Лекция тақырыптары Дінтанудағы деректеметану теориясы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата23.03.2023
өлшемі104.69 Kb.
#471018
түріЛекция
1   2   3   4
Лекция

 
 
3- модуль. Канондармен жұмыс жасау əдістері 
 
 
Иудаизмдегі қасиетті көне жазбалардың жазылу тарихы. 
Яхудиліктегі қасиетті көне жазбалар жинағының пайда болуы. Бұл 
жазбалардағы еврей тарихы, діні мен дəстүрлері. Жазбалардың жүйесі, тілі, 
жазылу ерекшеліктері. Жазбалардағы “Көне өсиет” кітаптарындағы 
тарауларға негіз болған мəтіндер. Яхвит мəтінінің жазылу тарихы. Элохит 
мəтіні. Нақылдар жинағының мазмұны мен мəні. Заңды қайталау кітабы. 
Таураттың пайда болуы. Таураттың тарихи-əлеуметтік мəні. Сагесс 
(даналық) кітабы. Нақылдар кітабы жəне оның ғасырлар бойы өзгеріссіз 
сақталуы. Эйюб кітабы. Эклезиаст (уағыздаушы) кітаптары. Рут, Эстер, 
Жүніс, Тоби жəне Жудит кітаптары жəне бұларға байланысты зерттеу 
жұмыстарының қорытындылары. Көне өсиет мəтіндерінің бір жүйеге келуі. 
Көне өсиетті жинақтау жəне оны қалпына келтіру. Көне Өсиетке байланысты 
зерттеулердің хронологиясы. 
Киелі жазбаларда қамтылған пайғамбарлар жəне олардың сөздері. 
“Зəбур” сөзінің зерттелу тарихы. Зəбурдің діни-философиялық мазмұны мен 
мағынасы. Зəбурге байланысты християн жəне мұсылман діндар 
ғалымдардың зерттеулері. Зəбур туралы Таураттағы жəне Інжілдегі 
мəліметтер жəне оларды Құранмен сəйкестендіріп зерттеу. Інжілде, Зəбурда 
жəне Құранда айтылған пайғамбарлар. Алғашқы пайғамбарлар. Яшу. 
Хəкімдер. Алғашқы жəне екінші Самуэл. Алғашқы жəне екінші патшалар. 
Кейінгі пайғамбарлар. Имайа, Иеремия. Езекиел. Иион. Амос. Обадия. 
Тсефания. Халгай. Закария. Макоми. 
Інжіл - көне мұра.
Християндықтың қасиетті кітаптар жиынтығы. Інжілдік кітаптардың 
пайда болуы. Апокрифтар. Ежелгі жəне Жаңа өсиет кітаптарының жүйесі. 
Қасиетті жазба жəне қасиетті аңыздар. Інжілдің тілі жəне аудармалары. 
Інжілді ғылыми тұрғыда зерттеудің даму тарихы. Інжілдің тарихы жəне 
археологиялық жаңа мəліметтермен толықтырылуы. Інжілдің дүниежүзілік 
мəдениеттегі орны. 
Б. Спиноза (Діни-саяси трактат), Б. Бауер (Синоптикалық евангелиелерді 
сынау). Дж. Фрезер (Көне өсиеттегі фольклор). З. Косидовский (Інжілдік 
əңгімелер). М. Рижский (Иова кітабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет