3 Тақырып. Қан кетулер кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі. Акушериядағы қан кету кезіндегі көмек



бет1/7
Дата29.04.2023
өлшемі37.19 Kb.
#473005
  1   2   3   4   5   6   7
қан кетулер анықтамасы


3 Тақырып. Қан кетулер кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі.Акушериядағы қан кету кезіндегі көмек
Қан кету (грекше – қан, – ағу) – қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан).
Қан кету мәселесі шұғыл хирургияның маңызды бөлімінің бірі, себебі көп қан кезінде айналыстағы қан мөлшері азаятындықтан, тіндердің қоректенуінің бұзылуынан, оттегімен қамтамасыз етілуі нашарлайтындықтан науқастың өміріне қауіп төнеді. Тез және көп мөлшерде қан кетсе науқас өліп кетуі мүмкін.
Қан кетуде 3 түсінік бар: қан кету, қан құйылу және гематома.
Қан кету деп қанның тамырдан сыртқы ортаға, қуысты ағзаға, организм қуыстарына қарқынды ағуын айтады.
Қан тамыр ішінен шығып қоршаған тіндерге сіңсе, оны қан құйылу деп атайды. Әдетте, қан көлемі азғантай, қанның шығу жылдамдығы тез азаяды, қанның тамырдан сыртқа ағуы өздігінен тоқтайды.
Сыртқа шыққан қан тіндерді ажыратып, ағзаларды ығыстырған кезде ол жерде жасанды қуыс пайда болады және ол гематома деп аталады.
Қан кету мәселесінің маңыздылығы келесі факторлармен анықталады:
Қан кету көптеген дерттер мен жарақаттардың асқынуы, кейде хирургтің қимыл-әрекетінің салдары болуы мүмкін.
Қан кетудің жіктелуі
Қанның сыртқа шығуының себептеріне, механизміне байланысты қан кетуді 3 топқа бөледі:

  1. қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі.

  2. қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік, ферменттередің әсері) кезіндегі эррозиясы (жаралану, желіну, өліеттену) салдарынан қан кету.

  3. қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия, сепсис, скарлатина және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет