Күрделі
1. Қазақ əдеби тілі — қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында
көркем əдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар
хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында жəне іс
қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен
нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер əдеби тілді жазба тілдің баламасы
ретінде түсініп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан. Əдеби тіл
туралы мұндай түсінікке əдетте жазба тіл дəстүрі ерте қалыптасқан, жазба
мұраларға бай тілдер негіз болды. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің
əдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді.
Əдеби тілдің жұртшылықтың бəріне бірдей ортақ болу оны диалект,
жаргон сияқты жергілікті ерекшелікгерден өзгешелеп тұрады. Мұндай
көзқарасты ұстанушылар əдеби тіл халықтың поэтиклық сөз өнері, əдет-
ғұрып заңдарының тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де болуы мүмкін
деп пайымдайды. Қазақ əдеби тілінің тарихын зерттеген еңбектерде де осы
тəріздес əр қилы пікірлер айтып келді. Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ
əдеби тілінің тарихын жазба əдебиеттің пайда болып, халық тілінің
нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен
(ХVІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды (Қ. Жұмағалиев, М. Балақаев).
Зерттеушілердің енді бір тобы Қазақ əдеби тілінің тарихын XIX ғасыр
екінші жартысынан-алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен
бастап, Ыбырай, Абай шығармапарымен ұштастыра қарайды (Қ.
Жұбанов. С. Аманжолов, I. Кеңесбаев т. б.). Кейбір зерттеулерде XIX
ғасыр екінші жартысын əдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық
жазба əдеби тілдің қалыптасу дəуірі ретінде қаралып, көне əдеби тіл мен
жаңа жазба əдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады (А.
Ысқақов, Р. Сыздықова.). Əдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып,
қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын
мағынасандағы əдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де
тұжырым бар (Т. Қордабаев). Əдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра
қарайтын дəстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р.
Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де
бар (Ə. Өмірəлиев, Е. Жұбанов). Əдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-
басты белгілері мыналар:
1. əдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы;
2. сол нормалардың жұртшылықтың бəріне міндеттілігі жəне ұзақ
уақыт сақталуы;
3. функциональдық-стильдік салаларының болуы;
4. қоғамдық қызметтің əр алуандығы.
2. Негізгі сөздік қор – тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның
қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық
сипатқа ие бір буынды сөздер. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп
емес. Қазақ тіліндегі Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дəуірден
жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы, ал,
ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан Негізгі сөздік
қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар
ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме
сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Негізгі сөздік
қорға тəн басты белгілер: а) тұрақтылық; олар тұлғалық жəне мағыналық
жағынан тұрақты болады. Қазіргі қазақ тілінің Негізгі сөздік қорындағы
көптеген сөздерді бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден
кездестіруге болады. Мысалы, 5 ғасырдағы Талас, Орхон-
Енисей ескерткіштерінде сіз, ұғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, ат, күн, т.б.; 11
ғасырдағы Ж.Баласағұн мен М.Қашқари еңбектерінде ат, қой, күн, кел,
өкін, т.б. сөздер кездеседі. ə) Сөз тудыруға ұйытқы болады; сөздік
құрамның дамуына байланысты Негізгі сөздік қор да өзгеріске ұшырайды.
Негізгі сөздік қордағы бір буынды түбірлерден көптеген туынды сөздер
жасалады. Туынды сөздер жаңа сөз тудыра алғанымен, Негізгі сөздік
қордағы сөздердің сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. б) Жалпыхалықтық
сипаты; Негізгі сөздік қорға енетін сөздер бүкіл халыққа түсінікті жəне
үнемі қолданыста болып, баршаға ортақ қызмет атқарады.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |