Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні


Пәндердің циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (орта буын маман)



бет7/8
Дата05.07.2016
өлшемі0.96 Mb.
#179540
1   2   3   4   5   6   7   8


Пәндердің циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (орта буын маман)

циклдің, пәннің индексі

Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер және дағдылар

Қалыптаса

тын құзыреттер коды

ЖБП.01

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП.02

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 2.1

Кәсіби қазақ (орыс) тілі.

Кәсіби тіл курсы кәсіптік білімді жетілдіруі қажет, сөйлеу тілінде кәсіби сөздерді дұрыс қолдану. Тілдегі кәсіби білімдерін пайдалана білу, іс қағаздарын жүргізе білу. (рецензия, кепілдеме, сипаттау т.б)



Білімдер:

кәсіптік тілдің негізгі лексикалықминимумын; кәсіби терминдерді түсіндіре алу; кәсіби сөздерді сөйлеу қызметінде қолдану;

іскерліктер:

кәсіби сөйлеуде лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

кәсіби тіл білімдерін құжаттарды дайындауда пайдалану;

кәсіби терминдерді сөйлеу тілінде дұрыс қолдану, қарым -қатынас жасауда маманданған болулары керек, басқа тілден енген термин сөздерді қазақша орысша түсіндіре білу; терминдер сөзігімен жұмыс істеу




БҚ1

БҚ2


БҚ5

ЖГП 2.2

Кәсіби шет тілі. Орта (толық) білім бағдарламасының лексика-грамматикалық материалы. Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіби лексика, фразеологиялық айналымдар және терминдер. Текстердің кәсіби бағдарлы аударма (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас.

Білімдер:

сөз әрекетіне арналған мәтіндер ақпараттық мағынасы басым, меңгеру- ге жеңіл болады; оқушыларда мәтіннің барлық түрін тыңдап түсіну әрі қарай жетілдіріледі;

тыңдап түсіну проце- сінде оқушының мәтінде кездесетін таныс емес сөздерді бөліп алу, негізгі және қосымша ақпараттарды айыру біліктері қалыптастырылады.

іскерліктер:

пікір алысу және талдай алу біліктілігі өмірде кездесетін түрлі жайттардың мағынасын және құндылықтарды бағалауға үйретеді;тіл білімі;қажетті тіл элементтері мен олардың атқаратын қызметі жайлы білім жинайды;тілдің қолданылуы туралы түсінік алады;тілді ауызша және жазбаша қолдануы




БҚ1

БҚ2


БҚ5

ЖГП 2.3

Қазақстан тарихы. Ұлы Отан соғысы, фашизмді жеңудегі Қазақстанның үлесі. Соғыстан кейінгі кезең және халық шаруашылығының қайта құрылуы. Елдің қоғамдық-саяси өмірі. Тың игеру. Республиканың дамуындағы интенсивтендіру. Саяси қарама-қайшылықтар (1969, 1979, 1986 жж). Қайта құру кезеңі. Қазақстан-егеменді тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан Республикасының қазіргі әлемдегі орны мен рөлі. Арқайым-әлемік өркениет ошағы. Орта ғасырдағы Қазақстан. Қазақстан тарихындағы монғол кезеңі. XVI-XVIII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы. Қазақстанның патша үкіметінің отарлап басып алу саясаты.



Білімдер:

тарихи картадан түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясында болған өзгерістерді, онымен шектесетін мемлекеттер шекараларын, тарихи- географиялық орындарды; өзіне берілген тапсырма бойынша архив орындарында тарихи құжаттарды, кітапханалардағы каталог – карточкаларды, мұражайлардағы мұрағаттармен өздігінше жұмыс істеу, оның нәтижесін күнделікті сабақтарда пайдаланауы;



іскерліктер:

мерзімді баспасөз материалымен үнемі, әрі жүйелі жұмыс істеп, оның жинақталған мәліметтерді күнделікті оқу үрдісінде пайдалана алуы; өздігінше конспект, тезис, реферат дайындап, ата- аналар, оқушылар алдында сөйлеуі; тарихи мәтіннің толық жоспарын, статистикалық мәліметтер, даталар бойынша, сызба, кесте, диаграммалар, т.б. жасай алуы; тарихи оқиғалар туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіре және дәлелдей алуы; осындай пікір таласқа қатысуы; қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, т.б. проблемаларды талдауда тарихи білімін еркін қолдана алуы; туған өлке бойынша алған білімін күнделікті сабақтардың мазмұнына қарай тиімді пайдалана алуы;







ЖГП 2.4

Дене шынықтыру.

Маманды дайындаудағы дене тәрбиесінің ролі, оның салауатты өмір салтындағы маңызы. Дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Өзін-өзі жетілдірудің физикалық және спорттық негіздері. Кәсіби-қолданбалы, физикалық дайындық.



Білімдер:

Дене шынықтыру теориясының негіздерін; спорт түрлерінің даму тарихын; өтіп жатқан спорт түрлерінің ойын ережесін білу; спортық сөздіктерді; таңертеңгілік гимнасти ка жиынын өзінше құрастыру;өз бетінше

теориялық бөлімдерді әдебиеттерден тауып оқу.

іскерліктер:

Дене дайындығынан бақылау нормативерін орындау;өтіп жатқан бөлімнің орындау техникасын көрсету және бақылау жаттығуларын орындау; қозғалыс қабілеттерін дамыту; саптағы тәсілдерді білу және орындай алу;

қосымша спорт үйірмелеріне қатысу; спорттық – бұқаралық шараларға белсене қатысу.





ӘЭП 03

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 3.1

Мәдениеттану. Қоғамдағы мәдениет және оның алатын орны. Мәдениет және өркениет. Архаикалық мәдениет. Конфуциандық-даосистік мәдениет. Индо-буддалық мәдениеті. Ислам әлемінің мәдениеті. Христиан әлемінің мәдениеті. Қазақ жеріндегі ежелгі өркениет. Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. 18-19 ғғ. қазақ мәдениетінің дамуы. Қазіргі замандағы Қазақстан мәдениеті.

Білімдер:

мәдениеттанудың негізгі түсініктерін игеру және еркін қолдану; алғашқы діндер (анимиз, тотемизм, фетишизм, магия); Конфуциандық-даосистік мәдениет ерекшеліктері мен жетістіктері; индо-буддалық тип мәдениет ерекшеліктері және жетістіктері; ислам дінінің шығу тарихы және таралуы;мұсылмандық құндылықтар жүйесі; христиан дінінің шығу тарихы және таралуы. христиан дінінің құндылықтары; көшпенділердің өмір сүру жүйесінің құндылықтары; қазақ мәдениетінің қалыптасуы және даму кезеңдерінің еркшеліктері;



іскерліктер:

Мәдениеттанудың түсініктері мен терминдерін еркін қолдану; дүнежүзілік және отандық мәдениеттіің даму түрлері мен ерекшеліктерін аша білу;




БҚ5

ӘЭП 3.2

Философия негіздері. Философия пәні. Әлемдік философиялық ойдың негізгі кезеңдері. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Қоғамның философиялық түсінігі. Таным теориясы. Қоғамдық сана және оның формаларының көптүрлілігі. Ғылымның ролі және ғылыми таным. Философиядағы адам проблемасы. Жеке бостандық және жауапкершілік.. Адамзат алдындағы көкейкесті мәселелер.

Білімдер:

ғылыми, діни және философиялық көзқарастар туралы;

философияның тарихи типтері туралы;білімнің, ғылыми танымның құрылысы, әдісі және оның әлеуметтік, этикалық ролі туралы;рухани және материалдық құндылықтар қатынастары туралы және олардың адам өміріндегі, қоғамдағы және өркениеттегі рөлі туралы;

іскерліктер:

философиялық түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіре және дәлелдей алуы; пікір таласқа қатысу мәдениеті; қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, т.б. проблемаларды талдауда білімін еркін қолдана алуы;




БҚ5

ӘЭП 3.3

Саясаттану және әлеуметтану негіздері. Саясаттану пәні. Саяси билік. Саяси жүйе. Саяси режимдер. Саяси институттар және ұйымдар. Саяси мәдениет. Саясат субъектілері. Халықаралық қатынастар жіне сыртқы саясат.

Әлеуметтану ғылым ретінде.. Қоғам - әлеуметтік мәдени жүйе. Әлеуметтік ұқсастықтар. Әлеуметтік және этноұлттық қарым-қатынас. Әлеуметтік процестер. Жеке тұлға: әлеуметтік ролі және мінез-құлқы.



Білімдер:

саясаттану мен әлеуметтану ғылымдарының түсініктер жүйесін игеру; саясаттың құрылымы, негізгі белгілері, функциялары; саяси билік, саяси жүйе, саяси режимдер, саяси институттар құрылымы; әлеуметтік құрылыс, әлеуметтік жіктелу, өз ара байланыс туралы түсінік; жеке тұлғаның әлеуметтендіру процесінің ерекшеліктері, реттеу формасы;



іскерліктер:

саясаттану мен әлеуметтану ғылымдарының түсініктер жүйесін игеру және еркін қолдануды;- «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси режим», «саяси институттар» түсініктерін аша білуді;саясаттағы субъект рөлін аша білуді; жалпы әлемдегі және Қазақстандағы саяси процестер с мен аяси қатынастарға сараптама жасап, өз қатынасын тұжырымдауды;




БҚ5

ӘЭП 3.4

Экономика негіздері. Мақсаты: негізгі түсінік, атқаратын қызметі, мазмұны және принциптері. Жеке меншіктіктің формалары мен түрлері. Жеке меншіктілікті басқару. Жоспар түрлері, негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау. Жоспарлауды экономикалық негізде болжау, дайындау. Бизнесті жоспарлау. Халық тұтынатын тауарлар және қызмет көрсету. Халыққа қызмет көрсету және тұтыту тауарлар жағдайын нарықтық баға бойынша талдау. Рингтік инфрақұрылым.

Білімдер:

экономикалық теория жөнінде жалпы ережелер; шет елдегі және мемлекеттегі экономикалық жағдайлары;

микроэкономика және макроэкономика, нарықтық, ақшалай несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат.

іскерліктер:

өзінің кәсіби саласы бойынша экономикалық хабарларды таба, қолдана білу.



БҚ5

ӘЭП 3.5

Құқық негіздері. Құқық. Түсінік, құқықтың бастаулары және жүйесі. Қазақстан Республикасы Конституциясы – құқықтық жүйесі.Адамның құқықтары туралы жалпы халықаралық декларация, жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары. Құқықтың мемлекет, заңды жауапкершілік, оның түрлері. Негізгі салалары. Соттық жүйе. Қазақстан Республикасының заң қорғау органдары.

Білімдер:

Адамның бас бостандығы және құқығы, оны іске асыру механизмі; кәсіби қызметтік ортадағы құқық және этикалық мараль және құқықтық норма.



іскерліктер:

нормативті акт; құқықтық құжаттарды пайдалану, әлеуметтік институттар мен мекемелердің ұсынысы;

кәсіптік қызмет туралы маманның пікірі.


БҚ5

ЖКП.04

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 4.1

Сурет

Суреттегі үйлесімділік. Пішіннің құрылу мен конструкциясы туралы жалпы түсінік. Перспектива туралы мәлімет. Оптикалық иллюзия, пропорция туралы түсінік, пішінді таба білу, жарық және көлеңке туралы заңдылық. Геометриялық фигуралар, оның құрылу заңдлықтары. Натурадан алынған гипстік моделдің суреті. Қарапайым натюрморт суреті. Күрделі натюрморт суреті арқылы розетка мен капител туралы білу, үйрену. Адам анатомиясын, бас сүйек, қаңқаны гипстен салу. Адам фигурасы мен портретін бейнелеуде жарық пен көлеңке заңдылықтарының сақталуы. Көлемді берудегі түстік-тональдық қарым-қатынас.




Білімдер:

- суреттегі үйлестіру заңдарын; пішіннің құрылымдық заңын және оның конструкциясын; перспектива туралы сызықтық және кеңістік заңы; оптикалық иллюзия туралы түсінік; пропорциялық пішін келтіру, жарық пен көлеңке заңдылықтары; геометриялық денелердің құрылымдық заңдары; натура алынған сәйкес гипс моделінің суретте дұрыс орындалуы, қарапайым натюрморттық сурет, розетка капител сурет; дене анатомиясы және адам қаңқасының, бас сүйегінің құрылысы; бет бөліктерінің гипсті көшірме бейнесі, жанды адамның бейнес;

адамның дене пішінімен портретін бейнелеудегі жарық пен көлеңкенің берілуі.

іскерліктер:

Артқы форматқа бейнені дұрыс қиыстыру; (гипстік капител, розетка, модель, геометриялық) пішіндерді дұрыс құрастыру; сызықтық перспектива ілімін пайдалану; пішін көлемін беруде жарық және көлеңке заңдылықтарн беру;бас анатомиясын сауатты бейнелеу, (қаңқа), скелет, бет бет сүйектері (гипс), портрет, адам фигурасы, жарық және көлеңкелік ережелерді дұрыс қолдану.



КҚ 3.5.1-3.5.8

КҚ3.2.1-3.2.8

КҚ3.3.1-3.3.6

КҚ3.4.1-3.4.8

КҚ3.5.1-3.5.8

КҚ3.6.1-3.6.8

КҚ3.7.1-3.7.8

КҚ3.8.1-3.8.6

КҚ3.9.1-3.9.6

КҚ3.10.1-3.10.6

КҚ3.11.1-3.11.8

КҚ3.12.1-3.12.6

КҚ3.13.1-3.13.6

КҚ3.14.1-3.14.6

БҚ 3

БҚ 4








ЖКП 4.2

Кескіндеме

Кескіндемедегі сурет. Кескіндеменің түрлері мен жанрлары. Кескіндемедегі түс пен рең. Ахроматикалық және хроматикалық түстер.

Түстік шеңбер.

Бояулар мен түстердің араласуы. Кескіндемедегі нюанс пен контраст. Акварельді кескіндеме техникасының ерекшелігі.

Кескіндемеде майлы, темперлік және гуашь техникасымен жұмыс істеу ерекшелігі.

Натюрморт кескіндемесі. Натюрморттағы жоспарлық, материалдық және біртұтастық көрініс. Кескіндемедегі портрет. Үлкен формаларды түрлі-түсті мүсіндеу. Көлемді моделдеу. Қойылымдағы колористік бірлік ұғымы.



Білімдер:

кескіндемедегі сурет; кескіндеменің түрлері мен жанрлары; кескіндемедегі түс пен рең; ахроматикалық және хроматикалық түстер; түстік шеңбер;кескіндемедегі нюанс пен контраст; кескіндемедегі жарық пен көлеңкенің қатынасы.



іскерліктер:

акварельді кескіндемемен жұмыс істеу техникасы;

кескіндемеде майлы, темперлік және гуашь техникасымен жұмыс істеу; натюрмортты біріктіру, кескіндеме тәсілі бойынша артқы планға фигураны бере білу;натюрморттағы жоспарлық, материалдық және біртұтастық көрініс;көлемді моделдеу; үлкен формаларды түрлі-түсті мүсіндеу; көлемді моделдеу; қойылымдағы колористік бірлік ұғымы; бояулар мен түстердің араласуы


КҚ3.5.1-3.5.8

КҚ3.2.1-3.2.8

КҚ3.3.1-3.3.6

КҚ3.4.1,3.4.8

КҚ3.5.1-3.5.8

КҚ3.6.1- 3.6.8

КҚ3.7.1-3.7.8

КҚ3.8.1-3.8.6

КҚ3.9.1- 3.9.6

КҚ3.10.1-3.10.6

КҚ3.11.1-3.11.6

КҚ3.12.1-3.12.6

КҚ3.13.1- 3.13.6

КҚ3.14.1-3.14.6

КҚ 3.15.7

БҚ 3


БҚ 4







ЖКП 4.3

Пластикалық анатомия

Анатомия-адамның дене құрылысы туралы ғылым. Пластикалық анатомия туралы тарихи мағлұмат. Көркемөнердегі анатомияны оқытудың маңызы. Адам анатомиясы. Бұлшықеттер. Дене бөлшектері. Сүйектер. Анатомияның терминдері. Адам денесінің құрылысы. Көлемі, бойы. Адам пропорциясы, өлшемдері және пропорциялық тұрғыдағы ерекшеліктері.



Білімдер:

адам анатомиясын; пластикалық анатомия туралы қысқаша тарихи мағлұмат; көркемөнердегі анатомияны оқытудың маңызы;бұлшық еттер; сүйектер; анатомияның терминдері.



іскерліктер:

тұрған кездегі, қозғалыс кезіндегі буындардың қызметін бейнелеу; адам денесінің бөлшектерін көрсете білу; адам денесінің түрлі анатомиялық ерекшеліктерін ажырата білу; дене құрылысына қарап адамның (әйел, еркек денелері), жасын, бойын т.б. анықтай білу; теориялық білімді практикада қолдана білу.




БҚ 4

ЖКП 4.4

Қазақстанның бейнелеу өнері

Өнер- әлемдік жаңару және меңгерудегі өзіндік формасы бар көркем-бейнелік ғылым. Бейнелеу өнерінің қоғаммен қарым-қатынасы және логикалық және заңдылық дамуы. Өнердің формасы мен мазмұндық қарым-қатынасы. Бейнелеу өнерінің көркемдік базасы. Қоғамдағы өнер қызметінің көпжүйелілігі. Өнердің өзіндік спецификасы. Ежелгі дүние жүзінің өнері. Антикалық өнер. Ежелгі Ресей және Византия өнері. Орта ғасырдағы батыс европаның өнері. Қайта жаңғыру өнері. 17-20 ғасырдағы батыс европа өнері. 17-20 ғасырдағы Ресей өнері. Орта ғасырдағы шығыс өнері. Қазақстанның бейнелеу өнері. Қазақстанның қолданбалы-сәндік өнері.



Білімдер:

бейнелеу өнерінің әлемдік негізі; бейнелеу өнер тарихы бойынша терминдер;Қазақстандағы қолданбалы сәнді өнер мен бейнелеу өнері



іскерліктер:

бейнелеу өнеріне байланысты шығармаларға анализ жасау; берілген тақырып бойынша шығармашылық жазба жұмыстарын жасау дағдыларын меңгеру.



КҚ 3.5.3-3.5.4

КҚ3.2.3-3.2.4

КҚ3.3.1-3.3.4

КҚ3.4.1-3.4.3

КҚ3.4.4

КҚ3.5.1-3.5.3



КҚ3.5.4

КҚ3.6.1-3.6.3

КҚ3.6.4

КҚ3.7.3-3.7.4



КҚ3.8.1-3.8.3

КҚ3.8.4


КҚ3.9.3-3.9.4

КҚ3.10.1-3.10.3

КҚ3.10.4

КҚ3.11.3,3.11.4

КҚ3.12.3,3.12.4

КҚ 3.13.3

КҚ3.14.3

БҚ3


БҚ 5

ЖКП 4.5

Шрифт

Жазу тарихы,

шрифт стилі, құралдар мен материалдар. Қазіргі заманда терілетін шрифтар. Шрифтік үйлесімділік құру, типографика.


Білімдер:

жазу тарихы; шрифт стилі; құралдар мен материалдар; қазіргі заманда терілетін шрифтар;шрифтік үйлесімділік құру; типографика.



іскерліктер:

шрифтік үйлесімділік құра білу; матриалмен және құралдармен жұмыс істей білу




БҚ 3

АП.05

Арнайы пәндер

АП 5.1

Мамандыққа кіріспе




Шектеулі мамандандыру (бейін бойынша) Шығармашылық пен теория негізі. Фризді өсімдік ою өрнегі. Халықтық сәндік ою өрнек. Материалдардың қасиеттері және оларды сәнді-қолданбалы бұйымдарын дайындауда орынды қолдану. Қазіргі көркемдік бұйымдарда қолданылатын материалдар.Бояғыш заттар және олардың қасиеттері. Негізгі шикізат. Қолданбалы өнер бұйымдарын дайындаудағы негізгі операциялар. Әр түрлі материалдардан жасалған буйымдардың инкрустациясы.

Білімдер:

әр түрлі материалдарды техникасы мен технологиясын білу; ағаш,металл,қатты қағазда,әйнекте,жібек мата мен жүн; әр түрлі материалдарды технологиялық өңдеу және оларды сәнді-қолданбалы өнер бұйымдарын жасауда қолдана білу; өнер бұйымдарында әр түрлі құралдарды пайдалана білу.



іскерліктер:

әр түрлі дайын жасалынатын бұйымдар мен материалдарды қолдана білу; шығармашылық эскиздерді, дайын бұйымдар мен материалдарды сапалы түрде орындай білу; қолданбалы өнер бұйымдарын дайындауда көрсетілген рет бойынша, сәнді-қолданбалы өнер түрінің технологиялық ерекшеліктерін сақтай отырып, жұмыстарды орындай білу.




БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7




Шағын кескіндеу суретшісі

Сәндік кескіндеменің қысқаша тарихы. Жалпы мәлімет. Сәндік кескіндеме түрлері. Қолданылу аясы. Кескіндеменің әртүрлі сәндік түрлері.



Білімдер:

сәндік кескіндеменің қысқаша тарихы; кескіндеменің түрлері мен әдістері; қолданылу аясы.



іскерліктер:

теориялық білімдерін кескіндеменің әртүрлі сәндік түрлерін дайындауда қолдана білу.




БҚ4

БҚ6






Көркем тоқыма суретші–шебер

Тоқыма өнерінің қысқаша тарихы. Жалпы мәлімет. Тоқыма бұйымдарының түрлері, безендірілуі. Қолданылу аясы. Тоқыма бұйымдарының түрлері.



Білімдер:

тоқыма өнерінің қысқаша тарихы; тоқыма бұйымдарының түрлері; қолданылу аясы



іскерліктер:

Теориялық білімдерін кілем, гобелен, маталарды қалпына келтіруде қолдана білу.




БҚ4

БҚ6






Ағашты көркемдеп өңдеу суретші–шебер

Ағашты өңдеудің қысқаша шығу тарихы. Жалпы мәлімет. Ағаш бұйымдарының түрлері және оның безендірілуі. Өрнектеп жазу түрлері. қолданылу аясы. Ағаш өңдеудің түрлері.



Білімдер:

ағашты өңдеудің қысқаша шығу тарихы;ағашты өңдеудің түрлері; қолданылу аясы; ағашты әшекейлеу бойынша тәсілдер мен түрлер;



іскерліктер:

Теориялық білімдерінағаштыкөркем бұйымдар дайындауда қолдана білу.




БҚ4

БҚ6






Көркем қыш суретші–шебер

Қыш өнерінің қысқаша тарихы. Жалпы мәлімет. Қыш бұйымдарының түрлері, безендірілуі. Қолданылу аясы. Көркем қыш бұйымдарының түрлері.



Білімдер:

Қыш өнерінің қысқаша шығу тарихы; көркем қыштың түрлері; қолданылу аясы.



іскерліктер:

Теориялық білімдерін көркем қыш бұйымдарын дайындауда қолдана білу.




БҚ4

БҚ6






Металды көркемдеп өңдеу суретші–шебер

Металды өңдеудің қысқаша тарихы. Жалпы мәлімет. Металл бұйымдарының түрлері, безендірілуі. Қолданылу аясы. Металды өңдеудің түрлері.



Білімдер:

металдың пайда болуының қысқаша тарихы; метал өңдеудің түрлер; қолданылу аясы; нақыштаудың түрлері мен әдістері



іскерліктер:

Теориялық білімдерінметалданкөркем бұйымдар дайындауда қолдана білу.




БҚ4

БҚ6






Былғарыны көркемдеп өңдей суретші–шебер

Былгарыны өңдеудің қысқаша тарихы. Жалпы мәлімет. Былгарыдан жасалатын бұйым түрлері. Қолданылу аясы. Бұйым түрлері.



Білімдер:

халықтық қолөнер кәсібінің қысқаша шығу тарихы; теріден көркем бұйымдардың жасалу жолдары; қолданылу аясы.



іскерліктер:

Теориялық білімдерін тері мен көркем бұйымдар дайындауда қолдана білу.




БҚ4

БҚ6






Көркем әшекейлеу суретші –шебер

Көркем әшекейлеу. қысқаша тарихы. Жалпы мәлімет. Көркем әшекейлеутүрлері мен әдістері

Қолданылу аясы.


Білімдер:

халықтық қолөнер кәсібінің қысқаша шығу тарихы;

көркем әшекейлеутүрлері мен әдістері

іскерліктер:

Теориялық білімдерін көркем әшекейлеу бұйымдар дайындауда қолдана білу.




БҚ4

БҚ6



АП 5.2

Үйлестіру

Тон, түс, колорит. Өрнектік түр. Материалдық фактура мен текстурасы. Стилизация.

Көлемдік және көлемдік кеңістік композициясы. Рельефтік композиция. Кеңістің композициясы. Пластикалық композиция.. Түстің эмоциалық және психологиялық қасиеттері.


Білімдер:

үйлестіру заңы (композиция заңы); композицияның ережелері және қабылдау; композициядағы қажетті құралдар; статистика, динамика, ритм, симметрия, ассиметрия және т.б.; сюжетті-композициялық орталық;

тон, түс, колорит.

іскерліктер:

әртүрлі композициялар жасауда әдістер мен құралдарды білу; көлемдік және көлемдік кеңістік композициясын құра білу; терең және рельефтік композиция құра білу;кеңістік және пластикалық композиция құра білу.




БҚ4

БҚ6


КҚ 3.5.2,3.5.6

КҚ 3.5.7


КҚ 3.2.2, 3.2.6

КҚ 3.3.2, 3.3.6

КҚ 3.4.2,3.4.6

КҚ 3.5.2, 3.5.6

КҚ 3.6.2, 3.6.6

КҚ 3.7.2,3.7.6



АП 5.3

Ұлттық ою-өрнек пен кәсіпшілік тарихы

Халықтық қолөнердің тарихы:

Көркем қыш.Ағашты көркемдеп өңдеу.Металды көркемдеп өңдеу.

Тасты көркемдеп өңдеу.

Көркем кесте.

Көркем тоқудағы оюлар.

Кілем тоқу ісі.

Тері мен түбітті көркемдеп өңдеу.

Сүйек пен мүйізді өңдеудің шығу тарихы.

Нәзік кескіндеменің даму тарихы.

Оюдың шығуы.

Қазақтың халық оюының шығуы.

Оюды қолдану әдісінің әдістерінің классификациясы.

Ежелгі қазақ қолөнеріндегі оюдың қолданылуы.

Оюдың қазіргі замандағы дамуы.


Білімдер:

Халықтық кәсіптің шығу тарихы; киіз басу (текемет, сырмақ, түскиіз); тоқыма (алаша, тақыр кілем, түкті кілем); кесте (қабырға кілемдері, ұлттық киімдер); шим ши тоқу, өрме тоқу; зергерлік өнер; (әйелдердің төсіне арналған әшекей бұйымдары, сырғалар, білезіктер және т.б.); ұсталық іс (қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар, ер-тұрман); жүн, тері, сүйек, ағаш, метал өңдеу; көркем қыштың даму тарихы; оюдың шығу тарихы, дамуы және қолданылу аясы; оюлар классификациясы, білдіретін мағынасы және білдіретін белгісі;



іскерліктер:

көркем бұйымның, тұрмыста қолданылатын бұйымдардың техникасын, қолданылу орнын, бұйымның түрін айыра білу; оюдың түрлерін қолданылу орнын топтай білу;қолданбалы сәндік бұйымдарда оюды дұрыс қолдана білу; бұйымға ою салуда композициялық шешім табу, анализ жасау.




БҚ 1

БҚ 6


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.7


КҚ 3.3.4

КҚ 3.3.7


КҚ 3.4.7

КҚ 3.4.10

КҚ 3.5.5

КҚ 3.5.7


КҚ 3.5.10

КҚ 3.6.4


КҚ 3.6.5

КҚ 3.6.7


КҚ 3.6.10

КҚ 3.7.4


КҚ 3.7.5

КҚ 3.7.7


КҚ 3.7.10

КҚ 3.7.11



АП 5.4

Ұлттық ою-өрнек. Ою-өрнек ежелгі мәдениетінің түрі. Өнер мен кәсіпшілікте оның қолданылуы. Қазақ ою-өрнегінің әуендері, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардан туындаған белгі нышандары. Зооморфты түрлер (пұтқа табынушылардың құдайды аң іспетті тануы). Өсімдік тәріздес, космогониялық, геометриялық түрлері. ою әуендерінің өзара байланысы.

Білімдер:

Ою-өрнектің түрлерін ажырата білу, қолданылатын орнын білу. Ежелгі мәдени белгілерді ажырата білу. Іс-тәжірибеде қолдана білу.Өсімдік тәріздес, космогониялық, геометриялық түрлері. ою әуендерінің өзара байланысын түсіне білу.



іскерліктер:

Қолданбалы өнердегі ою – өрнектің бөлінуі. Сәндік қолданбалы өнерде ою – өрнекі дұрыс қолдану.




БҚ1

БҚ3


БҚ 6

КҚ 3.5.8


КҚ 3.2.8

КҚ 3.3.5


КҚ 3.4.6

КҚ 3.5.8


КҚ 3.6.6

КҚ 3.7.5



АП 5.5

Материалтану және технология




Шағын кескіндеу суретшісі

Шағын кескіндеменің даму тарихы.

Қолданылатын материалдар мен құралдар. Нәзік кескіндеменің әртүрлі тәсілдері.

Лакталған бұйымдарда темперлік кескіндеме. Лакталған нәзік кескіндеме. Пейзаж, портретті сюжетті үйлестіруді қағазда , металлда, сүйекте, фарфорда, ағашта және басқада заттарда нәзік кес кіндемеде бейнелеу.

Кітап миниатюрасын

Нәзік кескіндеменің дәстүрлі түрлері;

Жұмыс орнын даярлау.


білімдер:

нәзік кескіндеменің даму тарихы; құрал-жабдықтар мен материалдар; нәзік кескіндеменің дәстүрлі түрлері; кітап миниатюрасын



іскерліктер:

нәзік кескіндеменің құрал-жабдықтар мен материалдарының әртүрлі тәсілдерімен жұмыс; лакталған нәзік кескіндемені орындау;нәзік кескіндемені пейзаж, портрет, сюжетті үйлестіруді қағазда , металлда, сүйекте, фарфорда, ағашта және басқада заттарда бейнелеу; нәзік кескіндеменің дәстүрлі түрлерін орындау;жұмыс орнын даярлау




БҚ 5

КҚ 3.5.9


КҚ 3.5.10




Көркем тоқыма суретші-шебер

Талшықтар. Тоқымалар. Маталар. Талшықтың құрылысы мен қасиеті және мата түрлері.


Маталар мен тоқымаларды бояу процесі. Күрделі батик.Суық және жылы батик. Батик үшін резерв дайындау. киіз дайындау технологиясы. Өрудің әртүрлі техникасы (түкті, түксіз,түйінделген және тағы басқа)


білімдер:

пайдаланылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері; боялған маталармен тоқыма жіптерінің технологиясы; күрделі батик технологиясы; суық және жылы батик технологиясы; батик үшін дайындық резерв процесі;киіз дайындау технологиясы; өрудің әртүрлі техникасы (түкті, түксіз,түйінделген); талшық, иірілген жіп, мата



іскерліктер:

алған білімдерін практикада пайдалану.




БҚ 5

КҚ3.2.9


КҚ 3.2.10




Ағашты көркемдеп өңдеу суретші-шебер

Ағаш өңдеудің даму тарихы. Ағашты ойып өңдеудің күрделі тәсілдері; Ағаш өңдеудің, оюдың қол құралдары; Желімдеу материалдары; Желім түрлері.Ағаш сүрегінің түрлері және оның қасиеттері. Ағаш сүректерін өңдеудің дәстүрлі түрлері (ою, инкрустация,тағы басқалар; Электр құрал – жабдықтары мен түрлері және пайдалану орындары; Лактау және бояу түрлері менәрлеу материалдары; Әртүрлі материалдарда, формаларда көркем-сәндік және дәстүрлі сәндеп жазу; Материалдар мен аспаптар; Музыкалық аспаптарды дайындауға арналған арнайы, сирек кездесетін ағаш сүрегінің түрлері. Музыкалық аспаптарды дайындаудың технологиялық процесі: ішекті, үрмелі, шертпелі,ұрмалы-шулы және такғы басқалар. Әрлеу материалдары. Қосымша материал түрлері; музыкалық аспаптар бөлшектері;

Фурнитура; Дәстүрлі қазақ ұлттық музыкалық аспаптары; Классикалық музыкалық аспаптар; Әрлеу жұмыстары.


білімдер:

ағаш өңдеудің даму тарихы; ағаш түрлері және оның қасиеттері; ағаш өңдеудің, оюдың қол құралдары;

желімдеу материалдарының түрлері және оның қасиеттері; ағаш сүректерін өңдеудің дәстүрлі түрлері;

ағашты ойып өңдеудің күрделі тәсілдері; электр құрал -жабдықтары мен түрлері және пайдалану орындары;

лактау және бояу түрлері менәрлеу материалдары;

әртүрлі материалдарда, формаларда көркем-сәндік және дәстүрлі сәндеп жазу; музыкалық аспаптар дайындаудың технологиялық процесі: ішекті, үрмелі, шертпелі және тағы басқа; әрлеу материалдары;

дәстүрлі қазақ ұлттық музыкалық аспаптары;

классикалық музыкалық аспаптар; қауіпсіздік техникасын сақтау;



іскерліктер:

әртүрлі ағаш түрлерін дұрыс пайдалану; қол-құралдарымен және электр құралдарын дұрыс пайдалану; күрделі ою тәсілдерін сауатты пайдалану;

желімдеу және әрлеу материалдарын қолдану; әрлеу жұмыстарын орындау; материалдар және құрал- жабдықтармен жұмыс;жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру


БҚ 5

КҚ 3.4.9


КҚ 3.4.10




Көркем қыш суретші-шебер

Саз балшықтар. Ескі материалдар; Қыш массасын есептеу;

Қорыту. Гипс. Күйдірілген қыш бұйымдарының негізі Ангобы. Глазури (жылтырату). Жылтыр астындағы қыш таңбалары мен бояулар. Жылтыр астындағы қыш таңбалары мен бояулар. Жұқа қыш материалдарының құрамы мен көркем қышта пайдаланылуы;

Терең жасалған қыш материалдарының қасиеттері мен

көркем қышта пайдаланылуы;

Сәулетті- көркем қыш.





білімдер:

саз;ескі материалдар; қорыту; күйдірілген қыш бұйымдарының негізі; ангобы; жылтырату; жылтыратылған қыш таңбалары мен бояулар құрамы;

жылтыр астындағы қыш таңбалары мен бояулар құрамы;жұқа қыш материалдарының құрамы мен көркем қышта пайдаланылуы;терең жасалған қыш материалдарының қасиеттері мен көркем қышта пайдаланылуы;

іскерліктер:

қыш массасын есептеп үйрену;қалыптың гипстік пішіні және формасы;қыш бұйымдарын сәндеу; күйдіру жұмыстары



БҚ 5

КҚ3.5.9






Металды көркемдеп өңдеу суретші-шебер

Материалдардың физикалық және химиялық қасиеттері;

Металлды көркемдеп өңдеудегі өндірістік процесс. Бұйымды дайындау технологиясы мен материалдар түрлері;

Зергерлік жұмыс техникасы: нақыштау, соғу, жабыстыру, тағы басқа;вакуумдық, балауыз;

Жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтау;


білімдер:

материалдардың физикалық және химиялық қасиеттері;

металлды көркемдеп өңдеудегі өндірістік процесс;

бұйымды дайындау технологиясы мен материалдар түрлері; зергерлік жұмыс техникасы: нақыштау, соғу, жабыстыру, тағы басқа; жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтау;



іскерліктер:

металл түрлерін дұрыс қолдана білу; қол-құралдарымен және электр құралдарын дұрыс пайдалану, металлды көркемдеп өңдеуде технологиялық тәсілдерді пайдалану




БҚ 5

КҚ3.3.9






Былғарыны көркемдеп өңдеу суретші-шебер

Терінің физикалық және химиялық қасиеттері;

Теріні көркемдеп өңдеудегі өндірістік процесс;

Тері түрлері мен оның өңдеу технологиясы;

Әрлеу жұмыстары. Сувенирлер, сәндік заттар, тұрмыс заттары, сәндік панно және тағы басқалар; Қолданылатын материалдар мен құралдар; Өңдеуді аяқтау.

Жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтау



білімдер:

терінің физикалық және химиялық қасиеттері; теріні көркемдеп өңдеудегі өндірістік процесс;тері түрлері мен оның өңдеу технологиясы;қолданылатын материалдар мен құралдар; жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтау;



іскерліктер:

әрлеу жұмыстарын орындау;өңделген жұмыстың аяқталуы



БҚ 5

КҚ3.6.9


КҚ 3.6.11




Көркем әшекейлеу суретші-шебер

Көркем сәндеп жазудың даму тарихы;

Аспаптар мен материалдар; Көркем сәндеп жазудың дәстүрлі түрлері. Көркем сәндеп жазудың әртүрлі тәсілдері.

Қыш, металл, ағаш, фарфор және полимерлік материалдарда көркем сәндеп жазуды орындау. Көркем сәндеп жазудың дәстүрлі түрлері. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру



білімдер:

көркем сәндеп жазудың даму тарихы; аспаптар мен материалдар; көркем сәндеп жазудың дәстүрлі түрлері.

көркем сәндеп жазудың әртүрлі тәсілдері.

дағдылар:

көркем жазуда қолданылатын құралдар мен түрлі материалдармен жұмыс жасауды; қыш, металл, ағаш, фарфор және полимерлік материалдарда көркем сәндеп жазуды орындау; жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру




БҚ 5

КҚ3.7.9


КҚ 3.7.12

ӨО және КП

Өндірістік оқыту (шеберлік) және кәсіптік практика




(Шағын кескіндеу суретшісі)

Кітап миниатюрасы. Кітап миниатюрасының көшірмесін жасау. Портреттік нәзік кескіндеме. Нәзік кескіндеменің даму тарихы. Құрал-жабдықтар мен материалдар; Нәзік кескіндеменің әртүрлі тәсілдері. Лакталған бұйымдарда темперлік кескіндеме. Лакталған нәзік кескіндеме. Пейзаж, портретті сюжетті үйлестіруді қағазда , металлда, сүйекте, фарфорда, ағашта және басқада заттарда нәзік кес кіндемеде бейнелеу. Шығыс нәзік кескіндеме. Нәзік кескіндеменің дәстүрлі түрлері;

Жұмыс орнын даярлау.


іскерліктер:

нәзік кескіндеменің даму тарихы; кітап миниатюрасын; нәзік кескіндеменің дәстүрлі түрлері;

құрал-жабдықтар мен материалдар;

дағдылар:

кітап миниатюрасы техникасында жұмыс істеу; кітап миниатюрасының көшірмесін жасау; портреттік нәзік кескіндеменің техникасында жұмыс істеу; құрал-жабдықтар мен материалдарды белгіленген орны бойынша дұрыс қолдану; нәзік кескіндеменің әртүрлі тәсілдерін практикалық жұмыста қолдану; лакталған бұйымдарда темперлік кескіндеме техникасында жұмыс жасау; пейзаж, портретті сюжетті үйлестіруді қағазда , металлда, сүйекте, фарфорда, ағашта және басқада заттарда бейнелеу; жұмыс орнын даярлау




БҚ 5

КҚ3.5.11


КҚ 3.5.12




(Көркем тоқыма суретші-шебер)

Әртүрлі тоқу өрілімдері. Ши. Суретті патрониралдау. Картон. Сувенирлік салфетка. Матаны көркемдеп безендіру. Матаны сәндеп жазу техникасы мен технологиясы. Батик үшін резерв дайындау. батик үшін құрал-жабдықтары мен бояулар. Сәндік топтама (портьера, дастархан, салфетка, панно).



іскерліктер:

әртүрлі тоқу өрілімдері; батик үшін құрал-жабдықтары мен бояулар;маталарға әрлеп жазу технологиясы мен техникасы.



дағдылар:

кілемдік үйлестірудің патрониралдық суреттерді орындау; картонда орындау (техникалық ий сурет);ши техникасында өру; өруді әртүрлі техникада орындау жұмыстары; батик үшін резерв дайындау.




БҚ 5

БҚ 7


КҚ3.2.11

КҚ 3.2.12






(Ағашты көркемдеп өңдеу суретші-шебер)

Токарлық жұмыстарды орындауда көркем бұйымдар үшін дайындық жұмыстарын орындау.

Бұйымдарды орындау барысында оюдың әртүрлі түрлерін орындау. Бұйымдарды орындау барысында мозаика, инкрустация және техники шпон техникасын даярлау Ағашты өңдеуді сәндеп жазу түрлері

Орындалған бұйымға таварлық түр беру;



іскерліктер:

құрал-жабдықтар түрлері;ағашты өңдеудің техникалық- технологиялық ерекшеліктері; ағаштан жасалған көркем бұйымдарды дайындау технологиясының реттілігі;

көркем ойып жазудың дәстүрлі түрлері мен токарлық жұмыстары; ағашты өңдеуді сәндеп жазу түрлері;

мозаика (маркетрлер, шпон, инкрустация, интарсия).



дағдылар:

әртүрлі ағаш түрлерін дұрыс пайдалану; қол-құралдарымен және электр құралдарын дұрыс пайдалану; күрделі ою тәсілдерін сауатты пайдалану;

желімдеу материалдарын қолдану; токарлық жұмыстарды жүргізу; мозаика мен инкрустация техникасымен жұмыс жасау;ағашты өңдеуді сәндеп жазу түрлері; жұмыс орнын даярлау;орындалған бұйымға таварлық түр беру;


БҚ 5

БҚ 7


КҚ3.4.7

КҚ 3.4.12






(Көркем қыш суретші-шебері)

Қышпен және қыш бояуларымен таныстыру.

Жануарлар стилизациясының кіші формаларының мүсіні. Табақтарды сәндеп жазу. Сәндеу тәсілдері. Қабырға табақшаларын ою-өрнектеу. Сүт және су үшін дайындалған бұйымдарды сәндеп өрнектеу. Мүсіндік сауытты қолмен одан әрі жалғастырып жасау. Зооморфтік мүсін.Ұсақ пластика. Сәндік қабырғалық және үстел үсті табақшалары (сәндеп жазу, бедер). Сыйлық тостаған – қыштық күйдірілген жұмыс.Ұлттық классикалық өрнектер пайдаланылған қыш бұйымдар топтамасы. Жгут тәсілімен орындалған сәндік шай және қымыз ыдыс топтамасы . Интерьерге арналған анималистік мүсін.Көркем қыш: кашпо, құмыра. Ашық бедердегі қабырға кашпосы.Құмыралар: (үстел үстілік немесе едендік), құю әдісімен жасалған.


іскерліктер:

қышпен жұмыс жасауды оқытып үйретудегі практикалық оқытудың ролі;қыш бұйымдарын даярлау технологиясы; модельдік-қалыппен жұмыс негізі.



дағдылар:

әртүрлі қыш материалдары- мен жұмыс; әртүрлі тәсілдермен жасалған қыш материалдарды сәндеу;

интерьер мен экстерьер үшін бұйымдар жасау; үй жабдықтарын утилдік негізге ала отырып затты құру, функциясы және қолданылуы.


БҚ 5

БҚ 7


КҚ 3.5.7

КҚ3.5.11


КҚ 3.5.12




(Металлды көркемдік өңдеу суретші- шебері)

Металлдардың әртүрлі түрлері.Металлды өңдеудің әртүрлі түрлері:Ою, чеканка (нақыш), дифовка (выколотка), соғу, нақыштау, арамен кесу,қалыпқа құю. Скандеу және зернелеуді орындау. Тастармен, эмальмен инкрустациялау.




іскерліктер:

металлдардың әртүрлі түрлері; металл бойынша құрал-жабдықтар түрлері; металлды өңдеудің технологиялық ерекшеліктері; металл бойынша әртүрлі көркем жұмыстардың т үрлері; бұйымдарды дайындау технологиясының реттілігі; инкрустация түрлері



дағдылар:

металлдан жасалатын жұмыстар үшін құрал-жабдықтарды пайдалану; технологиялық процесстердің дұрыс орындалуы; чеканка жасау; соғу жұмыстарын орындау; дифовка (выколотку) орындау; нақыштауды орындау; арамен кесуді орындау; қалыпқа құюды орындау; скань, эмаль, тасты дұрыс қолдану; орындалған бұйымға таварлық түр беру;




БҚ 5

БҚ 7


КҚ 3.3.8

КҚ3.3.11


КҚ 3.3.12




(Теріні көркемдеп өңдеу суретші-шебері)

Теріден жасалған аппликатциялық панно. Панно, басып өрнек салу әдісі. Көлемді- кеңістіктегі үйлестіру. Сувенирлер, әшекей топтамалар, тұрмыс заттары, сәндік панно, тағы басқалар.

Жасау жұмыстары. Құрал-жабдықтар мен материалдарды қолдану. Қауіпсіздік техникасын сақтау.


іскерліктер:

теріні өңдеу бойынша қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар түрлері; теріні өңдеудің көркем жұмыстарының әртүрлі түрлері; жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтау.



дағдылар:

теріні өңдеу жұмыстары бойынша қолданылатын құрал-жабдықтарды қолдану; технологиялық процесстердің дұрыс орындалуы; теріні күйдіру, илеу жұмыстарын орындау;орындалған бұйымға таварлық түр беру




БҚ 5

БҚ 7


КҚ 3.6.7

КҚ3.6.8


КҚ 3.6.12




(Көркем сәндеп жазу суретші-шебері)

Сюжеттік және ою-өрнекті картиналар.Нәзік сәндік жазу. Монументальды нәзік жазу. Қабырға сәндік жазуы (фреска). Сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын көркем сәндік жазу: майолика, фаянс, фарфор, әйнек және тағы басқалар. Лакты миниатюра. Палех. Жостово.




іскерліктер:

көркем әрлеп жазу үшін қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар; көркем әрлеп жазудың әртүрлі түрлері.



дағдылар:

көркем әрлеп жазу үшін қолданылатын құрал-жабдықтарды пайдалану; көркем әрлеп жазудың технологиялық процесстердің дұрыс орындалуы;

орындалған бұйымға таварлық түр беру


БҚ 5

БҚ 7


КҚ 3.7.7

КҚ3.7.8



КП. 00

Кәсіптік практика

КП. 01

Алғашқы кәсіби біліктілік алу практикасы

Кәсіпорынның құрылымымен, оның негізгі бөлімдерімен, жұмыс тәртібімен, негізгі және қосымша цехтармен және шеберханалармен, олардың қолданыс аясымен танысу.

Негізгі цехтардың шикізаттары мен өнімдері, кәсіпорынның технологиялық желісі. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Процестің негізгі және қосымша жабдықтары. Жұмыс орнында регламентке сәйкес технологиялық процестерді жүргізудің негізгі әдістері мен машықтарын зерделеу және бекіту.


іскерліктер:

кәсіптік терминология; технологиялық процестердің топтамасын; кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру; жұмыс өзара жақын мамандықтардың жұмыс мазмұнын, еңбекті ұйымдастыру ережесі.



дағдылар:

технологиялық процесте қолданылатын жабдықтар мен аппаратураларда қызмет көрсету; процестің жалпы бақылауы мен реттеуін жүзеге асыру



БҚ 5

КҚ 3.5.11 КҚ 3.5.12

КҚ 3.2.11 КҚ 3.2.12

КҚ 3.4.7 КҚ 3.4.12

КҚ 3.5.7

КҚ 3.5.11

КҚ 3.5.12

КҚ 3.3.8


КҚ 3.3.11

КҚ 3.3.12

КҚ 3.6.7

КҚ 3.6.8


КҚ 3.6.12

КҚ 3.7.7


КҚ 3.7.8

КП. 02

Өндірістік практика

Цехтың (шеберханалардың, бөлімшелердің) технологиялық процесін зерделеу, біліктілігіне сәйкес кәсіби бойынша орын алмастырушы (дублер) ретінде жұмыс.



іскерліктер:

кәсіптік терминология; технологиялық процестердің топтамасын; кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру;еңбек қауіпсіздігі техникасының ережелерін;



дағдылар:

біліктілікке сәйкес операцияларды орындау; жабдықтар мен аппаратураларда қызмет көрсету;



БҚ 5

КҚ 3.5.11 КҚ 3.5.12

КҚ 3.2.11 КҚ 3.2.12

КҚ 3.4.7 КҚ 3.4.12

КҚ 3.5.7

КҚ 3.5.11

КҚ 3.5.12

КҚ 3.3.8


КҚ 3.3.11

КҚ 3.3.12

КҚ 3.6.7

КҚ 3.6.8


КҚ 3.6.12

КҚ 3.7.7


КҚ 3.7.8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет