МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 1.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң түсiнiгi
1.1.1 Есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысулар есебi
1.1.2 Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмысшылармен есеп айырысулар
1.1.3 Берiлген қарыздар бойынша есеп айырысулар
1.1.4 Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар
1.2. ҚР Ұлттық банкiнiң бөлiмшелерiнде дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi
1.2.1 Дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялардың жалпы сипаттамасы
1.2.2 Дебиторлармен және кредиторлармен көмекшi есеп операцияларын жүргiзудегi франт-офистiң функциялары
1.2.3 Ақшалық аванстар бойынша операциялар есебi
1.2.4 ҚР Ұлттық банкiнiң жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысуы
II-БӨЛIМ. ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ 2.1. Ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты 2.2. ҚР Ұлттық банкiндегi ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы
2.2.1 Жоба алдында зерттеулер жүргiзу сатысы
2.2.2 Техникалық тапсырманы жобалау сатысы
2.2.3 Техникалық жобаны құру сатысы
2.2.4 Жұмыс жобасын құру сатысы
2.2.5 Енгiзу сатысы
2.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар 2.3.1.Ақпараттық жүйенiң құрылымына қойылатын талаптар Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
2.3.3. Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
2.3.4. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
-
Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
2.3.6.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
2.3.7. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
2.3.8. Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
III-БӨЛIМ. “IССАПАРЛАР ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБI” АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСIН ЖОБАЛАУ
3.1 “Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
3.1.1 Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
3.1.2 Кiретiн ақпарат
3.1.3 Шығатын ақпарат
3.2. Ақпараттық база
3.2.1 Машинадан тыс ақпараттық база
3.2.2 Ақпараттық моделъ
3.2.3 Қолданылатын жiктегiштер
3.2.4.Машина iшiндегi ақпараттық база
3.5. Тапсырманың математикалық сипаттамасы
3.6. Программалық жабдықтау
3.6.1. Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
3.6.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
3.6.3.Жалпы жүйелiк программалық жабдықтау
3.6.4.Арнайы программалық жабдықтау
3.7. Ақпараттық өнiмнiң анализi және оны пайдалану кеңестерi
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуi объективтi түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етедi. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндiрiс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелi түрде қамтамасыз етiп отыр. Ақпарат қазiргi кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бiр түрiне айналды, және де ол айрықша тауар ретiнде жалпы ұлттық өнiмнiң айрылмас бөлiгi бола тұра, ақпараттық өнiмдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.
Көптеген кәсiпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлiк секiлдi сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететiн бағалы ресурс ретiнде қарастырады. Өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi басқаруға қажеттi ақпарат алу мақсатында кәсiпорын бухгалтерлiк ақпараттық жүйесiн құрады.
Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объекттi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесi.
Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйесiнiң қазiргi нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесiдей факторлар арқылы айқындауға болады.
Бiрiншiсi Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсiпорындардың, фирмалардың және әр түрлi мүлiк нысанындағы банктердiң пайда болуымен байланысты.
Екiншiсi барлық есеп саясатының, есеп әдiстемелерi мен әдiстерiнiң өзгеруiне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп стандарттарының жасалуы мен енгiзiлуiне байланысты.
Үшiншiсi – бұл қарқынды түрде дербес компъютерлер мен программалық өнiмдердiң сырттан әкелiнуi.
Төртiншiсi – бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгiзiлуiне негiзделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.
Бұл ғылыми жұмыс iс-сапарлар шығыстары есебiнiң ақпараттық жүйесiне негiзделген.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi автоматтандыруға арналған iссапарлар шығыстары есебiнiң ақпараттық жүйесiн құру.
Ғылыми жұмыс кiрiспеден, дебиторлық борыштар есебi, экономикадағы ақпараттық жүйе және “Іссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
Дебиторлық борыштар есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР Ұлттық банкi мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР Ұлттық банкiнiң бөлiмшелерiнде дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.
Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлiмiнде ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты, ҚР Ұлттық банкiндегi ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен “Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды сызба-нұсқасы берiлген.
“Iссапарлар шығыстарының есебi” бөлiмiнде “Iссапарлар шығыстарының есебi” есептер кешенiнiң орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары жазылған.
I-БӨЛIМ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБI
1.1 Дебиторлық борыштар есебiнiң түсiнiгi
Дебиторлық борыш – заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық қатынастың қорытындысында олардан кәсiпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген төленбеген борыштың сомасы. Кәсiпорынның дебиторлық борышының болуы кәсiпорын қаражатының тiкелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа жұмсалғандығы ретiнде, демек, кәсiпорын жұмысындағы елеулi кемшiлiк ретiнде қаралады.
Бухгалтерлiк есеп бойынша ұлттық комиссияның 13.11.96 ж. № 2 “Концептуалды негiзде қаржылық есептердi дайындау және тапсыру туралы” Жарғысында “дебиторлық борыш заңдық құқықтарымен қоса, иелiк ету құқығымен байланысты актив болып табылады” делiнген.
Жалпы актив ұғымымен мүлiк, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес иглiктер және құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсiндiлерiледi. Актив түрiндегi болашақ экономикалық пайда – бұл тұлғаның ақшалай құрал-жабдықтарының айналымына салынған потенциалды тiкелей немесе жанама салым.
Осыдан шығатыны, дебиторлық борыш – бұл заңдық құқықтарымен қоса, иелiк ету құқығымен байланысты актив түрiндегi болашақ экономикалық пайда.
1997 ж. қабылданған Бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспарының 3-бөлiмi қаржылық-шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң дебиторлық борыштарына арналған. Ол келесiдей бөлiмшелерден тұрады:
-
30 “Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң борыштары”;
-
31 “Күмәндi борыштар резервтерi”;
-
32 “Еншiлес серiктестiктердiң дебиторлық борыштары”;
-
33 “Басқа да дебиторлық борыштар ”;
-
34 “Болашақ кезеңдердiң шығыстары”;
-
35 “Берiлген аванстар”.
33 “Басқа да дебиторлық борыштар” бөлiмшесiне келесiдей шоттар кiредi:
-
Өтеуге қосылған құн салығы (331);
-
Есептелген пайыздар (332);
-
Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары (333);
-
Басқа да дебиторлық борыштар (334).
Нақты 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотына тоқталайық. Бұл шотта келесiдей дебиторлық борыштар есепке алынады:
-
есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысу;
-
қарыздар беру;
-
материалдық залалдардарды өтеу.
-
Есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысулар есебi
Кәсiпорынның өндiрiстiк-шаруашылық қызметi аясында жұмысшыларын қызметтiк iссапарларға жiберiп отырады, дүкеннен кеңсе бұйымдарын сатып алады, пошталық аударымдарды төлейдi және т.с.с. басқа да шығыстары болады. Осындай шығыстарды ылғи да банк мекемелерiмен қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы төлеу мүмкiн емес. Сондықтан жоғарыда көрсетiлген және т.б. шығыстарды төлеу үшiн жұмысшыларға олардың есеп берулерi арқылы қолма-қол ақша берiледi. Ақша кәсiпорын жетекшiсiмен бекiтiлген есеп айырысуға сәйкес берiледi. Аванстар нақты шығыстарды өтеуге қажеттi кезде ғана жетекшiнiң тапсыруымен есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсауға рұқсат етiлген қызметкерлерге, сонымен қатар, қызметтiк iссапарға жiберiлген тұлғаларға берiледi. қызметтiк iссапарға ақша iссапарға жiберiлген тұлғаларға екi жақты жол ақысын төлеуге, тәулiктiк шығындарды және iссапар мерзiмi бойы пәтер жалдауға кеткен шығындарды өтеу үшiн берiледi. Есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсау бухгалтерияға белгiленген мерзiмiнде тапсырылатын сәйкес құжаттар бойынша, жалпылама түрде аванстық есеп беру арқылы жүзеге асырылады.
Аванстарды кассадан беру тек алдыңғы берiлген аванстармен толық есеп айырылысқаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Есеп айырыспаған немесе белгiленген мерзiмде алдыңғы есеп беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған бөлiгiн қайтармаған тұлғалар дисциплинарлық жауапкершiлiкке, қажет болған жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады. Тұлға аванстың уақытында қайтарылмаған бөлiгiн жұмысшының жалақысынан ұстап қалуға хұқылы, егер де жұмысшы ұсталымның негiзi мен көлемiне қарсы болмаса. ұсталымдар дәл сол уақытта немесе кейiнiрек жұмысшы жалақысының қай бөлiгiнiң басқа да төлем шараларынан бос болуына қарамастан жүргiзiлуi мүмкiн. ұсталымдарды жүргiзуге бұйрық авансты қайтаруға бекiтiлген уақыттан кейiн бiр ай iшiнде берiлуi қажет. Бұл мерзiмдi өткiзiп алған жағдайда әкiмшiлiк сәйкес соммаларды ұстап қалу құқығынан айырылады. Осындай жағдайда немесе жұмысшы ұсталымның негiзi мен көлемiне қарсы болған жағдайда, төлем шаралары сот шешiмiмен жүзеге асырылады. Аванстық есеп берумен жұмсалған соммалар жұмысшыға кассадан берiледi. Аванстық есеп берулер бухгалтериямен тексерiледi және содан кейiн кәсiпорын жетекшiсiмен бекiтiледi. Дұрыс жасалмаған аванстық есеп берулер мен оған қосымша құжаттар есеп берушi тұлғаларға қайта дайындауы үшiн қайтарылады. Аванстық есеп беруге қосымша құжаттар мөрмен немесе қолмен жазылған “Төлендi” немесе “Өтелдi” деген жазулар мен датаның (жылдың, күннiң және айдың) көрсетiлуiмен бекiтiледi.
Iссапарда жүрген уақытта iссапрадың әр күнiне бекiтiлген көлемде (заңмен бекiтiлген 50%-дық минималды есептiк көрсеткiш бойынша) тәулiкақы төленiп тұрады. Демалыс күндерi, мереке күндерi, сонымен қатар, жолда өткiзген күндер де, соның iшiнде жолда тоқтауға мәжбүр болған уақыт та ескерiлуi тиiс.
Пәтер жалдау бойынша шығыстарды өтеу бекiтiлген мөлшерден аспайтын көрсетiлген шоттар негiзiнде жүзеге асырылады. Iссапар орнында болуды Iссапарда болған орындарды айқындау мақсатында iссапар куәлiгi толтырылып отырады. Iссапар уақыты жол жүруге кеткен уақытты есептемегендегi берiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Пәтер жалдау бойынша шығыстары өтеу құжаттары көрсетiлген жағдайда қызметтiк iссапарлар тәулiкақысының 50%-дық нормасы көлемiнде өтеледi. Ал егер iссапар орнына бару мен қайтудың жол жүру құжаттары болмаса, онда шығыстарды өтеу мәселесi жетекшiмен бекiтiлген тәртiп бойынша шешiледi.
Егер де жұмысшы iссапарға шетелге жiберiлетiн болса, онда iссапарға кету күнi мен қайтып оралу күнi бiр күнге есептеледi. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шот дебетi бойынша жазбалар келесi шоттардың кредиттерiнен алынады: 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” – кассадан есеп беру арқылы аванстық есеп берудi төлеген кезде; 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотынан – аванстарды есеп беру арқылы поштадан аударғанда; 334 “ Басқа да дебиторлық борыштар” шотынан – есеп беру арқылы аванстық ÷ек кiтапшаларын беру кезiнде; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан – мемлекеттiк баж салығының маркаларын, пошталық маркаларды және т.б. есеп беру арқылы беру кезiнде. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотының кредитi бойынша жазбалар келесi шоттардың дебетерiнен алынады: “Материалдар” бөлiмшесiнiң шоттары (201 – 206, 208) бойынша 222 “Сатып алынған тауарлар”, 223 “Басқа да тауарлар” шоттардан – тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алу мен транспорттық даярлауды жiргүзуге кеткен шығыстар соммасы; 821 “Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар” шоттан – iссапарлық, пошталық, телеграфтық және т.б. шығыстар үшiн; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан – авансты кассаға қайтарған кездегi; 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шотынан – авансты жалақыдан ұстап қалу кезiнде; 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотынан – есеп берушi тұлғаны жауапқа тарту кезiнде, егер де жұмсалған ақшаны оның жалақысынан ұстап қалу мүмкiн болмаған жағдайда.
Есеп берушi тұлғалармен (шетелдегi қызметтiк iссапарлар, өкiлеттiк және т.б. шығыстар бойынша) есеп айырысулар шетел валютасымен жүзеге асырылады. Есеп беру арқылы валюта беру бойынша 333 шот пен “Есеп беретiн тұлғалармен шетел валютасымен есеп айырысу” қосалқы шоты арқылы дебеттелсе, 451 “ Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шоты бойынша кредиттеледi. Шығыстарды шығарып тастау 821 “Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар”, 935 “Басқа да шығыстар” шоттарының және т.б. дебеттерi бойынша және 333 шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
333 және 452 шоттар бойынша валюталық операциялар теңгелiк эквивалентте көрсетiледi.
-
Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмысшылармен есеп айырысулар
Бiрiншi нұсқа. Кәсiпорын өз жұмысшыларымен мiндеттеме тапсырмасы негiзiнде олардың жалақыларынан кезектi төлемдердi ұстап қалып, оларды сауда ұйымдарына аударады. Бұл операциялар сәйкесiнше, 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты мен 333 шот дебеттерiнде және 333 шот пен 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотының кредиттерiнде көрсетiледi.
Екiншi нұсқа. Кәсiпорын сауда ұйымдарына кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмыс iстейтiн жұмысшыларынан тиiстi соммаларды толығымен өтейдi. Мұндай төлемдер үшiн кәсiпорын банктен жұмысшылардың жалақыларынан кезектi ұсталымдар мөлшерiнде төленiп тұратын несие алуы мүмкiн. Әдетте, банкпен берген кредитiне байланысты жүргiзiлетiн сауда ұйымдарының кредитке сатылған тауарлар бойынша есеп айырысу құжаттарын төлеу кезiнде 333 шот дебеттеледi де, 603 “Басқа да кредиттер” шоты кредиттеледi. Ал жұмысшылар жалақысынан кезектi төлемдердi ұстап қалу кезiнде 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты дебеттеледi де, 333 шот кредиттеледi. Банкке борыштарды өтеу төлемдерiн аудару 603 “Басқа да кредиттер” шоты дебетiнде және 451 шоттың немесе 441 шоттың кредитiнде көрсетiледi.
Тауарларды кредитке сатып алған тұлғалар басқа кәсiпорынға ауысқан кезде немесе жұмыстан кеткен жағдайда кәсiпорын олардан заңмен бекiтiлген мөлшерден аспайтын көлемде борыштарының қалған бөлiгiн ұстап қалуы тиiс. Егер де борыш толығымен қайтарылмаған болса, онда кәсiпорын бұл хабарды бес күн iшiнде сауда ұйымына жеткiзуге мiндеттi. қажет болған жағдайда соңғысының мiндеттемелiк тапсырманы азаматтардың жаңа жұмыс орнына аударуына өтiнiш беруiне болады. Мұндай аударым хабарды алғаннан кейiн бес күн iшiнде жүргiзiлуi тиiс. Сауда ұйымы тиiстi сомманы жұмысшы алдында жұмыс iстеген кәсiпорынға қайтаруға мiндеттi. Ал кәсiпорын өз кезегiнде бұл сомманы банкке аударуы қажет.
-
Берiлген қарыздар бойынша есеп айырысулар
Бұл есеп айырысулар жеке үй құрылысына, бақша үйлерiн салуға және т.б. жеке қажеттiлiктерге берiлген қарыздар бойынша жүргiзiледi. қарыздар бекiтiлген пайыздық қойылыммен берiледi.
Егер де құрылыс салушы қарызды басқа мақсатта пайдаланатын болса, онда кәсiпорын жедел түрде берiлген қарыздың толығымен қайтарылуын талап етуге хұқылы. қарыз беру үшiн банктен ақша алу кезiнде 451 “Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша” шоты дебеттеледi де, 603 “Басқа да кредиттер” шоты және “Жеке үй құрылысы” аналитикалық шоты кредиттеледi; ақша берiлуi кезiнде 333 шот дебеттеледi де, 451 шот кредиттеледi. қарызды уақыты келген кезiнде қайтаруы 451 шоттың дебетiнде және 333 шоттың кредитiнде көрсетiледi. Кәсiпорынның қарызды банкке қайтаруы 603 шоттың дебетiнде көрсетiлсе, ал кредитi 451 шотта – егер де ақшанхабар жiберу арқылы кассадан төленсе, немесе 441 шотта – егер де ақша есеп айырысу шоты бойынша аударылатын болса. қарызды пайдалануда пайыздық қойылымның болуы 333 шоттың дебетi мен 603 шоттың кредитiнде көрсетiледi.
-
Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар
Бухгалтерия ақша құралдарын, тауарлы-материалдық және т.б. құндылықтар түрлерiн қатаң бақылауға және сақтауды қамтамасыз етуге, жетiспеушiлiктер мен жоғалымдарға кiнәлi тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершiлiкке тартуға мiндеттi. 333 шотта және “Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысу” қосалқы шотында ақша құралдары мен тауарлы-материалды құндылықтардың жетiспеушiлiктерi мен жоғалымдарының өтеу бойынша есеп айырысу ескерiледi. Кәсiпорынға жетiспеушiлiктерi мен жоғалымдар бойынша тигiзiлген залалдар соммасы бөлшек сауда бағасымен есептеледi, егер заңмен тигiзiлген залалды анықтаудың басқа да реттерi қарастырылмаса.
Кiнәлi тұлғалардан ұстап қалынатын төлем шаралары 333 шоттың дебетiнде және мынадай бөлiмшелердiң кредиттерiнде көрсетiледi: 20 “Материалдар” (201 – 206, 208) шоттарында – жетiспейтiн құндылықтарының нақты құны соммасында, 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шотында, “арасындағы айырмашылық кiнәлi тұлғалардан айып төленетiн сомма мен жетiспейтiн құндылықтардың баланстық құны арасындағы айырмашылық” қосалқы шоты – көрсетiлген айырмашылық соммасында. Борыштарды жабу кезiнде 451, 441, 681 шоттар дебеттеледi де, 333 шот кредиттеледi. бiруақытта өтелген жетiспейтiн, жұмсалған және жоғалған құндылықтардың нақты құны мен айып төленетiн құн арасындағы өтелген айырмашылыққа 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шоты дебеттеледi, және 727 “қосымша iс-қимылдардан түскен басқа да табыстар” шоты кредиттеледi.
Жетiспейтiн, жұмсалған және жоғалған соммалар кiнәлi тұлғалардан олардың төлем қабiтеттiлiгiнiң жоқтығынан немесе т.б. себептерге байланысты айып төлеу шараларын жүргiзу мүмкiндiктерi болмаған жағдайда, 333 шот дебетiнен 311 “Күмәндi қарыздар бойынша резервтер” шотында – жетiспейтiн тауарлы-материалдық құндылықтардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң нақты құны соммасында; 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шотының дебетiнде, 333 шоттың кредитiнде – жетiспейтiн тауарлы-материалдық құндылықтардың баланстық құны мен төленетiн айыптар арасындағы соммасында.
Борышкерлердiң төлем қабiтеттiлiгiнiң болмауынан борыштардың сызылып тасталуы оның толық жойылуы деп саналмайды. Сонымен қатар, соммалар 007 “Төлем қабiлеттiлiгi жоқ борышкерлердiң залалдарға сызылып тасталған борышы” баланстық шотында сызылғаннан кейiнгi бес жыл iшiнде көрсетiлуi тиiс. Бухгалтерия борышкерлердiң мүлiктiк жағдайы өзгерген жағдайда, айып төлеу шараларын жүргiзу мүмкiндiктерiн қарастыруы тиiс.
1.2. ҚР Ұлттық банкiнiң бөлiмшелерiнде дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi
1.2.1 Дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялардың жалпы сипаттамасы
Шаруашылық операциялар мен жалақы төлеу бойынша дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi келесiдей қызметтермен жүзеге асырылады:
-
франт-офисiмен;
-
бэк-офисiмен;
-
ұлттық банктiң бухгалтерлiк есеп департаментiнiң бас бухгалтериясымен.
Франт-офис – әкiмшiлiк-шаруашылық операциясын жүргiзетiн Ұлттық банктiң орталық аппаратының немесе филиалының бөлiмшесi, және Ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша қаржылық есеп айырысуды жүргiзетiн Ұлттық банктiң орталық аппаратының бөлiмшесi.
Ұлттық банктiң бэк-офисi – көмекшi бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн операциялық басқармасы.
Бас бухгалтерия – Ұлттық банктiң Бас бухгалтерлiк кiтабы деңгейiнде дебиторлармен және кредиторлармен жүргiзiлген операциялардың дұрыс көрсетiлуiн бақылайтын Ұлттық банктiң бухгалтерлiк есеп департаментiнiң бөлiмшесi.
Франт-офис қамтамасыз етедi:
-
бөлiмше қызметкерлерiнiң тiзiмдiк құрамын есепке алу, франт-офис арнайы бөлiмшелерiнiң назарына ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысуға қатысты бұйрықтар мен басқа да құжаттарды жеткiзу;
-
алғашқы құжаттарды дайындау;
-
жалақы мен одан ұсталатын ұсталымдар бойынша барлық есеп айырысуларды орындау;
-
мiндеттi аударымдар бойынша есеп айырысуларды орындау;
-
көрсетiлетiн және қабылданатын қызмет көрсетулер бойынша шарттардың дайындалуы және жасалуы.
Франт-офиспен дайындалған алғашқы құжаттарда құжаттың аталуы, оның нөмiрi, датасы, Ұлттық банктiң дебиторының аты, шаруашылық операцияның қысқаша мазмұны, оның натуралды және ақшалай көрiнiсi, өкiлеттi тұлғаларды қолдары болуы тиiс.
Алғашқы құжаттардың текстi мен сандық деректерiн өшiру мен оларға өзгертулер енгiзуге тиым салынған.
Бэк-офис көмекшi есеп жүргiзедi және құжаттардың қайтадан қайтарылуымен франт-офистен алынған бас бухгалтерияға көмекшi бухгалтерия есептерi бойынша операциялар көрсетiлген алғашқы құжаттар негiзiнде дебиторлармен шаруашылық, әкiмшiлiк-басқару қызметтерi бойынша және Ұлттық банктiң жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысу операцияларының жүргiзiлуiне бақылау жасайды.
Бэк-офис бюджет жiктемесiнiң кодтары мен Ұлттық банктiң бухгалтерлiк есебiнiң шоттарының жоспары бойынша тиiстi операциялардың уақытында көрсетiлуiне жауап бередi.
Ұлттық банктiң кiрiстерi мен шығыстарын орталықтандыру кезеңiнен берi барлық кiрiстер, шығыстар және тұрақсыздық айыппұлдар ұлттық банктiң бухгалтерлiк есеп департаментiнiң Әкiмшiлiк шығыстар басқармасына аударылады.
Франт-офис пен бэк-офис жетекшiлерi көмекшi есептi жүргiзу кезiнде шаруашылық жүргiзу мен Ұлттық банк қызметкелерiне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың орындалуына жауапкершiлiктi жұмысшылар арасында дәл тура бөлiп беруге қажет, сонымен қатар, құжаттарды бекiтетiн және визалайтын тұлғалар құрамын анықтауы тиiс.
Франт-офис пен бэк-офис жетекшiлерi операциялардың орындалуына, есептiк құжаттардағы деректердiң толықтылығына және туралылығына, құжаттардың дайындалуына, тексерiлуiне және уақытында бас бухгалтерияға тапсырылуына iшкi бақылау жүргiзедi.
Бас бухгалтерия шаруашылық жүргiзу мен ұлттық банк қызметкелерiне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен орындалған операциялардың жалпы есебiн жасайды және көмекшi бухгалтерияда дұрыс көрсетiлуiн қамтамасыз етедi, сонымен қатар, табылған қателердi түзету шараларын iске асырады.
Бас бухгалтерия бэк-офистен алынған өтiнiмдер негiзiнде шаруашылық жүргiзу мен ұлттық банк қызметкелерiне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен орындалған операциялар есептеу мен көрсету үшiн көмекшi бухгалтерияда жеке шоттар ашады.
-
Дебиторлармен және кредиторлармен көмекшi есеп операцияларын жүргiзудегi франт-офистiң функциялары
Дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлiмшесiнiң франт-офисi Ұлттық банктiң бюджетiн жоспарлауға қатысады. Дебиторлармен және кредиторлармен орындалатын операциялар бекiтiлген бюджет көлемiнде жүргiзiледi.
Шаруашылық жүргiзу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын ұлттық банк бөлiмшесiнiң франт-офисiнiң негiзгi функциясы әртүрлi қызметтердi көрсету мен пайдалану туралы шарт жасасу және олардың орындалуын бақылау болып табылады.
Ұлттық банк жұмысшыларына тиiстi еңбек жағдайларын жасау мақсатында әртүрлi қызметтердi пайдалану үшiн қызметтердi көрсететiн ұйымдармен ұлттық банк арасында шарттар жасалады. Шарт екi данада дайындалып, франт-офис жетекшiсiмен және заң қызметi жетекшiсiмен визаланады, Ұлттық банк төрағасының жетекшiлiк жасайтын орынбасарының (немесе Ұлттық банк бөлiмшесi жетекшiсiнiң) және қызмет көрсетумен жабдықтаушы ұйымның өкiлеттi тұлғасының қолдары қойылып, екi жақтың мөрлерiмен бекiтiледi.
Бiр данасы қызмет көрсетумен жабдықтаушы ұйымға берiледi, ал екiншiсi Ұлттық банктiң заң қызметiне тiркеу мен сақтауға тапсырылады. Шарттан үш көшiрме алынады: бiрiншi көшiрме бас бухгалтерияға берiлсе, екiншi көшiрме франт-офис үшiн құжаттарда қалады, ал үшiншiсi бэк-офиске тапсырылады.
Ұлттық банк қызметкелерiне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлiмшесiнiң франт-офисiнiң негiзгi функциясы алғашқы құжаттар (жұмыс уақытын есептеу табелъдерi, бұйрықтар, ауру қағаздары және басқа да құжаттар) негiзiнде жалақыны уақытында және дұрыс есептеу, әр жұмысшы бойынша аяқталған айға деректердi журналды көрсету және есеп айырысу-төлем ведомостiн жасау. Ведомосте франт-офис жетекшiсiнiң және төрағаның жетекшiлiк ететiн орынбасарының қолдары қойылады, ал Ұлттық банктiң бөлiмшелерiнде – оның жетекшiсiнiң және бас бухгалтердiң қолдары қойылады. Ведомостъ бэк-офиске берiледi, ал көшiрмесi франт-офисте қалады.
Ұлттық банктiң қызметкерлерiнiң қарыздық борыштары болған жағдайда франт-офис борыштарды жабу, осы борыштар бойынша есептелген пайыздарды төлеу және қарыз бойынша басқа да төлемдер мақсатында жалақыдан ұсталатын ұсталымдар бойынша есеп айырысуларды жүргiзедi.
Қызмет етушi заңнамаға сәйкес Ұлттық банк жалақы қорымен есеп айырысу бойынша, абсолюттi соммада, мiндеттi сақтандыру төлемдерiн келесiдей мемлекеттiк бюджеттен тыс қорларға аударып отырады:
-
Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры;
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры;
-
Қазақстан Республикасының үкiметiнiң қол астындағы мiндеттi медициналық сақтандыру қоры;
-
мемлекеттiк жұмыспен қамтылуға әрекет ету қоры.
Ұлттық банк қызметкелерiне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлiмшесiнiң франт-офисi мiндеттi төлемдердi есептеп, олардың шығыстар шоттарында көрсетiлуi мен сақтандыру төлемдерiн аудару операцияларын жүргiзу үшiн құжаттар бэк-офиске тапсырылады.
Егер де қайта есеп айырысу нәтижесiнде сақтандыру төлемдерiнде жетiспеушiлiк бекiтiлсе, онда жетiспейтiн төлемдер қайта есеп айырысылатын күнi мемлекеттiк бюджеттен тыс қорларға аударылады. Егер де қайта есеп айырысуда артық төлемдер бекiтiлсе, келесi сақтандыру төлемi артық төленген соммаға азайтылады.
Алғашқы құжаттарды жасау мiндеттемелерi жүктелген франт-офис жұмысшылары олардың дайындалуына, уақытында бэк-офиске тапсырылуына және ондағы деректердiң дұрыстығына жауап бередi.
-
Ақшалық аванстар бойынша операциялар есебi
Ұлттық банк бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарына аванстар беру тiкелей бөлiмшелердiң өздерiмен жүзеге асырылады.
Iссапар туралы бұйрық пен Ұлттық банк бөлiмшесi жұмысшысының ақшалық аванс беру өтiнiшiмен қазақстан Республикасының iссапар шығыстары туралы бекiтiлген нормаларына сәйкес, iссапарға жiберiлетiн жұмысшыға оның есеп беруi арқылы қолма-қол ақша берiледi. Iссапар шығыстарына аванс беру өтiнiшiне Ұлттық банктiң бэк-офисi бөлiмшесiнiң өкiлеттi қызметтегi тұлғасының қолы қойылады.
Осындай жағдайда iссапар шығыстарына аванс беру соммасына келесiдей проводка орындалады:
Дт – 273 11
Кт – 101 00.
Ерекше жағдайда Ұлттық банк басшылығының хаттық рұқсаты мен қайтару датасы көрсетiле отырып, берiлген уақыттан кейiн бiр айдан көп кешiктiрiлмей ақшаны қайтару туралы хаттық мiндеттеме бойынша берiлуi мүмкiн.
Ұлтық банк бөлiмшесiнiң жұмысшысы iссапардан қайтып келгеннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей аванстық есеп берудi және оған қосымша мынадай құжаттарды қоса тапсыруы қажет: iссапарға бару мен одан қайту жазбалары көрсетiлген iссапар куәлiгi және құралдарды жұмсауды дәлелдейтiн құжаттардың оригиналдары.
Тапсырылған құжаттар негiзiнде шығыстардың келесiдей түрлерi бойынша проводкалар орындалады:
а) жолақы бойынша шығыстар:
Дт – 969 12
Кт – 273 11;
ә) тәулiқақы бойынша шығыстар:
Дт – 969 11
Кт – 273 11;
б) пәтерақы бойынша шығыстар:
Дт – 969 13
Кт – 273 11;
в) басқа да шығыстар бойынша есеп айырысулар:
Дт – 979 00
Кт – 273 11.
Iссапар шығыстарына берiлген аванстан асыра жұмсауды дәлелдейтiн құжаттар болса, iссапарға жiберiлген тұлғаға аванстан асыра жұмсаған соммасы төленедi. Мұндай жағдайда келесiдей проводкалар орындалады:
а) жолақы бойынша iссапарлық шығыстар:
Дт – 969 12
Кт – 101 00;
ә) тәулiқақы бойынша iссапарлық шығыстар:
Дт – 969 11
Кт – 101 00;
б) пәтерақы бойынша iссапарлық шығыстар:
Дт – 969 13
Кт – 101 00;
в) басқа да iссапарлық шығыстар бойынша есеп айырысулар:
Дт – 979 00
Кт – 101 00.
Есеп беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған бөлiгi iссапардан қайтып келгеннен кейiн көп кешiктiрiлмей, кассаға қайтарылуы тиiс. Жұмсалмаған аванс бөлiгiне келесiдей проводка орындалады:
Дт – 101 00
Кт – 273 11.
Iссапарға бару тапсырысы алынып тасталған жағдайда, есеп беру арқыл алынған сомма жедел кассаға қайтарылуы тиiс. Жаңа аванс алдында берiлген аванс бойынша толық есеп айырысылғаннан кейiн ғана берiледi. Тек есеп беретiн тұлғаға оның орындайтын тапсырмасы бойнша қолма-қол ақша қажет болған болған жағдайда ғана Ұлттық банк бөлiмшесiнiң бастығымен бекiтiлiп, қолма-қол ақша берiледi.
Iссапар мерзiмiн есепке алу арқылы шетел iссапарының шығыстарына аванстар Қазақстан Республикасы қаржы Министрлiгiнiң бекiткен нормаларына сәйкес, аванс беруге өтiнiш толтырылған датадағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекiтiлген бағамы бойынша шетелдiк валютаға эквивалент соммада теңгемен берiледi.
Шетелге iссапар шығыстарына аванс алу үшiн Ұлттық банктiң жұмысшысы бэк-офиске келесiдей құжаттарды тапсырады:
-
Ұлттық банк төрағасының немесе оның қызметiн атқарушысының қолы қойылған iссапар туралы бұйрық;
-
шетелдiк ұйымдардан шақыру;
-
төмендегiлердiң көрсетiлуiмен аванс беру өтiнiшi:
-
жұмысшының тегi (фамилиясы);
-
жiберiлетiн орын;
-
iссапар мерзiмi;
-
iссапарға жiберiлетiн тұлғаның қолы.
Алынған құжаттарға, шетел ваюталары бағамының бюлетенiне және бекiтiлген нормаларға сәйкес, бэк-офис аванс беру өтiнiшi толтырылған датасындағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекiтiлген бағамы бойынша шетелмен валютасымен аванстық есеп айырысуды жүргiзедi.
Шетел валютасымен аванс беруге қажеттi құжаттарға жауапты атқарушының, бэк-офис жетекшiлерiнiң қолдары қойылады және шетел валютасын беру үшiн Ұлттық банктiң арнайы өкiлеттi бөлiмшесiне тапсырылады. Сол кезде мынадай проводка орындалады:
Дт – 273 12
Кт – 466 10.
Шетел iссапарлары бойынша аванстық есеп берулер Ұлттық банк төрағасының бюджеттiк жоспарлауға (сметаға) жетекшiлiк ететiн орынбасарымен бекiтiледi.
Шетелдiк қызметтiк iссапардан қайтып келген тұлғалар бес күн iшiнде бэк-офиске жұмсалған соммалар жөнiнде аванстық есеп берудi тапсыруы қажет.
Аванстық есеп беру iссапарлық куәлiк және оған қосымша құжаттар негiзiнде жасалады және бэк-офиске тапсырылады. Аванстық есеп беруге қосымшаға мынадай құжаттар кiредi:
-
пәтер жалдау бойынша;
-
жол жүру бойынша (таксидi қоса алғанда);
-
өкiлдiк шығыстары бойынша.
Аванстық есеп беру соммасын есептеу дәлелдейтiн құжаттар негiзiнде аванс беру өтiнiшi толтырылған датададағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы ұлттық банкпен бекiтiлген бағамы бойынша жүргiзiледi.
Егер де дәлелдейтiн құжаттарға сәйкес асыра жұмсау немесе жұмсалмаған қалдық болмаса, онда аванстық есеп беруге бэк-офис жетекшiсiнiң және бюджеттiк жоспарға жетекшiлiк ететiн төраға орынбаасрының қолдары қойылады. Бұл бюджеттiк жоспар негiзiнде бэк-офиспен iссапарлық шығыстар бойынша дебиторлық борыштарды алып тастау орындалады:
Дт – 969 20, 969 30
Кт – 273 12, 273 13.
Егер де дәлелдейтiн құжаттарда көрсетiлген жұмсалған құралдар соммасы iссапарға берiлген аванс соммасынан аз болатын болса, онда iссапарға жiберiлген тұлға артылған құралдарды iссапар аяқталғаннан кейiнгi бес күн iшiнде iссапардың аяқталу датасындағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекiтiлген бағамы бойынша шетел валютасында немесе қазақстандық теңгеде қайтарылады. Бес күн iшiнде қайтарылмаған iссапарлық шығыстарға аванс беру бойынша валюта құралдарының артықшылығын құраған шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекiтiлген бағамы бойынша қазақстандық теңгеге енгiзiледi. Сол кезде мынадай проводка орындалады:
Дт – 101 00
Кт – 273 12, 273 13
Кт – 779 90.
Егер де Ұлттық банктiң iссапарға жiберiлген тұлғасымен аванс бойынша құралдарды берiлген соммадан дәлелдейтiн құжаттармен расталатын асыра жұмсау орын алатын болса, онда iссапарға жiберiлген тұлғаға берiлуi тиiс сомма iссапардың аяқталу мерзiмiне бекiтiлген шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекiтiлген бағамы бойынша Қазақстандық теңгеде төленедi.
Бұл кезде келесiдей проводкалар орын алады:
а) артық жұмсалған шығыстар соммасына:
Дт – 969 30, 969 20
Кт – 101 00;
ә) аванстық есеп беру соммасына:
Дт – 969 30, 969 20
Кт – 273 12, 273 13.
1.2.4 ҚР Ұлттық банкiнiң жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысуы
Ұлттық банк бойынша бұйрықтарға сәйкес банктiң жұмысшыларына аванс Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған көлемде төленедi.
Сонымен қатар, бэк-офистiң жауапты атқарушысы франт-офистен алынған есеп айырысу-төлемдерiнiң ведомостерi негiзiнде келесiдей проводканы орындайды:
Дт – 273 30
Кт – 101 00 / немесе Кт – 466 10 жинақтауға аударған жағдайда.
Ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша толық есеп айырысу әр айдың аяғында жұмыс iстелген уақыт пен алдында берiлген авансты есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Франт-офиспен дайындалған есеп айырысу-төлемi ведомостi негiзiнде бэк-офистiң жауапты атқарушысы келесiдей проводкаларды орындайды:
а) бiр ай бойынша есептелген жалақы соммасына:
Дт – 961 00, 962 00, 963 00, 964 00
Кт – 473 30;
ә) алдында берiлген аванс соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 273 30;
б) табыс салығы соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 473 40;
в) үшiншi тұлғалар пайдасына төлемдер соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 473 20;
г) төленген жалақы соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 101 00 / немесе Кт – 466 10 жинақтауға аударған жағдайда.
Жұмысшы жалақысын беру күнiнен кейшнгi үш күнде алынбаған жалақы соммасы депондауға жатады. Осындай жағдайда бэк-офистiң жауапты атқарушысы кассирдiң берген есебi негiзiнде келесiдей байланысты орындайды:
Дт – 473 30
Кт – 473 10.
Достарыңызбен бөлісу: |