Лекция жоспары Зат алмасуына кіріспе. Көмірсулар алмасуының сатылары



бет1/5
Дата08.04.2023
өлшемі1.29 Mb.
#471914
түріЛекция
  1   2   3   4   5
К алмасуы

Көмірсулар алмасуы, аралық алмасуы.

Лекция жоспары

1. Зат алмасуына кіріспе.

2. Көмірсулар алмасуының сатылары.

3. Глюкозаның тотығу жолдары.

4. Анаэробты гликолиз, реакциялары, энергиялық балансы.

5. Глюкозаның аэробты гликолитикалық жолмен тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.

ЗАТТАР АЛМАСУЫНА КІРІСПЕ

Заттар алмасуы (метаболизм) бір-бірімен тығыз байланысты, қарама-қарсы 2 процестен тұрады:

  • катаболизм (диссимиляция);
  • анаболизм (ассимиляция).

Катаболизм – күрделі органикалық заттардың жай заттарға дейін ыдырап, энергия бөлуі (экзергоникалық үдеріс).
Анаболизм – күрделі қосылыстардың жай заттардан синтезделуі (эндергоникалық үдеріс).
Метаболизмді шартты түрде 4 сатыға бөлуге болады:
І. Тағамның түсуі және қорытылуы. Қорытылу–күрделі заттардың (белоктар, крахмал және т.б.) ас қорыту жолдарында механикалық, ферменттік тәсілдермен мономерлерге (амин қышқылдары, глюкоза және т.б.) дейін ыдырауы.
ІІ. Сіңірілу – қорытылу өнімдерінің ішек қуысынан организмнің ішкі ортасына түсуі. Бұл әр түрлі механизмдер арқылы іске асады.
ІІІ. Аралық алмасу – сіңірілген заттардың жасушаларда өзгеріске ұшырауы.

ІV. Зат алмасуының соңғы өнімдері организмнен зәр, нәжіс, тер, тыныс алу арқылы бөлінеді.

ІV. Зат алмасуының соңғы өнімдері организмнен зәр, нәжіс, тер, тыныс алу арқылы бөлінеді.


Энергия сақталады:
  • жоғары энергиялық фосфаттар түрінде (АТФ, ФЕП, 1,3-дифосфоглицерат);
  • тотықсызданған эквиваленттер түрінде (НАДФН2).

Энергия пайдаланылады:
  • организмнің әр түрлі тіршілік қимылына;
  • анаболизм реакцияларына;
  • дене t0-н (жылу бөлінуі) бір қалыпты ұстап тұруға.

Тағам көмірсулары

Көмірсулар тағам арқылы түседі. Белоктар, липидтер, көмірсулар төмендегідей қатынаста болуы тиіс (Б:Л:Кс) – 1:1:4.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет