Лекция Модуль атауы: «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек»



Дата07.03.2023
өлшемі75.86 Kb.
#470492
түріЛекция
Лекция 9 (4)


Лекция
Модуль атауы: «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек»
Курс: 3
Топ: фарм 301/11
Дайындаған: Жумабаев Н.А.
Бас-ми қанайналым бұзылыстары
Инсульт - ми қан айналымының жіті бұзылысы, яғни ми қан-тамырларының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы.
Инсульт - ишемиялық (ми инфарктісі) және геморрагиялық (миға қан құйылу) болып бөлінеді.
Ишемиялық инсульт. Бұл жағдайда тамыр өз қабырғасының тұтастығын сақтап қалады, алайда қанның ағымы тромбымен түйілуіне немесе тығындалуына байланысты тоқтап қалады. Тромбылар - қантамыр қабырғасының жас ерекшелігіне қарай өзгерістері - кез келген ағзадағы қантамырды бітеп, жүрек, бүйрек, ми инфарктісіне алып келеді. Қантамырлар жалпы қан ағысына келіп түсетін май тіндерінен де тығындалуы мүмкін, мысалы, бұл жағдай ұзын түтікше тәрізді сүйектер сынғанда немесе толық адамдардың қуыстық операциялар кезінде орын алуы ықтимал. Газды эмболия - тамырлардың газ көпіршіктерімен тығындалуы - өкпеге операция кезінде туындауы мүмкін. Ишемиялық инсульт - қарт адамдарға тән. Ол көбінесе түнде немесе таңға қарай туындайды, бірнеше күн ағымында бірте-бірте дамуы мүмкін, ауыспалы сипатқа да ие бола алады. 
Геморрагиялық инсульт . Бұл артериялық гипертонияның асқынуы болып табылады. Жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылады да, қан ми заттегіне келіп түседі. Құйылған қан миды басып, оны ісіндіреді және мидың бір бөлігі өледі. Мұндай инсульт көбінесе ауыр, күйзеліске толы күннен соң туындайды. Кешке қарай бас жарылып кетердей қатты ауырады. Заттардың барлығы қызыл түсті болып көріне бастайды, жүрек айнып, құсады, бас ауруы күшейеді - соққының алғашқы белгісі осындай. Сонан соң қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезгіштік қабілеттері бұзылады, құлақ естімеуден бастап, естен тануға, тіпті кома жағдайына дейін барады.
Инсульттің пайда болуының негізгі факторлары:
- Жоғары артериалдық қысым
- Қант диабеті
- Жүрек аурулары
- Алкоголь және наркотик тұтыну
- Қандағы зиянды холестериннің деңгейінің жоғары болуы
- Дене белсенділігінің болмауы
- Дұрыс тамақтанбау
- Семіздік
- Күйзеліс және депрессия
- Васкулит (қантамырларының қабынуы) және қанның ұюының бұзылысы секілді кейбір аурулар инсульттың пайда болуына алып келеді.
Инсульттің алғашқы белгілері. Инсультті анықтау үшін FAST тестті (Face Arm Speech Test, аудармасы «Бет-Қол-Сөз-Тест) қолдансаңыз да болады .
Инсультпен ауырып тұрған адамның күйін мынадай 4 қарапайым белгіcі арқылы тануға болады:
* Науқастан күлуін өтініңіз (ол талпынуы мүмкін, бірақ күле алмайды )
* Әңгімеге тартыңыз (мысалы, «бүгін ауа райы керемет, солай ма?» десеңіз, сөйлеуге қиналады немесе сөйлей алмайды) 
* Екі қолын қатар көтеруін өтініңіз (ол бұны істей алмайды) 
* Тілін шығаруын өтініңіз (тілі жыбырлап не қайырылып тұрады)
Инсульт кезіндегі алғашқы көмек
Ең алдымен 103-жедел медициналық көмек бригадасын шақыру керек!
Жедел жәрдем келгенше:
-Мойыны бүгіліп, қанның ағысының нашарламауы үшін бас пен иықты жастыққа қойып науқасты көлденеңінен жатқызу керек;
-Тыныс алуды қиындататын киімнің алдын ашып, таза ауаның келуіне ықпал ету керек;
-Тісінде протез болса алып тастау керек;
-Егер науқас құсып жатса, басын бір жаққа қисайтып, құсықтың тыныс алу жолына кетпеуі және тілдің артқа кетпеуі үшін құсықты шығару керек. 

Студенттің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Инсульт анықтамасы. Ишемиялық инсульт

  2. FAST тест тексеру принциптері

  3. Ми қан айналымының жедел бұзылысы кезіндегі алғашқы көмек


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет