Фсо пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Дата13.06.2016
өлшемі217.83 Kb.
#131302

Опорноный коспект

лекции






Ф

ФСО ПГУ 7.18.2/07





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Мәліметтер қорының жүйесі пәні бойынша

050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне

Дәрістердің тірек конспектісі




Павлодар




Лист утверждения опорного конспекта лекции





Ф

ФСО ПГУ 7.18.2/11






Бекітемін

ФМ ж ИТ факультетінің деканы

_____________ Тлеукенов С.К.

«__»_________2008ж.


Мәліметтер қорының жүйесі пәні бойынша

050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне

дәрістердің тірек конспектісі

Құрастырушы: аға оқытушы Аканова А.С.


Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

Оқу формасы: жалпы орта білім негізіндегі күндізгі, түскен жылы-2006

Дәрістер тірек кнспектісі жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған

Кафедраның отырысында қарастырылған


«__»_______________________200 ж. №_____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Ж.К.Нұрбекова

(қолы)
Факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған

______________________________________


«___»___________200 ж. №______ хаттама
ӘК төрайымы ____________ А.З.Даутова

(қолы)


Мәліметтер қорына кіріспе. Өрістер. Мәліметтердің жиыны.
ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.

Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.



Объект деп мағлүматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттың жүйенің элемеиттері аталады.

Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен ситатталады.

Мәлметіпердің басты элементі деп мәлметтердің баска элементтерінің мәндерін аныктауға мүмкіидік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын біреғей түрде жағастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екіншіреттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар то­бы). Ен алдымен, екінгиі реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.

МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;

■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;

■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;

■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.

Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.

Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.

Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.

Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатавдығы (ерікті үзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін,

Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мүнда биік үшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сүрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттан-дырмайды,

Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан) «бәрімен барлық жағынан» байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мүны іске асыру мүмкін болмағандыктан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.

Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі.

Кейбір МББЖ туралы мәліметтер кестеде келтірілген.

1) Ақпаратты жүйелерді құрудың жалпы теориясы.

Барлық жағдайда жобалау және құру әртүрлі болып келеді.



  1. Жобалаудің соңында АЖ өзі болмайды, бұл кезде жобаіні қағаз бетінде көреміз. Ал CASE технологиясын жобаілегенде оны электронды түрде аламыз.

  2. АЖ соңғы кезегінде оны физикалық түрде аламыз, сондықтан бұл кезең құрылымды дайындаудың соңғы кезеңі деп аталады.

АЖ келесі ерекшелігін атап көрсетейік.

Толығымен айтқанда АЖ әдіс – тәсіл, зерттеулерсіз алуға болады, сонымен қатар оны бұрын қолданған білімді қолдануға болады. Екінші тәсілі – АЖ құрудың технологиясына сәйкес келеді. Белгілі технологияларды қолдану процесс құрудың тиімді тәсілі мен сапалы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді.

АЖ құруда келесі анықтамалар мен таңдаулар қолдануды керек етеді.


  • АЖ құрыла алатын немесе база арқылы қолданатын АЖ технологиясы

  • Жобалау және енгізілу жұмыстары көмегімен енгізілетін процесс ұжымы немесе бизнес – процесс құру технологиясы.

Келесі технологияны құру және шыіару механизмі.

Зерттеулер нәтижесі және жинақталған тәжірибе, АЖ аумағында алынған өңдеулер, оның ішінде жобалау, АЖ құруда жалпы технологиялар құруда көптеген міндеттер қолданылады.

Бұл технология көптеген бөліктер мен жобаілерден және жеке жүйелерден тұрады, сондай –ақ стандарттар мен құрылғылардан тұрады. Осы технологияларды құрастырудың қатынастары келесі болып табылады.


  1. АЖ құру және проетілеу үшін жалпы сұлба және жеке кезеңнің логикалық тізбегін, кезең мен операцияларды керек етеді.

  2. Егер әрбір сұлба этабында операция және кезеңді орындау құрамын көрсетсек, онда сұлба АЖ құру технологиясы құрудың технологиялық құрылымы өзіне пәндік облыс және есептеуді талдаудың құрылымын қосады.

  3. АЖ құрудағы стандарттар барлық процесті орындауды қолданады.

Сонымен, осы аталғандарды қорытындылай келе, АЖ құрудың келесі сұлбасы бар.

  1. Автоматизация есептерін талдау және формальдау

  2. МҚБЖ жобалау

2.1 Концептуалды деңгейде жобалау

2.2 Физикалық деңгейде жобалау

3. Жүйені құру, яғни орнату

4. Жүйені енгізу және сыніа алу

5. АЖ дамыту және түзету

6. Әкімшілік жүйе

МҚ жобалаудің жалпы схемасы

МҚ жүйесі АЖ классы болып табылады. Ол МҚ және МҚБЖ – дан тұрады.

МҚ – на қолданатын АЖ технологиясының сұлбасын көрсетейік.


  1. Автоматизация есептерін талдау және формальдау

  2. МҚ жобалау

    1. МҚ жүйесін проктілеу

      1. Концептуалды немесе даталогиялық жобалау

      2. Физикалық жобалау. МҚ сақтау орны және архитектура типінің анықтамасы: локольды, клиент – сервер

    2. МҚБЖ жобалау

      1. Концептуалды проетілеу

      2. Физикалық проетілеу.МҚБЖ архитектурасының анықтамасы. Программалау тәртібінің анықтамасы

  3. Жүйені өндіру және құру

  4. Жүйені енгізу және сынау

  5. Жүйені қарастыру. МҚ және МҚБЖ – ны түзету және дамыту.

  6. Әкімшілік жүйе

МҚ – ны логикалық деңгейде жобалау процесі келесідей болады.

МҚБЖ көмегімен берілген есепті шешу үшін көптеген мәліметтер тобанан тұрады. Жиындағы әрбір топ кесте түрінде көрсетіледі. Сондықтан МҚ МҚБЖ кесте тобынан тұрады.

3. МҚ жүйесінің қазіргі заманға сай архитектурасының жалпы сұлбасы.

Қазіргі кезде МҚ жүйесі 7 архитектурасының бірінен құрылады. Соларды қарастырайық.



  1. Локальды. МҚ жүйенің архитектураның бұл түрі компьютерден немесе мейнфреймнен тұрады.

Мэйнфрейм – компьютер – терминалымен байланысқан орталық қуатты компьютер сервермен және жиыннан тұрады.

  1. Файл – екі деңгейден тұратын сервер

Жоғары деңгей – мәліметтер сервері, төменгі – клиенттік жүйе.Клиент жүйенің саны қолданушының санымен сәйкес келеді.

  1. Екі деңгейлі клиент – сервер келесідей болады:

  • жоғары деңгей мәліметтер серверін құрайды,

  • төменгі деңгей клиенттік жүйенің жиынтығын құрайды

Клиенттік жүйеінің саны қолданушы санымен сәйкес келеді.

  1. Үш деңгейлі клиент – сервер:

  • жоғары деңгей мәліметтер серверін құрайды

  • ортаңғы деңгей – мәліметтерді өңдеу процедурасынан тұрады

  • төменгі деңгей клиенттік жүйенің жиынтығын құрайды. Клиенттік жүйеінің саны қолданушы санымен сәйкес келеді.

  1. МҚ жүйесін бөлу. Мұндай архитектура екі деңгейден тұрады.

Жоғары деңгей архитектурасы – серверден тұратын бір рангілі желі.

Сервердің деңгейі міліметтер серверінен және процедуралардан тұра алады.

Төменгі деңгей – қолданушының клиенттік жүйесі


  1. Аралас – дәстүрлі және интернет немесе Web архитектурасы Мәліметтерді өңдеудің ішкі технологиясы интернет технологиясымен сәйке келеді.

  2. Толық интернет архитектурасы. Мәліметтер қорының жүйесі барлық архитектура базасында және интернет желімінің технологиясында құрылған.

МҚ жүйесі маңызды болып табылатын ұғым. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін жүйе екі компоненттен тұрады.

  • Мәліметтер қоры

  • Мәліметтер қорын басқару жүйесі

Қазіргі кезде ЭЕМ-сы кең тараған кезде құжаттарды электронды түрде өңдеу актуальды мәселелердің бірі. Құжаттармен жұмысты ЭЕМ-де жүргізудің бірнеше артықшылықтары бар:

- Құжаттардың құрылымын оңай өзгерту, өшіру, енгізу, қажет жазбаларды іздеудің қолайлылығы;

- Клиент –сервер технологиясы арқасында мәліметтер құжатын локальды және алыстан басқару мүмкін болады.

Бұл жұмыста қарастырылатын мәселе- жоғары оқу орнының есептеу орталығының мәліметтері қорын құру, оны ұйымдастыру және басқару.

Жоғары оқу орнының есептеу орталығының мәліметтері қорын құру – жұмысшы құрамын оңай қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жұмысшыны қосу не алып тастау, мәліметтер қорының кестесін өңдеу.

Қосымша Delphi ортасында BDE көмегімен құрылған кестелер жиынымен жұмыс жасауға арналған. Локальды қашықтықтан басқарылатын мәліметтер қорын құруға арналған бірнеше орталар бар. Олар Access, Oracle, dBase, т.б.

Мәліметтер қоры- (біз реляциялық мәліметтер қоры туралы айтамыз) бұл кестелер жиыны деп айтуға болады, сонымен қатар мәліметтер қорына процедуралар және басқа да объектілер кіретінін көреміз.

Кестені қарапайым екі өлшемді кесте ретінде қарауға болады. Кестенің аты болады, ол- идентификатор, сол арқылы онымен байланыс орнатамыз. Бағандар әр-түрлі мінездемелерге сәйкес келеді және әрбір алаң сақталатын мәннің типімен және атымен сипатталады. Алаң аты- ол идентификатор және ол әр түрлі программаларда манипуляция жасау үшін қолданылады. Мұның аты латын әріптерімен жазылады да, алаң типі алаңда сақталатын мәннің типімен сәйкес келеді және ол әріптер, сандар, булевті мәндер, үлкен тексттер, суреттер т.б болуы мүмкін. Кестенің әрбір жолы бір объектіге сәйкес келеді және оны біз жазба деп айтамыз. Кестені құрғанда ақпарат қарама-қайшылыққа ұшырамас үшін кілт алаңын кіргіземіз, ол алаңның уникальдылығын қамтамасыз етеді. Алаң мәндерін қолданушы енгізеді, ол мәліметтер қорында сақталады және мұндай алаңдардан басқа есептеуші алаңдарды да енгізуге болады. Мұндай алаңдарға қолданушы мән енгізе алмайды, ал оның мәні басқа алаңдардың көмегімен есептеледі. Қолданушы кестемен жұмыс істегенде көрсеткіш жазба бойымен сырғып отырған секілді әсер береді. Әрбір уақыт кезінде бір жазбамен жұмыс істеледі. Жазбалар белгілі бір ретпен орналасуы да мүмкін, реттеу үшін индекс түсінігі енеді. Индекс қолданушыға қандай ретпен орналасу керектігін көрсетеді. Ол қолданушы мен кесте арасындағы делдал ретінде болады. Көрсеткіш индекспен сырғып отырады, ал индекс белгілі бір жазбаны көрсетеді. Қолданушы үшін кесте реттелген болып көрінеді, сонымен қатар ол индексті өзгерту арқылы қарап отырған жазбалардың ретін өзгертуге болады, мұнан индекстер өзгереді, яғни жазбаларға сілтеме реті өзгереді.

Индекстер 1-ші ретті немесе 2-ші ретті болуы мүмкін. Мысалы, 1-ші ретті индекстерге мәліметтер қорының кілт ретінде құрылған алаң болуы мүмкін, ал 2-ші ретті кілттер басқа алаңдардан құруға болады, я болмаса онымен артынан жұмыс істеу барысында құрып алуға болады. Егер бірнеше алаң индекстелген болса, онда реттеу алғашқы құрылған индекс алаңынан басталады. Мәліметтер қоры көптеген кестелерден тұруы мүмкін. Қолданбалы программалар бөлек кестелермен жұмыс жасамайды. Олар кестелер жиынтығымен жұмыс жасайды. Көбінде бір кесте ең басты кесте болады да, ал қалғандары бағынышты болады. Басты және көмекші кестелер кілт арқылы байланысуы мүмкін, кілт ретінде екі кестеде де бар бірдей алаң болады. [1, 188-189].

Мәліметтер қоры қолданатын программалар, өзінің кемшілігі және артықшылығы бар бір архитектураға ие болады.



Локальдық архитектура. Программада мәліметтер қорында бір компьютерде орналасады, сонымен қатар мұнда көптеген қолданбалы программалар жұмыс істейді.

Файл-сервер архитектурасы. Мәліметтер қоры күшті компьютерде, серверде орналасады, ал қолданбалы компьютерлер локальді желі арқылы қосылған. Бұл компьютерде клиент программалары орнатылған. Олар мәліметтер қорымен желі арқылы байланысқан. Мұндай архитектураның артықшылығы- мәліметтер қорымен бірнеше қолданушы жұмыс істей алады, кемшілігі –желімен көп мәліметтер беріледі. Барлық өңдеулер клиент орнында өңделді.Онда мәліметтер қорының көшірмесі құрылады, бұл қолданушының максималды санын шектеуге әкеледі және мәліметтер қорымен жұмыс істегенде көп уақыт кетуге әкеп соғады. Бұл кешіктірулер белгілі кестемен бір мезгілде жұмыс істеу мүмкіндігі жоқтығында. Клиент программалары осы көптеген жұмысты тоқтатпайынша бұл кестемен басқа қолданушылар жұмыс жасамайды. Бұл кесте деңгейіндегі блоктау деп аталады.

Клиент-серверлік архитертура. Мұндай архитектурада, серверде тек қана мәліметтер қоры сақталмайды, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйесі программасы жұмыс істейді. Ол қолданушылардан келген сұранымдарды өңдеп, оларға жазбаларды қайтару үшін қолданылады. Қолданушы программалары тікелей файл серверлік архитектурадағыдай мәліметтер қорымен жұмыс істемейді, ол мәліметтер қорын басқару жүйесіне қарайды, сонымен қатар операцияларды орындайды. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорының дұрыстығын автоматты түрде тексеріп отырады және одан мәліметтерді қарауды пароль арқылы бақылап отырады. Клиент-сервер мәліметтер қорын басқару жүйесі алаң және жазба деңгейінде блоктауды жүзеге асыра алады. Бұл кестемен жұмыс істеген жазбаны өзгерту тек біреуінің ғана мүмкіндігі болады, ал кестемен жұмыс істеушілер өте көп болуына болады. Егерде сервер жұмыс істемесе бүкіл жұмыс тоқтайды.

Бөлшектелген архитектура. Желіде бірнеше сервер жұмыс істейді. Мәліметтер қоры кестелері өзара бөлінген, әрбір серверде мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз қосымшалары болады. Программа сервері деп аталатын программасы бар арнайы программалар қолданылады, олар сұранымдарды оптимизациялауға мүмкіндік береді және желідегі компьютерге күш түсіруді өзара бөліп береді. Егерде берілгендермен интенсивті түрде есептеу керек болса, онда басқа күшті желі компьютерде автоматты түрде іске қосылуына болады, мұны компоненттер деп атайды. Бұл клиенттерге күш түсіруді азайтады, мұндай архитектура- компоненті архитектура деп аталады. Архитектураның кемшілігі- серверлік компоненттерде жоғары қойылуында және құру процесінің қымбаттылығы мен қиындығында.

Интернет архитектурасы. Мәліметтер қорына кіру (бір компьютерде немесе желіде орналасқан) стандартты протокол бойынша броузердің көмегімен іске асырылады. Бұл клиент программасына минимум талап қойылады. Мұндай программаларды- «Тонки клиент» деп атайды, өйткені олар 80386 процессірі бар дербес компьютерде де жұмыс істей алады. Барлық интерфейстер мен протоколдардың интерфейспен қатынасы стандартталуына байланысты мұндай жүйелерді құру және тарату жеңіл болады. Мысалы, локальды желі құрмай интернетке сервер арқылы немесе интернет протоколдарын локальдық жүйеге қолдануға болады [ 2, 135].

Мәліметтерге ену мүмкіндігінің реляциялық тәсілі жазбалар тобының амалдарына негізделген. Амалдарды орындауға SQL (Structured Query Language) құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Delphi қосымшаларында BDE механизмін қолдану барысында мәліметтер жиыны ретінде SQL-сұранысты орындауды беретін Query немесе StoredProc компоненттері қолданылады. SQL құралдарын жергілікті және қашықтағы мәліметтер қорымен амалдар орындауға қолдануға болады. Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу, шығару құралдары жоқ. Microsoft Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты МҚБЖ, SQL-де сұраныстарды программалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды, мысалы Query By Example (QBE) – үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді. SQL программалау тілінің толық функционалдық мүмкіндіктерін қамтымағанмен, программаны жасау құралына қосады және Delphi жүйесіне ендірілген. Сонымен қатар, SQL командаларымен жұмыс істеу үшін сәйкес құралдар және компоненттер бар. Delphi-де мұндай компоненттерге Query, SQLQuery және ADOQuery мәліметтер жиыны жатады. SQL тілінің функциялары:



Статистикалық функциялар:

• AVG() – орташа мән;

• MAX() – ең үлкен мән;

• MIN() – ең кіші мән;

• SUM() – қосынды;

• COUNT() – мәндердің саны;

• COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;

Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:

• UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;

• LOWER(Str) – Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;

• TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;

• SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі символдардан тұратын, n1 жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;

• CAST( AS ) – Expression өрнегін Type типіне келтіру;



Дата және уақытпен жұмыс істейтін функция:

• EXTRACT(<Элемент> FROM <Өрнек>) – дата және уақыт мәндерінен тұратын өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу, дата және уақыт элементі ретінде YEAR, MONTH. MINUTE және SECOND элементтерін көрсетуге болады [3, 242].

Кестелермен келесі амалдарды орындауға болады:

• жаңа кесте құру;

• кестені өшіру;

• кесте өрістерінің құрамын өзгерту;

Бұл әрекеттер SQL тілінің инструкцияларының көмегімен орындалады.

Кестені құру және өшіру.

Кестені құру үшін CREATE TABLE инструкциясы қолданылады:

CREATE TABLE <Кесте аты>

(<Өріс аты> <мәлімет типі>

. . .

<Өріс аты> <мәлімет типі>);

Файлдың кеңейтілуі бойынша кестенің форматы автоматты түрде, яғни db – Paradox кестесі үшін, dbf dBase кестесі үшін анықталады. Кесте файлы МҚ псевдонимі көрсетілген, МҚ каталогында орналастыру керек.

SQL тілінің мәліметтер типі және сәйкес Paradox-тың мәліметтер типтері келесі кестеде көрсетілген.


SQL

Paradox

SMALLINT

Short

INTEGER

Long Integer

DECIMALL

BCD

NUMERIC(x,y)

Number

FLOAT(x,y)

Float(x,y)

CHARACTER(n)

Alpha

VARCHAR(n)

Alpha

DATE

Date

BOOLEAN

Logical

BLOB(n,1)

Memo

BLOB(n,2)

Binary

BLOB(n,3)

Formatted memo

BLOB(n,4)

OLE

BLOB(n,5)

Graphic

TIME

Time

TIMESTAMP

Timestamp

MONEY

Money

AUTOINC

Autoincrement

BYTES(n)

Bytes

SELECT инструкциясын қарастыруда SQL-сұранысы Query компонентінің көмегімен терілген және орындалған деп ұйғарылады. Бұл жағдайда сұраныс орындалуының нәтижесі мәліметтер қорының осы компонентіне сәйкес болып табылады. Мұндай мәліметтер қорының нәтижесінде қайталанатын жазбалардың (яғни барлық өрістердің бірдей мәндері болуы) болуы және болмауы мүмкін. Бұл режиммен DISTINCT сипаттауышы басқарады, егер ол болмаса, онда мәліметтер жиынында қайталанатын жазбалар бола алады.

SELECT инструкциясы өрістер тізімі және FROM операндысынан міндетті түрде тұрады, ал басқа операндылар болмауы да мүмкін болады;

WHERE операндысына мәліметтер жиынының нәтижесін таңдау шарты (критерий) жазылады. Таңдау шарты сипатталатын өрнек логикалық болып табылады, оның элементтері өрістер аттары, салыстыру амалдары, арифметикалық және логикалық амалдар, жақшалар, LIKE, NULL және басқа арнайы функциялар болуы мүмкін;

ORDER BY операндысы мәліметтер жиынының нәтижесінде жазбаларды сұрыптау ретін анықтайтын өрістер тізімінен тұрады. Келісім бойынша әрбір өріс бойынша мәндерінің өсу ретімен орындалады. Егер өрістерді кему реті бойынша сұрыптау керек болса, онда осы өрістің атынан соң DESC сипаттауышы көрсетіледі;

GROUP BY мәліметтер жиынының нәтижесінде жазба тобын бөліп алуға арналған. Топты бөліп алу жазбалармен орындалатын топтық амалдарды орындау үшін керек болады. Мысалы, қоймадағы қандай да бір тауарлардың санын анықтағанға қолданылады;

HAVING операндысы GROUP BY операндысымен бірге қолданылады және топтардың ішіндегі жазбаларды таңдап алу үшін пайдаланылады;

SELECT инструкциясы күрделі құрылымнан тұруы және бірінің ішіне бірі орналасуы мүмкін. Инструкцияларды біріктіру UNION операндысы пайдаланылады. Мәліметтер жиынының нәтижесі екі инструкцияның WHERE операндысында берілген таңдау шарты орындалу барысында таңдалған жазбалардан тұрады.

Сонымен қатар, SELECT инструкциясы басқа инструкцияның ішінде қолданылады, мысалы, жазбаларды модификациялау инструкциясында және оларды орындау үшін жазбаларды таңдауды қажет етуді қамтамасыз етеді [4, 381-386].

Бірнеше мысалдар қарастырайық.

1) Кестеден барлық жазбаларды таңдауға мысал:

SELECT * FROM keste1.db

Бұл сұраныстың орындалу нәтижесінде keste1 кестесінен барлық өрістер мен жазбалар мәліметтер жиынына таңдалады.

2) Кестеден өрістер тізімі бойынша таңдаған мысал:

SELECT FIO,Dolzh,Shtat_sov

FROM keste1.db

Бұл SQL-сұраныстың орындалу нәтижесі keste1 кестесінің FIO, Dolzh,Shtat_sov

өрістері үшін барлық жазбалардан тұратын мәліметтер жиыны болады.

3) Жазбаларды таңдауда қарапайым өрнектерді пайдалануға болады. Өрнектер өрістер атынан, функциялардан, тұрақтылардан, мәндерден, амалдар белгісінен және дөңгелек жақшадан тұрады. Мысалы:

SELECT *


FROM keste1

WHERE Num=:Num

Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі көптеген Delphi 6-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуальды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді [5, 6]. BORLAND SQL LINKS FOR WINDOWS драйвері SQL-серверімен жұмыс істеуге арналған ORACLE. SYBASE. INFORMIX. INTERBASENT және DB2 көбінесе тестілеу үшін қолданылатын МҚБЖ INTERBASE берілген. Басқа формадағы мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін ODDBC-драйверін пайдалану керек, сонымен Delphi арқылы кез-келген масштабтағы клиент-сервер типіндегі программалар құруға болады [6, 189].

Қорыта келгенде, программада мәліметтер қорын басқару үшін SQL тілі қолданылады, сонымен қатар мәліметтер қоры кестелермен жұмыс жасау үшін жазбаларды сұрыптау, жазбаны қосу, жою, өзгерту, іздеу командалары қолданылады. Кестелермен байланыс құруға DbGrid, Query, DataSourse компоненттері де қолданылады.

Delphi программалық құрылғысын құрудың құрылғысы

IDE Delphi құрамы және құрылғысы

Delphi -ді іске қосқан кезде экранда интерграцияланған 4 терезе ашылады: басты терезе, форманы жобалау терезесі, кодты редактілеу және объектілер-инспекторы



Басты терезе.

Экранның үстінгі бөлігінде басты терезе орналасқан. Онда басты мәзір жолы, саймандар тақтасы және палитра компоненті орналасқан. Басты терезе Delphi жүктеліп тұрғанда ашық болады.

Басты терезе жолында осы уақытты ашық тұрған проктінің аты көрсетіледі.

Саймандар тақтасы

Саймандар тақтасы мәзір командасы көрсетілген батырманы құрайды, мысалы File,View, және т.б. Батырманы шерту нәтижесі бас мәзірдегі командалар таңдауына сәйкес келеді, мысалы файлды ашу үшін File мәзірінде Open командасын орындау керек немесе Standart саймандар тақтасында Open батырмасын шерту керек.



Палитра компоненті

Палитра компонентінде өзіңіздің қосымшаңызда құрылған компоненттер көрсетіледі.

Әрбір Delphi элементі үшін негізгі компоненті болып табылады, сонымен қатар Delphi визиуалды компонентіне кітапхана болып табылады. Олар сіздің қолданбалы программаңызды қолданушы интерфейсін құруға көмектеседі.

Диалогты терезе келесі екі түрлі әдіспен ашылады:



  • тышқанның оң жақ батырмасын кез келген жерге шертіп Properties командасын орындау

  • Component мәзірінде Configure Palette командасын таңдау

Форманы жобалауші

Басты терезе – бұл қосымшаны іске қосқан кездегі бірінші көрінетіні. Егер қолданушы бұл терезені жапса, онда ол қосымшаны да жабады. Жоба бірнеше форманы сақтай алады. Оның қайсысы басты екенін білу үшін Project/Options диалогты терезеде Project мәзірінде Options командасын орындағанда білуге болады. Форма Windows – терезесі болып табылады. Ол үлкеюі, кішіреюі, экран бойынша кішіреюі және пиктограммаға айналады.



Редактор кодының терезесі

Редактор кодының терезесі Unit1.pas атымен аталады және жобалау формасының терезесінің артында орналасады. Код редакторы және форма жобалаушісі бір – бірімен тығыз байланысты. Редактор кодында бірнеше файл ашық тұруы мүмкін. Әрбір ашылған файл жеке бетте орналасады, ал оның атауы терезенің үстінгі бөлігінде көрсетеді.



Объект инспекторы

Объект инспекторы объектінің құрамын және формады орналасуын анықтайды, яғни ол формадаға объектіні өзгертуге қолданады. Сонымен қатар, форманың құрамын өзгерту үшін. Объект инспекторы екі беттен тұрады, оның әрқайсысын берілген компоненті анықтау үшін қолданады. Бірінші бет – бұл құрам тізімі, екіншісі – оқиға тізімі. Егер анықталған компонентпен байланыстарды өзгертуге керек болса, оны объект инспекторанда істей аласыз.

. Delphi –де МҚ жүйесін құру

3. МҚ құру

3.1 МҚ жобалау

3.1.1 МҚ –ның концептуалды моделін жобалау

3.1.2 Физикалық моделді жобалау.

МҚ көрсетілген физикалық нұсқаның кестесін немесе МҚ физикалық моделін қарастырайық. Кестені физикалық түрге келтірген кезде құрылымы инвариантты болып табылады, яғни кесте құрылымы өзгеріссіз қалады. Бірақ кесте параметрі нақты мәнді қабылдайды.

МҚ физикалық кестесінің құрылымы бір қалыпты болып табылады.

3.2 МҚ құру

3.2.1 МҚ құру жоспары

МҚБЖ жоспарының жалпы бөлігі болып табылатын МҚ жоспарын құру.

Тапсырманы шығаруға МҚ құру.

МҚ екі кестеден тұрады, оның біріншісі – мастер кесте, екіншісі – деталь.Олардың арасындағы қатынас бірді – көпке.

Осыдан МҚ құрудың келесі жоспары пайда болады.

1 қадам. Құрудың технологиясын таңдау

- консолді режимде

-RAD режимде

МҚ құру жоспары. МҚ құру келесі қадамнан тұрады.

2 қадам. МҚ сақтау орнын тіркеу және анықтау

1. МҚ орналасу орнын анықтау

2. МҚ типін анықтау

3. МҚ атын анықтау немесе алиас

4 Алиасты тіркеу және МҚ адресінің орналасуы

МҚ құру және конструктірлеу, ол үшін келесіне орындау керек.

3 қадам. МҚ кестесінің құрылымын құру.

1. Кесте типін аықтау

2. Кестенің физикалық моделін анықтау. Кестенің бірінші параметрінің қимылын орнату.

3. Құрылған кестені таңдалған алдрес бойынша сақтау.

2. МҚ деталь-кесте құрылымын құру. МҚ екінші кестесін құру бірінші кестеге сәйкес келеді. Оның айырмашылығы тек қана екілік индекс сқрыптау параметрін құру.

4 қадам. Екі кесте жолы арқылы МҚ формалдау.

МҚ құру құрылған кесте бойынша іске асырылады. 1. Екілік индекссацияны орындау. 2. Құрылған кесте арасында бірді көпке қатынасын құру.

3.2.2. Delphi - де МҚ тіркеу.

МҚ анықтау. Бұл файлдар жиынтығы: кесте, триггер және индексте көрсетілген кестелер арасындағы байланыс.



МҚ келесіден тұрады:

  • МҚ кестесі

  • индекс

  • ескертулер

Бір кестені сақтау үшін жеке файл құрылады. Осындай жеке файлдар кесте индексімен Memo өрісті сақтауға құрылады. Бұл файлдар бірге сақталып орналасу қажет, әйтпесе МҚБЖ қате көрсетеді.Сондықтан МҚ компоненттері бірге сақталынады.

МҚ орналасуының тапсырмасы. Барлық жағдайда МҚ нақты компьютерде, директорияда сақталу қажет. Егер МҚ сол компьютердің дискіде сақталынса, онда МҚ локальді аталады. Бұны директорияны анықтау арқылы жүргізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет