Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет1/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
лекция 1-15




1-Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


жоспары:

  1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.

  2. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.

  3. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері.

  4. Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары.

  5. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.

1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
Мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси, әлеуметтiк мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы үшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде саясаттану ғылымының қалыптасу мен дамуына жағдайдың жасалынуы өркениеттi елдердiң үлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер мен стратегиялық жолдарға көшуiнiң көрiнiсi. Қоғамымыздың саяси жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір азаматтың саяси мәдениетінің барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Саяси мәдениет сонымен бірге, саяси институттардың қызметінің негізгі мазмұнын да құрайтын құбылыс. Демократиялық саяси мәдениет – бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуге арқау болады, қоғамның жан-жақты дамуына жағдайды қалыптастырады.
Саяси білімдер жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне көшiру баспалдағы және жас азаматтың саяси көзқарастарының iргелi негiзiн құрайтын, қоғамдағы бiрлiктi, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дүниетанымы мен саяси бағдарын қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi өтпелi қоғам жағдайында еркiн бағдар ұстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы саясаттың сыр сипатын, қилы құбылыстарды жете ұғынуға, басқа адамның құқықтарын қадiрлеуге, өркениеттi түрде өзiнiң мақсат мүддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану саяси төзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық сезімдерін қалыптастырады және дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлар етеді.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланылуы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либор «Тарих және саяси ғылым» кафедрасын ашты. Кейінен 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың «Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы», 1903 жылы «Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы» құрылды.
1896 жылы «Саяси ғылымдар элементтері» аты классикалық еңбек жарыққа шықты. Г.Моска бұл еңбегінде «саяси ғылымдар» ұғымын ғылыми білімнің дербес бір саласы және жеке пән ретінде қолданды.
XX ғасырдың басында саясаттану дербес академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылым халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған «Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы» зор рөл атқарды.
Саясаттанудың негізгі категориялары.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзiндiк ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми терминдер, сөз тiркестерi жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет