Жоо-да білім алушылардың оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ)



бет1/3
Дата11.03.2024
өлшемі17.37 Kb.
#494913
түріСеминар
  1   2   3
БООЖ Экология жане ТД


ЖОО-да білім алушылардың оқытушының
жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ)

ЖОО-да білім алушыларды мамандыққа даярлауда БОӨЖ-дің тиімділігі білім алушылардың оқу материалдарын қорытындылау, терең игеру, жаңа білім алуында маңызы зор.


БОӨЖ-дің негізгі мақсаты – оқу материалдарын игеруде өзбетінше жұмыс жасауға үйрету болып табылады. БӨОЖ дәріс сабағында берілетін теориялық материалдарме және семинар сабақтарының практикалық жұмыстарымен, т.б. сабақтармен логикалық түрде тығыз байланысты.
БОӨЖ-дің тапсырмалары оқуға қажетті материалдарды тауып, ақпараттар іздесіруі үшін білім алушыларға алдын-ала беріледі.
БОӨЖ үш негізгі:
1) кіріспе;
2) білім алушылардың берілген тапсырма бойынша өздік жұмыстары;
3) қорытынды бөліктерден құрылады.
Кіріспе бөлікте (5-10 мин) оқытушы оқу материалдарын терең игеру, оны практикалық орындау бойынша білім алушыларды бағдарлайды (қосымша әдебиеттер тізімі, ақпаратты іздестіру, өздік жұмысты орындауды тексеру, т.б.).
Білім алушылардың берілген тапсырма бойынша өздік жұмыстары бөлігінде (7-10 мин) оқытушы білім алушыларға тапсырмаларды орындауына толық мүмкіндік береді. Оқу жетістіктерінің нәтижесінің әдістемесін:
- оқу-әдістемелік материалдарды зерделеу, игеру реттілігі, оқу құралдары, техникалық құралдар;
- оқу материалдарының, жинақталған мәліметтердің негізгісін анықтау;
- білім алшылардың өздік жұмыстарын талдау, т.б. оқытушы анықтап береді.
- қорытынды бөлікте (10-15 мин) білім алушылар берілген тапсырмаларды аудитория алдында дәлелді түрде қорғайды.


БОӨЖ ұйымдастыру түрлері мен формалары



Білім алушының
оқу іс-әрекеті

Оқытушының іс-әрекеті

1. Оқу материалдарын конспектілеу

Бағалау мақсатында тексеру

2. Әдебиеттерге талдау жасау

Тақырып таңдау және тексеру
Оқу материалдарының қысқаша мазмұнын ұсыну

3. Зерттеу-ізденіс сипатындағы тапсырмаларды орындау

Зерттеу-ізденіс сипатындағы тапсырмаларды құрастыру, тақырыпқа сәйкес әдебиеттер тізімін жасау
Білім алушылармен ұсынылған әдебиеттерге талдау жасау, оқу іс-әрекетінің жоспарын құру, ақпарат жинақтау әдістемесін ұсыну.

4. Дәрісте берілген оқу материалдарын өңдеу.
Ұсынылған әдебиеттерді толықтыру.

Талқыланатын оқу материалдары тақырыбын анықтайды, оқу материалдарының қысқаша мазмұнын және оқу әдебиеттерін ұсынады.

5. Жинақталған материалдар бойынша тапсырмаларды орындау, аудиторияға түсіндіру

Жоспар құру, тапсырмалар құрастыру, тапсырмаларды тексеру.

8. Бақылау жұмыстарын өзбетінше орындау

Бақылау жұмыстарын тақырыбын анықтау, білім алушыларға кеңес беру, т.б.
Бақылау тапсырмаларын дайындау, тексеру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет