Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім



бет7/8
Дата29.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#165702
1   2   3   4   5   6   7   8



ЖГП ОО

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі.

Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.



Білімдер:

-кәсіптік қарым-қатынас мөлшерінде қажетті қазақ (орыс) тілдерін білу.



Іскерліктер:

- салада қолданатын терминологияны қолданып құжаттарды оқи, сөйлесе алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 4

БҚ 6


БҚ 7

КҚ3.7.10


КҚ3.7.11


ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі.

Дыбыстарды дұрыс айту бойынша жұмыс жүргізу; таныстыратын және оқып білетін оқу; лексикалық материал; сөзжасам; Аффисті сөзжасам; конверсия –сөзжасам тәсілі ретінде; грамматикалық материал; жай сөйлемнің құрылысы; сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы; сөйлеу; тыңдап түсіну; аудиториядан тыс өз бетімен оқу.



Білімдер:

- шетел тілін, кәсіптік және әлеуметтік бағыттағы мәтіндерді, сөздікпен оқу үшін қажетті, лексикалық (1200- 1400 бірлік) және грамматикалық деңгейде игеру.



Іскерліктер:

-тұрмыстық және кәсіптік деңгейде сөйлесе алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 4

БҚ 6


БҚ 7

КҚ3.7.10


КҚ3.7.11

ЖГП 03

Дене тәрбиесі.

Дене тәрбиесінің маманды дайындаудағы рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психо-физиологиялық негіздері; спорттық өзін-өзі жетілдірудің негіздері, кәсіби-қолданбалы физикалық дайындық.



Білімдер:

-салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу.



Іскерліктер:

-спортпен шұғылдану, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдай алу керек.




БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3


ӘЭП 00

Әлеуметтік экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану.

Дүниежүзілік және отандық мәдениет. Қазақстан мәдениетінің тарихы. Дінтану негіздері. Мәдениет түсінігі; мәдениет пен өркениет;

қазіргі кездегі мәдениет. Қазақстан территориясын мекендейтін халықтар мәдениеті. Қазақстан территориясындағы ежелгі өркениеттер мәдениеті. Тайпалық одақтар мен ІХ-ХІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының ортағасырлық мәдениеті. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдениеті. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Ресей империясының құрамындағы отарлық жағдайдағы (ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы және ХХ ғасырдың басындағы) Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан революция мен Кеңес өкіметінің орнау жылдарында. 20-30 жылдардағы мәдени құрылыс. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғылым, халыққа білім беру, әдебиет пен өнер. 40-жылдардың ортасы мен 80 жылдардың басына дейінгі Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мәдениеті мен ғылымы.


Білімдер:

-негізгі түсініктерді;

- түсініктер: конфуцианство; даосизм; Қытай өнерін;

- үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктерін.

- түсініктер: Ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Аллах, Мекке;

- христиан дінінің негізгі принциптерін және оның құндылықты бағытын;

-Франция мәдениетін: Ашель мәдениетін, проманьондықтарды, галдарды, франктарды, әдебиетті, философияны;

- көшпенділердің өмір сүру дағдысын және құндылықтар жүйесін;

-орта ғасыр кезеңіндегі қазақ этносының мәдени негізі туралы білімді қалыптастыруды;

- түрік-араб мәдениетінің орта ғасыр Қазақстан мәдениетіне тиген әсерін білу.



Іскерліктер:

- Қытай мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу;

- мәдениеттану түсініктерін еркін қолдана алу;

- байқау;

- көшпнеділер мәдениетінің материалды және рухани өзгешелігін көрсете алу керек.


БҚ 1

БҚ 4


БҚ 6

БҚ 7


ӘЭП 02

Философия негіздері.

Философияның қоғамдағы рөлі. Философияның тарихи түрлері. Материя. Диалектика және оның негізгі заңдары. Табиғат - философияны ұғыну пәні ретінде. Қоғамды философиялық тұрғыда түсіну: қоғамның үлгілері; материалдық өндіріс пен оның рөлі; қоғамдық өмірдің салалары мен функционалдық байланыстары. Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде. Адам болмысы философия мәселесі ретінде; Тұлға. Бостандық пен жауапкершілік. Сана – қызмет пен бейне ретінде. Таным мен шығармашылық. Философияның адамгершілік мәселелері.



Білімдер:

- әлемнің философиялық, ғылыми және діни көріністері туралы түсінік болу, адам өмірінің мәнін;

-ғылым және ғылыми танымдар ролі туралы түсінікті, оның құрылысын, әлеуметті және этикалық мәселелердің түрлері мен әдістерін білу.

Іскерліктер.

− биологиялық және әлеуметтік, дене және рухани бастамаларындағы адам іс-әрекетін, оның сана мәнін, саналы және санасыз әрекеттерін анықтай алуға;

- қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастар нормаларын реттей алу керек.


БҚ 1

БҚ 4


БҚ 6

БҚ 7


ӘЭП 03

Экономика және ГБЖ ұйымдастыру негіздері.

Экономика негіздері; мәні; негізгі түсініктер; жұмыс істеу механизмі; менеджмент және маркетинг негіздері; халық шаруашылық жүйесіндегі сала орыны; геологиялық ұйымдардың негізгі және айналым қаржылары; еңбекті ұйымдастыру және техникалық нормалау; еңбек ақыны ұйымдастыру; геолого-барлау жұмыстарын жоспарлау және жобалау; шығын сметасы; нарықтық қарым –қатынаста қаржыландыру жұмыстары; негізгі және қосымша өндірістерді (геолого-түсіру және іздеу жұмыстары) ұйымдастыру; геофизикалық жұмыстар; бұрғылау жұмыстары; тау-кен жұмыстары; гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жұмыстар; кен және тау жыныстарын сынамалау мен зертханалық зерттеу, топогеодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар; геолого-барлау жұмыстарын өндірістік-техникалық қамтамасыз ету; геолого- барлау жұмыстарының тиімділігі.



Білімдер:

- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;

- мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды;

- макро- және микроэкономика негіздерін, салық, қаржы-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білу.



Іскерліктер:

- өз кәсіптік қызметін бағдарлау үшін экономикалық ақпаратты іздеу және пайдалана алу керек.



БҚ 1

БҚ 4


БҚ 6

БҚ 7


ӘЭП 04

Саясаттану және әлеуметтану негіздері.

Пәні, негізгі түсініктері мен категориялары. Саяси ойдың тарихы мен қазіргі кездегі саяси мектептер. Саясат. Саяси билік. Демократия билікті жүзеге асыру түрі ретінде. Саяси жүйе. Мемлекет оның негізгі құрамдас бөлігі ретінде. Саяси партия мен партия жүйесі. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Саясат жүйесіндегі адам. Саяси қызмет: мәні мен мақсаты; саяси қызметтің құралдары мен әдістері; тоталитарлықтан демократиялық қоғамға өтудің өзекті мәселелері. Сыртқы саяси қызмет пен әлемдк саяси үрдіс.




Білімдер:

-заңдылықтарды әлеуметті тұрғыда түсіну туралы түсінікті;

-әлеуметтік құрылымдар туралы түсінікті,

әлеуметтік жіктелуді,

әлеуметтік әрекеттестікті;

-тұлғаның әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерін,

реттеу формаларын білу.

Іскерліктер:

- әлеуметті өзгешеліктер мен дамудың әлеуметтік қозғалыстарын және басқа факторларын дамыту;

- билік мәнің, саясат субъетілерін, саяси қарым –қатынастар мен үрдістерді (Қазақстанда және әлемде) ашып білу;

- саяси жүйелер мен саяси тәртіптер туралы түсінікті қалыптастыру.



БҚ 1

БҚ 4


БҚ 6

БҚ 7


ӘЭП 05

Құқық негіздері.

Мемлекет пен құқықтың түсінігі мен мәні; құқықтық мемлекет; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқығы; азаматтық құқық негіздері; азаматтық құқықтық қарым-қатынастың субъектілері; меншік құқығы; міндетті құқық; авторлық құқық; еңбек құқығы; еңбек даулары; қылмыстық құқық; отбасы құқығы.



Білімдер:

- адам мен азаматтың құқықтары және бостандығын;

оларды жүзеге асыратын механизмдер;

- кәсіптік қызмет аясында құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларын білу.



Іскерліктер:

- маманның кәсіптік қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттарды пайдалана алу керек.



БҚ 1

БҚ 4


БҚ 6

БҚ 7


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП. 01

Геодезия және маркшейдер ісінің негіздері.

Масштабтар; план және карта; карталардың номенклатурасы; желіні қадау және өлшеу;

Теодолиттік суретке түсіру; ниверлеу; тахеометрикалық суретке түсіру; мензуалды суретке түсіру; аудандарды анықтау; көз мөлшермен суретке түсіру; аэрофототүсіру және фотограм-метрия; маркшейдер ісінің негіздері.


Білімдер:

- карталар, пландар, масштабтарды,

- өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауды,

әр түрлі суретке түсіру міндеттерінің мәнін білу.



Іскерліктер:

-теодолитті, ниверлі суретке түсіре алу (нәтижелерді өңдеу).



БҚ 2

БҚ 8


КҚ3.7.1

КҚ3.7.2


КҚ3.7.17


ЖКП. 02

Топографиялық сызу.

Әр түрлі құралдармен сызу, негізгі қаріптерді қолдану және орындау, әр түрлі шартты белгілерді игеру; геологиялық сипатты шартты белгілер және оларды игеру; баспа тұпнұсқалы пландар мен карталарды сызудың қазіргі заманғы әдістері.



Білімдер:

- геологиялық карталар үшін әр түрлі мазмұнды шартты белгілерді сызуға қойылатын талаптарды білу.



Іскерліктер:

- әр түрлі міндетті геологиялық карталарды рәсімдеу.



БҚ 5

КҚ3.7.2


КҚ3.7.3

КҚ3.7.11


КҚ3.7.23

КҚ3.7.27


ЖКП. 03

Жалпы геология.

Әлем мен Күн жүйесіндегі Жер; Жердің геодезиялық сипаттамасы; Жердің физикалық қасиеттері оның сыртқы қабаттары, Жер мен жер қыртысының құрылымы, жер қыртысының құрамы; жер қыртысының геологиялық үрдістері мен эволюциясы.





Білімдер:

- геохронологиялық және стратиграфиялық шәкілдерді, Жер қыртысы дамуының негізгі ерекшелікткрін,

геологиялық зерттеулердің негізгі түрлері мен әдістерін білу.

Іскерліктер:

- геологиялық карталарда жыныстар жатысының жасын, генезисін және жағдайларын анықтай алу;

- диагностикалық белгілері бойынша ең көп таралған жыныстарды тудыратын минералдар мен тау жыныстарын анықтай алу,

- геологиялық және тектоникалық карталарда қатпарлы және платформалы аймақтарын анықтай алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.1

КҚ3.7.2


КҚ3.7.3

КҚ3.7.4


КҚ3.7.6

КҚ3.7.7


КҚ3.7.8

КҚ3.7.11



ЖКП 04

Кристалтану, минералогия и петрография.

Кристалдық заттардың қасиеттері және оның құрылысының негіздері;

минералдар: олардың құрамы, қасиеттері, пайда болуы және зерттеудің негізгі әдістері; минералдардың топтастырылуы; парагенетикалық байланыстар. Петрография: тау жыныстарын зерттеудің негізгі әдістері; магматикалық жыныстар және олардың топтастырылуы; метаморфикалық жыныстар; шөгінді жыныстардың негізгі типтерінің сипаттамасы, олардың қасиеттері, текстура мен құрылымдарының ерекшеліктері;

негізгі жыныстар түрлерінің топтастырылуы мен сипаттамасы.



Білімдер:

-минералдардың әр түрлілігін, физикалық қасиеттерін, морфологиясын, минералдардың пайда болу үрдістерін, минералдар топтарын, тау жыныстарының пайда болу жағдайларын білу.



Іскерліктер:

-минералдарды, табиғи жағдайлардағы және үлгілердегі тау жыныстарды анықтау.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.6

КҚ3.7.7


КҚ3.7.8

КҚ3.7.10


КҚ3.7.12

КҚ3.7.13


КҚ3.7.14


ЖКП. 05

Қазақстан геологиясы мен палеонтология негіздеріндегі тарихи геология.

Палеонтология негіздері; палеонтология негіздері және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жүйелеу негіздері; организмдердің негізгі типтері мен түрлері: төменгі өсімдіктер (бактериялар, балдырлар); жоғары өсімдіктер және олардың топтастырылуы, қазбалар қалдықтарының құжаты; тарихи-геологиялық қайта құру әдістері; стратиграфия және геохронология, фациональды талдау негіздері; тектоникалық қозғалыстардың негізгі әдістерін оқып білу; геотектоникалық талдау туралы түсінік. Докембриядағы Жердің даму тарихы, палеозойлық, мезозойлық және кайнозондық; Қазақстан геологиясы; Қазақстанның геологиялық зерделенгендігі және аудандануы.



Білімдер:

- ең көп таралған қазбалар тобын, флора мне фаунаның диагностикалық белгілерін, геохранология мен стратиграфиясы туралы түсініктерді, олардың белгіленуін білу.



Іскерліктер:

- тау жыныстарының қалдық қазбалы флорасы мен фаунасын, жыныстардың жасын анықтай алу және қазба қалдықтарын құжаттай алу керек.





БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.2

КҚ3.7.3


КҚ3.7.9

КҚ3.7.11


КҚ3.7.12


ЖКП. 06

Құрылымдық геология және геокарталау.

Құрылымдық түрлерінің топтастырылуы; тау жыныстарының үйлескен және үйлеспеген жатысы;


интрузивті, эффузивті және метаморфиялық жыныстардың жатыс формалары; жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері; карта бойынша ауданның геологиялық құрылымының жалпы талдауы; картаға түсірудің геологиялық түрлері; геологиялық құрылымын құрайтын, жыныстар мен құрылымдардың әр түрлі ландшафты-геологиялық жағдайлары және генетикалық ерекшеліктері бар аудандар мен картографиялау ғарыштық әдістерінің негізгі құрылымдарын суретке түсіру әдістері; геологиялық суретке түсіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Білімдер:

- негізгі құрылымдық формаларды, олардың пайда болуын, оқып білу әдістерін, сипаттамаларын, жіктелуін білу.



Іскерліктер:

- геологиялық карталарды оқып түсіне алу, картада жыныстар жатысының әр түрлі формаларын бейнелеу, геологиялық тарихтың дамуын геологиялық карта бойынша белгілей алу, магматикалық қызмет формаларын және т.б. білу.




БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.2

КҚ3.7.3


КҚ3.7.4

КҚ3.7.11


КҚ3.7.14

КҚ3.7.22


ЖКП. 07

Гидрогеология және инженерлі геология негіздері.

Жер асты суларының физикалық қасиеттері мен құрамдары; аэрация аймағындағы сулар; грунт сулары; жер асты сулары; артезиан сулары; жарылыстар және карст сулары;

минералды, өндірістік және термалды сулар;

жер асты сулар динамикасының негіздері; инженерлі геология негіздері; әр түрлі мақсаттардағы инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер.



Білімдер:

-жер асты суларының түрлерін, олардың құрамын, оқып білу әдістерін, грунт және арынды сыларының элементтерін, грунт түрлерін және олардың физико-механикалық қасиеттерін білу.



Іскерліктер:

- гидроизогипс карталарын құрастыра алу, грунттардың физико-механикалық қасиеттерін анықтай алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.2

КҚ3.7.11


КҚ3.7.12

КҚ3.7.17


КҚ3.7.19

КҚ3.7.25




ЖКП. 08

ПҚК барлаудың геофизикалық әдістердің негіздері.

Ұңғымаларды геофизикалық әдістермен зерттеудің мәні; геофизикалық аппаратура мен жабдықтарға қойылатын талаптар; ұңғымаларды электірлі әдістермен зерттеу; ұңғымаларды электірлі әдістермен зерттеу жағдайлары мен пайдалану аймағы; электірлі каротаж әдістерінің әртүрлігі; ұңғымаларды геофизикалық зерттеуге арналған жабдықтар, автоматты каротаж бекеттерінің аппаратурасы; ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің әдістемесі мен техникасы; ұңғыма каротаж диаграммаларына түсіндірме жүргізу; резистивиметрия, ұңғымалардың расходометриясы; ұңғымалардың радиоактивті зерттеу әдістері; ГК, ГГК, НК, НГК әдістерінің мәні; ұңғымаларды зерттеудің басқа әдістері; АК, ТК, МК мәні; ұңғымаларды геолого-технологиялық зерттеу негіздері; газды каротаж мәні; ұңғыма саласы мен диаметрін өлшеу әдістері; ұңғыма қисаюын өлшеу; шегелеу тізбектерінің техникалық жағдайын оқып білу; пайдаланатын ұңғымаларды геофизикалық зерттеу; қат флюид сынамасын алу; үңғыма қабырғаларынан сынама үлгілерін алу; ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары; ұңғымаларды теспелеу мен торпедалау мәні; ұңғымаларды геофизикалық зерттеу материалдарын кешенді геологиялық түсіндіру.



Білімдер:

- ұңғымалардағы зерттеу түрлерін, қолданылатын аппаратураны, технологияны білу.



Іскерліктер:

-каротаж нәтижелеріне сапалы түсіндірме жүргізе алу, каротаж нәтижелері бойынша қолайлы бұрғылау параметрлерін анықтау.




БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.2

КҚ3.7.11


КҚ3.7.14

КҚ3.7.17


КҚ3.7.19

КҚ3.7.20


КҚ3.7.21

КҚ3.7.25




ЖКП 09

Бұрғылау және тау-кен ісінің негіздері

Тау жыныстарының физико-механикалық ерекшеліктері және олардың ұңғыма құрылымына әсері; бұрғылаудың негізгі технологиялық үрдістері; аралас бұрғылаудың қосымша жұмыстары. Бұрғылаудың негізгі түрлерін: колонковалық бұрғылау; соққы-арқанды бұрғылау; тау-кен ісі; бұрғылау- жару жұмыстарын пайдалана барланған жер асты тау қазбаларын жүргізу; желдету, сутөкпе және жарықтандыру; жыныстарды тиеу және тасымалдау; қазбаларды бекіту. Пайдалы қазбалар кенорындардың негізгі ашылымдары, жарылыс жұмыстары.



Білімдер:

- ұңғыма және тау қазбалар үңгілеуінің жіктелуін;

Бұрғылау мен үңгілеуде әр түрлі әдістерді қолдану жағдайларын,

жұмыстарды жүргізу технологиясын, құралдарын білу;

- нақтылы жағдайларда тау бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен бұрғылау тәсілдерін таңдай алу керек.


БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.1

КҚ3.7.2


КҚ3.7.11

КҚ3.7.16


КҚ3.7.19

КҚ3.7.20


КҚ3.7.21

КҚ3.7.25



ЖКП. 1О

Экономика және ГБЖ ұйымдастыру негіздері.

Экономика негіздері; мәні; негізгі түсініктер; жұмыс істеу механизмі; менеджмент және маркетинг негіздері; халық шаруашылық жүйесіндегі сала орыны; геологиялық ұйымдардың негізгі және айналым қаржылары; еңбекті ұйымдастыру және техникалық нормалау; еңбек ақыны ұйымдастыру; геолого-барлау жұмыстарын жоспарлау және жобалау; шығын сметасы; нарықтық қарым –қатынаста қаржыландыру жұмыстары; негізгі және қосымша өндірістерді (геолого-түсіру және іздеу жұмыстары) ұйымдастыру; геофизикалық жұмыстар; бұрғылау жұмыстары; тау-кен жұмыстары; гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жұмыстар; кен және тау жыныстарын сынамалау мен зертханалық зерттеу, топогеодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар; геолого-барлау жұмыстарын өндірістік-техникалық қамтамасыз ету; геолого- барлау жұмыстарының тиімділігі.



Білімдер:

Қазіргі заманғы экономиканың қалыптасу негіздері мен экономикалық реформаның бағытталуын, геологиялық кәсіпорындарды қаржыландырудың жалпы мәсілелерін, негізгі және айналым қорларын пайдаланудың құрамдары мен көрсеткіштерін, кәсіпорындағы менеджмент принциптерін білу.



Іскерліктер:

- әр түрлі ГБЖ түрлері бойынша өндіріске кететін өнім бірліктерінің шығынын анықтай алу керек.



БҚ 1

БК 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 8

КҚ3.7.11


КҚ3.7.17

КҚ3.7.18


КҚ3.7.21

КҚ3.7.25


КҚ3.7.26



ЖКП 11

Еңбекті қорғау.

Еңбек заңнамасы туралы жалпы мәлімет. Геологиялық барлау кәсіпорындарында еңбекті қорғау бойынша жұмыс пен тұрақты бақылауды ұйымдастыру. Еңбек жағдайларын талдау, травматизм мен кәсіптік аурулардың себебтері. Өнеркәсіптік санитария. Өрт қауіпсіздігінің негіздері мен өртті сөндірудің техникалық құралдары. Өнеркәсіптік экология.



Білімдер:

- заңнамалық актларды, еңбек пен демалысты ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әр түрлі жабдықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасына қойылатын жалпы талаптарды, өндірістік санитария ережелерін, жеке қорғаныс құралдарын білу.



Іскерліктер:

-әр түрлі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыра алу, әр түрлі апаттық жағдайларда алғашқы көмекті көрсете алу, қауіпсіздік техника норма ережелерінің орындалуын бақылау.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.16

КҚ3.7.17


КҚ3.7.26


ЖКП 12

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздері; қоршаған ортаны қорғау және минералды ресурстарды тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау іс-тәжірибе мен ғылыми зерттеулердің саласы ретінде; геологобарлау жұмыстарын жүргізгенде тибағи ортаны қорғау: жер қойнауларын қорғау және табиғи қазбаларды тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластанудан қорғау; ландшафтар мен табиғи ескерткіштерді, атмосфералық ауаны, су ресурстарын, топырақ пен өсімдіктерді, жануарлар әлемін қорғау.



Білімдер:

- адамның қоршаған ортамен әрекетінің ерекшеліктерін, қоршаған ортаға техногенді әсерін, ГБЖ –да қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын білу.



Іскерліктер:

- іс-тәжірибеде заңдарды қолдану, нақтылы жағдайларда қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар кешенін құра алу керек.



БҚ 2

БҚ 4


БҚ 7

КҚ3.7.17


КҚ3.7.19



ЖКП. 13

Аналитикалық химия.

Сапалы талдау негіздері: катиондардың аналитикалық топтары (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші); аниондар, тұзды талдау; суда еритіндер; микрохимия негіздері. Сандық талдау негіздері мен оның негзгі әдістері. (гравиметриялық, титрометриялық, нейтралдану, комплексонометрического титрования, окислительно-восстановительного титрования.

Талдаудың физико-химиялық әдістері (колориметрия, фотоколориметриялық, хроматография).


Білімдер:

- аналитикалық химияның теориялық негіздерін, физико- химиялық талдауды, зертханалық жұмыстарды жүргізу техникасын білу.



Іскерліктер:

- негізгі түсініктерді, экология заңдарын.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.13

КҚ3.7.5


ЖКП 14

Іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу.

Кәсіпорындағы іс-қағаздар түсінігі, жүйесі және ұйымдастыру, оның түсінігі мен жүйесі. Ұйымдастыру - тарату, нормативті-құқықтық, ақша-қаржылық, есептік және анықтамалық құжаттар. Қызметтік хаттың негізгі әдістемесі. АБЖ іс-жүргізу барысында қолдану. Іс- қағаздарын рәсімдеу, сақтау және мұрағаттарға тапсыру.



Білімдер:

- құжаттардың және қызмет бабындағы хаттардың негізгі типтері мен формаларын, мемлекеттік тілде іс-жүргізудің негізгі терминологиясын білу.



Іскерліктер:

- қазақ тілде қызметтік құжаттарды рәсімдей алу керек.



БҚ. 1

БҚ. 6


БҚ. 7

КҚ3.7.10


КҚ3.7.11

КҚ3.7.18


КҚ3.7.25

ЖКП.15

Шөгінді тау жыныстарының литологиясы.

Шөгінді тау жыныстардың литологиясы. Шөгінді жыныстардың таралуы.

Литогенез. Шөгінді тау жыныстардың фациялары, құрылымы және текстурасы. Тау жыныстарының жіктелуі. Минералды және химиялық құрамы.Тау жыныстарының жатыс формалары.


Білімдер:

- шөгінді тау жыныстарының жіктелуін, жатыс формаларын, минералды және химиялық құрамын, құрылымы мне текстурасын білу.



Іскерліктер:

- шөгінді жыныстар аттарын анықтай және сипаттай алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ3.7.2

КҚ3.7.6


КҚ3.7.7

КҚ3.7.8


КҚ3.7.10

КҚ3.7.11


КҚ3.7.12

КҚ3.7.15



АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Пайдалы қазбалар. кенорындарының пайда болу жағдайлары; геологиялық жағдайларын, пайдалы қазбалар кенорындарының пайда болудағы геохимялық тосқауылдың ролі; пайдалы қазба кенорындарының морфологиясы мен құрылысы; пайдалы қазба кенорындарының жіктелуі; эндогенді кенорындар, олардың пайда болуы мен бөліну жағдайлары; метаморфогенді кеннің пайда болуы; техногенді кенорындар, пайдалы қазбалар кенорындарының өндірістік жіктелуі; геохимия көрсеткіштері бойынша өндірісте қолдану; өндірістік минералдар; кенге қойылатын негізгі өндірістік талаптар және өндіріс кенорындарының генетикалық типтері: қара, түсті, асыл және радио-активті металдар; сирек, таратылған және сирек жерді элементтер; химиялық шикізат және минералды тыңайтқыштар; индустриалды шикізаттар; керамикалық, шыны және отқа төзімді шикізаттар;құрылыс материалдарын; бағалы, техникалық және ұқсатып жасалған тастар; жанғыш пайдалы қазбалар.

Білімдер:

- негізгі кеннің пайда болу алғышарттарын, әр түрлі кенорындардың пайда болудың геологиялық жағдайларын білу.



Іскерліктер:

- кеннің заттық құрамы мен кендегі негізгі өндірістік минералдарды анықтай алу, геологиялық карталар мен қимадағы кенорындарды оқи алу керек.



БҚ 5

КҚ3.7.6


КҚ3.7.8

КҚ3.7.11


КҚ3.7.13

КҚ3.7.14


КҚ3.7.20

КҚ3.7.22



АП 02

ПҚК іздеу мен барлаудың әдістемесі.

Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу мен барлаудың теориялық негіздерінің негізгі түсініктері; кенорындарының іздеу алғышарттары мен белгілері; іздеу жұмыстар кезеңінде геологиялық міндеттер мен әдістері және олардың шешуі; болжамдық ресурстар, оларды есептеу; берілген іздеулер бойынша кенорындарды бағалау. Пайдалы қазбалар кенорындарын барлау; барлау кезеңдері; олардың геологиялық міндеттері мен шешу әдістері; барлаудың техникалық құралдары және барлау жүйелері; әр түрлі өндірістік топтар кенорындарын баралу; пайдалы қазбалар кенорындарын сынамалау: іздеу, суретке түсіру мен барлау жұмыстарының геологиялық құжаттары:барланған қорларды есептеу: қорларды есептеудің негізгі тәсілдері; өндірістік геолого-экономикалық кенорындарды бағалау туралы жалпы мәліметтер; барлауға дейін, эксплуатационды барлау және пайдаланғанда пайдалы қазбалар кенорындарын оқып білу; тау-кен кәсіптерінде геологиялық қызметтер міндеттері.



Білімдер:

- іздеу мен барлау жұмыстарының негізгі принциптерін, әр кезеңдердегі міндеттерді, іздеу алғышарттарын және белгілерін, кенорындарды оқып білудің негізгі әдістерін білу.



Іскерліктер:

- тығындау жұмыстарының жобаларын құра алу, іздеудің ең тиімді әдістерін дәлелдей алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ3.7.2


КҚ3.7.3

КҚ3.7.6


КҚ3.7.7

КҚ3.7.8


КҚ3.7.9

КҚ3.7.10


КҚ3.7.11

КҚ3.7.12


КҚ3.7.14

КҚ3.7.15


КҚ3.7.16

КҚ3.7.17


КҚ3.7.19

КҚ3.7.20


КҚ3.7.21

КҚ3.7.22


КҚ3.7.23

КҚ3.7.24


КҚ3.7.25

КҚ3.7.26


ӨО ж КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

КП 01

Оқу практикасы

КП 01.1

Жалпы геологиялық практика

Геологиялық құрылыс пен іс-тәжірибе ауданының тірек қималарын оқып білу; тау жыныстардың, минералдардың фауна мен флоралардың эталоды жиынтықтырын оқып білу; маршрутты суретке түсіру өндірісіне арналған аспаптар, құралдар мен жабдықтар; дала зерттеулері; дала материалдарын бақылаудың ағымдағы камеральды өңдеу; камеральды кезең.



Іскерліктер:

-төрттік және тасты жыныстардың негізгі қасиеттерін, олардың құжаттар ережелерін білу.



Дағдылар:

- жергілікті жерде карта бойынша бағдарлай білу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ3.7.1

КҚ3.7.2


КҚ3.7.4

КҚ3.7.6


КҚ3.7.7

КҚ3.7.8


КҚ3.7.10

КП 01.2

Геодезиялық.

Теодолиттік жұмыстар, ниверлі жұмыстар, тахеометриялық суретке түсіру, есептерді рәсімдеу.



Іскерліктер:

- өлшеу жұмыстарын жүргізе алу, барлық жұмыстардың түрлері бойынша дала журналын өңдей және толтыра алу керек.



Дағдылар:

- геодезиялық кескіндерді бөлу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ 3.7.5

КҚ 3.7.6


КҚ 3.7.6

КП 01.3

Тау –кен бұрғылау практикасы

Терең емес ұңғымаларды бұрғылау; колонковалық бұрғылау; соққы –механикалық бұрғылау; роторлы бұрғылау; ашық тау қазбаларын үңгілеу; көлденең және тік тау қазбаларын үңгілеу; материалдарды камеральды өңдеу; іс-тәжірибе бойынша есепті рәсімдеу және оны қорғау.



Іскерліктер:

- ұңғыма құжаттарын, көтеріп-түсіру операцияларын жүргізе алу, ашық тау қазбаларын жүргізе алу керек.



БК 1

БК 2


БК 3

БК 5


КҚ3.7.1

КҚ3.7.2


КҚ3.7.4

КҚ3.7.6


КҚ3.7.7

КҚ3.7.8


КҚ3.7.10

КП 01.4

Минералдар мен тау жыныстарының диагностикасын алу бойынша.

Мақсаттары мен міндеттері. Кристалдардың құрылысын оқып білу, минералдар мен тау жыныстарының диагностикалық белгілерімен таныстыру. әр түрлі минералдар тобының коллекциясын, шөгінді, магматикалық және метаморфиялық тау жыныстар коллекциясын оқып білу. Есептерді рәсімдеу.



Іскерліктер:

- минералдар мен тау жыныстарының негізгі диагностикалық белгілерін қолдана білу.



Дағдылар:

- өзіне тән белгілері бойынша тау жыныстарында минералдарды анықтау;



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ3.7.6

КҚ3.7.7


КҚ3.7.8

КҚ3.7.10


КҚ3.7.11

КҚ3.7.12


КП 01.5

Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша.

Іс-тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері.Компьютерлік геометрия және графика, векторизациялар, картографиялық жобалар, қазіргі заманға сай бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары. Есепті рәсімдеу.



Іскерліктер:

- ЖК геологиялық материалмен жұмыс істей алу керек.



Дағдылар:

- қазіргі геологиялық бағдарламалық қамсыздандырулармен жұмыс істеу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 8

КҚ3.7.25


КҚ3.7.27

КҚ3.7.28


КП 01.6

Геологиялық түсіру.

Дайындық кезең; ұйымдастыру –дала кезеңі; өндірістік –дала кезеңі; геологиялық суретке түсіру жұмыстарын жүргізу, түпшайма, геологиялық керн мен ұңғыма шламдарын сынамалау; жоғарыда аталған геологиялық құжаттарды жүргізу; геофизикалықжұмыстар; дала бақылауларының бастапқы материалдарын өңдеу; камеральды; есепті дайындау және оны қорғау.



Іскерліктер:

- тау қазбалары мен оларды сынамалу құжаттарын жүргізе алу, тау жыныстар үлгілерін өңдеу, ақпараттарды картаға түсіру.



Дағдылар:

Суретке түсіру жұмыстарын өткізу және рәсімдеу



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ3.7.1

КҚ3.7.2


КҚ3.7.3

КҚ3.7.4


КҚ3.7.6

КҚ3.7.7


КҚ3.7.8

КҚ3.7.10


КҚ3.7.12

КҚ3.7.15


КҚ3.7.17

КҚ3.7.29


КП 01.7

Жұмыс мамандығын алу бойынша.

Қатты пайдалы қазбалардың, пайдалы қазбалардың ұсақ тау жыныстар кенорындарының сынамалаудың әдістемесі, техникасы мен технологиясы;

литохимиялық және тау барлау қазбаларын үңгілегенде, ұңғымаларды бұрғылауда түпшайма сынамаларын алудың техникасы мне технологиясы; сынамаларды өңдеу операциялары мен негізгі принциптері; барлық геологиялық барлау жұмыстарын өндіргенде бастапқы геологиялық құжаттар тәсілдері; геологиялық жинақ құжаты; есепті дайындау; оны қорғау және жұмыс мамандығын алу бойынша емтихан тапсыру.


Іскерліктер:

- нақтылы жұмыс мамандығының талаптарына сай жұмыстарды жүргізу.



Дағдылар:

Таңдалған мамандықтың біліктілік талаптарын орындау.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 8

КҚ3.7.1-3.1.29



КП 02

Өндірістік-технологиялық практика




Өндірістік-технологиялық практика.

Тәжірибе өтетін ұйымдағы геологиялық барлау жұмыстар түрлері мен инженерлі –техникалық қызмет құрылымымен танысу; нақты жұмыс орынындағы немесе техник-геолог кәсіптік деңгей маманы қажетті, дублер жағдайларына байланысты барлық геологиялық жұмыстар түрлеріндегі жұмыс. Іс-тәжірибе бойынша есеп-күнделігін дайындау және орындалатын жұмыс, олардың орындалу деңгейі жайлы сипаттама пікірлерін алу керек.



Іскерліктер:

- технологиялық үрдіске қатыса алу, дала жұмыстарының нәтижелерін рәсімдей алу, есеп дайындауда қатыса алу керек.



Дағдылар:

Жұмыс қызметінде өндірістік бөлімде жұмыс істеу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 8

КҚ

КҚ3.7.1-3.1.29



КП 03

Диплом алдындағы практика.

Негізгі және көмекші бөлімдердің байланысымен және өзара қатынасымен, экспедициямен немесе тау-кен кәсіпорындарымен танысу. Жұмыс тәртібімен және ішкі тәртіп ережелерімен танысу. Аппаратура мен жабдықтардың ең жаңа және аз сериялы типтерін зерттеу үшін тәжірибелік, тәжірибелік-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін басқа суретке түсіру-іздеу және барлау экспедицияларына, тау-кен кәсіпорындарына, партияларға өндірістік экскурсиялар, қазіргі еңбекті ұйымдастыру және жаңа технологиялармен танысу. Дипломдық жобаны орындау үшін материалдарды жинау. Далалық материалдарды камералды өңдеуге беру ережелерімен танысу, далалық материалдарды қабылдау. Мәліметтерді далалық және камералды өңдеулерді іске асыру. Графикалық материалдарды құру және рәсімдеу. Іс-тәжірибе бойынша есеп жасау.



Іскерліктер:

- Бөлімдердің жұмыс жоспарын жасау;

- геофизикалық аспаптарға дефектілік актілер құру.

Дағдылар:

- геологиялық барлау ұйымдарының қор материалдарымен жұмыс.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 8

КҚ3.7.21


КҚ3.7.22

КҚ3.7.23


КҚ3.7.24

КҚ3.7.25


КҚ3.7.26

КҚ3.7.27


КҚ3.7.28


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет