Лекция №1 ҚЫСҚа мерзімді активтер есебі: АҚша қаражаты мен дебиторлық борыштар



Дата24.01.2024
өлшемі86.5 Kb.
#489628
түріЛекция
ЛЕКЦИЯ 1


ЛЕКЦИЯ № 1
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ:АҚША ҚАРАЖАТЫ МЕН ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР


Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің қассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.
Прогрессивті несие саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметгі несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі қаржыны қаржыландыру мен несиелендіру, сондай-ақ қажетгі есеп айырысуларды жүргізу төмендегі мемлекеттік акционерлік банктерге жүктелген: Тұран-Әлем банкі — өндірісте, құрылыста, көлік пен байланыста, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында, сыртқы экономикалық қызметте; Қазагроөнёркәсіпбанкі-агроөнеркәсіп кешенінде; Қазкредсоцбанк — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық қызмет көрсетуде және экономиканың басқа да салаларында; Халықтық банк — елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Бюджетгік банк — бюджеттегі мекемелерге қызмет көрсетеді; Қазақстан Эксимбанкі—экспорт-импорт операцияларын несиелеуді, сондай-ақ Үкімет белгілейтін елдің эко­номикалық даму басымдықтарына сәйкес тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырады; Медетші банк-қаржы жағдайын оңалтуы мен өндірісгі көтеруі /қайта құруы/ үшін мемлекет қаржы бөлетін субьектілерді несиелендіреді. Бұған қоса республикада коммерциялық және жекеменшік банктердің жүйесі құрылған, олар елде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілерге қызмет көрсетеді.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлтық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.
Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес ба­лансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджетгік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар-Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
корреспондешптік шоттар-корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.
Өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері /дүкендері, қоймалары жөне т.е./ бар заңды тұлғаларға табысты нақты ақша түріндегі несие төлем тапсырмалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.
Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген /іске қосу кешені, кезек, кезең және т.с.с./, салынып жатқан көсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.
Субьектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек /аванс/ кітапшаларының шоттарын жөне басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.
Есеп айырысулар толық және тұрақты болуға тиіс. Олардың негізіне мынадай принциптер қаланған: субъектілер өз ақша қара­жаттарын банкте сақтауға міндетті; олардың арасындағы есеп ай­ырысулар, әдетте, қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүргізіледі; ауда­ру арқылы есеп айырысулар жүргізуге негіз болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс органдары мен Халықтық банк мекемелері арқылы төлемдер жасау үшін пайдаланылады; банктік емес айналымда айналыстың тек жалпы мемлекеттік кредит құралдары (чектер, вексельдер, банк билеттері және басқалар) гана айнала алады. Есеп айырысудың мақсаты-нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысына, есеп айырысу қатынастарына қатысушыларды өзара ынталандыру мен бакылауға, олардың кірістері мен шығыстарын өлшеуге жәрдемдесу.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаража­тының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау; талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргізу; ақша қаражатына толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.
Кәсіпорындардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық (сатылган өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, алынған шикізат, материалдар, жартылай дайын өнім үшін) жөне тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына жөне басқалары) деп белуге болады.
Банк субъектілердің ақша қаражаттарын олардың шоттарында сақтайды, осы шоттарға келіп түскен сомаларға есептеме жүргізеді, субъектілердің шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген басқа да операцияларды жүргізу туралы өкімдерін орындайды.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілейтін кезектілікпен жүзеге асырылады.
 

  • 3.Векселъдермен есеп айырысу.

 Вексель-біржақты қатаң орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң бекітілген нысандагы қүжат.
Жай және аударма вексельдер болады.
Жай вексель (соло )- талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген соманы вексель үстаушыға төлейтіні туралы вексель берушінің ешбір шартсыз міндеттемесін қамтитын вексель.
Аударма вексель(тратга)-вексель берушінің (трассантгың) үшінші түлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бүйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не үсынған кезде вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы ешбір шарт­сыз міндетгемені қамтитын вексель.
Вексель: қүжат мәтініне (текстіне) енгізілген, қүжат қай тілде толтырылса сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешнәрсемен негізделмеғен бүйрықты; төлеуге тиіс түлғаның (төлеушінің) атауы-тек аударма вексельде, төлеу
мерзімін, төлем жасалатын орынды көрсетуді; кімге немесе кімнің бүйрыгы бойынша төлем жасалатын болса, сол түлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орынды көрсетеді, вексельді беретін түлганьщ (вексель берушінің) қолын қойдыруға тиіс.
КАССАДАҒЫ НАҚТЫ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектісінің кассасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен-сақтау сигнализация қүралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға өрі жабдықталуга тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуьш қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да қүндылықтарды кассада сақтауга тыйым салынады.
Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетгі шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның ма­териалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бүйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бүлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен (ү.№КО-2) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойган тиісінше рәсімделген төлемдер тізімдемелерімен, ақша беруге жазылган өтінштен, шоттармен жене баска да қүжаттармен рөсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген қүжаттарда субъект бас-шысының рүқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқүжатын немесе жеке ба-сының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің жөне қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды жөне алган сомасын: тенгені— жазумен, тиын-ды—сандармен көрсетеді. Толтырылган шыгыс ордері төменде келтіріліп отыр.
Сенімхат бойынша берілген акша жагдайында касса шыгыс ордерінде ақшаны алуга сенім білдірілген адамнын тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бүл жазуды касса шыгыс ордеріне немесе ведомосқа (төлем тізімдемесі) қоса тіркейді.
Кіріс және шыгыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін қүжапарды бухгалтерия дал әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше каламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша енбекке қабілетсіздігі жөніндеп жэрдем-ақылар мен сыйлықтар төлемдерінің ведомосы бойынша таратыла-ды, оныч қасбетінде (титул) ақша беретін мерзімі жазумен жалпы сомасын көрсете отырып басшы мен бас бухгалтердің рүқсат жаз-басы көрсетіледі.
Банктен ақша алганнан кейін үш күн өткен бонда кассир телем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаган адам-дардын тегі тұсына мөртабан согады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі согады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен де-позитке салынуга тиісті сома жөганде жазылады. Егер төлемді кас­сир емес, уәкілдік алган адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)» деген жазу жазылады. Толтырылган төлемдер тізімдемесі төменде келтіріліп отыр.
 1.Дебиторлық борыштардың бағалануы
2. Дебиторлық қарыздар есебі
Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Соңғы жылдары көптеген еншілес кәсіпорындар пайда болды. Кәсіпорындардың мұндай нысандарының пайда болуы Бас кәсіпорындарға капиталды өте икемді пайдалануға, шаруашылық есеп бастамаларын күшейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға, өз мұқтаждықтарын шалафабрикаттармен, жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз етуге, кәсіпорын ұжымдарын ауыл шаруашылық өнімдерімен және т.б жабдықтауға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар бухгалтерлің есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2 “Ұзақ мерзімді активтер” бөлімінің келесідей шоттарында жүргізіледі:
2100 “ Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар ”;
2110 “ Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ
мерзімді дебиторлық қарыздары”;
2120 “Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары ”;
2130 “Ассоцияцияланған және бірлескен ұйымдардың ұзақ
мерзімді дебиторлық қарыздары”;
2140 “Филиалдар мен құрылымдық бөлімдердің ұзақ
мерзімді дебиторлық қарыздары”;
2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары ”;
2160 «Жалға беру бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар»;
2170 «Алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар»;
2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар»;
2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шотында ұйымның көрсетілген қызметін тұтынушылардың қарыздары есепке алынады.
Өтелу мерзімі өтіп кеткен барлық дебиторлық қарыздар және де сот шешімдері бойынша үмітсіз деп танылған сомасы 7200 «Әкімшілік шығындар» шоттың дебеті бойынша және 2120 “ Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шоттың кредиті бойынша есептен шығарылады. Вексель бойынша өтеу мерзімі өтіп кеткен болып мына деңгейдегілер жатады:
- төлем күнінен бастап санағанда акцептантқа қарсы аудармалы вексельден шығатын талап ету мерзімі үш жылдан асса;
- қарсылық білдіру күнінен бастап санағанда индоссанттарға қарсы вексель ұстаушылардың талап ету мерзімі бір жылдан асса;
- индоссант вексельге төлеген күнінен бастап санағанда индоссанттар бір- біріне қарсы болған жағдайда олардың талап ету мерзімі алты айдан асса.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін, мына 2120 “Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары ” шоты пайдаланылады.
Талдамалық есеп әрбір еншілес (тәуелді) серіктестіктері бойынша жүргізіледі.
Басқадай ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздарды есепке алу 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шотында жүргізіледі.
2130 “Ассоцияцияланған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шотында ассоцияцияланған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары қарастырылады.
2140 “Филиалдар мен құрылымдық бөлімдердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шотында ұйымның филиалдар мен құрылымдық бөлімдердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары қарастырылады.
2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылған заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша шығыстар есепке алынады.
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады.
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды ұйымның басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға коса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, омда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.
Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік көрсеткіштер деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.
Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойы түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікге көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.
Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейінде және тиісті құжаттармен дәлелденген жағдайда: іс-сапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса бронға кеткен шығыстары да қоса алынады.
Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынаи тыс жерлерге іс-сапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.
Іс-сапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін-конверттелетін валюта беріледі.
Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.
Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп береді.
Аванстық құжатта көрсетілген барлық шығыстардың сомасы 7210 “Әкімшілік шығындар” шотының дебеті және 2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары » шотының кредиті бойынша көрініс табады. Өкілділік шығыстары бойынша шаруашылық операцияларын қарастырған кезде оның нормадан тыс шығыстары жылдық жиынтық табыстан шегерілмейді, яғни оларға табыс ретінде салық салынады.
Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі. 2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары » шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің (ақша, тауарлы-материалдық құндылықтары т.б.) орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады.
Кем шығудың нәтижесінде кәсіпорын шеккен зияны немесе құндылыктардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.
2160 «Жалға беру бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шотында жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне төлемдер қарастырылады.
2170 «Алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар» шотында ұзақ мерзім ішінде алынуға тиісті сыйақылар есепке алынады.
2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шотында бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, материалдардың кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.
Шағым-талап бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп — кредитордың өзінің мүліктік құқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздарды өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын ала тікелей қарызданушыға шағым-талабымен баруы керек.Есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іссапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.
Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.
Қызмет бабымен іссапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен расталады. Толтырылған аванс есебі төменде келтірілген. Кассадан аванс бұрынғы берілген аванс бойынша толық есеп айырысқаннан кейін беріледі. Белгіленген мерзімде есеп берілетін соманың шығындалмаған қалдығын өткізбеген және есеп бермеген түлғалар тәртіп жөніндегі жазаға, ал қажет болған жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Субьект қызметкердің дер кезінде төлемеген аванс қалдығын, егер ол ұстап қалудың негізін және көлемін жоққа шығармаған болса, қызметшінің еңбек ақысына төленетін сомадан ұстап қалуға құқылы.
Ұстап қалу осы қызметкердін еңбек ақысының қандай бөлігінің басқа барлық өндіріп алулардан бос екендігіне тәуелсіз бір мезгілде немесе бөліп-жарып жүзеге асырылуы мүмкін. Ұстап қалу жөніндегі жарлық авансты қайтару үшін белгіленген мерзім біткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей берілуі керек. Әкімшілік бұл мерзімді өткізіп алған жағдайда тиісті соманы даусыз түрде ұстап қалу құқығынан айрылады. Бұл жағдайда, сондай-ақ егер қызметкер ұстап қалудың негізін немесе көлемін жоққа шығарса өндіріп алу сот тәртібінде жүзеге асырылады.
Аванс есебі бойынша артық жұмсалган шығындар қызметшіге кассадан беріледі. Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.
Аванс есебіне тіркелген құжаттар мөр таңба арқылы немесе күні (жылы, айы, күні) көрсетіліп, «Төленді» немесе «Өтелді» деген қолдан жазған жазбалар арқылы өшіріледі. Іссапарда болған уақыт үшін, демалыс және мейрам күндерін, сондай-ақ жолда болған күндерін, соның ішінде жолда мәжбүрліктен аялдаған уақытты қоса алғанда іссапарда болған әрбір күн үшін белгіленген көлемде (заңды гүрде белгіленген ең Төменгі есеп айырысу көрсеткішінен 50%) тәуліктік шығын төленеді.
Күдікті қарыздар бойынша резервтер қайтарылуы сенімсіз берешек дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға байланысты болуы мүмкін шығындарды жабу үшін жасалады. Қорларды есепке алу 1290 “ Күдікті қарыздар бойынша резервтер” шотында жүргізіледі.
Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде, ал егер мерзім белгіленбесе, онда бұл үшін қажетті уақыт ішінде өтелмеген деби-торлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз қарыздар есептеледі. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеудің деректерінің негізінде жасалады.Кәсіпорын күдікті қарыздар бойынша резервтерді басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалармен есеп айырысу арқылы жасайды.
Қордың көлемі әр күдікті қарыз сомасы бойынша борышкердің қаражаттық жағдайын (төлем жасау қабілеттілігін) есепке ала отырып және олардың қарызды тұтастай немесе бөлшектеп өтеу мүмкіншіліктерін бағалау арқылы анықталады.


 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет