Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Лекнорм

Техникалық комитеттердің құрылымы, құрылу тəртібі жəне қызметі. 
Қолданыстағы нормативті құжаттарды жетілдіру жəне үйлестіру бойынша 
жұмыстарды жүргізу жəне ұйымдастыру үшін, сонымен қатар мемлекеттік стандарт 
төңірегінде жаңарту жұмыстарын жасау үшін стандарттау бойынша арнайы техникалық 
комитеттер (ТК) құрылады. Техникалық комитеттер СМС аумағында жұмыстарды 
жүргізу үшін құрылады əдетте ТК қызметі арнайы ТК сəйкес келетін ұйымдардың немесе 
мемлекеттік стандарттың ҒЗИ негізінде құрылады. 
ТК негізгі функциялары: 
- СМС саласында даму концепцияларын анықтау, жаңа стандарттардың 
жобаларын құру жəне қолданыстағыларды жаңарту;
- стандарттарды жасауға қатысатын ұйымдарға ғылыми -техникалық көмек 
көрсету; 
- отандық стандарттар мен халықаралық стандарттарды үйлестіру. 
Мемлекеттік стандарттың территориялдық органның негізін стандарттау
метрология жəне ертификаттау аймақтық орталықтары құрайды. Бұлар ҚР субъектілерінің 
орталықтарында орналасқан. Техникалық комитетті құру үшін құқық негіздері ҚР 
Мемстан-дартының шешімі болып табылады. ҚР мемлекеттік стандарттары ТК басты 
ғалымдарды немесе мамандарды, ұйымдардың өкілдері - өнімдерді дайындаушыларды, 
өндірістік мекемелерді(фирмаларды), өнімді негізгі қолданушы мекемелерді, ғылыми 
жəне инженерлі қоғамды жəне қолданушылардың құқығын қорғау бойынша қоғамдарды 
өзіне тартады.
Техникалық комитеттердегі жұмыс ерікті бастауларға негізделген. 
Қазақстан Республикасының үкіметіннің 18 қазан 2000ж №1552 қаулысы бойынша 
ҚР Энергетика, индустрия жəне сауда министерлігінің стандарттау, метрология жəне 
сертификаттау бойынша комитет мəселелері қарастырылды. 
 
Комитетте мемлекетті қадағалау бойынша аймақтық ішкі бөлімше бар. 
Комитет өзінің іс-əрекеті ҚР конституциясына сəйкес жəне ҚР үкіметі актілеріне, 
ҚР халықаралық келісіміне сəйкес жүзеге асырылады. 
Комитет мемлекеттік мекемеде ұйымдастырушы–құқықтық пішінде болып 
табылады, мемлекеттік тілде өзінің аты мен штамп жəне мөрді иемденеді. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан жəне мемлекет атынан 
азаматтық-құқықтық қатынас жағына шығуға рұқсаты бар. 
Комитет өз құзырлығының тапсырысымен орнатылған заңды тəртіпте шешім 
қабылдайды. Бұл шешім ҚР барлық аймағында міндетті күшті иемденетін 
бұйрықтармен бекітіледі. 
Комитеттің толық аталуы – мемлекеттік мекеме «ҚР энергетика, индустрия жəне
сауда министрлігінің стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша 
комитеті»(мемлекеттік стандарт). 
Комитет ұйымдастырушысы ҚР үкіметі болып табылады.
Комитет қызметінің жəне оның аймақтық бөлімшелері мемлекеттік бақылау 
бойынша қаржыландыру тек қана Республикалық бюджеттен жүзеге асады. 
Комитетке кəсіпкерлік субъектісімен келісімдік қатынасқа түсуге тиым 
салынады.
Комитеттің негізгі мақсаты, функциялары жəне құқығы. 
Комитеттің мақсаты
1) Мемлекеттік саясатты стандарттау, метрология жəне сертификаттау аумағында 
қалыптастыру жəне жүзеге асыру кезіне қатысу; 
2) Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметінің стандарттау, метралогия 
жəне сертификаттау аумағында бағыт-бағдарын анықтау; 


3) стандарттау, сертификаттаудың мемлекеттік жүйесін толық жетілдіру 
бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, ҚР эталондық базасын жəне өлшем бірлігін 
қамтамасыз ету; 
4) ҚР мемлекеттік стандарттарын дайындауды қамтамасыз ету; 
5) стандарттау, метралогия жəне сертификаттау аумағында мамандандырылған 
кадрларды даярлауға қатысу; 
6) жеке жəне заңды ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметін өнімдерді 
каталогтау, техникалық-экономикалық ақпаратты кодтау жəне сыныптау бойынша 
бағытттау; 
7) метрология саласында зерттеулерді ұйымдастыру жəне жүргізу. 
8) стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша нормативті 
құжаттардағы міндетті талаптарды бақылау үшін мемлекттік бақылауды үйымдастыру, 
өнім сапасын, өлшеу құралын жəне қолдану жағдайын бақылау үшін мемлекеттік 
бақылауды өткізуді ұйымдастыру; 
9) сертификаттауды мемлекттік жүйеде өкілеттілеу; 
Комитет қойылған мақсаттарға сəйкес жəне бекітілген заңды тəртіпте келесі 
функцияларды орындайды: 
1) стандарттарды жəне өз құзырлық талабы бойынша заңды немесе басқа 
нормативтік құжатты актілерінің жобасын дайындайды; 
2) Мемлекеттік саясатты ҚР заңдылығына сəйкес стандарттау жəне метралогия, 
сертификаттау саласында жүзеге асыруға қатысады, мемлекеттік үйымдардың, жеке 
жəне заңды ұйымдардың іс - əректтерін стандарттау, метрология жəне сертификаттау 
саласында бағыттайды; 
3) ҚР заңдылығына сəйкес жəне халықаралық тəжірибе есебінен стандарттаудың 
мемлекеттік жүйесін дамытады жəне іске асырады; 
4) бірлік өлшемдерінің мемлекеттік эталонын қолдану жəне сақтау, бекіту, құру 
заңдарын орнатады, ҚР эталондық базасын іске асырады; 
5) Республикада колданылатын бірлік өлшемдерін орнатады; 
6) құралдарға қойылатын ортақ метрологиялық талаптарды, өлшеу əдістері мен 
нəтижелерін анықтайды; 
7) стандарттау, метралогия жəне сертификаттау саласында негіздік зерттеулерді 
өткізуді ұйымдастырады; 
8) нормативті құжаттарды стандарттау, метралогия жəне сертификаттау бойынша 
бекіту жəне дайындаудың тəртібін анықтайды, ҚР мүмкін стандарттарын дайындауды 
ұйымдастырады; 
9) заңды ұйымдардың метрологиялық қызметін аккредитациялауды өлшеу 
құралын тексеру заңдылығы үшін өткізеді; 
10) мамандардың 
сертификаттау 
бойынша 
эксперт-аудитор 
сапасына 
аттестациялау өткізеді; 
11) ұйымдардың өлшеуді жүргізу əдістерін атестаттау өкілеттілігін орнатады; 
12) стандарттау, метрология жəне сертификаттау аумағындағы халықаралық 
ғылыми-техникалық бірлестікті, саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатын 
жүзеге асырады; 
13) нормативті құжаттардың тіркелуін орнатылған тəртіпте стандарттау, 
метралогия жəне сертификаттау бойнша жүзеге асырады; 
14) ҚР мемлекетаралық, аймақтық жəне ұлттық стандарттарының мемлекттік 
қорын енгізу жəне қалыптастыру бойынша жұмыстарын бағыттайды; 
15) ҚР мемлекеттік стандарттарын басып шығаруды, қайта басып шығаруды 
жəне таратуды ұйымдастырады,сонымен қатар халықаралық ұйымдардың стандарттау, 
метрология жəне сертификаттау бойынша заңдарын жəне ұсынымдарын бекітеді; 
16) ҚР териториясына партиялармен əкелінген немесе сериялы өлшеу 
құралдарының түрлерін бекітеді. 


Нег.: 1[32-34;91-99] 
Қос.:2[48 - 51] 
Бақылау сұрақтары: 
1. Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар. 
2. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер(ТК). 
3. Халықаралық стандарттарды қолдану тəртібі. 
4. Стандарттау бойынша ТК мақсаты. 
5. Стандарттау бойынша ТК функциялары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет