- Мидельгрюдден ЖЭС – і, Дания
- Тасқын электрстанциялары (ПЭС)
- Мұндай электрстанциялар тасқын энергиясын пайдаланады. Бірінші ПЭС (Паужет) қуаты 5 МВт Камчаткада салынды. Қарапайым ПЭС салу үшін бассейн, бөгеттелген шығанақ немесе өзеннің теңізге құятын жері керек. Бөгетте су өткізетін тесіктер және генераторды айналдыратын турбиналар орнатылу керек. Тасқын кезінде су бассейнге толады. Бассейндегі және теңіздегі судың деңгейі теңескенде, су өткізетін тесіктер жабылады. Су қайтқасын теңіздегі судың деңнейі төмендейді және арын жеткілікті болған кезде турбиналар және олармен жалғанған электргенераторлар жұмыс істей бастайды, ал су бассейннен жаймен кетеді.
- Экономикалық тиімді болу үшін теңіз тасқынының биіктігі 4 м кем болмау керек. ПЭС жобалық қуаты тасқынның сипатынан, тасқын бассейнінің көлемі мен ауданынан, турбиналардың санынан тәуелді.
- ПЭС теңіз бен мұхит жағалауында салынады, қуаттары үлкен емес, тасқын тәулігінде екі рет болады. Экологиялық қауіптігі бар.
- .
Тасқын ЭС - Кислогубск ПЭС, Ресей, 1,7 МВт
- ПЭС «Ля Ранс» Франция 240 МВт
Толқын электрстанциялары - Толқын ЭС Pelamis P-750, Португалия
- (1 конвертор 750 КВТ)
Дәстүрлі емес энергия көздері Теңіз суының тұздылығын пайдаланатын ЭС - Күн электрстанциялары (СЭС)
- Бүгінде СЭС негізінде екі түрі бар: мұнаралы типті күн электрстанциялары және таралған (модульдік) типті күн электрстанциялары .
- Мұнаралы типті күн электрстанцияларында гелиостаттар өрісі бар орталық қабылдағыш пайдаланылады, мұнда шоғырлану дәрежесі бірнеше мыңға жетеді. Күн бағытын бақылайтын жүйе жеткілікті күрделі, өйткені екі өстің айналасында айналу керек. Жүйені ЭЕМ басқарады. Жылу қозғалтқышында жұмыс денесі ретінде әдетте температурасы 550 ºС дейінгі су буы, ауа және басқа газдер 1000 ºС дейін пайдаланылады. Мұнаралы СЭС – ң басты кемшілігі олардың жоғары құны және алатын үлкен ауданы. Қуаты 100 МВт СЭС – ті орналастыру үшін 200 Га аудан керек, ал қуаты 1000 МВт АЭС – ке барлығы 50 Га керек. Қуаты 10 МВт дейінгі мұнаралы СЭС тиімді емес, олардың оңтайлы қуаты 100 МВт тең, ал мұнараның биіктігі 250 м.
- Таратушы типті СЭС - де модульдердің үлкен саны пайдаланылады, олардың әрқайсысына күн сәулеленуінің парабола-цилиндрлік шоғырландырғышы және шоғырландырғыштың фокусында орналасқан қабылдағыш кіреді, ол электргенераторымен жалғанған жылу қозғалтқышына берілетін жұмыс сұйығын қыздыру үшін пайдаланылады. Мұндай типті ең ірі күн электрстанциясы АҚШ – та салынған, қуаты 12,5 МВт. Аз қуатта модульдік типті күн электрстанциялары мұнаралыға қарағанда үнемді.
Достарыңызбен бөлісу: |