Сөж тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау Орындаған: Мұқан Еркежан Тексерген: Инкарбаев Е. Т. Алматы, 2023ж Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау



бет1/2
Дата25.02.2024
өлшемі71.3 Kb.
#493134
  1   2
Мұқан Еркежан СӨЖ














Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»
Кафедрасы «Экономика»

СӨЖ
Тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Орындаған:Мұқан Еркежан
Тексерген:Инкарбаев Е.Т.

Алматы, 2023ж
Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, халықаралық, мемлекеттік саяси үдерістерді, саяси жүйе, саяси қатынастарды зерттейтін күрделі ғылым. Саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастады. Саясаттану термині негізінен гректің “Politik” және “Logos” деген сөздерінен шыққан. “Politik” сөзі мемлекеттік іс, мемлекеттік істі басқару деген мағынаны білдірсе, “Logos” сөзі ілім, ғылым деген мағынаға ие.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Онын дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын кайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми делелденген тиімді бейбіт саясат жургізсе, еліне колайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің бағдарламасының негізгі нысанының – адамның саяси құқықтары мен мәдениетін көтеруге бағытталып отырған сәтінде әлеуметтік, шығармашылық, бостандық, сонымен бірге адамды өзгеше жаратылыс ретінде сипаттайтын белгілерін анықтауда, дербес ойы бар күрделі саяси мәселелерді шешуде саясаттанудың рөлі зор.
Біздің заманымыздан бұрын бірмыңжылдықтың ортасында саясатты философиялық-эникалық түсіну түрі қалыптасты. Бұл кезеңде еркеше зор үлесін қосқан бірнеше ғұлама ғалымдарды атап көрсетуге болады. Мысалы, Конфуций, Аристотель, Платон сынды ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялык тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Парадигма (гректің paradeiqma - теория, үлгі деген сезінен шыққан) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары:

  1. Әлеуметтік парадигма

  2. Теологиялық парадигма

  3. Натуралистік парадигма





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет