Измагамбетова Р



Дата05.03.2022
өлшемі17.08 Kb.
#455987
ҚАЗАҚ ТІЛІ СОЖ


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Орындаған: Гуншебай М
Қабылдаған:Измагамбетова Р
Алматы 2021ж
Фонетикалық мына процестерге нақты мысалмен түсінік беріңіз: эпентеза, протеза, эпитеза, апокопа, метатеза.
Эпентеза (гр. tpenthesis – қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), көпене (копна), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы.
Ай сәулесі көрінеді кестедей
Нәзік саусақ біздің қыздар тоқыған.
Алтын атырап күмбез болып көшкендей
Жарқ-жұрқ еткен тырактордың отынан.
Орыс тілінен енген трактор деген сөздегі дауыссыз дыбыстардың арасына ы дауысты дыбысы қыстырылып тұр. Негізінен өзге тілдегі кей сөздерді қазақ тіліне ұқсатып баламалап айту қазақ халқына тән қасиет.

Протеза (грек. prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін, тілдің табиғатымен үйлестіру үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдына жамалады.
Күрс етті кеп тау шыңын
Жібергендей ылақтырып.
Құйды бір кез жаңбырын,
Ашуы оның шарт сынып.
Жел қарғиды қарағайдан секіріп,
Соның ілебі бұтақтардың дірілі.
Тынып бір сәт жатты ұйықтап кекілік,
Тек құлақта бұлақтардың гүрілі.
Суаттың суы мол емес,
Суылдай берер құрақтар.
Ойыны бейне төбелес,
Алысады ылақтар.
Ылақтырып, ілебі, ылақтар деген сөздер айтылу барысында лебі, лақытырып, лақтар деген сөздерге бір күш, ауырлық түсіріп тұрғандай айтылады.

Эпитеза протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңында қосылуы.
Мысалы: қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте), тұпа-тұра (тұп-тура), немесе сазай (саза), тақтай (тақта), мүлдем (мүлде).
Шығуына шексіз-шетсіз егіннің
Мол болғаны қандай жақсы жеріңнің.
Ұша берсең, ұшы-қиыры көрінбес
Кең болғаны қандай жақсы көгіңнің!
Ұшы-қиыры деген сөз бен ұш-қиыр деген сөздің арасында мағыналық ерекшелік онша сезілмейді, тек оқылу барысында интонациялық өзгеріс анық байқалады.

Апокопа (гр. apokope – шолтию) – сөздің соңындағы дыбыстың түсіп қалуы. Орыс тілінен енген: алимент (алименты), газет (газета), консерв (консервы), минут (минута), пар (пара), секунд (секунда), шахмат (шахматы), шпал (шпалы) сияқты сөздердің соңындағы екпінсіз дауысты түсіп қалған.
Бардың сен жауған оққа да,
Бардың сен жауған отқа да.
Палуандай белді буып ап,
Түстің сен жиын, топқа да.
Құп болып барлық айтқаның,
Естің сен қызыл желдей боп.
Алған бір беттен қайтпадың,
Тасыған мұзды селдей боп.
Күрс етті кеп тау шыңын
Жібергендей лақтырып.
Құйды бір кез жаңбырын,
Ашуы оның шырт сынып.
Қоңыраулы өзен,
Қоңыр кеш,
Көк шымылдық ашылған.
Мөлдір кеш, нәзік со бір кеш,
Бардай-ақ сыры жасырған.
Құзардан құламалы аттан салып,
Со бір су құз қайнардан жатқан ағып,
Кей кезде көкпеңбек боп мөлдірейді,
Құйылған көк шыныдай тақталанып.
Мұндай құбылыс батыс тілдерінде жиі кездеседі. Орыс тіліндегі чтобы-ның орнына чтоб деу де осыған жатады. Аз да болса, қазақ тілінде де апокопа ұшырасатындығы жоғардағы өлең жолдарындағы ап (алып), боп (болып), кеп (келіп), со (сол) сөздері дәлел.

Метатеза ( гр. metathesis – орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы.
Қазақ тілінде қатар келген пк, пқ дыбыстары кп, қп түрде орындарын ауыстырып айтылады:
тепкі /текпі
тепкішек /текпішек
түпкір/ түкпір
әпке/ әкпе
әпкел /әкпел
әпкіш/әкпіш.
Жақпарлы құздар жаңғырып,
Дауылмен бірге дауыстап.
Көзіңнің жауын алдырып,
Әдейі қашып алыстап;
Түн қанаты түскенінде судырлап,
Жатсаң жерге құлақ қойып тың тыңдап,
Үн толқыны шыңға соғып шыңылдап,
Қайта айналып тіл қатқандай сыбырлап,
Түн қанаты түскенінде судырлап.
Жел еседі делебесі қозғандай.
Бұлт бетіне бір өлеңді жазғандай,
Келіншек тау көк орманын көтеріп,
Көрінеді маған қолын созғандай.
Бұл өлең жолдарында жақпарлы, судырлап, делебесі деген сөздер жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты пайда болған сөздер. Батыста солай қолданылса солтүстікте көбіне қатпарлы, саудырап, делбезесі деген сөздер қолданылып, метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналатындығы байқалып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет