Лауазымдар тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата11.07.2016
өлшемі34 Kb.
#191663
Лауазымдар тізбесін

айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қармақшы ауданының

әкімі С. Мақашов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қармақшы аудандық
мәслихатының хатшысы
_________ М. Наятұлы

«___» ________ 2016 жыл

2

Қармақшы ауданы әкімдігінің


2016 жылғы «29» наурыздағы
№209 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi


1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:

1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде зертхана басшысы;

3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде зертхана басшысының орынбасары;

4) дәріхана меңгерушісі;

5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, барлық мамандықтағы инженер және техник, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, фармацевт, фельдшер (зертханашы).

2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;


2) мамандар (бас, аға): күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;


4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.

3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;

3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, әлеуметтік педагог, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналықбике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірмежетекшісі, хореограф, хормейстер.
4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

3
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы, оның ішінде көркемдік жетекші;

3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;

      4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, мұражайдың ғылыми қызметкері, экскурсия жетекшісі;

5) техникалық орындаушылар, оның ішінде: архивариус, экспонат сақтаушысы, мұражай қараушысы.

5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;

3) оқу бөлімінің меңгерушісі;

4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналықбике.

6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішіндегі бірінші);

2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;



3) мамандар (бас, аға), оныңішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мал дәрігері, эпизоотолог, мал фельдшері. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет