Тақырып. Саяси процесс жəне саяси қАҚТЫҒЫС



бет1/2
Дата05.02.2024
өлшемі25.33 Kb.
#490800
  1   2
11 ТАҚЫРЫП. Саясаттану


  1. ТАҚЫРЫП. САЯСИ ПРОЦЕСС ЖƏНЕ САЯСИ ҚАҚТЫҒЫС

11.1 Саяси процестің мəні, құрылымы мен жіктелуі


11.2 Саяси шиеленістердің қоғамдағы орны мен ролі




11.1 Саяси процестің мəні, құрылымы мен жіктелуі

Саяси процестің мəні. Саяси процесс қоғамдағы саяси билікке қол жеткізу, оны ұстап тұру жəне қолдану мақсатындағы саясаттың түрлі субъектілерінің өзара əрекеттерінің, өзара қатынастарының жиынтығын білдіреді. Ғылыми əдебиетте саяси процесс келесі тəсілдердің бірлігінің призмасы арқылы қарастырылады:


а) саяси процесс - ол кеңістік пен уақытта біртіндеп дамитын қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету түрі;


б) саяси процесс - қоғамдық процестердің бірі ретінде.


Құқықтық, экономикилық, идеологиялық жəне т.б. айырмашылығы да осында.


в) саяси процесс белгілі бір көлемдегі процестің соңғы нəтижесімен нақты белгі ретінде (қандай да бір партияның қалыптасуы, сайлау өткізу жəне т.б.).


Саяси процесс саяси жүйенің əлеуметтік динамикасының сипатын, оның кеңістік пен уақыттағы жағдайының өзгеруін ашып көрсететіндіктен, саяси өмірдің функционалдық сипаттамасы ретінде болады. Аталған тəсілдің шеңберінде саяси процесс институттандырылған жəне институттандырылмаған субъектілердің билік саласындағы өздерінің арнаулы функцияларын (дисфункциялар) жүзеге асыру бойынша əрекеттерінің жиынтығы болып саналады.


Саяси процестің мазмұны көп жақты - қоғамдағы қатардағы азаматтардың да,элитаның да барлық шынайы əрекеттерін қамтиды, сонымен бірге бұл əрекеттерді билік қатынасындағы тəртіп қолдауы немесе оған қарсы шығуы мүмкін.


Саяси процестің құрылымы процесс субъектісінен (шынайы билік немесе оны тасымалдаушы); процестің мақсаты ретінде жасалуға немесе қол жеткізуге тиісті объект; субъект пен объект мақсатты байланыстыратын процестің құралдары, əдістері, ресурстары, орындаушылары. Ресурстар ретінде материалдық жəне идеалдық негіздер, яғни техника, қаржы, халық, ғылым, білім жəне т.б. болады.


Саяси процестің сатылары:


а) процестің идеясынан, оның теориясын немесе тұжырымдамасын дайындаудан басталады. Мақсатты таңдау, оны негіздеу мен оптимизация - мінсіз мақсат саясаттың көрсеткіші болып қалады, шынайы қол жеткізетін мақсат нақтыланады. Оған сəйкес оның субъектісі мен орындаушыларын басқаратын саяси процестің міндеттері белгіленеді.

84


б) құралдар, ресурстар, əдістер таңдалады жəне оның кеңістіктік, уақыттық өлшемдері, яғни процесс ырғағы, мерзімі, көлемі анықталады. Процестің элементтерінің сəйкестігі анықталады: субъектінің (биліктің) мақсат пен міндеттерге; құралдар мен əдістердің мақсатқа;

в) процестің жобасы мен жоспары;


г) саяси процестің шығуы.


Саяси процестің заттық мазмұндық аспектілері оның басқа да əлеуметтік құбылыстармен өзара əрекетін анықтау арқылы таратылады.

Саяси процестердің жіктелуі:


а) əлеуметтік жəне саяси құрылымдардың өзара байланысының басты түрлерінің тұрақтылығы жағынан - тұрақты жəне тұрақсыз саяси процестер;

б) ағымдық түрі бойынша - ашық жəне жасырын. Ашық саяси процестерде қоғамның, топтардың саяси қызығушылықтары электоралды ерекше ықыласта үнемі білінеді. Жасырын саяси процесс қарама қайшы өлшемдермен сипатталады: халық заңдастырылмаған, қоғам мойындамаған құрылымдарға шағымданады, ресми билік назардан тыс қалады; басқарушы ақпарат саяси кеңістікте қызмет атқарып жатқан субъектілердің қоғамдық пікіріне арналмаған; басқарушы элиталарды бақылау мүлдем жоқ.


в) саяси билікті ұйымдастырудың жүйелі сапалары бойынша - демократиялық жəне демократиялық емес;


г) биліктің өзгеру сипаты бойынша - төңкерістік жəне эволюциялық;


д) базалық жəне перифериялық. Базалық əлеуметтік қабаттардың
мемлекетпен қарым-қатынастарға қосылу əдістерін, халықтың қызығушылықтары мен талаптарының басқарушылық шешімдерге айналу түрлерін, саяси элиталардың қалыптасуының əдістерін сипаттайды. Мұнда сөз саяси қатысу мен мемлекеттік басқару процестері туралы болып отыр. Перифериялық саяси процестер жекелеген саяси ассоциациялардың (партиялардың, қысым топтарының) қалыптасу динамикасын, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын, саяси жүйедегі түрлі байланыстар мен қарым-қатынастарды ашады.

е) саяси жүйенің оның түрленуі кезіндегі теңдікке қол жеткізу əдістері бойынша - технократиялық, идеократиялық, харизматикалық.


Технократиялық типтегі саяси процесс белгілі бір міндеттерді шешуде процедуралар мен саяси технологияларға назар аударады. Ол нормалар, дəстүрлер, шешім қабылдау процедуралары, билікті легитимді бөлудің əдістері. Саяси процестің идеократиялық типі дəстүрлі қоғамдарда басымдық танытады жəне автономды тұлға мүлдем болмайтын, саяси ролдер мен функциялардың дамыған дифференциациясы жоқ дəстүрлі қоғам елдерінде көрінеді, осы елдер үшін модернизация енді ғана жаңадан басталып келеді жəне осыған орай билік институттарымен қатар электорат жағынан да көптеген қарсы əрекеттер туындайды. Шығыстық мəдени дəстүр үшін саяси процестің харизматикалық типі тəн. Бұл заңды да, себебі шығыс саяси мəдениетінде саяси көшбасшы ролі, оның қоғамдық өмірге ықпалы абсолюттенуде.


Саяси процестерді жіктеуді талдау осы классификациялар таза түрінде тəжірибеде кездеспейді, қоғамдағы шынайы өмірде олар бір-бірімен өзара



85


байланысты деген қорытындыға əкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет