Larana, inc. Орындаған: Нуртазина Айжан ПҚБ 204 Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері



Pdf көрінісі
Дата15.04.2024
өлшемі0.53 Mb.
#498722
Кенес беру



LARANA, INC.
Орындаған: Нуртазина Айжан
ПҚБ 204
Психологиялық кеңес
берудің негізгі кезеңдері.


Кеңес берудің алғашқы кезеңі. 
Мақсаты – психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы
психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау,
танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау
(мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің
құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық
сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).
Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және
мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды
емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын
анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе.
Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт
жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және
белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда
жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі — консультативті болжамдарды қалыптастыру
және раппортты орналастыру.


Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық
қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны:
клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін
әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен
жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу
шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже.
Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі
тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat.kz
Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес
беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі
принциптері.


Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру
Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж
адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы
жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі,
кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.
Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.
10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа
өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек.
Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға
психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз
проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін
беріледі.


Психологиялық кеңес:
1.Туындаған мәселенің күрделілігіне байланысты 1-2 рет немесе оданда да көп кеңес берілуі
мүмкін.
2.Кеңес алушының бір ғана мәселесі емес жеке жеке кеңесті талап ететін бірнеше мәселелері болуы
мүмкін.
3.Мәселе бірден шешілуі мүмкін. Тек ғана кеңес алушыға қосымша қолдау, қолпаштау, ерік, жігер
қажет болған жағдайда психологиялық кеңес қысқа уақыт мерзімді қамтиды.
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау.мәселен, бала мәселесіне
байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т.б.
Бір мәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет. Мұнда
шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады.
Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру
керек.
Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол
жеткізетіндігін түсіндіру.
Кеңес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеіес алғаннан кейінгі ойын салыстыру. Кейбір
жағдайда психологтың ойы мен кеңес алушының ойы бір бірімен сәйкес келіп жатады, ал кей кезде
мүлдем алшақ болуы мүмкін.
Кеңес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу керектігіне көз
жеткіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет