ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану ғылымжары факультеті
«Физика» кафедрасы
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ, ОСӨЖ) бойынша материалдар және оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар
Түркістан 2022
Жалпы ережелер
Кредиттік оқыту технологиясының мақсаты – білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.
1. СӨЖ білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігі, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу үдерісінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы білім алушы оқу үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
2. СӨЖ аудиториядан тыс жеке немесе топ болып орындау арқылы білім алуға, білім меңгеруге және машықтануға бағытталған оқу жұмыстар. Сөж мөлшері оқу жоспарында көрсетіледі.
3. СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселерге назар аудару қажет:
- тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
- лекция және семинар сабақтараның СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
- СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
- СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
- СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
4. СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай кезеңдерден тұрады:
- СӨЖ жоспарлау,
- әдістемелік жағын қамтамасыз ету,
- СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.
5. СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен білім алушының орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБСӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
6. ОБСӨЖ бөлек кестемен ұйымдастырылады.
7. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс бағдарламасында, силлабуста және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетіледі. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқытатын пәннің мақсаттары мен мәндеттері, пәннің қалыптастыратын құзіреттер мен оқыту нәтижелерін, білім алушылардың даярлығын және СӨЖ-бөлінген сағат санын ескеру қажет.
8. Оқытушылардың білім алушылармен өзіндік жұмысы 3 функцияны қамтиды:
- мақсат қою, тапсырма беру, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру,
- консультативті көмек және жеке консультация беру арқылы білім алушының өзіндік жұмысына түзету енгізу.
- бақылаушы, бағалаушы функциясы.Білім алушының білімі, пәнді меңгеру деңгейі әр түрлі этютерді (тест, ауызша, жазбаша, бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
9. СӨЖ тапсырмалары:
- реферат,
- кейс,
- бақылау,
- есептеу және сызба жұмыстары түрінде,
- тренинг,
- дискуссия,
- іскерлік, дидактикалық ойындар.
Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстардың тақырыптары төмендегідей де болуы мүмкін:
оқу мәтіндерімен жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру),
ғылыми мақалаларға аннотация және пікір жазу,
Интернет көздерімен жұмыс жасау.
10. Білім алушылардың өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
11. Білім алушының өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
12. СӨЖ құрылымы:
- тақырыптар тізімі;
- тапсырманы орындау үшін кеңестер;
- тапсыру реті, мерзімі;
- бағалау тәртібі;
- қажетті әдебиеттер мен Интернет сайты.
Достарыңызбен бөлісу: |