Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері



Дата24.02.2016
өлшемі19.81 Kb.
#15242
Бөлімнің  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Аудан бойынша ана мен баланың өмір сүру және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, табысы аз отбасыларын қосымша әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.


2013 жылы аудан бойынша барлығы 475 отбасына, оның ішінде 1245 балаға 20,9 млн. теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды, 2012 жылы 643 отбасына, оның ішінде 1621 балаға 23,1 млн.теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды, яғни 2012 жылмен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушы отбасылар саны  23,2 пайызға азайды. Сондай-ақ 289 отбасына, оның ішінде 1158 адамға 33,3 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2012 жылы 310 отбасына, оның ішінде 11204адамға 31,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, яғни 2012 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3,8 пайызға азайды. Себебі, жұмыссыз азаматтар ақылы қоғамдық жұмыстарға, пилоттық жобалар арқылы, «Жол картасы» бойынша жұмыстарға тартылды.
Тұрғын үй көмегі 291 отбасына, 6,1 млн. теңге тағайындалды. Жеке санаттағы тұрмысы аз қамтылған азаматтардың өтініштері бойынша барлығы 136 адамға 4,7 млн. теңге материалдық көмек  көрсетілді.

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру туралы ақпарат

2013 жылда аудан бойынша 357 жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық, құрылыс саласына, сауда-саттық орындарына, білім беру, денсаулық сақтау саласына және экономикалық қызметтің басқа түрлеріне, уақытша және маусымдық жұмыстарға орналасты. 2013 жылы бөлім арқылы кәсіби оқытуға 25 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарына 402 адам тартылды. Елім-ай ш/қ, Самар, Сарыбел ш/қ сынды әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 


Еңбек нарығы, кәсіби білім алу, ақылы қоғамдық жұмыстар, қайта мамандану туралы ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2013 жылы жұмыссыз ретінде 430 адам өтініш білдірді. Себебі, ауданымызда ауылды көркейту және көгалдандыру, жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты өтініш жасаған адамдар саны азайды.
2013 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және уақытша жұмыспен қамтамасыз ету шараларына 571 адамды жіберу жоспарланды, 2013 жылы 402 адам тартылды. Ақылы қоғамдық жұмыстар барысында ауылды көріктендіру, көгалдандыру, құрылыс-жөндеу жұмыстары, іс-қағаздарын жүргізу, жолдарды жөндеу, маусымды-от жағу жұмыстары, жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсету, мәдени-көпшілік шараларын өткізу жұмыстары атқарылды, сондай-ақ 18 селолық округтердің учаскелік полиция инспекторларына көмекшілер бөлінді.
2013 жылы аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны -86 адам, яғни жұмыссыздар деңгейі 0,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ аудан бойынша 571 жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 25 адам жіберілді.

2013 жылы  «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында Өскемен қаласында Көкпекті ауданының мәдени күндері өткізілді. Іс-шара бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен киіз үйде қайырымдылық ас берілді. Тізім бойынша шақырылған қонақтарға ас беріліп, азық-түлік салынған пакеттер  таратылды. Сондай-ақ 1 қазан-Қарттар күні мерекесіне орай 250 адамға қайырымдылық ас беріліп, шақырылған қонақтарға сыйлықтар салынған пакеттер берілді.



 






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет