Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «28» сәуірдегі
№ 86 бұйрығымен
бекітілген
Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы геологиялық барлау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы (бұдан әрі-Талап) осы мақсаттарға арналған пайдалы қазбаларды іздестіру және барлау, ғылыми-зерттеу инженерлік, жобалау және конструкторлық жұмыстарға таралады.
2. Барлық геологиялық жұмыстар бекітілген жобалар бойынша жүргізіледі.
3. Геологиялық барлау жұмыстары үшін:
1) аварияны жою жоспары;
2) өндірістік бақылау туралы талап;
3) технологиялық регламент дайындалады.
4. Басқа ұйымдардың қызметінің аумағындағы барлық түрдегі геологиялық барлау жұмыстары және геологиялық зерттеулер осы ұйым басшыларының келісімі бойынша жүргізіледі.
5. Жаңа объектілерді, күрделі жөндеуден немесе қайтадан құрудан кейінгі объектілерді іске қосу ұйым басшылығы тағайындайтын комиссия қабылдағаннан кейін іске асырылады.
6. Көлік құралдарында (прицептерде, шана негіздерінде (базаларда) орналастырылған өзі жүретін және жылжымалы геологиялық барлау құрылғыларының (бұрғылау, геофизикалық, тау кен бұрғылау, гидрогеологиялық және басқа), оларды жұмыстың бір орнынан екінші орынға ауыстырған кезде қондырғыны қайта монтаждау талап етілмесе, (күштемелі желілер, жүк көтеру құрылғыларды ауыстыру, жұмысқа өту орындарын ауыстыру және тағы басқа) өздігінен жүретін және жылжымалы (жүзетін) геологиялық барлау құрылғыларының техникалық жағдайын тексеру жүргізіледі.
7. Геологиялық барлау жұмыстарының барлық объектілері (бұрғылау учаскелері, тау-кен барлау және геофизикалық жұмыстар, геологиялық түсіру және іздестіру партиялары, отрядтары) партия базасымен немесе экспедициямен тәулік бойы байланыспен қамтамасыз етіледі.
8. Жұмыскерлер мен мамандар арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке ұжымдық қорғаныстың басқа да құралдарымен жұмыс шартына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Жеке және ұжымдық қорғаныстың құралдарын бері, сақтау және пайдалану (бұдан әрі-ЖҚҚ және ҰҚҚ) талаптарға сәйкес жүргізіледі, жұмыскерлерді ЖҚҚ, ҰҚҚ, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, құрылғылармен және емдеу және алдын-алу құралдарымен қамтамасыз етеді.
9. Технологиялық процестерді орындау кезінде:
1) өндірістік ғимараттың микроклиматы;
2) жұмыс орындарындағы жіберілетін шу деңгейі;
3) жұмыс орындарындағы қосымша діріл деңгейлері іске асырылады.
10. Адамдарға қауіп төнуді көрген әрбір жұмыскер қауіпсіздікті жою жөніндегі барлық шараларды қабылдау және қауіп төну туралы бақылау тұлғасына хабарлайды.
Бақылау тұлғасы қауіп төнуді жою жөнінде шаралар қабылдайды, қауіп төнуді жою мүмкін болмаған жағдайда жұмыс тоқтатылады, жұмыс істеушілерді қауіпсіз жерге шығарып, лауазымы жағынан жоғары тұлғаға хабар береді.
11. Әуе көліктерін қолданатын геологиялық барлау ұйымдарының қызметкерлеріне ұшу қону алаңдарында, қону және ұшақтар мен тікұшақтардан шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бөлігінде нұсқаулық жүргізіледі.
12. Геологиялық ұйымдардың жеке құрамын және жүктерін әуежайға және ұшу (қону) алаңдарына жеткізу бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі.
13. Жүзу құралдарын қолдану және қозғалу кезінде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
14. Алкоголь, есірткі немесе токсикалық мас болу, сырқаттану жағдайындағы адамдар жұмысқа жіберілмейді.
15. Геологиялық ұйымдарда дала жұмыстарында зардап шеккен және сырқаттанған адамдарды жақын орналасқан емдеу мекемелеріне жеткізу тәртібі орнатылады.
16. Геологиялық барлау жұмыстары кезінде қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді жоюды осы жұмыстарды жүргізетін ұйымдар іске асырады.
Жұмыс объектілерінде жұмыс істеу кезінде қолданылатын химиялық реагенттерге адамдар мен қоршаған ортаны қорғау шараларын көрсете отырып, оларды қолданудың технологиялық регламенті әзірленеді.
17. Геологиялық барлау ұйымдарының жеке құрамы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
Дала жұмыстарының жұмыскерлері осы аудандағы дала жұмыстарының ерекшелігіне байланысты іс-әрекеттерге (жүзу, ескек, альпинистік жабдықтар, атқа міну, атты ерттеу және көлік жануарларын үйрету, оқпен ату қаруларымен жұмыс істеу және тағы басқа), бақытсыздық жағдайларында және сырқаттанған алғашқы көмек көрсету әдістеріне, улы флора мен фауналардан қорғану шараларына, жергілікті жерге бағдар алу және қауіпсіздік белгілерін беру әдістеріне оқытылады.
18. Осы Талапта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
вандрут – тау-кен қумасы шахтадағы кен орны бойындағы баған түріндегі тіреудің қосымша элементі;
гезенк - жер бетіне тікелей шығу мүмкіндігі жоқ шахта тектес кен жер асты кен орны;
науашық - ұңғымадан сұйықты немесе бұрғылау сазын алуға арналған цилиндрлік ыдыс. Науашық төменгі жағынан қалқаншамен, оны арқанмен бекітуге арналған дужкамен қамтамасыз етілген;
зумпф - кен орны суларын жинауға арналған кен орны деңгейінен 4-6 м орналасқан шахта бағанының тереңдетілген бөлігі;
клеть - шахтадағы көтеру құрылғысы;
королек - кішкентай шар түріндегі байытылған металл құймасы, сонымен қатар қатып суытылған тамшысы ретіндегі кішкентай шарик;
коуш - троссқа салынған металл қабаттама (арқан), тозудан сақтайды;
тіреу - кен орындарын құлаудан, домбығудан сақтайтын құрылғылар жиынтығы;
қорғасынсыздандыру - байытылған металдарды мырыштан қышқылдау балқыту арқылы бөлу;
штолня - жер бетіне тікелей шығу мүмкіндігі бар көлденең немесе еңіс тау кен орны;
шурф - арттыру жұмыстары үшін пайдалы қазбаларды барлауға арналған терең емес тіке немесе еңкіш тау кен орны.
2-тарау. Қауіптілігі жоғары жағдайда жұмыс істеу
19. Өндіріс Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес іске асырылады.
20. Адамдарды құтқару кезінде мүмкін аварияларды жою немесе болдырмау жағдайынан басқа қауіпті орындарда болуға немесе жұмыс істеуге жол берілмейді. Бұл жұмыстарды авариялық-құтқару қызметтері атқарады, ал басқа жағдайларда ААЖ сәйкес жұмыстарды қауіпсіз орындау жөніндегі нұсқаулық алғаннан кейін тәжірибелі жұмыскерлер орындайды.
21. Жұмыс объектілері мүмкін су басулар, құлаулар, тас түсу, қар көшкіні, су тасқыны және басқа қауіпті аумақтардан тыс орналасады.
Қауіптілігі жоғары объектілер зоналарындағы жұмыстар (электр берудің әуе желілері, кабельді желілер, мұнай- және газ құбырлары, темір жол және тағы басқа) тиісті объектілерді қолданатын ұйымдармен келісіледі және наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.
22. Кез келген кернеуліктегі электр беру әуе желілерінің (бұдан әрі - ӘЖ) астынан машиналар мен механизмдердің, қондырғылар, конструкциялар және басқа да жүктерді тасымалдауға олардың көлемдері жол немесе трасса белгісінен 4,5 м артық емес биіктікте болса рұқсат етіледі.
Көрсетілген көлемдерден артық болған жағдайда электр желісінің төменгі қашықтығынан тасымалданатын қондырғыға дейінгі арақашықтыққа байланыссыз электр желісінің ұйымы-иесінің жазбаша рұқсаты алынады. Тасымалдау рұқсат беруде көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, іске асырылады.
23. Геологиялық барлау кен орындарының (ұңғыма, шахта, шурф, және тағы басқа) бағытын бөлу және жергілікті орынға шығару кезінде жұмыс істеушілердің өмірі мен денсаулығыныа қауіп тудыратын жұмыс учаскелері мен өндірістік объектілер (ӘЖ, кабельдік желілер, жарлар, батпақты учаскелер және тағы басқа) жұмыс жоспарына (топонегіз) салынады.
Жергілікті орындарды бұл объектілер анық көрінетін ескерту белгілерімен (белгілер, плакаттар, көрсеткіштер және тағы басқа) белгіленеді.
3-тарау. Қондырғыларды, аппаратураларды және
құралдарды пайдалану
24. Қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды пайдалану дайындаушының нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес пайдаланылады.
25. Бұрғылау станоктарын, көтеру механизмдерін, тау-кен бұрғылау қондырғыларын, геофизикалық және зертханалық аппаратураларды басқаруды, қозғалтқыштарға, компрессорларға, электр құрылғыларына, дәнекерлеуді және басқа да қондырғыларға қызмет көрсетуді осы жұмыстарды атқаруға рұқсат беретін куәлігі бар тұлғалар атқарады.
26. Қондырғыларды, механизмдерді, аппаратураларды және бақылау-өлшеу құралдарын (бұдан әрі-БӨҚ) пайдаланушы ұйымдардың оларды пайдалану және жөндеу туралы мәліметтері енгізілетін құжаттары болады.
27. Қондырғыларда орнатылған бақылау-өлшеу құралдарының пломбасы немесе мемлекеттік тексерудің белгісі болады.
Құралдар құжатта көрсетілген мерзімде және көрсеткіштің дұрыстығына күмән туған жағдайда тексеріледі.
Манометрлер, салмақ индикаторлары және басқа да бақылау-өлшеу құралдары көрсеткіштерінің қызметі көрсетуші персоналға анық көрінетіндей болып орнатылады.
Манометр шкаласында максималды жұмыс қысымына сәйкес келетін белгі қойылады.
28. Қондырғы жағдайына тұрақты бақылау, бақылау мерзімділігі және бақылауды жүзеге асыратын тұлға орнатылады, өндірістік бақылау туралы қағида белгіленеді.
Нәтиже Журналға (осы Талаптың 1-қосымшасы) жазылады.
29. Мерзімді қарау мерзімін және жұмыс істемейтін құралды істен шығару тәртібін ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
Істен шығарылған құрал қолданыстан алынады.
30. Механизмдерді іске қосу, аппаратураларды, құралдарды қосу алдында олардың дұрыс жұмыс істеуін қауіпті аумақта адамдар болмаған кезде тексереді және ескерту белгімен береді. Барлық жұмыскерлер белгіленген белгілердің мәнінен хабардар етіледі.
31. Механизмдерді қарау және ағымдағы жөндеу кезінде оларды сымдары сөндірілген және оларды қате қосылуына немесе өздігінен қосылуына жол бермейтін шаралар қабылданады, ал іске қосу құрылғыларында «Қоспа-адамдар жұмыс істеуде» ескерту плакаттары қойылады немесе ілінеді.
32. Жол берілмейді:
1) құжат бойынша рұқсат етілген артық жүктемелер (қысым, ток күші, кернеулік, жән тағы басқа) кезінде қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды пайдалануға;
2) мақсатсыз пайдалану, дұрыс жұмыс істемейтін қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды, құрал-жабдықтар мен қорғаныс құралдарын пайдалануға;
3) пайдалану кезінде қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты болуын талап ететін жұмыс істеп тұрған қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды қараусыз қалдыруға;
4) қорғаныс қоршауларының болмауы және дұрыс жұмыс істемеуі кезінде жұмыс істеуге;
5) қондырғылар мен аппаратураларды түймесі салынбаған арнайы киімде немесе арнайы киімсіз, шалғылар және ұштары жалбыраған орамалдармен қызмет көрсетуге.
33. Механизмдер жұмыс істеп тұрған кезде жол берілмейді:
1) жұмыс ісеп тұрған механизмдерге шығуға немесе жұмыс істеп тұрған механизмдерде тұрып қандай-да бір жұмыс істеуге;
2) оларды жөндеуге, олардың бөліктерін бекітуге, қозғалатын бөліктерін қолмен немесе осыған арналған құралдар арқылы тазартуға, майлауға;
3) механизмдердің қозғалмалы бөліктерін тоқтатуға, кигізуге, тастауға, тартуға немесе белдеулік, клинобелдеулік және тізбекті берулерді босатуға, арқан немесе шығыр барабанындағы кабельдерді лом (ваг және тағы басқа) арқылы немесе тікелей қолмен бағыттауға;
4) қоршауларда қандайда бір заттарды тастауға;
5) қоршауларды немесе олардың элементтерін қозғалатын бөліктер толық тоқтағанға дейін алуға;
6) қоршаулар бойынша немесе олардың астында жүруге;
7) қоршаулар артына кіруге, қозғалмалы қоршалмаған арқандар арқылы өтуге немесе оларға тиісуге.
34. Кесетін шеттері немесе лезвиесі бар құралдарды қорғаныс тыстарында немесе сөмкелерде алып жүреді.
35. Геологиялық барлау қондырғылары мен аппаратураларының конструкциясына өзгерістер енгізуге ұйым-әзірлеуші, зауыт-дайындаушы келісімі бойынша жол беріледі.
Аттестацияланған ұйымның сараптамалық қорытындысы негізінде қолданыстағы геологиялық барлау техникасына техниканың негізгі конструкциясына әсер етпейтін және оның қауіпсіздігін төмендетпейтін өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Модернизацияланған техниканы, геологиялық ұйымдар әзірленген іске қосу оны сынақтан өткізгеннен кейін және акті бойынша қолдануға рұқсат етілгеннен кейін жүргізіледі.
36. Төмен және жоғары температурада, жоғары радиация, ылғалдылық, шаң, жарылыс қауіпті немесе басқа қауіпті ортада жұмыс істеуге арналған геологиялық барлау қондырғылары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаларды сақтай отырып жобаланады және дайындалады.
Тиісті жағдайда немесе ортада жұмыс істейтін геологиялық барлау қондырғыларының мүмкіндігі паспортта, дайындаушы нұсқаулығында көрсетіледі.
37. Өздігінен және жылжымалы қондырғыларда (бұрғылау құрылғылары, геофизикалық станциялар, шурфбұрғылау агрегаттары және тағы басқа) завод-дайындаушы дәрі-дәрмек қорапшасы бар кассеталарды, ауыз су термосын және өрт сөндіру құралдарын орналастыратын орындар көзделеді. Кассеталар және өрт сөндіру құралдары қол жетімді жерге орналастырылады және жылдам алынатын бекітуі болады.
38. Геологиялық барлау қондырғыларының конструкциясы талий және көтеру арқандарының (кабельдер және тағы басқа) шығыр барабанынан дұрыс салынуын қамтамасыз етеді.
39. Геологиялық барлау қондырғыларын пайдаланатын ұйымдар техникалық куәландыру, монтаждау процесінде немесе пайдалану кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігінің осы Талапқа сәйкес келмеуді, конструкциялардың немесе дайындаудың кемшіліктерін анықтаған жағдайда пайдалануды тоқтатады және зауыт-дайындаушыға акт-рекламация жібереді.
4-тарау. Дала жағдайында жұмыс істеу
1-параграф. Жалпы талаптар
40. Дала жағдайында жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары (геологиялық түсіру, іздестіру, геофизикалық, гидрогеологиялық инженерлік-геологиялық, топографиялық, тақырыптық, бұрғылау және тағы басқа), соның ішінде маусымдық жұмыстар табиғи-климаттық жағдайлары және жұмыс ауданының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі.
41. Дала бөлімшелері қамтамасыз етіледі:
1) ұйымның техникалық басшысы жұмыс құрамын және жағдайын ескере отырып, бекітетін тізімге сәйкес дала жабдықтарымен, байланыс және сигнализация құралдарымен, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен, құтқару құралдарымен және дәрі-дәрмектермен;
2) топографиялық карталармен және жергілікті жерде бағдар алатын құралдармен.
42. Бағыттар мен басқа да геологиялық барлау жұмыстары жалғыз жүргізуге, халық аз орналасқан (тау және шөл) аудандарда дала бөлімшесінің лагерінде (базасында) бір жұмыскерді жалғыз қалдыруға жол берілмейді.
43. Адамға қауіпті аңдар болатын аудандарда жұмыс жүргізу кезінде дала бөлімшесінің әрбір тобына (бригадаға), дала лагеріндегі (база) жұмысшы-кезекшіге оқ ату қаруы, қару-жарақ және аң аулау пышақтары беріледі.
44. Қан сорғыш насекомдары (кене, маса, шыбын және тағы басқа) бар аудандарда жұмыс жүргізу кезінде дала бөлімшелерінің жұмыскерлері тиісті қорғаныс құралдарымен (арнайы киім, репелленттар, төсеніштер және тағы басқа) қамтамасыз етіледі.
45. Дала жұмыстары басталғанға дейін барлық дала маусымы кезінде:
1) база құрылысы, дала бөлімшелерін көлік құралдарымен, материалдармен, жабдықтармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері шешілген;
2) күнтізбелік жоспар жасалған және ауданның табиғи-климаттық жағдайы ескеріле отырып, барлық жолдар, аяқ жолдар, қауіпті орындар (қиылыстар, өтуі қиын жерлер және тағы басқа) көрсетіле отырып, алаңдарды, учаскелер мен маршруттарды өңдеу сызбасы жасалған;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі шаралар жоспары, технологиялық регламент әзірленген;
4) дала жұмыстарының ұзақтық мерзімі, дала жұмыстарынан жұмыскерлердің қайту тәртібі мен мерзімі анықталған.
46. Ерекше жағдайда дала жұмыстарының мерзімін ұзарту ұйым басшылығының рұқсаты бойынша және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар жүргізу шартында жол беріледі.
47. Алыс орналасқан және халық аз орналасқан аудандарда жұмыс жүргізетін ұйым дала бөлімшелерін:
1) жедел метеомәліметтермен және метеоболжаулармен;
2) жұмыс ауданында жабайы және улы жануарлардың болуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді.
48. Дала бөлімшесінің осы жұмыстарды орындауға толық тексерілгеннен кейін дала жұмыстарына шығуына жол беріледі.
Дайындық жағдайы актімен рәсімделеді (осы Талаптың 2-қосымшасы).
Барлық анықталған кемшіліктер дала жұмыстарына шыққанға дейін жойылады.
49. Дала бөлімшесінің дала жұмыстары аяқталғаннан кейін базаға шығу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғасын тағайындай отырып, ұйымдастырылған түрде жүргізіледі.
50. Әрбір дала бөлімшесінің құрамына санитарлық нұсқаушы тағайындалады.
Санитарлық нұсқаушыны тағайындау және дайындау, олардың құқығын және іс-әрекетін геологиялық барлау ұйымы анықтайды.
2-параграф. Вахталық кенттерді орналастыру және
лагерлерді ұйымдастыру
51. Дала бөлімшелері жұмыскерлерінің тұруы үшін дала жағдайында жұмыс жүргізетін ұйым жұмыстар басталғанға дейін вахталық кенттерді, уақытша базаларды немесе лагерьлерді орналастырады.
52. Лагерьді орналастыруға арналған орын партия басшылығының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
Елді-мекендерге жақын жерде лагерьлік тұрақтарды орналастыру жергілікті билік органдарымен келісіледі.
53. Лагерьді тіке орналасқан және құламалы еңкіштерде, үңгірлер түбінде және құрғақ арналарда, төмен орналасқан су басып қалатын және құлайтын жағаларда, өзен арналарында, аралдарда, үлкен ағаштар өсірілген жұлқыланбаған және төгілмейтін беткейлерде теңіз жағалаулары мен су ағыны аумағында, мал жайылымдары мен егістіктерде, сырғанақ қауіпті аумақтарда, ағаштар құлауы мүмкін алаңдарда орналастыруға жол берілмейді.
54. Палаткалар орналастыруға арналған алаңдар ағаштар мен тастардан тазартылады, кеміргіштер, улы жыландар мен насекомдардар қорғанатын жер болатын індер көміледі.
Палаткалар тығыз бекітіледі және су ағынына арналған арналармен көміледі. Лагерьдегі палаткалар арақашықтығы 3 м кем болмайды. Палаткаларда жылу және жылыту құралдарын орнату кезінде палаткалар арақашықтығы 10 м дейін арттырылады.
Палаткаға ену есігі осы жердегі желдің басым бағыты ескеріле отырып орналастырылады.
Жол берілмейді:
1) орман, шөпті далада, қамыс арасында және басқа жерлерде аумақтарды күйдіру арқылы тазартуға;
2) жеке тұрған биік ағаштар астында орналастыруға.
55. Кенелер, улы насекомдар мен жыландар таралған алаңда лагерлерді орналастыру кезінде жеке қараулар жүргізіп, ұйықтар алдында ұйықтау қапшықтары мен палаткалар тексеріледі.
56. Лагерьді жаңа орынға партияның жоқ жұмыскерлерін және жоғары тұрған ұйымның басшылығын жаңа лагерьдің нақты орналасқан жері туралы алдын ала толық хабардар етпей көшіруге жол берілмейді.
57. Лагерьде жұмыскердің немесе жұмыскерлер тобының болмауы белгісіз себептермен болмауы мүмкін адамдарды іздестіру үшін жедел шаралар қабылдауды талап ететін оқиға ретінде қаралады.
3-параграф. Орындар ауыстыру және бағыттарды жүргізу
58. Зерттеу бағыттары, жұмыскерлердің объектілер, уақытша тұру орындары және дала бөлімшелері базаларында ауысуы жердің топонегіздерінде (картада, жоспарда, сызбада) алдын ала салынған бағыттары бойынша жүргізіледі.
Картаға (жоспарға, сызбаға) базалық бағдарлар, құдықтар мен су айдындарының, су бекеттері арқылы бродттардың және басқалардың орналасуы салынады.
59. Дала бөлімшелері жұмыскерлерінің жұмыс объектілеріне, бағыттарға, аңға (балық аулау, және тағы басқа) шығуы жұмыс жетекшісінің келісімі бойынша жүргізіледі және журналда (осы Талаптың 3-қосымшасы) тіркеледі.
Жұмыскерлердің өз еркімен кетуіне жол берілмейді.
60. Жергілікті жағдайларды білетін лауазымы жағынан жоғары маман бағыт тобының (ауысу тобы) қауіпсіздігіне тағайындалған бақылау тұлғасы болып табылады.
Студент-практиканттарды және мамандығы бойынша бір жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандарды көп күндік бағыттарды жүргізу кезінде топ жетекшісі етіп тағайындауға жол берілмейді.
61. Партияның барлық жұмыскерлерін жергілікті жағдайда қатысты бағыттарда қозғалу ережелері туралы нұсқаулық беріледі.
62. Бағыттарда әрбір жұмыскердің пышағы, алғашқы көмек көрсетудің жеке пакеті және суланбайтын тыстағы сіріңке, бірін-бірі өзара көруді қамтамасыз ететін қоршаған орта түсінен айрықша айқын киімі (көйлек, сигналды кеудеше, бас киім және тағы басқа) болады.
63. Бағытты топтың халық орналаспаған, аз орналасқан және шөл аудандарда күнделікті азық-түлік қорынан басқа партия жетекшісі жұмыс ауданының нақты жағдайына және топтың қайтуының бақылау мерзіміне байланысты анықталатын азық-түлік пен судың авариялық қоры болады.
64. Топтың бағытқа шығуы алдында бөлімше басшысы оның топонегізбен, жабдықтармен, азық-түлікпен, сигналды, қорғаныс және құтқару құралдарымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуін тексереді, топ басшысына бағытты жүргізу тәртібі туралы қажетті нұсқау береді, қайтудың жұмыс және бақылау мерзімін анықтайды, өз картасына (өңдеу сызбасына) белгіленген бағыт сызығын, оның учаскелерін өңдеу күнін және топтың түнеу орнын салады.
Топтың бағыттан қайтуының бақылау мерзімі нақты жағдайларға байланысты тағайындалады, бірақ қайтудың жұмыс мерзімінен бір тәуліктен артық болмайды.
Көп күнді жаяу бағыттарының саны ең аз мөлшерге дейін азайтылады. Оларды жүргізу бір күндік бағыттарды жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда жүргізіледі және негізделеді.
65. Бағытқа шығуға және жергілікті жерлердегі басқа да ауысуларға осы ауданға (жерлерге) көзделген және ауа-райының қолайсыз жағдайында немесе штормдық ескертулер кезінде жұмыс жасау жабдықтарынсыз жол берілмейді.
66. Бағыттық топтардың қозғалысы адамдар арасындағы тұрақты көру немесе дыбыс байланысын және өзара көмек көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін жинақты болады. Қатысушылардың біреуі көру және дыбыс байланысын жоғалтса, бағыттан қалып қойған жағдайда топ жетекшісі қозғалысты тоқтатады және қалып қойған адамды күтеді.
Таулы жерлерде топ қозғалысы кезінде адамдар арасында көру байланысын қамтамасыз етуге жол беріледі.
67. Халық орналаспаған жерлерде бағыттардың қозғалуы кезінде қайту жолын немесе топ қайтпаған жағдайда оны іздеуді жеңілдететін өткен жерлер айрықшаланатын белгілермен (вешкалармен, тастардан салынған белгілермен және тағы басқа) белгіленеді.
68. Метеорологиялық жағдай төмендеген жағдайда (қар жауу, күн күркіреу, қалың тұман және тағы басқа) өрт белгілері пайда болған жағдайда, жабайы аңдардың агрессиялық әрекеті кезінде бағытты тоқтатып, жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.
69. Бағыттағы жұмыстар тәуліктің жарық кезінде жүргізіледі және қараңғы түскенге дейін жұмыскерлердің лагерьге қайтуға үлгеруі ескеріле отырып аяқталады.
Маршрут бағыты өзгерген жағдайда жақсы көрінетін орында белгі қойылады және маршрут бағытының өзгеру себебі мен уақыты, әрі қарай жүру бағыты көрсетілген жазу қалдырылады.
70. Мартшруттық топ екі адамнан болғанда және оның біреуі қозғалуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, екіншісі зардап шеккенге мүмкін көмек көрсетіп, зардап шеккеннен алыстамай құтқару тобын шақыруға шаралар қабылдайды. Егер ол толық қауіпсіздікте көмек күтуге шамасы болса, зардап шеккен адамды уақытша қалдыруға болады. Кететін адам картада зардап шеккен адамның қалған жеріне белгі қояды.
71. Маршрутта бағдарын жоғалтқан жұмыскер маршрут бойынша әрі қарай қозғалуды тоқтатып, жақын орналасқан ашық жерге немесе биікке шығады, содан кейін сол орнында қалады. Қар көшкінін және өрт шығуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, биік және ашық орындарда түтінді сигналды алаулар (ату, ракеткалар, дауыспен және тағы басқа) жағып белгілер береді.
72. Байланыс жоқ маршруттық топ белгіленген мерзімде келмесе, бөлімше жетекшісі экспедиция (партия) басшысына хабарлайды, іздестіру жоспарын нақтылайды және іздеуге кіріседі.
73. Адасқан жұмыскерлерді бағдарлау үшін түнгі уақыттың белгілі сағаттарында партия лагерінен ракеталармен сигналдар беріледі.
Лагерьге жақын биіктікте (биіктік болмаған жағдайда шестеде немесе радиомачтада) ашық дала және шөл аудандарда фонарлар ілінеді.
Күндіз лагерде белгілі уақытта түтінді белгілер беріледі.
Сигналдар беру уақытын партияның барлық жұмыскерлері біледі.
74. Бір күндік маршруттан оралмаған топты іздестіру қайтудың бақылау мерзімі өткеннен кейін-12 сағаттан кешіктірілмей, көп күндіктен-24 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
75. Іздестіру отрядтарының құрамына партияның тәжірибелі жұмыскерлері енгізіледі. Әрбір іздестіру отряды картамен, компаспен, құтқару жабдықтарымен, азық-түлікпен, қарумен және байланыс құралдарымен дәрі-дәрмектермен жабдықталады, осы аудан жағдайында іздестіру және қозғалу тәртібі туралы нұсқаулық беріледі.
76. Жоғары тұрған ұйымның рұқсатынсыз іздестіруді тоқтауға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |