Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Пайдаланылған дереккөздер тізімі



Pdf көрінісі
бет3/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Пайдаланылған дереккөздер тізімі....................................................................... 

10 
21 
23 
27 
29 
35 
36 
40 
47 
51 
54 
57
59 
69 
79 
83 
89 
92 
97 



К І Р І С П Е 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында азаматтардың 
іскерлік белсенділігін жүзеге асыруына барынша мүмкіндік туғызу мемлекеттің 
міндеті екенін, осы мақсатта ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті 
кезеңін бастау қажеттігіне баса мән берді. Жолдауды жүзеге асыру мақсатында 
Қылмыстық кодекстің жобасы әзірленіп, жан-жақты талқылау-сараптамадан 
кейін оған Елбасы қол қойды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексі қолданысқа енді, оның құрылымы 
Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады, 467 бап көзделген (бұрынғы ҚК-те 
393 бап), бұл 74 бапқа артық. 
Жаңа кодекстің жалпы бөлімі бұрыңғыдай, ҚК 7 бөлімнен және 98 баптан 
тұрады (бұрынғыда 95 бап), онда қылмыстық жазаның жаңа түрлері және 
қылмыстық жауапкершіліктен босату негіздері көзделген. 
Жаңа Қылмыстық кодексте, ірі, аса ірі зиян және мөлшер түсініктерінен 
басқа, елеулі зиянның болмашы мөлшері және жекелеген баптарға 
қолданылатын мөлшер түсініктері, денсаулыққа ауыр зиян, елеулі зиян, ауыр 
салдар түрлері, қызмет бабын пайдаланып жасалған қылмыс субъектілерінің 
түрлері түсіндірілген, сыбайлас жемқорлық қылмыс түрлері келтірілген, оларға 
21 қылмыс құрамы, 15 құрамнан тұратын террористік қылмыстар және 12 
құрамнан тұратын экстремистік қылмыстар, қылмыстық топтардың 10 түрі 
жатқызылған. Барлығы 41 түсінік келтірілген. 
Қылмыстық кодекстің басты жаңалықтардың бірі, қылмыстық 
жазаланатын әрекеттердің екі буынды жүйесін енгізу болып табылады, ол: 
қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы түсінігімен біріккен қылмыстан және 
қылмыстық теріс қылықтан тұрады, оларға жаңа ҚК-тің 4 бабында анықтама 
берілген, оған сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни ҚК-те 
көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар 
іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. 
Теріс қылықтарды жеке қылмыстық жазалатын әрекет етіп бөлу, 
қылмыстық кодекске жаңа құқық бұзушылықтар құрамын, сондай-ақ жаза 
тағайындау мәселелері енгізуге ықпал етті. 
Осыған байланысты, осы оқу әдістемелік құралы Қылмыстық кодекстің 
Жалпы бөлігінің баптарына енгізілген өзгерістерге сай өзгертіліп жасалынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет