отырысы өтті.
Аудан бөлімдерімен өткізілген рұқсат беретін рәсімдерді түгендеу нәтижесінде, ұсынылды:
-барлығы рұқсат беретін рәсімдер ұсынылды-60
-рұқсат беретін қағаздарды жою туралы ұсыныс -10 ауылдық округтерден 2 (тұратын жері туралы анықтама; отбасы құрамы туралы анықтама;- әр үй иесінде азаматтарды тіркеу кітапшасы болғандықтан, сұрау салынатын органдарға ақпарат беруге болады.)
-құжаттарды қарастыру рәсімдерінің мерзімдерін қысқарту туралы 13 ұсыныс: білім беру бөлімі бойынша - 6, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша - 3, жер қатынастары бөлімі бойынша – 4 рәсімдер.
Рұқсат беретін рәсімдерді оңтайландыруда ұсынылған нұсқамен, аудан бойынша қысқарту пайызы - 56,7% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |