ДӘРІСТЕР ТЕЗИЗТЕРІ
№1 Лекция Психодиагностика ғылыми технология ретінде
Жоспар:
1. Психодиагностика пәні туралы жалпы түсінік.
2. Тарихи дамуы.
3. Психодиагностиканың кәсіптік аспектілері.
Психодиагностика - психологиялық диагноз қою немесе жеке адамның психикалық күйі туралы мамандырылған түрде шешім қабылдау.
Психодигностика ғылым ретінде, келесі жалпы мәселелерді қамтиды: І.Психикалық құбылыстардың табиғаты қандай?
2.Психикалық қүбылыстарды тануда оның жалпы ғыльши негіздері неде?
3.Психодиагностикалық әдістер жалпы ғылыми, әдістемелік талаптарға сәйкес келе ме?
4.Психодиагностикалық әдістерге қандай әдістемелік талаптар қойьшады?
Практикалық диагностиканың нәтижелерінің дәлдігіне қандай негіз бар? Психодиагностика тек теориялық мәселелерді ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін де қамтиды.
1 .Психолог - психодиагностқа кәсіби талаптардың қойылуы.
2.Өзінің жұмысын дұрыс жүргізу үшін онда қажетті білімнің, ептіліктің, дағдының болуы.
3.Практикалық жағдайлардың жасалуы. Практикалық психологта арнайы бағдарлама мен әдіс-тәсілдердің болуы.
4.Психолог-диагносттың жүмысы осы 2 бөлікті (яғни теориялық және практикалық) қамтиды.
Психодиагностика психологтың түрлі іс-әрекетінде қолданылады. Мысалы, әксперимент өткізгенде зерттеуші ретінде, психологиялық түрғьщан кеңес бергенде, психологиялық коррекция әрекетінде. Өте жиі ол психологиялық диагноз қою болуы тиіс.
Психодиагностиканың мақсаттары:
1. Адамның бойьшда психикалық қасиеттердің немесе мінез-қүлық ерекшеліктерінің көрініс беруін анықтау.
2. Осы ерекшеліктердің даму дәрежесін, оның сандық және сапалық жағынан көрініс беруін анықтау.
3. Басқа адамдардың бойындағы қасиеттер мен осы көрініс берген ерекшеліктерді немесе қасиеттерді салыстыру.
4. Адам бойындағы қасиеттерді, мінез-құлық ерекшеліктерді сипаттай білу.
Психодиагностика кәсіби психологтың іс-әрекетіндегі ең күрделі сала. Бұл салада қызмет ету үшін білім, дағды, ептілік қажет. Мысалы, Америкада жоғары білімі бар мамандар осы сала бойынша дайындық өтеді ( 2 жылдық арнайы факультеттерде дайындалады). Осы факультетті бітіргеннен кейін, психодиагност, психологиялық коррекция бойынша мамандық алады.
Достарыңызбен бөлісу: |