Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы



бет1/22
Дата15.02.2022
өлшемі45.04 Kb.
#455411
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау


Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау

Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы

Сыртқы ластанудан қорғалған сулар әдетте тазартуды және залалсыздандыруды қажет етпейтіндігі белгілі. Ол - жердің қатты қабаттарының арасындағы қысымды сулар. Бірақ жер бетіндегі сулардың басым көпшілігі және кейбір грунт сулары гигиеналық жағынан сапалық бақылау талаптарына сәйкес келмейді. Судың көрсетілген нормативтен ауытқуы оны тазарту мен технологиясының қажетті дәрежесін анықтайды.



  • Суды тазартау мақсаттағы сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде ең көп тараған әдістер:

  1. Судың органолептикалық қасиетін жақсарту бойынша – түссіздендіру, тұщыландыру, дезодорация (иісін кетіру).

  2. Эпидемиологияық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша – залалсыздандыру.

  3. Химиялық құрамын қалыпқа келтіру бойынша – фторсыздандыру, темірсіздендіру, газсыздандыру (дегазация), т.б.

Суды тазарту – құрамындағы заттарды ажырату арқылы оның сапасын жақсарту, бұл жағдайда суды дайындаудың технологиялық схемасының бөлінетін негізгі белгілері:

  • Реагенттерді қолдану жағдайына байланысты олар реагентті және реагентсіз болуы;

  • Мөлдірлендіру тиімділігі бойынша – толық және толық емес мөлдірлендіруі;

  • Технологиялық үрдістердің саны бойынша – бір, екі және көп сатылы болуы;

  • Судың қозғалу сипаты бойынша – өз бетімен ағатын және қысымды болуы.

Мөлдірлендіру деп суды майда қалқып жүрген заттардан тазартуды айтады. Суды мөлдірлендірудің негізгі әдісінің бірі – тұндыру, тазарту қондырғысы – тұндырғыштардан су өте аз жылдамдықпен өтеді. Бұл жағдайда судағы қалқып жүрген заттардың шөгуі олардың мөлшеріне және меншікті салмағына байланысты. Судағы бөлшектердің диаметрі және меншікті салмағы неғұрлым аз болса, соғұрлым тұну жылдамдығы баяу болады. Мысалы: ірі құм 1 м тереңдікке 10 секундта тұнады, майда құм 2 минутта, тұнба лай (ил) – 2 сағатта, саз – 7 күнде, майда саз – 2 жылда, ал коллоидты бөлшектер – 200 жылда тұнады. Бұдан судағы өте майда өлшенді заттарды тұндыруды уақытпен алғанда іс жүзіне асырудың мүмкін еместігін көруге болады. Сондықтан жай ғана тұндыру меншікті салмағы жоғары, ірі дисперсиялық бөлшектер үшін ғана тиімді. Негізінен көп жағдайда суда, әсіресе жер бетіндегі суда коллоидты, майда ұсақталған бөлшектер бар. Суды санитарлық тазарту тәжірибесінде олардың тұнуын тездету үшін коагулянттарды, яғни реагенттерді қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет