IV. Дыбыс. Бұл ең кiшкене фонетикалық единица.
Бiр буынның екiншi бiр буыннан ерекше көтерiлiп айтылуын екпiн түскен буын деп атаймыз. Екпiн түскен буын үш түрлi тәсiл арқылы ажыратылады.
Бiр буынның екiншi буыннан ерекше күштi айтылуын динамикалық екпiн деп атаймыз. Динамика грек тiлiндегi dуnamikos ‘‘лебiздi” деген мағыналы сөз. Мұндай екпiн орыс, украин, белорус сияқты славян тiлiнде, қазақ, өзбек, татар, әзiрбайжан, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, түрiкмен тектес түркi тiлде, ағылшын, немiс тектес герман тiлдерiнде кездеседi.
Буынның iшiндегi бiреуiнiң айрықша төмен айтылуын тоникалды немесе музыкалды екпiн деймiз. Бұл қытай, корей, дүнген, жапон тiлiнде кездеседi.
Дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратып тұратын екпiндi квантативтi екпiн деймiз. Квантатив-латын тiлiнiң guantitas – сан, мөлшер деген сөзiнен алынған термин.
Тiл-тiлде сөз екпiннен басқа фразалық екпiн және логикалық екпiн деген екпiннiң түрлерi бар.
Фразалық екпiн деп сөз тiркестерiнiң құрамындағы сөздердiң бiр ғана екпiнге ие болуынан жасалған екпiндi айтамыз. Мысалы: ит-құс, ине-жiп, ата-ана, бота көз т.б.
Сөйлемдегi бiр сөздiң айрықша ерекшеленiп айтылуын логикалық екпiн деймiз. Мысалы:Болат кеше қаладан келдi. Осы сөйлемдегi кеше деген сөздi ерекше екпiн түсiрiп айтар болсақ, онда бiз Болаттың қаладан қашан келгендiгiне баса назар аудартқан болар едiк.
Тiлде үндестiк заңына байланысты болатын бiрнеше фонетикалық процестер, яғни дыбыстың позициялық өзгерiстерi бар. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1. Редукция
2. Элизия
3. Диэреза
4.Эпентеза
5. Протеза
6. Эпитеза
7. Апокопа
8. Метатеза
9. Аферезис
10.Гаплология
Бақылау сұрақтары:
Сөйлеудiң фонетикалық жақтан мүшеленуi дегеніміз не?
Тiлдiк единицалар: екпiн және интонацияға түсінік беріңіз.
Дыбыстардың позициялық өзгерiстері дегеніміз не?
Дыбыстық заңдардың тарихи сипатын атаңыз.
Орфоэпия дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |