Лекция мемлекеттік су ресурстары Мақсаты: Қазақстанның су ресурстарын, Су Кодексін және мелекеттік су кадастрын оқып білу. Дәріс сұрақтары



бет1/4
Дата24.12.2023
өлшемі77.02 Kb.
#487814
түріЛекция
  1   2   3   4
ЛЕКЦИЯ 3



3 ЛЕКЦИЯ

Мемлекеттік су ресурстары
Мақсаты: Қазақстанның су ресурстарын, Су Кодексін және мелекеттік су кадастрын оқып білу.
Дәріс сұрақтары:
4. 1 Судың биосфера және тіршіліктегі маңызы
4. 2 ҚР су ресуртары
4. 3 ҚР су кодексі
4. 4 Мемлекеттік су кадастры. Су ресурстарын мемлекеттік есепке алу.
4.5 Суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
4. 1 Су ауа сияқты мөлшерлі сарқылмайтын табиғи ресурстарға жатады, бірақ адамға сонымен қатар биосферадағы барлық тіршілікке су формуласы Н2О болатын зат ретінде ғана емес, сонымен қатар белгіленген сапалық көрсеткіштермен былайша айтқанда мөлдірлігі, температурасы, белгілі қоспалары және с.с. болатын зат ретінде қарастырылады.
Гидросфера – бұл судың ғаламдық айналымы циклі және оның газдар мен минералдық заттарды еріту қабілетіне байланысты қоршаған табиғи ортаға түсетін ластаушы заттардың табиғи сүзгіш-аккумуляторы немесе жинағышы.
Статистикаға сүйенсек әлемдегі барлық аурулардың 80% тұщы судың қанағаттанғысыз сапасынан болатындығы анықталған.
Сонымен бірге суды ештеңемен ауыстыруға болмайды, бұл жағдайымен ол басқа барлық шикізаттар мен жанармай түрлерінен өзгеше ерекшеленеді. Суды тек ғана су ауыстыра алады!
Сусыз тіршілік жоқ. Қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған, былайша айтқанда су бар жерде тіршілік бар. Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор, жер бетінің шамамен 70% теңіздер мен мұхиттар алып жатыр, бірақ бұлар тұзды сулар болып табылады. Барлық негізгі жердегі экожүйелер, сонымен бірге адамзатты қоса, тұщы судың болуына байланысты онда тұздың мөлшері 0,01% кем болуы керек. Оның мөлшері өте аз - әлемдік су қорының 1% кем, ал өспелі адамзат суды ысырап қылады және бұл өте құнды байлықты ластайды.
Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың немесе құнды минералдың жалпы мөлшері жылына 4000 м3 , немесе адам басына шағылғанда 900 м3. Бұл орасан зор мөлшер.
Адамның физиологиялық қажеттілігіне күніне шамамен 2,5 л су керек, бірақ бұл аздаған мөлшердің өзі барлық жерлерде жете бермейді. Мысалы адамзаттың 1/5 бөлігіне тұщы су жетіспейді және оның сапасы нашар келеді.
Біздің планетадағы судың үлкен көлемде болуы оның молшылығы және сарқылмайтындығы туралы пікір қалдырады. Дегенмен гидросфера - Жер қыртысының ең жұқа қабыршағы. Судың барлық күйдегі және барлық сферадағы мөлшері планета массасының 0,024%-дай ғана болады және оның аздаған бөлігін ғана пайдалануға мүмкіншілік бар. Қазіргі кезде Жерде су тапшылығы байқала бастады.
Тірі организмдерде су негізгі функцияны атқарады, ол клетканы қоректендіру. Клетка суды мембрананың екі жағында осмостық қысымның айырмашылығы болған кезде және суда тұздың концентрациясы клетканың ерітіндісінен төмен болғанда сіңіреді.
Осы тұрғыдан тірі организмдерге тұщы су қажетті болады. Теңіз суын ішкен адам организмге су жетіспегеннен өледі, үйткені су клетканы қоректендіре алмайды.
Тірі организмдер жүйесіндегі су балансы қоршаған орта мен жалпы биосферадағы су балансы сияқты маңызды мәселе.
Лас су – көптеген бактериялардың: оба, қарын сүзегі, жұқпалы іш ауруы, сібірлік жара және с.с. мекендеу ортасы және көбею сорпасы болып саналады.
Жердегі бар су үздіксіз тазартылады және айналым жасайды. Биосферадағы су айналымында булану жиынтығы жауын-шашынның түсуімен теңдестіріледі. Сутегінің аздаған мөлшерінің космосқа шығындануы магмалық ошақтардан жоғары кқтерілетін жер асты суларымен толықтырылады. Мұхиттан су жауын-шашынмен түсетін судан көбірек, ал құрлықта керісінше азырақ буланады. Құрлыққа түсетін «артық» жауын-шашындар мұздақтар, жер асты сулары, көлдер мен өзендерді толтырады және ағындармен мұхитқа қайтып келеді. Судың бір бөлігі өсімдіктердің транспирациясына кетеді. Былайша айтқанда жалпы судың айналымы булану, конденсация және жауын-шашыннан тұрады.
Дегенмен су айналымы үш негізгі «ілгектерден» тұрады: 1) жер бетіндегі ағындар: су жер бетіндегі сулар бөлігі; 2) булану-транспирация: су топырақпен сіңіріледі, капиллярлы су ретінде ұсталып тұрылады, сонан кейін жер бетінен булану немесе өсімдіктермен сіңірілу және транспирация кезінде бу ретінде бөлінеді де атмосфераға қайтып келеді; 3) жер асты сулары: су жер астына түседі, одан жылжып құдықтар мен бұлақтарды толтырады және осылай жер бетіндегі су жүйелеріне қайтадан түседі.
Сонымен, құрлықтың барлық учаскелері жауын-шашынмен түсетін, бірте-бірте жер бетімен және оның қабатынан өтіп жылжитын тұщы су ағындарымен жуылады. Тұздар мен басқа да еритін минералдар буланатын жерлеріне апарылады және сол жерлерде су буланғанға дейін жиналады, сүйтіп келесі цикл басталады. Булану орны, тұздар мен басқа да еритін минералдар жолының соңы болып негізінен мұхит саналады.
Біз пайдаланатын барлық су айналымның ана немесе басқа нүктелерінен алынады. Ең қауіпті жағдай гидрологиялық циклге біздің өндіру кезіндегі барлық қалдықтар мен ластағыштардың түсуі. Сонымен қатар қалалардың өсіп-дамуы, ауыл шаруашылығы сұраныстары, ормандардың жойылуы мен шөлдену жер бетіндегі ағындарды арттырады және инфильтрацияны кемітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет